Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
10 мг/мл
Саудалық атауы
Лейковорин-Тева
Әсер етуші зат
Кальций фолинаты
Мақсаты
Кальций фолинатын қолдану: жоғары дозада қолданылатын метотрексаттың уытты әсерінің профилактикасы
Өндіруші
Фармахеми Б.В.
Ел
Нидерланды
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – кальций фолинаты 10.80 мг (10.000 мг фолин қышқылына баламалы)
қосымша заттар: натрий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Механикалық қоспалардан таза, сары түсті мөлдір ерітінді.
Кальций фолинатын қолдану:
• Жоғары дозада қолданылатын метотрексаттың уытты әсерінің профилактикасы.
• Фолий қышқылының антагонистерімен (метотрексат, триметоприм және пириметамин) уыттану.
• Колоректальды обыр (фторурацилмен біріктірілген ем құрамында).
• Фолий қышқылы тапшылығынан туындаған мегалобластық анемия (оның ішінде мальабсорбция синдромы, жеткіліксіз тамақтану, жүктілік, спру, ерте балалар жасында дигидрофолатредуктазаның туа біткен жеткіліксіздігі).
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Кальций фолинаты - кальцийдің 5-формилтетрагидрофолаты. Бұл фолий қышқылының белсенді метаболиті және цитоуытты емді жүргізу кезінде нуклеин қышқылдарының синтезіне қажетті кофермент болып табылады.
Кальций фолинаты метотрексат сияқты фолий қышқылы антагонистерінің уыттылығын төмендету және әсерін бейтараптандыру үшін қолданылады. Кальций фолинаты мен фолаттар антагонистерін бірдей тасымалдау агенттері (фолатты байланыстыратын ақуыз, қалпына келтірілген фолаттар тасымалдаушысы және т. б.) көшеді және жасушаға көшуге олар үшін бәсекелеседі, бұл фолат антагонистерінің ағып кетуін туындатады және фолат пулын төмендету есебінен жасушаларды соңғылардың әсерінен қорғайды. Кальций фолинаты Н4-фолат көзі ретінде қызмет етеді; сондықтан фолий қышқылынан айырмашылығы, тетрагидрофолатқа айналу үшін дигидрофолатредуктазамен қалпына келтіруді қажет етпейді, бұл оны қолданған кезде ДНҚ, РНҚ және ақуыздар биосинтезінің бұзылған процесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Кальций фолинатының қорғаныс әсері тек сау жасушаларға қатысты көрінеді. Ол метотрексаттың сүйек кемігі мен асқазан-ішек жолының жасушаларына уытты әсерін болдырмайды, бірақ метотрексаттың нефроуытты әсеріне айтарлықтай әсер етпейді.
Кальций фолинаты фторурацилді биохимиялық модуляциялау және оның цитоуытты әсерін күшейту үшін қолданылады. Фторурацил пиримидин биосинтезіне қатысатын негізгі фермент тимидилатсинтетазаның белсенділігін басады. Препарат фолаттар жасушаішілік пулын ұлғайту арқылы тимидинсинтетаза тежелуін күшейтеді, осылайша фторурацил-тимидинсинтетаза кешенін тұрақтандырады және оның белсенділігін арттырады.
Вена ішіне кальций фолинаты фолаттар тапшылығының профилактикасы мен емдеуге, егер бұл жағдайды препаратты пероральді қолданумен түзету мүмкін болмаса, мысалы, толық парентеральды тамақтану және айқын мальабсорбция синдромы кезінде тағайындалады. Сондай-ақ, кальций фолинаты препаратты пероральді қолдану мүмкін болмаған кезде фолий қышқылы тапшылығынан туындаған мегалобластты анемияны емдеу үшін қолданылады.
Енгізер алдында кальций фолинаты бар құтыны көзбен шолып тексеру керек. Бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді мөлдір және сары түсті болуы керек. Егер бұлыңғырлануы немесе қосылыстардың болуы байқалса, онда мұндай ерітіндіні қолдануға болмайды. Инъекцияға немесе инфузияға арналған кальций фолинатының ерітіндісі бір рет қолдануға арналған.
