Метициллинге төзімді S.aureus, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы жоғары. Демек, левофлоксацин метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк тудырған инфекцияларды емдеу кезінде қолдануға ұсынылмайды немесе зертханалық талдаулар микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған жағдайлардан басқа (сондай-ақ, егер метициллинге төзімді стафилококк тудырған инфекцияларды емдеу кезінде дағдылы тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану мақсатқа сай емес болып саналса), осындай күмән туындайды.
Осы инфекцияларға дұрыс диагностика жасалған жағдайда левофлоксацинді жедел бактериялық синусит пен созылмалы бронхиттің өршуін емдеуде қолдануға болады.
Еуропалық одақ елдерінде фторхинолондарға несеп шығару жолдарының инфекциясын тудыратын ең көп таралған E. coli патогенінің төзімділігі түрленеді. Препараттар тағайындалғанда фторхинолондарға E. coli төзімділігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.
Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығы бойынша in vitro деректеріне және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарды қарау керек.
Ұзаққа созылған, мүгедектікке әкелген және қайтымды болуы ықтималды күрделі қолайсыз реакциялар
Хинолондар мен фторхинолондар қабылдаған пациенттерде, олардың жасына және бұрын болған қауіп факторларына қарамастан, организмнің әртүрлі, кейде көптеген жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика және сезім мүшелері) қатысты болатын ұзаққа созылған (ұзақтығы бірнеше ай немесе жыл болатын), мүгедектікке әкелген және қайтымды болуы ықтималды күрделі қолайсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары хабарланды. Кез келген күрделі жағымсыз реакцияның бірінші белгілері немесе симптомдарында левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, пациенттерге кеңес алу үшін өз емдеуші дәрігерімен байланысуды ұсыну керек.
Тендинит және сіңірлердің үзілуі
Сирек жағдайларда тендинит пайда болуы мүмкін. Ахилл сіңірі ең көп жиі зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда екі жақтан болатын тендинит пен сіңірлердің үзілуі левофлоксацинмен емдеу басталған соң 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялар пайда болған жағдайлар хабарланды. Тендинит пен сіңірлер үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, 1000 мг тәуліктік доза қабылдайтын пациенттерде, кортикостероидтар қабылдап жүрген пациенттерде артады. Бұдан бөлек, трансплантациядан кейінгі пациенттерде тендинит даму қаупі жоғары, тұрғылықты халықтың осы тобында фторхинолондарды пайдалану кезінде және ағзалар трансплантациясы жасалған пациенттерде сақ болуға кеңес беріледі. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне қарай түзету керек. Демек, левофлоксацин тағайындалғанда осындай пациенттерге мұқият мониторинг өткізу қажет. Тендинит симптомдары туындағанда пациенттердің бәрі емдеуші дәрігерге қаралу керек. Тендинит күмән тудырғанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, зақымданған сіңірді тиісті емдеуді (мысалы, оны жеткілікті иммобилизациямен қамтамасыз етіп) бастау керек.
Миоклонус
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде миоклонус жағдайлары хабарланды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, егер левофлоксацин дозасы креатинин клиренсіне сәйкес түзетілмесе, миоклонус даму қаупі артады. Миоклонустың бірінші белгілері пайда болғанда левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтату және тиісті емдеуді бастау керек.
Clostridium difficile тудырған ауру
Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталған соң бірнеше аптаны қоса) диарея, әсіресе, ауыр, орныққан және/немесе қан аралас түрде Clostridium difficile тудырған аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile тудырған аурулар ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден ауыр, өмірге қатерлі түріне дейін түрленуі мүмкін, мысалы, жалған жарғақшалы колит. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацин қолданумен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, аталған диагноздың ескерілуі маңызды. Clostridium difficile түрткі болған ауру күмән тудырғанда немесе сол диагноз анықталғанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату және тиісті емдеуді кідіріссіз бастау керек. Осы клиникалық оқиғада перистальтикаға қарсы препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді.
