Арнайы ескертулер
Құрамында хинолон немесе фторхинолон бар дәрілік заттарды бұрын пайдалану кезінде күрделі жағымсыз әсерлер туындаған пациенттер левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек. Бұл пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді баламалы ем болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана бастау керек.
Төзімділік қаупі: ЛЕВОЯПС препаратын метициллин-тұрақты алтын түстес стафилококктен туындаған белгілі немесе күдікті инфекцияларды емдеу кезінде қолдану ұсынылмайды, себебі қоздырғыштың левофлоксациннің әсеріне төзімділігіне байланысты емдеудің тиімсіз болу ықтималдығы жоғары (қоздырғыштың препаратқа сезімталдығын анықтау ұсынылады).
ЛЕВОЯПС препаратын жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің асқынуын емдеу кезінде осы ауруларды дұрыс диагностикалаған жағдайда қолдануға болады.
Ішек таяқшасының (E.coli) левофлоксацинге төзімділігінің кең таралуына байланысты несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде сезімталдықты анықтау үшін зертханалық зерттеу жүргізген жөн.
Сібір ойық жарасы: бұл ауру кезінде левофлоксацинді қолдану тәжірибесі жеткіліксіз. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге арналған ұлттық және/немесе халықаралық ұсыныстарды басшылыққа алуы тиіс.
Дәрілік препаратқа ұзақ, қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялар: жасына және бұрын болған қауіп факторларына қарамастан, организмнің әртүрлі, кейде бірнеше жүйелеріне әсер ететін (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психиатриялық және сенсорлық бұзылыстар) ұзақ (бірнеше ай немесе жыл жалғасатын), өлімге әкелетін және әлеуетті қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялар жағдайлары өте сирек байқалған. Кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері кезінде ЛЕВОЯПС препаратын қабылдауды дереу тоқтату және емдеуші дәрігерге қаралу керек.
Сіңірдің қабынуы (тендинит) және үзілуі: сирек жағдайларда сіңірдің қабынуы дамуы мүмкін (тендинит). Көбінесе жиі ахиллов сіңірі зақымданады, сіңірдің қабынуы оның үзілуіне әкелуі мүмкін. Сіңірлердің қабынуы мен үзілуі тек ахиллев сіңірімен ғана шектелмейді, кейбір жағдайларда ол тіпті екі жақты болуы мүмкін және хинолондар мен фторхинолондармен емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы 48 сағатта дамуы мүмкін. Кортикостероидты препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде ағзаларды трансплантациялаудан кейін 1000 мг левофлоксациннің күнделікті дозаларын қабылдайтын егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сіңірлердің қабынуы мен үзілу қаупі артады. Кортикостероидтарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Сіңірдің қабынуының алғашқы белгілері кезінде (мысалы, ауырсынып ісіну кезінде) ЛЕВОЯПС препаратын қолдануды дереу тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажет. Мұндай жағдайларда емдеуді түзету және зақымдалған сіңірдің қозғалмайтындығын қамтамасыз ету қажет (иммобилизация).
Егер сіңірдің қабыну белгілері пайда болса, кортикостероидтар қолданылмауы тиіс. Егде жастағы пациенттер үшін дәрігер бүйрек жағдайын ескере отырып (креатинин клиренсіне сәйкес) препараттың қолайлы тәуліктік дозасын таңдайды. Левофлоксацинді тағайындағаннан кейін пациенттердің жағдайын мұқият мониторингілеу қажет.
Миоклонус
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде миоклонус жағдайлары туралы хабарланды ("Жағымсыз реакциялар" бөлімін қараңыз). Егер левофлоксацин дозасы креатинин клиренсіне сәйкес реттелмесе, егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде миоклонустың даму қаупі артады. Миоклонус алғаш пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.
Пациент бұлшықеттердің кенеттен еріксіз тартылуы, тартылуы немесе бұлшықеттердің жиырулары пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керектігі туралы хабардар болуы тиіс, себебі бұл жағдайлар миоклонустың белгісі болуы мүмкін
Клостридиум дифициледен туындаған ішектің қабыну ауруы (Clostridium difficile): жиі сұйық нәжіс (диарея), әсіресе ұзақ байқалатын және/немесе қан аралас нәжіс, ЛЕВОЯПС препаратымен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше апта ішінде), клостридиум дифициледен туындаған ішектің қабыну симптомы болуы мүмкін.
