Бұрын құрамында хинолон - немесе фторхинолон бар дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялары болған пациенттерде левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек.
Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді тек емдеудің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана бастаған жөн.
Резистенттілік қаупі
Метициллинге төзімді S.aureus те левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болуы ықтималдығы жоғары. Демек, левофлоксацинді метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк туындатқан инфекцияларды емдеуде немесе зертханалық талдаулар микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған (сондай-ақ, егер метициллинге төзімді стафилококк туындатқан инфекцияларды емдеу кезінде әдетте тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану мақсатка сай емес деп есептелген) жағдайлардан басқа, осындай болжамдар болған жағдайда қолдану ұсынылмайды.
Левофлоксацинді жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің өршуін емдеуде, бейінді маман осы инфекцияларға диагноз қойған жағдайда, қолдануға болады.
Несеп шығару жолдарының инфекциясын туындататын неғұрлым кең таралған патоген E. coli-нің фторхинолондарға төзімділігі Еуропалық Одақ елдерінде ауытқиды. Осы препараттарды тағайындау кезінде фторхинолондарға E. coli резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.
Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығының in vitro деректеріне және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар клиникаға дейінгі зерттеу деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық немесе халықаралық құжаттарға жүгінуі тиіс.
Ұзақ мерзімді, мүгедектікке әкелетін және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз реакциялар
Жасына және бұрын болған қауіп факторларына қарамастан, хинолондар мен фторхинолондарды алған пациенттерде организмнің әртүрлі, кейде көптеген жүйесіне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика және сезім мүшелері тарапынан) әсер ететін ұзақ (ұзақтығы бірнеше ай немесе жылдар), мүгедектікке әкелетін және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинді қолдануды кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін өз емдеуші дәрігерімен байланысу ұсынылады.
Тендинит және сіңір үзілуі
Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірі, бірақ ол ғана емес), кейбір жағдайларда екі жақты, хинолондармен немесе фторхинолондармен емдеу басталғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болуы мүмкін, сондай-ақ емдеу тоқтатылғаннан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, ауқымды ағзалары трансплантацияланған пациенттерде, 1000 мг левофлоксациннің тәуліктік дозасын қабылдайтын пациенттерде және кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде тендиниттің және сіңірлердің үзілуінің даму қаупі артады.
Сондықтан кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Тендинит симптомдары пайда болған кезде (мысалы, ауырсынумен ісіну, қабыну кезінде) левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Зақымданған аяқ-қолды тиісті емдеуді бастау керек (мысалы, иммобилизация).
Тендинопатияның белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды қолдануға болмайды.
Егер сіз дәрі қабылдаған кезде кенеттен еріксіз тартылуды, бұлшықеттің тартылуын немесе бұлшықеттің жиырылуын сезіне бастасаңыз - дереу дәрігерге жүгініңіз, себебі бұл миоклонустың белгісі болуы мүмкін. Сіздің дәрігеріңізге левофлоксацинмен емдеуді тоқтатып, тиісті емдеуді бастау қажет болуы мүмкін.
Clostridium difficile байланысты диарея
Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптаны қоса алғанда), әсіресе ауыр, өтпейтін және/немесе қан араласқан диарея Clostridium difficile-астасқан аурудың (CDAD) симптомы болуы мүмкін. CDAD ауырлық дәрежесінде жеңілден ауыр, өмірге қауіп төндіретін, мысалы, жалған жарғақшалық колит түріне дейін өзгеруі мүмкін. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыған болса, осы диагнозды есте ұстаған жөн. Clostridium difficile-астасқан ауруға күдік туған немесе ол расталған жағдайда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, тиісті емдеуді кідіріссіз бастау керек. Бұл клиникалық жағдайда перистальтиканы бәсеңдететін препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысулардың дамуына бейім пациенттер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацинді анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды және басқа да хинолондар сияқты, бұл препаратты эпилепсиялық құрысулардың туындауына бейім пациенттерде, немесе белсенді заттары құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды (мысалы, теофиллин) қолданумен қатарлас ем жүргізген кезде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда, левофлоксацинді қолданып емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолондық препараттармен ем жүргізу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, левофлоксацинді мұндай пациенттерде қолдану қажет болса, оларды гемолиздің туындауына қатысты қадағалау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Левофлоксацин негізінен бүйрекпен экскрецияланатындықтан, олардың функциясының бұзылуы бар пациенттерде Левонат препаратының дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин ауыр және өмірге қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын, (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейінгі ангионевроздық ісіну) туғызуы мүмкін, олар кейде препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін туындайды. Пациенттер емдеуді дереу тоқтатуы және сәйкесінше шұғыл көмек көрсетілуі үшін, емдеуші дәрігеріне немесе жедел жәрдем дәрігеріне хабарласуы керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолданған кезде уытты эпидермалдық некролизді (УЭН: Лайелл синдромы ретінде де белгілі), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS- синдром) дәрілік бөртпені қоса алғанда, ауыр тері жағымсыз реакциялары туралы хабарланды. Препаратты тағайындау кезінде пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болып, мұқият бақылауда болуы керек. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеу туралы мәселені қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацинді қолданған кезде СДС, УЭН немесе DRESS- синдром сияқты елеулі реакциялар дамыған болса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, егде жастағы пациенттерде және диабеті бар, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қатарлас қолданумен ем қабылдап жүрген пациенттерде байқалатын гипо-, және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылулары туындағаны туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады.
Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, Левонат препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолондық емес топтағы препараттармен баламалы бактерияға қарсы емді қарастыру керек.
Фотосенсибилизацияның профилактикасы
Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны туралы хабарланды. Фотосенсибилизацияның дамуын болдырмас үшін, пациенттерге емделу кезінде және емдеу тоқтатылғаннан кейін 48 сағат бойы, күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәуленің (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырамау ұсынылады.
K дәруменінің антагонистерімен ем қабылдап жүрген пациенттер
Коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің жоғарылауы және/немесе қан кетудің туындауы мүмкіндігіне байланысты, левофлоксацин мен K дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қабылдаған пациенттерде, осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляциялық сынамалардың нәтижелеріне мониторинг жүргізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, кейде левофлоксацин дозасын бір рет қабылдағаннан кейін де, мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтар пайда болғанға дейін өршіді. Осындай реакциялар пайда болған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін осы препаратты тағайындаған дәрігермен байланысу ұсынылады. Фторхинолондар тобынан емес препараттармен басқа бактерияға қарсы емді қарастыру және тиісті шаралар қабылдау қажет. Левофлоксацинді психозы бар немесе анамнезінде психикалық аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды, QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, олар:
- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды қатарлас қолдану (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класты препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTc (корригирленген QT) аралығының ұзаруын тудыруы мүмкін препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды осы пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Шеткері нейропатия
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинмен емдеу курсынан өтіп жатқан пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында өз дәрігеріне қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау үшін ауырсыну, күйдіру, шаншу, ұйып қалу немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдарының пайда болуы туралы хабарлау ұсынылады.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар
Левофлоксацинді қолданғанда, негізінен, негізгі/қатарлас ауыр ауруы, мысалы сепсис бар пациенттерде өлімге соқтырған бауыр жеткіліксіздігіне дейінгі бауыр некрозы жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге анорексия, сарғаю, күңгірт түсті несеп, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатуды және емдеуші дәрігерінің кеңесіне жүгінуді ұсыну керек.
Гравис миастениясының өршуі
Фторхинолондар, соның ішінде левофлоксацин, нейробұлшықеттік бөгеуге түрткі болуы және миастения грависі бар пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайларын және постмаркетингтік бақылау кезеңінде пайда болған өкпені қосалқы жасанды желдету қажеттілігін қоса алғанда, күрделі жағымсыз реакциялар гравис миастениясымен ауыратын пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Сондықтан миастения грависінен зардап шегетін пациенттер үшін левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көру қабілетінің бұзылулары
Көру қабілетінің бұзылуларында немесе көру мүшесіне әсер ететін басқа ықпалы болғанда, дереу офтальмологқа қаралу керек.
Суперинфекция
Левофлоксацинді ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің қатты өсуіне алып келуі мүмкін. Суперинфекция туындаған жағдайда, сәйкесінше шараларды қолдану керек.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Левофлоксацин қабылдап жүрген пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға арналған талдау жалған оң нәтижелерді беруі мүмкін. Апиындардың бар-жоқтығына талдаулардың нәтижелерін анағұрлым спецификалық әдісті пайдалана отырып растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін.
Аортаның аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде аорта аневризмасының және қатпарлануының, фторхинолондар қолданудан кейін, әсіресе, егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ аорталық және митралдық қақпақша регургитациясының даму қаупі жоғарылығы туралы хабарланды.
Фторхинолондарды қабылдағанда аорта аневризмасының және қатпарлануының, кейде жарылып асқынуы (оның ішінде өліммен аяқталатын), сондай-ақ жүректің кез келген қақпақшалары регургитациясының/жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелген.
Демек, пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе жүрек қақпақшаларының туа біткен ақауына қатысты асқынған отбасылық анамнезі бар пациенттерде, аорта аневризмасы және/немесе қатпарлануы не анамнезінде жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа да қауіп факторлары немесе соған бейімдейтін жай-күйлері болған кезде және басқа да емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана фторхинолондарды:
• екі жағдайда да аорта аневризмасында және қатпарлануында, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясында/ жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, артериялық гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар), сондай-ақ
• аортаның аневризмасында және қатпарлануында (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамыр аурулары), сондай-ақ
• жүрек қақпақшасының регургитациясы/жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит) қолдану керек.
Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аортаның аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жарылу қаупі артуы мүмкін. Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауырсынуы туындаған жағдайда пациенттер шұғыл көмек бөлімшесіндегі дәрігерге дереу қаралуы тиіс.
Пациенттерге жедел ентігу, жүрек соғуының жиілеуі алгаш рет туындаған, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Жедел панкреатит
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит байқалуы мүмкін. Пациенттерді жедел панкреатиттің симптомдары туралы хабардар ету керек. Жүрек айнуы, дімкәстік, іштің жайсыздануы, іштің жедел ауыруы болған немесе құсқан пациенттерді дәрігер дереу тексеруі тиіс. Егер жедел панкреатитке күдік болса левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды қайта бастамау керек. Анамнезінде панкреатит болған пациенттерде сақ болу керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Левонат кейбір, бас айналу/вертиго, көру қабілетінің бұзылуы, ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бұл зейін қою және жылдам реакция беру қабілетін бұзуы ықтимал. Бұл кейбір жағдайларда, мысалы, автокөлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіпті болуы мүмкін. Емдеу кезеңінде осындай жағымсыз реакциялар пайда болған пациенттер көрсетілген қызмет түрлерінен аулақ болуы керек.