Құрысулар туындауына бейімделген пациенттер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацин анамнезінде эпилепсия болған пациенттерге қарсы көрсетілімді және басқа да хинолондар сияқты, аталған препаратты құрысулар туындауына бейім пациенттерде немесе белсенді заттары құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды (мысалы, теофиллин) қолданумен қатарлас емдеу жүргізілгенде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда левофлоксацин қолданылатын емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолонды препараттармен емдеу жүргізілгенде гемолиздік реакцияларға бейімділігін байқауға болады. Осылайша, ондай пациенттерде левофлоксацин қолдану қажет болса, оларды гемолиз туындауы тұрғысынан қадағалау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Левофлоксацин экскрециясы, негізінен, бүйрекпен жүретіндіктен, оның функциясының бұзылуы бар пациенттерде Левофлин препаратының дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындайтын ауыр және өмірге зор қатер төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) тудыруы мүмкін. Пациенттер емдеуді дереу тоқтатып, тиісті кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін емдеуші дәрігермен немесе жедел жәрдем дәрігерімен байланысу керек.
Терінің ауыр қолайсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолданғанда өмірге қатерлі болуы және өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін уытты эпидермалық некролиз (УЭН: Лайелл синдромы ретінде де белгілі), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және эозинофилиямен және жүйелі көріністерімен болатын дәрілік бөртпені (DRESS) қоса, терінің ауыр қолайсыз реакциялары хабарланды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Препаратты қолдану кезеңінде пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдарынан хабарланған болуы және мұқият қадағалауда болуы тиіс. Осы реакцияларды көрсететін белгілері мен симптомдары пайда болғанда левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату және баламалы емдеу мәселесін қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацинді қолданғанда СДС, УЭН немесе DRESS сияқты күрделі реакциялар дамыса, осы пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан жаңғыртуға болмайды.
Дисгликемия
Хинолондардың бәрін қолдану кезіндегі сияқты, гипо-және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшері бұзылуының туындауы хабарланды, әдетте, олар пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулин қолданумен қатарлас емдеуден өтетін диабет бар пациенттерде байқалды. Гипогликемиялық кома жағдайлары баяндалды. Диабет бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады.
Фотосенсибилизация профилактикасы
Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосенсибилизация туындауы хабарланды. Фотосенсибилизация дамуын болдырмау үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін 48 сағат ішінде күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырамауға кеңес беріледі
К дәрумені антагонистерін қолданумен емдеуден өтетін пациенттер
Коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚҚ) артуы және/немесе қан кетудің туындауы мүмкін екеніне орай, левофлоксацин мен К дәрумені антагонистерінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданумен емдеуден өтетін пациенттерде осы препараттарды бір мезгілде қолдану кезінде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг өткізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондар қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар хабарланды. Өте сирек жағдайларда, тіпті левофлоксацин дозасын бір рет қолданудан кейін осыған ұқсас реакциялар пациенттің өзіне қауіптілік төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болуына дейін үдеді. Осындай реакциялар пайда болған жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қолдану керек. Левофлоксацин психозбен науқастарда немесе анамнезінде психиатриялық аурулар болғанда абайлап қолданылу керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, мыналар сияқты:
- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қатарлас қолдану
- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTc (түзетілген QT) аралығын ұзаруын туындататын препараттарға сезімталдау болуы мүмкін. Демек, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолдану керек.
Шеткері нейропатия
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар қабылдаған пациенттерде мейлінше тез дамуы мүмкін шеткері сенсорлық нейропатия мен шеткері сенсомоторлық нейропатия туындауы хабарланды. Нейропатия симптомдары пайда болғанда қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау үшін левофлоксацин қолдануды тоқтату керек.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинді қолдану кезінде, ең алдымен, негізгі ауыр ауруы, мысалы, сепсис бар пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозының жағдайлары хабарланды. Анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну және іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруының симптомдары мен белгілері пайда болғанда пациенттерге емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігермен байланысуға кеңес беру керек.
Миастения гравис өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгеу белсенділігіне ие болады және миастения гравис зардабын шегіп жүрген пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі қадағалау кезеңінде туындаған өлім жағдайларын және өкпені қосалқы жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар миастения гравис зардабын шегіп жүрген пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Пациентте анамнезінде миастения гравис болса, левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көру бұзылулары
Көру бұзылулары туындағанда немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері көрініс бергенде дереу офтальмологқа қаралу керек.
Асқын инфекция
Левофлоксацинді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шектен тыс көбейіп кетуіне әкелуі мүмкін. Емдеу кезеңінде асқын инфекция туындағанда тиісті шаралар қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері
Левофлоксацинді қолданумен емдеуден өтіп жүрген пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға жасалған талдау жалған-оң нәтижелер беруі мүмкін. Барынша спецификалық әдісті пайдаланумен апиын бар-жоғына жасалған талдаулар нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis көбеюін бәсеңдетуі, сондықтан да туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған-теріс нәтижелеріне себеп болуы мүмкін.