Ауру әр түрлі ауырлық дәрежесінде болуы мүмкін, жеңілден өмірге қауіп төндіретін ауырға дейін, ең ауыр түрі-жалған жарғақшалы колит болып табылады (жуан ішектің жедел ауруы). Егер сізде ЛЕВОЯПС препаратын қолдану кезінде немесе кейін жиі сұйық нәжіс (ауыр диарея) пайда болса, препаратты қолдануды дереу тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажет. Бұл ауру кезінде ішектің перистальтикасын әлсірететін препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысулардың дамуына бейім пациенттер: осы топтағы препараттар құрысуға дайындық шегін төмендетіп, құрысулардың дамуына түрткі болуы мүмкін, сондықтан ЛЕВОЯПС препаратын эпилепсия кезінде қолдануға болмайды. Құрысудың дамуына бейімділік болған кезде немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды (мысалы, теофиллин) бір мезгілде қолданған кезде ерекше сақтық қажет. Құрысу ұстамалары дамыған жағдайда ЛЕВОЯПС препаратымен емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Қан жасушаларының мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты қан аздығы (глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі): хинолондар тобындағы бактерияға қарсы препараттармен емдеу кезінде кейбір пациенттерде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалды (қан жасушаларының мерзімінен бұрын бұзылуына және қан аздығының дамуына). Осылайша, мұндай пациенттерде ЛЕВОЯПС препаратын қолдану қажет болған жағдайда оларды гемолиздің дамуы мүмкін болғандықтан бақылау қажет (қан плазмасындағы қызыл қан жасушаларының (эритроциттердің) патологиялық бұзылу процессі)).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: левофлоксацин организмнен негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер ЛЕВОЯПС препаратының дозасын түзетуді қажет етеді.
Аллергиялық реакциялар: левофлоксацин ауыр және өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакцияларды (мысалы, терінің, теріасты шелмайының және шырышты қабықтардың айқын ісінуінің дамуымен (анафилактикалық шокқа дейінгі, ангионевроздық ісіну) тудыруы мүмкін, олар кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін де дамиды. Мұндай реакция дамыған жағдайда емдеуді дереу тоқтату және шұғыл көмек көрсету үшін емдеуші дәрігермен немесе жедел жәрдем дәрігерімен хабарласу қажет.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары: левофлоксацинді қолданған кезде бөртпенің түзілуімен терінің аллергиялық қабынуын, теріде үлкен жалпақ күлдіреуіктердің дамуын және ашық қызыл түсті ауқымды эрозияның дамуын қоса, ауыр жағымсыз тері реакциялары (уытты эпиермальді некролиз, оны Лайелл синдромы деп те атайды), терідегі және шырыштағы бөртпемен жедел уытты-аллергиялық ауру (Стивенс-Джонсон синдромы) және қандағы эозинофилдер санының ұлғаюымен және ішкі ағзалар тарапынан көріністермен дәрілік реакциялар байқалды (DRESS-синдромы). Бұл реакциялар өмірге қауіпті немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Пациенттер терінің күрделі реакцияларының көріністері туралы білуі керек және емдеу кезеңінде дәрігердің мұқият бақылауында болуы керек. Егер жоғарыда аталған симптомдар пайда болса, ЛЕВОЯПС препаратын қабылдауды дереу тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажет. Егер бұрын левофлоксацинге күрделі тері реакциялары байқалса, ЛЕВОЯПС препаратын одан әрі қолдануға болмайды.
Қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы (дисгликемия): глюкоза деңгейінің төмендеуін де (гипогликемия) және деңгейінің жоғарылауын да қоса (гипергликемия), оның қандағы деңгейінің бұзылуы мүмкін. Бұл көбінесе қандағы глюкозаны төмендету үшін бір мезгілде пероральді препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулин қабылдайтын егде жастағы пациенттерде, қант диабеті бар пациенттерде байқалған. Гипогликемиялық кома (қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуінен және мидағы жедел энергия тапшылығынан туындаған өмірге қауіп төндіретін жағдай) жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан қант диабет кезінде қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет.
Егер пациент қандағы глюкоза деңгейінің бұзылғаны туралы хабарласа, ЛЕВОЯПС препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолонды қолданбай бактерияға қарсы басқа емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Терінің күн сәулесіне реакциясының профилактикасы (фотосенсибилизация): левофлоксацинді қолданғанда терінің күн сәулесіне реакциясы дамуы мүмкін. Олардың алдын алу үшін емдеу кезеңінде және ЛЕВОЯПС препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 48 сағат бойы күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулеленуінің (мысалы, қыздыруға арналған шамдар, солярий) әсеріне ұшырамау ұсынылады.
