Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі - синусит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, фарингит, несеп шығару жолдарының инфекциясы.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: жиі емес - анемия; сирек - лейкопения, тромбоцитопения; өте сирек - панцитопения4.
Иммундық жүйе тарапынан: жиі - аса жоғары сезімталдық; өте сирек - анафилаксиялық шок4, анафилаксиялық реакция4.
Зат алмасу және тамақтану жағынан: жиі емес - гиперкалиемия.
Психика тарапынан: жиі - ұйқысыздық; жиі емес - үрей, депрессия, шаршау; сирек - сананың шатасуы, елестеулер4.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас айналу, артериялық гипертензия, бас ауыруы4; жиі емес - церебральді инфаркті1, парестезия, ұйқышылдық; сирек - атаксия, дисгевзия; өте сирек - бассүйек ішіне қан құйылу (соның ішінде өліммен аяқталған жағдай)4, асептикалық менингит4, эпилепсия (эпилепсия жағдайының нашарлауын қоса)4, агевзия4, аносмия4.
Көру мүшесі тарапынан: жиі емес - көру айқындығының бұзылуы, конъюнктивит4; сирек - көзге қанқұйылу 4; өте сирек - торқабық артерияларының окклюзиясы4, торқабық веналарының окклюзиясы4.
Есту және тепе-теңдік мүшесі тарапынан: жиі емес - тиннит, гипоакузия1.
Жүрек тарапынан: жиі - миокард инфарктісі1; жиі емес-жүрек жеткіліксіздігі, пальпитация, тахикардия; сирек - аритмия4.
Тамырлар тарапынан: өте жиі - артериялық гипертензия (артериялық гипертензия ағымының нашарлауын қоса)1; сирек - өкпе эмболиясы4,ысыну 4; өте сирек - васкулит4.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан: жиі - ринит, жөтел, ентігу1; жиі емес - бронхтың түйілуі4; сирек - пневмонит4.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - жүрек айнуы4, іштің ауруы, диарея, диспепсия, метеоризм, құсу1, дисфагия1; жиі емес - іш қату, гастрит, стоматит, асқазан-ішек жолдарының қабынуы (оның ішінде асқазан-ішек жолдарының қабынуының өршуі), кекіру; сирек - асқазан-ішектен қан кету4, он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан ойық жарасы, өңеш ойық жарасы, ішек ойық жарасы, жуан ішек ойық жарасы, ішектің тесілуі, эзофагит, мелена, панкреатит, колит4.
Бауыр және өт шығару жолдары жағынан: жиі емес - бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ферменттері (оның ішінде аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансферазаның жоғарылауы) деңгейінің жоғарылауы; сирек - гепатит4; өте сирек - бауыр жеткіліксіздігі4 (кейде өліммен немесе бауырды ауыстырып салуды талап ететін), фульминантты гепатит4 (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған), бауыр некрозы4, холестаз4, холестаздық гепатит4, сарғаю4.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: жиі - бөртпе, қышыну (жайылған қышынуды қоса); жиі емес - есекжем, экхимоз4; сирек - ангионевроздық ісіну4, алопеция, фотосезімталдық; өте сирек - эксфолиативті дерматит4, мультиформалы эритема4синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы4, уытты эпидермальді некролиз4, эозинофилиямен және жүйелік белгілері бар дәрілік реакция (DRESS)4, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)4, буллезный дерматит4.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан: жиі - артралгия4; жиі емес - бұлшықеттің түйілуі (аяқтың құрысуы); өте сирек - миозит4.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: жиі емес - қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы; сирек - жедел бүйрек жеткіліксіздігі4, гипонатриемия4; өте сирек - тубулоинтерстициальді нефрит4, нефроздық синдром4, ең аз өзгерістермен гломерулонефрит4.
Жыныс мүшелері мен сүт бездері тарапынан: сирек - етеккір оралымының бұзылуы 4; жиілігі белгісіз - әйел бедеулігі (әйел фертильділігінің төмендеуі)3.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі-тұмауға ұқсас симптомдар, шеткері ісінулер/сұйықтықтың іркілуі; жиі емес - беттің ісінуі, кеуденің ауыруы4.
Жарақаттар, уыттану және манипуляция асқынулары: жиі - жарақат (кездейсоқ жарақат).
1 Ұзақтығы 3 жылға дейінгі екі клиникалық зерттеулерде (APC және PreSAP зерттеулері) тәулігіне 400 мг дозада целекоксиб алған пациенттердің қатысуымен полиптер түзілуінің профилактикасын зерттеу кезінде байқалған жағымсыз реакциялар. Бұрын постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында байқалған немесе артрит зерттеулеріне қарағанда анағұрлым жиі дамыған полиптердің пайда болуының алдын алу зерттеулерінде байқалған жағымсыз реакциялар ғана тізілген.
2 Бұдан басқа, полиптер пайда болуын алдын алу зерттеулерінде ұзақтығы 3 жылға дейінгі екі клиникалық зерттеулерде (APC және PreSAP зерттеулері) тәулігіне 400 мг дозада целекоксиб қабылдаған пациенттерде дамыған бұрын белгісіз мынадай жағымсыз реакциялар байқалды: жиі - стенокардия, тітіркенген ішек синдромы, нефролитиаз, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, дене салмағының артуы; жиі емес - Helicobacter туындаған инфекциялар, белдемелі теміреткі, тілме, бронхопневмония, лабиринтит, қызылиек инфекциясы, липома, шыны тәрізді дененің беткейлік бұлыңғырлануы, конъюнктивалық геморрагиялар, терең веналар тромбозы, дисфония, геморроидальді қан кету, ішек перистальтикасының күшеюі, ауыз қуысының ойық жаралары, аллергиялық дерматит, ганглионит, никтурия, қынаптан қан кету, сүт бездерінің ауыруы, аяқтың сынуы, қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы.
3 Жүкті болуды жоспарлаған әйелдер барлық зерттеулерден шығарылды, сондықтан жағымсыз реакциялардың даму жиілігін анықтау үшін зерттеулердің деректер базасын қолдану орынсыз болды.
4 Жағымсыз реакциялардың жиілігін бағалау үшін 38102 пациенттің қатысуымен біріктірілген зерттеулердің кумулятивтік мета-талдауы қолданылды.
APC және PreSAP зерттеулері нәтижесінде алынған соңғы деректерде (бағаланған) 3 жылға дейінгі уақыт кезеңі ішінде тәулігіне 400 мг дозада целекоксиб алған пациенттердің қатысуымен (екі зерттеудің біріктірілген деректері), миокард инфарктісі үшін плацебо бойынша асып кету коэффициенті 1000 пациентке шаққанда 7,6 жағдайды құрады (жиі емес), ал инсульт үшін (анықталмаған тип) плацебо бойынша асып кету коэффициенті байқалмады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz