Бұрын құрамында хинолон- немесе фторхинолон бар дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялары болған пациенттерде левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек.
Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді емдеудің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана бастау керек.
Резистенттілік қауіптері
Левофлоксацинді қоса, метициллин-резистентті S.aureus стафилококктің фторхинолондарға да төзімді болу ықтималдығы жоғары. Демек, левофлоксацинді метициллин-резистентті алтын түстес стафилококктен туындаған инфекцияларды емдеу үшін немесе, егер зертханалық зерттеулер микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған жағдайларды қоспағанда, мұндай болжамдар болса (сондай-ақ, егер метициллин-резистентті стафилококктен туындаған инфекцияларды емдеу кезінде әдетте тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану орынсыз деп есептелгенде) қолдану ұсынылмайды.
Левофлоксацин жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің асқынуын емдеу кезінде осы инфекциялардың диагнозын арнайы маман анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Несеп шығару жолдарының инфекциясын тудыратын ең көп таралған патоген - E. coli резистенттілігі фторхинолондарға өзгеріп тұрады. Осы препараттарды тағайындағанда фторхинолондарға E. coli резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.
Сібір ойық жарасы: адамда қолдану Bacillus anthracis сезімталдығының in vitro деректеріне және клиникалық деректердің шектеулі санымен қатар клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеу үшін осыған қатысты келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға жүгінуі керек.
Ұзақ мерзімді, мүгедектікке әкелетін және потенциалды қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялар
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде, олардың жасына және бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан әртүрлі, кейде бірнеше, организм жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика және сезім мүшелері) әсер ететін ұзақ мерзімді (бірнеше ай немесе жылдарға созылатын), мүгедектікке әкелетін және потенциалды қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинді қолдануды кез-келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін емдеуші дәрігерге хабарласуға кеңес беру керек.
Тендинит және сіңірлердің үзілуі
Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірі, бірақ тек ол ғана емес), кейбір жағдайларда екі жақты болатын, хинолондармен немесе фторхинолондармен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде бұл патологиялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, тығыз ағзалардың трансплантациясы бар пациенттерде, 1000 мг левофлоксациннің тәуліктік дозаларын қабылдайтын пациенттерде және бір мезгілде кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде тендинит пен сіңірдің үзілу қаупі артады.
Сондықтан кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Тендинит симптомдары пайда болған кезде (мысалы, ауыратын домбығу, қабыну), левофлоксацинді қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеуді қарастырған жөн. Зақымданған аяқ-қолды (мысалы, иммобилизация) тиісті емдеуді бастау керек.
Тендинопатия белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды пайдаланбаған жөн.
Миоклонус
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде миоклонус жағдайлары туралы хабарланды. Егер левофлоксацин дозасы креатинин клиренсіне сәйкес реттелмесе, егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде миоклонустың даму қаупі артады. Миоклонус алғаш пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып тиісті емдеуді бастау керек
Clostridium difficile туындаған ауру
Диарея, әсіресе ауыр, өтпейтін және/немесе қан аралас, левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан кейін) Clostridium difficile-астасқан аурудың (CDAD) симптомы болуы мүмкін. CDAD, ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден ауыр өмірге қауіп төндіретін түрлерге дейін ауытқуы мүмкін, мысалы, жалған жарғақшалы колит. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацинді қолдану кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, бұл диагнозды есте сақтаған жөн. Clostridium difficile-астасқан ауруға күдік болған кезде немесе ол расталса, левофлоксацинді қолдануды дереу тоқтатып, тиісті емдеуді кешіктірмей бастау керек. Бұл клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысулардың пайда болуына бейім пациенттер
