ATX коды: S01AE05.
Левофлоксацин – фторхинолондар тобындағы әсер ету ауқымы кең синтетикалық бактерияға қарсы препарат, офлоксацин рацемиялық дәрілік субстанциясының L-изомері. Офлоксациннің бактерияға қарсы белсенділігі негізінен L-изомерге жатады.
Әсер ету механизмі
Фторхинолондар класының бактерияға қарсы препараты ретінде левофлоксацин ДНҚ гиразасын (II топоизомераза) және IV топоизомеразасын бөгейді, ДНҚ-ның (дезоксирибонуклеин қышқылының) суперспирализациясын және жыртылу тігісін бұзады, ДНҚ синтезін тежейді, цитоплазмада, жасуша қабырғасында және жарғақшаларда терең морфологиялық өзгерістер тудырады.
Резистенттіліктің даму механизмі
Левофлоксацинге резистенттілік, бірінші кезекте, екі негізгі механизм бойынша дамуы мүмкін, атап айтқанда: препараттың жасушаішілік концентрациясының төмендеуі немесе препарат әсерінің нысаналарындағы өзгерістер. Нысаналардың өзгеруі – ДНҚ гиразасы мен топоизомеразаның IV екі бактериялық ферменттері ДНҚ гиразасын (gyrA және gyrB) және IV топоизомеразасын (parC және parE; Staphylococcus aureus-тегі grlA және grlB) кодтайтын хромосомалық гендердегі мутациялардың нәтижесі болып табылады. Жасушаішілік концентрацияның төмен болуы салдарынан препаратқа төзімділік жасушаның сыртқы жарғақшасының пориндік өзекшелер жүйесінің өзгеруі нәтижесінде дамиды, бұл фторхинолонның грамтеріс бактерияларға немесе эффлюкстік сорғылардан түсуінің төмендеуіне әкеледі. Эффлюкс-жанасқан төзімділік pneumococci (PmrA), staphylococci (Nora), анаэробты және грамтеріс бактерияларға қатысты сипатталған. Хинолондарға плазмид-жанасқан төзімділік (qnr генінің негізінде анықталған) Klebsiella pneumoniae және E. coli қатысты анықталды. Фторхинолондар арасында айқаспалы резистенттілік дамуы мүмкін. Жекелеген мутациялар клиникалық төзімділікке әкелмеуі мүмкін, бірақ көптеген мутациялар фторхинолондар класына кіретін барлық препараттарға клиникалық төзімділік тудырады. Сыртқы жарғақшалар мен эффлюкс жүйесінің өзгеруіне ұшыраған пориндері бактерияға қарсы агенттердің бірнеше класына әсер етіп, көптеген резистенттілікке алып келетін кең субстраттық ерекшелікке ие болуы мүмкін.
Клиникалық зерттеулерде грамоң аэробтарға қатысты тиімділігі in vitro анықталды және расталды – Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus saprophyticus, Streptococcus pneumoniae (оның ішінде мультирезистентті штаммдар – MDRSP), Streptococcus pyogenes, грамтеріс аэробтар – Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens және басқа микроорганизмдер – Chlamydia pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae.
Келесі микроорганизмдердің көптеген (≥90 %) штаммдарына қатысты in vitro левофлоксациннің ең аз бәсеңдеткіш концентрациялары (2 мкг/мл және одан аз) анықталды, алайда левофлоксацинді осы қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеуде клиникалық қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулерде анықталмаған: грамоң аэробтар – Staphylococcus haemolyticus, Streptococcus (C/F тобы), Streptococcus (G тобы), Streptococcus agalactiae, Streptococcus milleri, Streptococcus viridans; грамтеріс аэробтар – Acinetobacter Iwoffii, Acinetobacter baumannii, Bordetella pertussis, Citrobacter (diversus) koseri, Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter sakazakii, Klebsiella oxytoca, Morganella morganii, Pantoea (Enterobacter) agglomerans, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas fluorescens; грамоң анаэробтар – Clostridium perfringens.