К дәруменінің антагонистерін бір мезгілде қабылдау (мысалы, варфарин): қан ұюының нашарлауы және/немесе қан кету дамуы мүмкін (протромбин уақыты/ халықаралық қалыптасқан қатынас), сондықтан варфаринмен бір мезгілде емделгенде қанның ұю көрсеткіштерін зертханалық бақылау қажет.
Психоздық реакциялар: психоздық реакциялар дамуы мүмкін (көбінесе бұрын психоз немесе психиатриялық аурулар болған кезде). Өте сирек жағдайларда олар левофлоксациннің бірінші дозасын қабылдағаннан кейін де дамуы мүмкін. Мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болғанға дейін өршуі мүмкін. Мұндай реакциялар пайда болған жағдайда ЛЕВОЯПС препаратын қабылдауды жедел тоқтату және дереу дәрігерге бару керек.
Фторхинолонсыз бактерияға қарсы басқа емдеу мүмкіндігін қарастырып, тиісті шараларды қабылдау керек.
Левофлоксацинді психозы бар немесе бұрын психиатриялық аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
ЭКГ -дағы өзгерістер- QT аралығының ұзаруы: левофлоксацинді QT аралығы ұзаруының қауіп факторлары және осыған байланысты жүрек ырғағының бұзылулары болған кезде сақтықпен қолдану қажет:
• QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы
• QT аралығы ұзаруын тудыратын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер тобының антибиотиктері, психозға қарсы препараттар (нейролептиктер))
• қанның тұз құрамының бұзылуы (мысалы, калий немесе магний деңгейінің төмендеуі (гипокалиемия немесе гипомагниемия)
• жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, сирек жүрек ырғағы (брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер жүрек ырғағының бұзылуын тудыратын препараттарға сезімтал, сондықтан пациенттердің осы топтарында фторхинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді қолданғанда сақ болу керек.
Шеткері жүйке ауруы (шеткері нейропатия): хинолондар мен фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде ашыту, шаншу, тітіркену (парестезия), терінің тітіркендіргіштерге немесе ұюға сезімталдығының төмендеуі (гипестезия), дизестезия (сезімталдықтың бұрмалануы) немесе бұлшықет әлсіздігі сезімдерімен әртүрлі сезімталдықтың бұзылуына әкелетін шеткері жүйке ауруларының (сенсорлық немесе сенсомоторлы полиневропатия) дамуы мүмкін. Ауырсыну, ашыту, шаншу, ұю немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты қайтымсыз сезімталдық бұзылуларының дамуын болдырмау үшін емдеуді жалғастырмас бұрын емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар (гепатобилиарлық бұзылыстар): левофлоксацинді қолданған кезде негізінен күрделі негізгі ауру мысалы, сепсистің аясында бауыр некрозының өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін дамуы байқалды. Тәбеттің толық болмауы (анорексия), тері мен шырышты қабықтың сарғаюы (сарғаю), несептің күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруының белгілері пайда болған кезде ЛЕВОЯПС препаратымен емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Миастениянің өршуі: егер миастения болса, өлім жағдайларын және өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялардың дамуына дейін әкелетін бұлшықет әлсіздігінің күшеюі мүмкін, сондықтан миастения кезінде ЛЕВОЯПС препаратын қолдану ұсынылмайды.
Көру қабілетінің бұзылуы: көру қабілетінің бұзылуы немесе көзге қандай да бір әсер пайда болған жағдайда, дереу офтальмологқа қаралу керек.
Сезімтал емес микроорганизмдердің көбейіп өсуі (суперинфекция немесе екіншілік инфекция): препаратты ұзақ қолдану кезінде болуы мүмкін. Емдеу кезеңінде суперинфекция дамыған кезде ЛЕВОЯПС препаратын қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Зертханалық зерттеу нәтижелеріне әсері: несепте апиындардың болуына талдау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Бұл нәтижелерді басқа, барынша спецификалық әдістермен растау қажет болуы мүмкін.
ЛЕВОЯПС препараты туберкулез қоздырғышының (Mycobacterium tuberculosis) өсуін басуы және туберкулезге бактериологиялық сеппенің жалған теріс нәтижесін беруі мүмкін.
Аневризма және қолқаның ыдырауы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі: левофлоксацинді қабылдаған кезде әсіресе егде жаста аневризманың дамуы және қолқаның ыдырау, сонымен қатар қолқа клапанының регургитациясы (әр бір жүрек циклі кезінде, сол жақ қарынша босаңсыған кезде қанның қолқа клапаны арқылы сол жақ қарыншаға кері ағуы) және митралды клапанның регургитациясы (систола кезінде қанның сол жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге кері ағуы – жүрек бұлшықетінің жиырылуы) қаупі жоғары болады.