Қолқа аневризмасы және қатпарлануы
Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қабылдаудан кейін, әсіресе, егде жастағы пациенттерде қолқа аневризмасы мен қатпарлануы қаупінің артуы хабарланады.
Соның салдарынан, отбасылық анамнезінде тамырлар кеңеюімен байланысты ауруы болған пациенттерге немесе бұрын қолқа аневризмасы және/немесе қолқа қатпарлануы диагностикаланған пациенттерге немесе қолқа аневризмасы мен қатпарлануының пайда болуына бейімдейтін басқа қауіп факторлары (мысалы, Марфан синдромы, Элерс-Данлос тамырлық синдромы, Такаясу артерииті, түйінді периартериит, Бехчет ауруы, гипертензия, анықталған атеросклероз) болғанда фторхинолондарды тек пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін және басқа емдеу әдістерін қарастырудан кейін ғана қолдану керек.
Іштің, кеуденің немесе арқаның күтпеген ауыруы туындаған жағдайда пациент дереу кезек күттірмейтін көмек бөлімшесінің дәрігеріне жіберілуі тиіс.
Жедел панкреатит
Левофлоксацин қабылдап жүрген пациенттерде жедел панкреатитті байқауға болады. Пациенттер жедел панкреатитке тән симптомдардан хабардар болуы тиіс. Жүрек айну, дімкәстану, іштің жайсыздануы, іштің жедел ауыруы немесе құсу болған пациенттерді дереу дәрігер қарап тексеруі тиіс. Жедел панкреатит күмән тудырғанда левофлоксацин қабылдауды тоқтату керек; расталған жағдайда левофлоксацин қабылдауды жаңғыртуға болмайды. Анамнезінде панкреатит болған пациенттерге сақ болу керек («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).
Қан ауруы
Левофлоксацинмен емдеу кезінде лейкопения, нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия, тромбоцитопения, аплазиялық анемия немесе агранулоцитозды қоса, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Аталған жай-күйлердің кез келгеніне күмән туындағанда қан көрсеткіштерін бақылап отыру қажет. Қалып шегінен ауытқулар жағдайында левофлоксацинмен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Натрий
Дәрілік препарат құрамында бір таблеткасына 1 ммоль мөлшерінен аз (23 мг) натрий бар, яғни, шын мәнінде, құрамында натрий жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Фторхинолондар қосымша қордағы препараттар болып табылады және бактерияға қарсы баламалы емдеу мүмкіндігі болмағанда пайдаланылуы тиіс.
Ауыр пневмококк пневмониясы жағдайларында левофлоксацин оңтайлы емдік әсер бермеуі мүмкін.
Метициллинге төзімді S.aureus, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болу ықтималдығы да жоғары. Демек, левофлоксацин метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк тудырған инфекцияларды емдеу кезінде қолдануға ұсынылмайды немесе зертханалық талдаулар микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған жағдайлардан басқа (сондай-ақ, егер метициллинге төзімді стафилококк тудырған инфекцияларды емдеу кезінде, әдетте, тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану мақсатқа сай емес болып саналса), осындай күмән туындайды.
Осы инфекцияларға дұрыс диагностика жасалған жағдайда левофлоксацинді жедел бактериялық синусит пен созылмалы бронхиттің өршуін емдеуде қолдануға болады.
Еуропалық одақ елдерінде несеп шығару жолдарының инфекциясын тудыратын ең көп таралған E. coli патогенінің фторхинолондарға төзімділігі түрленеді. Препараттар тағайындалғанда фторхинолондарға E. coli төзімділігінің жергілікті таралуын ескеруге кеңес беріледі.
Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығы бойынша in vitro деректеріне және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарды қарау керек.