Сезімтал микроорганизмдер: аэробты грамоң микроорганизмдер – Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus spp., оның ішінде Enterococcus faecalis, Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp. (коагулаза теріс метициллинге сезімтал / құрамында лейкотоксин бар/ қалыпты сезімтал штаммдар), оның ішінде Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар), Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар), Streptococcus spp. С және G топтары, Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге сезімтал / орташа сезімтал / резистентті штаммдар), Streptococcus pyogenes, Streptococcus spp. viridans тобы (пенициллинге сезімтал / резистентті штаммдар); аэробты грамтеріс микроорганизмдер – Acinetobacter spp., оның ішінде Acinetobacter baumannii, Acinetobacillus actinomycetecomitans, Citrobacter freundii, Eikenella corrodens, Enterobacter spp., оның ішінде Enterobacter aerogenes, Enterobacter agglomerans, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae (ампициллинге сезімтал / резистентті штаммдар), Haemophilus parainfluenzae, Helicobacter pylori, Klebsiella spp., оның ішінде Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis (бета-лактамаза өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae (пенициллиназа өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Neisseria meningitidis, Pasteurella spp., оның ішінде Pasteurella canis, Pasteurella dagmatis, Pasteurella multocida, Proteus vulgaris, Providencia spp., оның ішінде Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas spp., оның ішінде Pseudomonas aeruginosa, Serratia spp., оның ішінде Serratia marcescens, Salmonella spp.; анаэробты микроорганизмдер – Bacteroides fragilis, Bifidobacterium spp., Clostridium perfringens, Fusobacterium spp., Peptostreptococcus spp., Propionibacterium spp., Veilonella spp.; басқа микроорганизмдер – Bartonella spp., Chlamydia pneumoniae, Chlamydia psittaci, Chlamydia trachomatis, Legionella pneumophila, Legionella spp. Mycobacterium leprae, Mycobacterium tuberculosis, Mycoplasma hominis, Mycoplasma pneumoniae, Rickettsia spp., Ureaplasma urealyticum.
Орташа сезімтал микроорганизмдер (ЕТБК 4 мг/л артық): аэробты грамоң микроорганизмдер – Corynebacterium urealyticum, Corynebacterium xerosis, Enterococcus faecium, Staphylococcus epidermidis (метициллинрезистентті штаммдар), Staphylococcus haemolyticus (метициллинрезистентті штаммдар); аэробты грамтеріс микроорганизмдер – Burkholderia cepacia, Campylobacter jejuni, Campylobacter coli; анаэробты микроорганизмдер – Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus, Bacteroides ovatus, Prevotella spp., Porphyromonas spp.
Резистентті микроорганизмдер (ЕТБК 8 мг/л артық): аэробты грамоң микроорганизмдер – Corynebacterium jeikeium, Staphylococcus aureus (метициллинрезистентті штаммдар), өзге Staphylococcus spp. (коагулазотеріс метициллинрезистентті штаммдар); аэробты грамтеріс микроорганизмдер – Alcaligenes xylosoxidane; басқа микроорганизмдер – Mycobacterium avium.
Кейбір микроорганизмдер үшін левофлоксациннің ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациялары
Микроорганизм — Сезімтал, мг/ мл — Резистентті, мг/мл
Pseudomonas spp. — ≤1 — >2
Staphylococcus spp. — ≤1 — >2
Streptococcus — ≤1 — >2
Streptococcus pneumoniae — ≤1 — >2
Haemophilus influenzae — ≤1 — >1
Moraxella catarrhalis — ≤1 — >2
Левофлоксациннің in vitro белсенділігі Enterobacteriaceae, P. Aeruginosa және грамоң микроорганизмдер өкілдеріне қарсы офлоксацинге қарағанда шамамен 2 есе жоғары.
Левофлоксацинді көру ағзаларының хламидиялық ауруларын емдеуде қолданған жағдайда қатарлас ем жүргізу талап етіледі.
Микроорганизмдердің левофлоксацинге сезімталдық дәрежесінде елеулі географиялық айырмашылықтар болуы мүмкін.
Көзге тамызатын 0.5% дәріні пайдаланғанда қол жеткізілетін левофлоксациннің ең жоғары концентрациясы сезімтал микроорганизмдер үшін левофлоксациннің ең төмен тежегіш концентрациясының (ЕТТК) мәнінен 100 еседен асып түседі.
Балалар
Ересектерде байқалатын фармакодинамикалық қасиеттер 1 жасар және одан үлкен балаларда байқалатын қасиеттерге ұқсас.