Пайдаланылмаған ерітіндіні цитоуытты заттарды утилизациялау процедурасына сәйкес жою керек.
Ерітінді бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіледі, препаратты интратекальды енгізуге тыйым салынады. Метотрексаттың интратекальды артық дозалануынан кейін кальций фолинатын интратекальды енгізу кезінде өлімге әкеп соқтырған жағдайлар сипатталды.
1 минутта вена ішіне енгізгенде ерітінді құрамында кальций болуына байланысты кальций фолинатын 160 мг асырмай енгізу керек.
Вена ішіне енгізу кезінде кальций фолинатын қолданар алдында 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісімен сұйылтуға болады.
Инъекцияға арналған ерітінді дайындау кезінде кальций фолинатын Рингер ерітіндісімен, лактаты бар Рингер ерітіндісімен, 10% декстроза ерітіндісімен, 5% декстроза ерітіндісімен, 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен 0,06 мг/мл бастап 1 мг/мл дейінгі концентрацияға дейін сұйылтуға болады. Алынған ерітінді 24 сағат бойы тұрақты болады. Қалған ерітіндіні пайдалануға болмайды.
Жоғары дозада қолданылатын метотрексат уытты әсерінің профилактикасы
Кальций фолинатымен емдеу сызбасы метотрексаттың орташа және жоғары дозаларымен емдік сызбасына байланысты, сондықтан қажетті ақпарат алу үшін метотрексатпен емдеудің тиісті хаттамасына жүгінген жөн.
Төмендегі келтірілген нұсқаулар ересектерде, егде адамдарда және балаларда кальций фолинатының дозалары мен сызбасын қолдану кезінде қорғаныс мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Метотрексатты жоғары дозада қолданғанда уытты әсерінің профилактикасы ретінде мальабсорбция синдромы немесе ішекте сіңуі қиын болуы мүмкін ас қорыту жолдарының басқа патологиясы бар пациенттерде парентеральды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ішекте кальций фолинатының қанығып сіңуіне байланысты 25-50 мг дозасын парентеральды енгізу керек.
Кальций фолинатының дозасы мен ұзақтығы, ең алдымен, метотрексатпен емдеудің түрі мен дозаларына, уыттылық белгілерінің пайда болуына және метотрексат шығарылуының жеке ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте, кальций фолинатының бірінші дозасы метотрексат инфузиясы басталғаннан кейін 12-24 сағаттан кейін (24 сағаттан кешіктірмей) енгізілетін 15 мг (6-12 мг/м2) құрайды. Дәл осындай доза әр 6 сағат сайын 72 сағат бойы тағайындалады.
Сондай-ақ, жоғары дозаларда қолданылатын метотрексаттың уытты әсерінің профилактикасы ретінде кальций фолинатын қолдануға бөлінбейтін қосалқы шаралар, ол метотрексаттың шығарылуын жеделдетуге ықпал ететін шаралар (несеп шығару функциясының талапқа сай болуы мен несептің сілтіленуін қамтамасыз ету) болып табылады. Бүйрек функциясы күн сайын қан сарысуындағы креатинин концентрациясын өлшеу арқылы бақылануы тиіс.
Инфузия басталғаннан кейін 48 сағаттан соң қан сарысуындағы метотрексат концентрациясын өлшеу ұсынылады. Егер метотрексаттың қалдық концентрациясы 0,5 мкмоль/л асса, онда кальций фолинатының дозалау режимі келесі кестеге сәйкес бейімделуі керек: Метотрексаттың қалдық концентрациясына байланысты жоғары дозада қолданылатын уытты әсерінің профилактикасы кезінде кальций фолинаты терапиясы ұсынылатын түзету
Метотрексатты енгізу басталғаннан кейін 48 сағаттан соң қандағы метотрексаттың қалдық концентрациясы: — Кальций фолинатының әр 6 сағат сайын 48 сағат ішінде немесе метотрексат концентрациясы 0,05 мкмоль/л төмендегенге дейін тағайындалатын қосымша дозалары:
≥0,5 мкмоль/л — 15 мг/м2
≥1 мкмоль/л — 100 мг/м2
≥2 мкмоль/л — 200 мг/м2
Фторурацилмен біріктірілген цитоуытты ем
Препаратты қолданудың әртүрлі дозалары мен сызбалары қолданылады.
