Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Цефтазидиммен емдеу кезінде Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS), жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) қоса, терінің ауыр реакциялары (SCARs) туралы хабарланды. Егер сіз осы терінің ауыр реакцияларына байланысты қандай да бір симптомдарды байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Препаратты тағайындар алдында пациентте анамнезінде цефтазидимге, цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа препараттарға аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоғын анықтау керек.
Препаратты пенициллиндерге және бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы белгілі пациенттерде қолданғанда ерекше сақ болу керек.
Лемоксолға аллергиялық реакция дамыған кезде препаратты дереу тоқтату керек, ауыр жағдайларда адреналин, гидрокортизон, антигистаминді препараттарды қолдану және басқа да шұғыл шараларды жүргізу қажет болуы мүмкін.
Бактерияға қарсы белсенділік ауқымы
Цефтазидим бактерияға қарсы белсенділіктің шектеулі ауқымына ие және монотерапия түрінде инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге жарамайды, егер қоздырғыш құжатпен расталған, сезімтал болса, осы қоздырғыш кезінде цефтазидим жақсы таңдау болады. Бұл әсіресе бактериемиясы, бактериялық менингиті, тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары, сүйектер мен буындардың инфекциялары бар пациенттерді емдеу кезінде өте маңызды. Сонымен қатар, цефтазидим ауқымы кең кейбір бета-лактамазалардың гидролизіне сезімтал, бұл ақпаратты цефтазидимді таңдау кезінде ескеру керек.
Жалған жарғақшалы колит
Әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді пайдалану кезінде жалған жарғақшалы колиттің дамуы жиі байқалады (іштің ауырсыну ұстамаларымен және нәжіспен шырыштың үлкен мөлшерінің бөлінуімен сипатталатын ішектің шаншуы). Мұны, әсіресе, осы препаратпен емдеу кезінде диарея байқалған пациенттер үшін ескеру қажет.
Бүйрек бұзылуы
Лемоксолды аминогликозидтер және диуретиктер (фуросемид) сияқты нефроуытты препараттармен жоғары дозада бір мезгілде қабылдағанда бүйрек функциясын бақылау қажет. Алайда емдік дозаларда Лемоксолдың бүйрек функциясын бұзатыны туралы деректер жоқ.
Лемоксол бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оның дозасын бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне сәйкес төмендетілуі тиіс.
Көбінесе, әсіресе тиісті дозалау режимі сақталмаған жағдайларда, конвульсия, тремор, миоклония, энцефалопатия және кома сияқты неврологиялық реакциялар (препарат дозасын талапқа сай төмендету болмаған кезде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде) пайда болуы мүмкін.
Цефалоспориндер әсері протромбиннің тежелуімен байланысты болуы мүмкін. Осындай қауіпке бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер, жеткіліксіз тамақтанатын пациенттер немесе антибиотиктердің жоғары дозаларын алатын пациенттер аса бейім болып табылады. Мұндай пациенттерге К дәруменін қатар тағайындау және протромбиндік деңгейді мезгіл-мезгіл бақылау қажет.
Сезімтал емес микроорганизмдердің өсуін арттыру
Әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді, оның ішінде Лемоксолды ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің (мысалы, Candida, Enterococci) өсуіне әкелуі мүмкін, бұл ретте емдеуді тоқтату немесе тиісті ем жүргізу қажет болуы мүмкін. Емдеу кезінде пациенттің жағдайын үнемі бағалау қажет.
Кейбір бастапқы сезімтал Enterobacter және Serratia штаммдарын Лемаксолмен емдегенде резистенттілік дамуы мүмкін, сондықтан осы микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдегенде антибиотиктерге сезімталдыққа мезгіл-мезгіл зерттеу жүргізу керек.
Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері
Цефтазидим энзим тестілерінің көмегімен несептегі глюкозаны анықтау бойынша тест нәтижелеріне әсер етпейді, бірақ мысты қалпына келтіру әдістеріне (Бенедикт, Фехлинг, Клинитест әдістері) болмашы әсер етуі мүмкін.
Цефтазидим креатининді сілтілі-пикратты әдісімен сандық анықтауға әсер етпейді.
Пациенттердің шамамен 5% - ында цефтазидим қолданумен байланысты Кумбс жалған оң реакциясының дамуы қанның үйлесімділік сынамасына әсер етуі мүмкін.
Натрий
Натрий мөлшері шектеулі диетаны ұстанатын пациенттер Лемоксол препаратының құрамында натрийдің болуын ескеруі керек.
Арнайы сақтандырулар
Егер сіз келесі симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз:
- көбінесе ортасында күлбіреуіктер болатын, терінің қабыршақтануымен, ауызда, тамақта, мұрында, генийталийде және көзде ойық жаралардың болуымен денедегі нүктелік дақтарға ұқсас немесе дөңгелек қызғылт дақтар; бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз)
- кең таралған бөртпе, жоғары дене температурасы және лимфа түйіндерінің ісінуі (DRESS-синдромы немесе дәрілерге аса жоғары сезімталдық синдромы)
- температураның жоғарылауымен бірге жүретін тері астындағы бұдырлармен мен күлбіреуіктермен қызыл, қабыршақты, кең таралған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында пайда болады (жедел жайылған экзантематозды пустулез).
Жүктілік
Эмбриоуытты немесе тератогенді әсерді растайтын деректер жоқ. Жүктілік кезінде Лемоксолмен емдеу, егер жүкті әйелге болатын пайда шаранаға болатын қауіптен асып кеткен жағдайда және жүктіліктің алғашқы айларында әйелдерге үлкен сақтықпен тағайындау керек болғанда ғана көрсетіледі.
Бала емізу
Лемоксол аз мөлшерде емшек сүтіне енеді, сондықтан препаратты емізетін аналарға тағайындағанда оларға бала емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Лемоксол бас айналуды туындатуы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шаралары туралы ескерту қажет.