Хинолондар құрысулық дайындық шегін төмендетіп, құрысуларды тудыруы мүмкін. Левофлоксацин анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді және басқа хинолондар сияқты, бұл препаратты эпилепсиялық ұстамалардың пайда болуына бейім пациенттерде немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысулық дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды қолданумен қатарлас емдеуді жүргізу кезінде аса сақтықпен қолдану керек. Құрысулар пайда болған жағдайда левофлоксацинді қолданумен емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылулары бар пациенттерде хинолонды бактерияға қарсы препараттармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, мұндай пациенттерде левофлоксацинді қолдану қажет болса, оларды гемолиздің пайда болу мәніне бақылау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы экскрециялатындықтан, олардың функциясының бұзылуы бар пациенттерде Левофлоксацин-Тева препаратының дозасын түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин кейде препаратты бірінші қабылдағаннан кейін пайда болатын ауыр және өмірге потенциалды қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын туындатуы мүмкін (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін ангионевроздық ісіну). Пациенттер емдеуді дереу тоқтатып, тиісті шұғыл көмек көрсету үшін емдеуші дәрігермен немесе жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолдану кезінде уытты эпидермальді некролиз (УЭН: сондай-ақ Лайелл синдромы ретінде белгілі), Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS) дәрілік бөртпені қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды. Препаратты қолдану кезеңінде пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және мұқият бақылауда болуы тиіс. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған кезде, левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеу туралы мәселені қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацинді қолданған кезде СДС, УЭН немесе DRESS сияқты күрделі реакциялар дамыса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастамаған жөн.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағыдай, егде жастағы пациенттерде және пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинды қолданумен қатарлас емдеуді қабылдап жүрген диабеті бар пациенттерде жиі байқалатын гипо- сондай-ақ гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуының пайда болуы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Левофлоксацин-Тева препаратымен емдеуді, егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, дереу тоқтату керек және фторхинолон тобына жатпайтын препараттармен баламалы бактерияға қарсы емді қарастыру керек.
Фотосенсибилизация профилактикасы
Левофлоксацинді қолдану кезінде фотосенсибилизацияның пайда болуы туралы хабарланды. Фотосенсибилизация дамуының алдын алу үшін пациенттерге емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде қатты күн немесе жасанды УК сәулеленудің (мысалы, УК шам, солярий) әсеріне ұшырамау ұсынылады.
К дәрумені антагонистерімен ем қабылдайтын пациенттер
Левофлоксацинді К дәруменінің антагонистерімен (мысалы, варфарин) біріктіріп қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық сынамалар (ПВ/ХҚҚ) көрсеткіштерінің ықтимал жоғарылауына және/немесе қан кетудің пайда болуына байланысты осы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу қажет.
Психоздық реакциялар
Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, кейде левофлоксациннің тіпті бір дозасын қабылдағаннан кейін де, мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болуына дейін үдеген. Мұндай реакциялардың пайда болуының алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін осы препаратты тағайындаған дәрігермен байланысуды ұсыну керек. Фторхинолондар тобына жатпайтын препараттармен басқа бактерияға қарсы емді таңдап, тиісті шараларды қабылдау қажет. Левофлоксацинді психозбен ауыратын науқастарда немесе анамнезінде психикалық аурулар болған кезде сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар QT аралығының ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, төмендегі:
- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды қатарлас қолдану (мысалы, ІА және III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, нейролептиктер)
- электролит теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTc аралығының ұзаруын (түзетілген QT) туындататын препараттарға едәуір сезімтал болуы мүмкін. Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды бұл пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Шеткері нейропатия
Хинолондар мен фторхинолондар қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе бұлшықет әлсіздігіне әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полиневропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинмен емдеу курсынан өтіп жатқан пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында қайтамсыз бұзылулардың дамуының алдын алу үшін дәрігерге ауыру, күйдіріп ашу, шаншу, ұйып қалу немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты нейропатия симптомдарының пайда болуы туралы хабарлау ұсынылады.
Бауыр және өт шығару жолының тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинді қолдану кезінде өлімге әкелетін бауыр жеткіліксіздігіне дейін бауыр некрозының жағдайлары туралы, негізінен, ауыр негізгі/қатарлас ауруы, мысалы сепсис бар пациенттерде хабарланды.