Төмендегі келтірілген нұсқаулар ересектерде және егде адамдарда фторурацилмен кальций фолинатының дозалары мен сызбасын қолдану кезінде қорғаныс мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Балаларда кальций фолинатының фторурацилмен біріктірілімін қолдану бойынша деректер жоқ.
50 мг жоғары дозаларды парентеральды енгізу керек. Жоғарылау дозаларды қолдану кальций фолинатының қанығып сіңуіне байланысты қандағы концентрацияның жоғарылауына әкелмейді.
Екі айлық режим: 200 мг/м2 дозада кальций фолинатының вена ішіне инфузиясы екі сағат бойы, содан кейін 400 мг/м2 фторурацилді болюсті енгізу және 22 сағаттық фторурацил (600 мг/м2) инфузиясы әр 2 апта сайын қатарынан 2 күн бойы.
Айлық режим: кальций фолинатын 20 мг/м2 дозада вена ішіне болюсті енгізеді немесе 425 мг/м2 немесе 370 мг/м2 фторурацилді вена ішіне болюсті енгізгеннен кейін бірден 2 сағат ішінде 200-500 мг/м2 инфузия түрінде, қатарынан 5 күн бойы.
Апталық режим: кальций фолинатын 20 мг/м2 дозада вена ішіне болюсті немесе 200-500 мг/м2 бастап 2 сағат бойы инфузиялық енгізеді және 500 мг/м2 фторурацилді кальций фолинатының инфузиясының ортасында немесе соңында болюсті енгізеді.
Фторурацилмен біріктірілімін қолданған кезде емдеу сызбасын емдеу кезеңдерін емделусіз аралықтармен алмастыру арқылы модификациялау қажет болуы мүмкін. Пациенттің жағдайына, клиникалық жауабына және терапияның уыттылық көріністеріне байланысты фторурацил дозасын түзету қажет болуы мүмкін (фторурацилді қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Қайталанатын циклдардың санын емдеуші дәрігер анықтайды.
Лейкоциттер мен қан тромбоциттерінің саны тиісінше 3,5 мың/мм және 100,0 мың/ мм3 кем болған кезде ем тоқтатылуы тиіс. Асқазан-ішек жолынан қан кету, ауыр диарея (күніне ≥7 рет), эксфолиативті дерматит пайда болған кезде де емді тоқтату қажет.
Фолий қышқылының антагонистерімен (метотрексат, триметоприм, пириметамин) уыттану.
Метотрексатпен артық дозалану
Кальций фолинаты енгізілген метотрексат дозасынан кейін 1 сағаттан кешіктірмей енгізілген метотрексатқа тең немесе одан жоғары дозада енгізіледі, бұдан әрі препарат уыттылық белгілері жойылғанға дейін әрбір 3 сағат сайын 10 мг/м2 енгізіледі.
Триметопримнің уыттылығы
Триметоприм, кальций фолинатын енгізуді тоқтатқаннан кейін клиникалық қан талдауы көрсеткіштері қалпына келгенге дейін тәулігіне 3-10 мг дозада енгізіледі.
Пириметаминнің уыттылығы
Пириметаминнің жоғары дозаларын қолданған жағдайда немесе төмен дозалармен емдеудің ұзақ кезеңінде бір мезгілде клиникалық қан талдауының көрсеткіштеріне байланысты тәулігіне 5-50 мг дозада кальций фолинатын енгізу керек.
Лейкоциттер мен қан тромбоциттерінің саны тиісінше 3,5 мың/мм және 100,0 мың/ мм3 кем болған кезде ем тоқтатылуы тиіс. Асқазан-ішек жолынан қан кету, ауыр диарея (күніне ≥7 рет), эксфолиативті дерматит пайда болған кезде де емді тоқтату қажет.
Фолий қышқылы тапшылығынан туындаған мегалобластық анемия кезінде кальций фолинаты тәулігіне 5 мг (ең көбі 15 мг) дейінгі дозада тағайындалады.
• Кальций фолинатына немесе препараттың құрамына кіретін кез келген басқа компонентке жоғары сезімталдық.
• Цианокобаламин (В12 дәрумені) тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия.
Өте жиі
- ауырлық дәрежесі жоғары диарея, сондай-ақ стационарлық емдеуді қажет ететін сусыздану
- миелопения
- жүрек айнуы, құсу, диарея, ауруханаға жатқызуды қажет ететін айқын дегидратация (өлімге әкелуі мүмкін)
- мукозиттер, соның ішінде стоматит, хейлит, фарингит, эзофагит, проктит
Жиі
- пальмарлы-плантарлы эритродизестезия (алақан-табан синдромы)
Жиі емес
- қызба
Сирек
- ұйқысыздық, мазасыздық, депрессия (жоғары дозаларды қолданғанда),
- эпилепсиялық ұстамалардың туындау жиілігінің артуы
- жүрек айну, құсу, диспепсия (жоғары дозаларды қолданғанда)
Өте сирек
- анафилактоидты/анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса), аллергиялық реакциялар, есекжем
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- гипераммонемия
Асқазан-ішек жолының уытты зақымдануы (негізінен мукозиттер мен диарея) және миелосупрессия өлімге әкелуі мүмкін. Диареямен ауыратын пациенттерде клиникалық нашарлау дереу өлімге әкелуі мүмкін. Жағдайы жақсаруының болмауы фторурацилдің басқа уытты әсеріне (мысалы, нейроуыттылық) байланысты болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Кальций фолинатының дозасын ұсынылғаннан едәуір көп қолданудың салдары туралы хабарланған жоқ. Алайда, кальций фолинатының жоғары дозалары фолий қышқылы антагонистерінің химиотерапиялық әсерін теңестіре алады.
Егер фторурацилді кальций фолинатымен біріктіріп қолданғанда артық дозалану орын алса, қажетті шараларды жүргізу жөніндегі фторурацилдің нұсқаулығын орындау қажет.
Кальций фолинатын бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізу керек (инъекция немесе инфузия түрінде), бірақ интратекальды енгізуге болмайды.
Кальций фолинатын интратекальды енгізу кезінде метотрексаттың интратекальды артық дозалануынан кейін өліммен аяқталу ықтималдығы бар.
Метотрексатпен және кальций фолинатымен, сондай-ақ фторурацилмен және кальций фолинатымен емдеуді қажетті бақылау құралдары бар білікті онколог дәрігер жүргізуі тиіс.
Кальций фолинатын қолдану В12 дәрумені тапшылығынан туындаған пернициозды немесе анемияның басқа түрлерінің клиникалық көрінісін бүркемелеуі мүмкін.
Көптеген цитоуытты препараттар макроцитоздың дамуын тудырады (атап айтқанда, дезоксирибонуклеин қышқылы синтезінің тікелей және тікелей емес тежегіштері – гидроксикарбамид, цитарабин, меркаптопурин, тиогуанин). Мұндай макроцитоз кальций фолинатымен емдеуді қажет етпейді деп саналады.
Фенобарбиталмен, примидонмен, фенитоинмен немесе сукцинимидтермен емделген эпилепсиядан зардап шегетін пациенттерде қан плазмасында эпилепсияға қарсы дәрілер концентрациясының төмендеуіне байланысты эпилепсиялық ұстамалар жиілігінің жоғарылау қаупі бар. Бұл жағдайда клиникалық мониторинг, қан плазмасындағы препараттардың концентрациясын бақылау және қажет болған жағдайда кальций фолинатын қолдану кезінде және терапия курсы аяқталғаннан кейін эпилепсияға қарсы дәрілердің дозасын түзету ұсынылады.