Аневризма мен қолқаның ыдырауының белгілі жағдайлары бар, кейде жыртылумен (соның ішінде өліммен), сондай-ақ фторхинолондарды қабылдау кезінде жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясы/жеткіліксіздігімен асқынған.
Сондықтан, фторхинолондарды аневризмаға немесе жүрек клапандарының туа біткен ақауларына қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде, қолқа аневризмасы және/немесе ыдырауы немесе бұрын жүрек клапандарының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа қауіп факторлары болғанда немесе қолқа аневризмасы және/немесе ыдырауы кезінде екі жағдайда да болжамды жай-күйлерде, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы сияқты дәнекер тін тарапынан бұзылулар, артериялық гипертензия (артериялық қысымның жоғарылауы), ревматоидты артрит (буындардың қабыну ауруы), сондай-ақ қолқа аневризмасы мен ыдырауы кезінде (мысалы, Такаясу артерииті сияқты тамыр аурулары) (қолқаны, оның тармақтарын және өкпе артерияларын зақымдайтын аутоиммунды қабыну аурулары) немесе алып жасушалы артериит (бастың, мойынның және дененің жоғарғы бөлігінің ірі және орта артерияларының созылмалы қабынуы) немесе белгілі атеросклероз (тамыр жақтауларына зақым келтіретін созылмалы артерия ауруы) немесе Шегрен синдромы (шығу тегі белгісіз жүйелі аутоиммунды ауру, сыртқы секреция бездерінің зақымдалуымен сипатталады: ең алдымен көз жасы, сілекей, тер, май), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит (жүрек қабығының (эндокард), сондай-ақ жүрек клапанының инфекциялық зақымдануы)).
Жүйелік кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдаған пациенттерде аневризма мен қолқаның ыдырауы, сондай-ақ жарылу қаупі жоғарылауы мүмкін.
Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы пайда болған жағдайда шұғыл көмек көрсету бөлімшесінің дәрігеріне дереу бару керек.
Жедел ентігу, алғаш туындаған жүрек соғуының жиілеуі, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Жедел панкреатит (ұйқы безінің жедел қабынуы): левофлоксацин қабылдаған пациенттерде ұйқы безінің жедел қабынуы болуы мүмкін. Пациенттерге ұйқы безінің жедел қабынуының сипатты симптомдары туралы хабарлау керек. Жүрек айнуы, дімкәстік, іштегі жайсыздық, іштің жедел ауыруы немесе құсу болған жағдайда пациенттер дереу дәрігерге қаралуы тиіс.
Егер ұйқы безінің жедел қабынуына күдік туындаса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қайта қабылдауға болмайды.
Бұрын панкреатитпен ауырған пациенттерде сақ болу керек.
Қан аурулары
Левофлоксацинмен емдеу кезінде сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, соның ішінде лейкопения, нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия, тромбоцитопения, аплазиялық анемия немесе агранулоцитоз дамуы мүмкін ("Жағымсыз реакциялар" бөлімін қараңыз).
Егер қан тарапынан осы бұзылулардың кез-келгеніне күдік болса, қан көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәтижелер қалыптан ауытқыған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет.
Пациент әлсіздік, терінің бозаруы, көгерулері, бақыланбайтын қан кету, дене температурасының жоғарылауы, тамақ ауыруы сияқты симптомдары және жалпы жағдайдың күрделі нашарлауы немесе инфекцияларға төзімділіктің төмендеуі мүмкін деген сезім пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керектігі туралы хабардар болуы тиіс, себебі бұл қан ауруларының белгісі болуы мүмкін.
Қосымша заттар: ЛЕВОЯПС препаратының құрамында бояғыштар бар: FD&C сары #6/күн батар түстес сары алюминий лагы (E 110) және FD&С көгілдір #2/индигокармин алюмий лагы (E 132), бұлар балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынады.
Педиатрияда қолдану: ЛЕВОЯПС препаратын 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Левофлоксацин автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз немесе орташа әсер көрсетеді.
Кейбір жағымсыз әсерлер, мысалы, естен тану алдындағы жай-күй/ бас айналу, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы, зейін қою қабілеті мен реакциялар жылдамдығын төмендетуі мүмкін, бұл мұндай қабілеттер ең маңызды жағдайларда (мысалы, автомобильді және жұмыс механизмдерін басқару кезінде) қауіп төндіруі мүмкін.