Тендинит және сіңірлердің үзілуі
Сирек жағдайларда тендинит туындауы мүмкін. Ахилл сіңірі ең көп жиі зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда екі жақты болатын тендинит пен сіңір үзілуі левофлоксацинмен емдеу басталған соң 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше ай ішінде аталған патологиялар пайда болған жағдайлар хабарланды. Тендинит және сіңірлер үзілуінің даму қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, 1000 мг тәуліктік дозаларды қабылдап жүрген пациенттерде, кортикостероидтар қабылдайтын пациенттерде артады. Бұдан бөлек, трансплантациядан кейінгі пациенттерде тендиниттің даму қаупі жоғары, тұрғылықты халықтың осы тобында фторхинолондарды пайдалану кезінде және ағзалар трансплантациясы жасалған пациенттерде сақ болуға кеңес беріледі. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне қарай түзету керек. Демек, левофлоксацин тағайындалғанда осындай пациенттерге мұқият мониторинг өткізу қажет. Тендинит симптомдары туындағанда пациенттердің бәрі емдеуші дәрігерге қаралу керек. Тендинит күмән тудырғанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтатып, зақымданған сіңірді тиісті емдеуді (мысалы, оны жеткілікті иммобилизациямен қамтамасыз етіп) бастау керек.
Clostridium difficile тудырған ауру
Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталған соң бірнеше аптаны қоса) диарея, әсіресе, ауыр, төзімді және/немесе қан аралас түрде Clostridium difficile тудырған аурудың симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile тудырған аурулар ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден ауыр, өмірге қатерл түріне дейін түрленуі мүмкін, мысалы, жалған жарғақшалы колит. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, аталған диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile түрткі болған ауру немесе қойылған диагноз күмән тудырса, левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату және тиісті емдеуді кідіріссіз бастау керек. Осы клиникалық оқиғада перистальтикаға қарсы препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді.
Құрысулардың туындауына бейім пациенттер
Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацин анамнезінде эпилепсия болған пациенттерге қарсы көрсетілімді және басқа да хинолондар сияқты, аталған препаратты құрысулар туындауына бейім пациенттерде немесе белсенді заттары құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды (мысалы, теофиллин) қолданумен қатарлас емдеу жүргізілгенде ерекше сақтықпен қолдану керек. Конвульсиялық құрысулар туындаған жағдайда левофлоксацин қолданумен емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде бактерияға қарсы хинолонды препараттармен емдеу жүргізілгенде гемолиздік реакцияларға бейімділігін байқауға болады. Осылайша, ондай пациенттерде левофлоксацинді қолдану қажет болса, оларды гемолиз туындауы тұрғысынан қадағалау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Левофлоксацин экскрециясы, негізінен, бүйрекпен жүретіндіктен, оның функциясының бұзылуы бар пациенттерде Левофлин препаратының дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин кейде препараттың бірінші дозасын енгізуден кейін туындайтын ауыр және өмірге зор қатер төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін апаратын ангионевроздық ісіну) тудыруы мүмкін. Пациенттер емдеуді дереу тоқтатып, тиісті кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін емдеуші дәрігермен немесе жедел жәрдем дәрігерімен байланысу керек.
Ауыр буллезді реакциялар
Левофлоксацинді қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз сияқты терінің ауыр буллезді реакциялары туындаған жағдайлар хабарланды. Пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында теріде/шырышты қабықтарда реакциялар туындағанда емдеуші дәрігермен дереу байланысуға кеңес беру керек.
Дисгликемия
Хинолондардың бәрін қолдану кезіндегі сияқты, әдетте, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулин қолданумен қатарлес емдеуден өтетін диабет бар пациенттерде байқалған гипо-және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшері бұзылуының туындауы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары жөнінде баяндалды. Диабет бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият қадағалауға кеңес беріледі.
Фотосенсибилизация профилактикасы
Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизация туындауы хабарланды. Фотосенсибилизация дамуын болдырмау үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін 48 сағат ішінде күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырамауға кеңес беріледі.
К дәрумені антагонистерін қолданумен емдеуден өтетін пациенттер
Коагуляциялық сынамалар (ПУ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің болжамды жоғарылауына және/немесе қан кетудің туындауына орай, левофлоксацин мен К дәрумені антагонистерінің (мысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылған емдеуден өтіп жүрген пациенттерде осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг өткізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялар туындаған жағдайлар хабарланды. Өте сирек жағдайларда, тіпті левофлоксацин дозасын бір рет қолданудан кейін осыған ұқсас реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болуына дейін үдеді. Осындай реакциялар пайда болған жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қолдану керек. Левофлоксацинді психозбен науқастарда немесе анамнезінде психиатриялық аурулар болғанда сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, мыналар сияқты:
- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қатарлас қолдану
- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTc (түзетілген QT) аралығының ұзаруын тудыратын препараттарға сезімталдау болуы мүмкін. Демек, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пациенттердің осы топтарында абайлап қолдану керек.