Алкоголизм, эпилепсия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ), 2 жасқа дейінгі балалар (қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған).
18 жасқа дейінгі балаларда кальций фолинатының фторурацилмен біріктірілімін қолдану бойынша деректер жоқ.
Кальций фолинаты/фторурацил
Фторурацил мен кальций фолинатын біріктіріп қолданғанда фторурацилдің уытты әсері күшейеді және уытты әсерлердің даму қаупі артады. Бұл әсіресе егде жастағы пациенттер мен әлсіреген науқастарға қатысты. Көбінесе дозаға тәуелді жағымсыз құбылыстар: лейкопения, шырышты қабықтың қабынуы және диарея байқалады. Фторурацилді кальций фолинатымен бірге қолданған кезде уытты әсерлер туындаған жағдайда фторурацилдің дозасын фторурацилмен жүргізілетін монотерапияға қарағанда едәуір төмендету керек. Егер пациентте ас қорыту жолдарының уытты зақымдану белгілері болса, зақымданудың ауырлығына қарамастан, фторурацил мен кальций фолинатымен біріктірілген емді бастауға немесе жалғастыруға болмайды. Біріктірілген емді асқазан-ішек жолы тарапынан барлық патологиялық симптомдар (мысалы, шырышты қабықтың қабынуы, диарея) толығымен жойылғаннан кейін ғана қолдануға болады.
Диарея ас қорыту жүйесіне уытты әсер етуінен болуы мүмкіндігінен, осындай жағымсыз әсері бар пациенттер диарея белгілері толығымен жойылғанға дейін мұқият бақылауда болуы тиіс. Бұл өлімге әкеп соқтыруы мүмкін клиникалық көріністің тез нашарлауынан туындайтын қажеттілік болып табылады. Егер пациентте диарея және/немесе стоматит пайда болса, олар толығымен жойылғанша фторурацил дозасын төмендету ұсынылады. Бұл әсіресе осы препараттың уытты әсеріне ең бейім егде жастағы және әлсіреген пациенттерге қатысты.
Алдыңғы сәулелік ем жүргізілген пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде емді фторурацилдің азайтылған дозаларымен бастау ұсынылады.
Кальций фолинатын фторурацилмен бір мезгілде вена ішіне енгізумен (инъекция немесе инфузия) араластыруға болмайды.
Фторурацилді кальций фолинатымен біріктіріп емдейтін пациенттерде қан плазмасындағы кальций иондарының концентрациясын бақылау керек. Төмен концентрацияларды анықтаған кезде тиісті кальций препараттарымен қатар ем жүргізу қажет.
Кальций фолинаты/метотрексат
Кальций фолинаты метотрексатпен ем кезінде гематологиялық емес сипаттағы уытты әсерлерден (мысалы, метотрексат шөгіндісі немесе оның бүйрек түтікшелеріндегі метаболиттерінің шөгуіне байланысты нефроуытты әсерден) қорғамайды. Метотрексаттың баяу шығарылуымен байланысты алдыңғы немесе метотрексаттан туындаған бүйрек жеткіліксіздігінің болуы кальций фолинатының жоғарылау дозаларын немесе ұзағырақ курсын қолдануды қажет етуі мүмкін.
Кальций фолинатының жоғары дозаларын қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл метотрексаттың ісікке қарсы белсенділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін, әсіресе орталық жүйке жүйесінің ісіктерінде, бірнеше емдеу курсынан кейін кальций фолинатының жиналуы байқалады.
Жарғақшалық тасымалдау жұмысының нашарлауы салдарынан метотрексатқа резистенттілік дамыған жағдайда кальций фолинатына резистенттілік те дамиды, өйткені екі зат бірдей тасымалдау жүйелерімен ауысады.