Анорексия, сарғаю, күңгірт несеп, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруының симптомдары мен белгілері пайда болған кезде пациенттерге емдеуді тоқтату және емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Асқазан-ішек жүйесі тарапынан бұзылулар
Жедел панкреатит
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит байқалуы мүмкін. Пациенттерге жедел панкреатиттің тән симптомдары туралы хабарлау керек. Жүрек айнуы, дімкәстік, іштегі жайсыздыөқ, іштің жедел ауруы немесе құсу бар пациенттерді дереу дәрігер тексеруі тиіс. Жедел панкреатитке күдік болған кезде, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек расталған жағдайда левофлоксацинді қайта қабылдамаған жөн. Анамнезінде панкреатит бар пациенттерде сақ болу керек
Қан аурулары
Левофлоксацинмен емдеу кезінде лейкопения, нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия, тромбоцитопения, аплазиялық анемия немесе агранулоцитозды қоса, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Осы қан ауруларының кез-келгеніне күдік болған кезде, қан көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәтижелер нормадан ауытқыған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Гравис миастениясының асқынуы
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықет блокадасын туындатуы және гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайлары және тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде пайда болған өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Сондықтан гравис миастениясынан зардап шегетін пациенттер үшін левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көрудің бұзылуы
Көрудің бұзылуы немесе көзге әсер ететін басқа әсерлер пайда болған кезде, дереу офтальмологқа жүгіну керек.
Суперинфекция
Левофлоксацинді ұзақ уақыт бойы қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция пайда болған кезде, тиісті шараларды қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Левофлоксацинді қолданумен ем қабылдап жүрген пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Апиындардың бар-жоғын талдау нәтижелерін неғұрлым спецификалық әдістермен растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін.
Аневризма және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ регургитациясы / жүрек клапандарының жеткіліксіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде аневризма мен аорта қатпарлануының жоғарылау қаупін, әсіресе егде жастағы пациенттерде, фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта мен митральді клапанның регургитациясы туралы хабарланды. Аневризма және аортаның қатпарлануы, кейде жарылуымен (соның ішінде өлімге әкеп соқтыратын) асқынған, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдау кезінде регургитация / жүрек клапандарының кез келгенінің жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген.
Сондықтан фторхинолондарды пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе туа біткен жүрек клапанының ақауына қатысты отбасылық анамнезі ауырлаған пациенттерде немесе аорта аневризмасы және/немесе бұрыннан бар аортаның қатпарлануы диагнозы қойылған немесе жүрек клапанының жеткіліксіздігі немесе басқа қауіп факторлары немесе төмендегіге бейім жай-күйлер бар пациенттерде ғана басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін қолдану керек:
• аневризма және аортаның қатпарлануы және регургитация/жүрек клапанының жеткіліксіздігі (мысалы, Марфан немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы сияқты дәнекер тінінің аурулары, жоғары артериялық қысым, ревматоидты артрит) немесе
• аневризма және аортаның қатпарлануы (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит сияқты қантамыр аурулары, белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы ) немесе
• регургитация/жүрек клапанының жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит).
Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризма мен аортаның қатпарлануы, сондай-ақ аорталық клапанның жарылу қаупі жоғарылауы мүмкін. Іште, кеудеде немесе арқада күтпеген ауырсыну пайда болған жағдайда, пациент жедел жәрдем дәрігеріне дереу қаралуы тиіс.
Пациенттерге жедел ентігу, жүректің жиі соғуы, сондай-ақ іш қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Натрий
Дәрілік препараттың құрамында бір таблеткаға 1 ммольден (23 мг) кем натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Левофлоксацин-Тева көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне елеусіз немесе орташа әсер етеді.
Кейбір жағымсыз әсерлер, мысалы, бас айналу/вертиго, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы пациенттің зейін қою қабілетін және олардың реакцияларының жылдамдығын төмендетуі мүмкін, бұл мұндай қабілеттер ерекше маңызды жағдайларда (мысалы, автомобильді немесе қозғалатын механизмдерді басқару) қауіп төндіруі мүмкін.