Шеткері нейропатия
Левофлоксацинді қоса, хинолондар қабылдаған пациенттерде барынша тез дамуы мүмкін шеткері сенсорлық нейропатия мен шеткері сенсомоторлық нейропатия туындауы хабарланды. Нейропатия симптомдары пайда болғанда қайтымсыз бұзылулар дамуын болдырмау үшін левофлоксацин қолдануды тоқтату керек.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинді қолдану кезінде, ең алдымен, негізгі ауыр ауруы, мысалы, сепсис бар пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін апаратын бауыр некрозының жағдайлары хабарланды. Анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну және іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруының белгілері мен симптомдары пайда болғанда пациенттерге емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігермен байланысуға кеңес беру керек.
Миастения гравис өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгеу белсенділігіне ие болады және миастения гравис зардабын шегіп жүрген пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі қадағалау кезеңінде туындаған өлім жағдайларын және өкпені қосалқы жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар миастения гравис зардабын шегетін пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Пациентте анамнезінде миастения гравис болғанда левофлоксацин қолдануға ұсынылмайды.
Көру бұзылулары
Көру бұзылулары туындағанда немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері көрініс бергенде дереу офтальмологқа қаралу керек.
Асқын инфекция
Левофлоксацинді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шектен тыс көбейіп кетуіне әкелуі мүмкін. Емдеу кезеңінде асқын инфекция туындағанда тиісті шаралар қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері
Левофлоксацинді қолданумен емдеуден өтетін пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға жасалған талдау жалған-оң нәтижелер беруі мүмкін. Барынша спецификалық әдісті пайдаланумен апиын бар-жоғына талдаулар нәтижелерін растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis көбеюін бәсеңдете алады, сондықтан туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған-теріс нәтижелеріне себеп болуы мүмкін.
Қолқа аневризмасы және қатпарлануы
Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондар қабылдаудан кейін, әсіресе, егде жастағы пациенттерде қолқа аневризмасы мен қатпарлану қаупінің артуы хабарланады.
Соның салдарынан отбасылық анамнезінде тамырлар кеңеюімен байланысты ауруы болған пациенттерге немесе бұрын қолқа аневризмасы және/немесе қолқа қатпарлануы диагностикаланған пациенттерге немесе қолқа аневризмасы мен қатпарлануының пайда болуына бейімдейтін басқа қауіп факторлары (мысалы, Марфан синдромы, Элерс-Данлос тамырлық синдромы, Такаясу артерииті, түйінді периартериит, Бехчет ауруы, гипертензия, анықталған атеросклероз) болғанда фторхинолондарды пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін және басқа емдеу әдістерін қарастырудан кейін ғана қолдану керек.
Іштің, кеуденің немесе арқаның күтпеген ауыруы туындаған жағдайда пациент кезек күттірмейтін көмек бөлімшесінің дәрігеріне дереу жіберілуі тиіс.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде левофлоксацинді қолдану туралы деректер саны шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ұрпақ өрбіту қабілетіне уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерлері анықталмады. Алайда клиникалық деректерінің болмауына, сондай-ақ тәжірибелік деректерде өсімтал организмде салмақ жүктемесін көтеретін шеміршектердің фторхинолондармен зақымдану қаупінің расталуына орай, левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдануға болмайды.
Лактация кезеңі
Левофлин препараты бала емізу кезеңінде әйелдерге қарсы көрсетілімді. Қазіргі таңда левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпарат жеткіліксіз; алайда басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмауына, сондай-ақ тәжірибелік деректерде өсімтал организмде салмақ жүктемесін көтеретін шеміршектерді фторхинолондар зақымдауы қаупінің расталуына орай, левофлоксацинді бала емізу кезеңіндегі әйелдерде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Левофлоксацин клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділіктің немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуын тудырмады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір жағымсыз әсерлер, мысалы, естен тану алдындағы күй/бас айналу, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы науқастың зейін қою қабілетін және оның реакцияларының шапшаңдығын төмендетуі мүмкін, бұл осындай қабілеттер ерекше маңызды жағдайларда (мысалы, автокөлік пен жұмыс механизмдерін басқару кезінде) қауіп төндіруі мүмкін.