Метотрексат сияқты фолий қышқылының антагонистімен кездейсоқ артық дозаланған кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек қажет, өйткені метотрексат пен кальций фолинатын енгізу арасындағы уақыт аралығының ұлғаюы соңғысының тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Уыттылықтың клиникалық көріністері немесе зертханалық талдаулардағы көрсеткіштердің ауытқулары пайда болған кезде пациенттің метотрексатпен өзара әрекеттесетін (мысалы, метотрексаттың шығарылуына әсер етуі немесе қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы мүмкін препараттар) басқа дәрілік заттарды қолдану ықтималдығы әрқашан ескерілуі тиіс.
Кальций фолинатымен жұмыс істеу кезінде цитоуытты заттармен жұмыс істеу ережелерін сақтау қажет. Препаратпен ластанған беткейді натрий гипохлоридінің сұйылтылған ерітіндісімен (құрамында 1% хлор бар) өңдеу ұсынылады. Препарат теріге тиген кезде –теріні дереу сабынды сумен немесе натрий бикарбонатының ерітіндісімен жақсылап жуып-шаю керек; көзге тиген кезде – қабақты тартып тұрып, көзді (екі көзді) 15 минут бойы көп мөлшердегі сумен шаяды.
Препараттың қалдықтары және Лейковорин-Тева препаратының инъекция және инфузия үшін ерітінділерін дайындауға арналған барлық құралдар мен материалдар қауіпті қалдықтарды жоюдың қолданыстағы нормативтік актілерін ескере отырып, цитоуытты заттардың қалдықтарын утилизациялаудың стандартты ауруханалық емшарасына сәйкес жойылуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Препараттың құрамына кіретін қосымша заттар
Бұл препараттың бір құтысында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни оның құрамында натрий жоқ деуге болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кальций фолинатын қолданған кезде көлік құралдарын басқару қабілетіне және зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа қызмет түрлерімен айналысуға әсері байқалмады.
Жүкті әйелдерде препарат бойынша бақыланатын зерттеулер жүргізілмегендіктен, оны жүктілік кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана мүмкін болады.
Лактация
Препараттың емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз, сондықтан лактация кезінде кальций фолинатын қолдану қажет болса, емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешу қажет.
Фертильділік
Кальций фолинаты фолий қышқылы метаболизмінің аралық өнімі болып табылады және организмде табиғи жағдайда кездеседі. Жануарларда кальций фолинатын пайдаланумен фертильділікті зерттеу жүргізілмеген.
Кальций фолинатын фолий қышқылының антагонистерімен (мысалы, ко-тримоксазол, пириметаминмен) бір мезгілде қолданғанда фолий қышқылы антагонистерінің тиімділігі төмендеуі немесе толығымен жоғалуы мүмкін.
Кальций фолинаты эпилепсияға қарсы препараттардың (фенобарбитал, примидон, фенитоин, сукцинимидтер) тиімділігін төмендетуі және эпилепсиялық ұстамалардың жиілігін арттыруы мүмкін (бауырдағы метаболизмдік процестердің жеделдеуіне байланысты қан плазмасындағы эпилепсияға қарсы препараттардың фермент индукторлары концентрациясының төмендеуіне байланысты, өйткені фолаттар кофакторлардың бірі болып табылады).
Кальций фолинаты мен фторурацилді біріктіріп қолданғанда, соңғысының әсер ету тиімділігі мен уыттылығы артады. Осыған байланысты фторурацил дозасын бірлесіп қолданған кезде төмендету керек («Айрықша нұсқаулар» және «Жағымсыз әсері» бөлімдерін қараңыз).
Дроперидол, фторурацил, фоскарнет және метотрексаттың инъекциялық түрлерімен бір мезгілде қолданғанда, преципитаттың түзілуіне немесе енгізілетін ерітінділердің бұлыңғырлануы салдарынан кальций фолинатының инъекциялық түрлерінің үйлесімсіздігі туралы хабарламалар бар.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2-8 °C температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.