Қауіпсіздік бейіні бойынша жиынтық деректер
Алғаш рет диагностикаланған көптеген миелома: леналидомидпен демеуші ем алатын аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан (аутоГДЖТ) өткен пациенттер
Ауыр жағымсыз реакциялар леналидомидпен демеуші ем кезінде жиі (≥5%) байқалған және мынадай байқалған:
• Пневмония (10,6%)
• Өкпе инфекциясы (9,4%)
Жиі байқалды: нейтропения (60,8%), бронхит (47,4%), диарея (38,9%), назофарингит (34,8%), бұлшықет түйілуі (33,4%), лейкопения (31,7%), астения (29,7%), жөтел (27,3%), тромбоцитопения (23,5%), гастроэнтерит (22,5%) және пирексия (20,5%).
Алғаш рет диагностикаланған көптеген миелома: трансплантациялауды жүргізу мүмкін емес, бортезомибпен және дексаметазонмен бірге леналидомидпен ем алатын пациенттер
Леналидомидті дексаметазонмен біріктіргенде леналидомидпен және дексаметазонмен емдеу кезінде елеулі жағымсыз реакциялар жиірек (≥5%) байқалды және мыналардан тұрды:
• Гипотония (6,5%), өкпе инфекциясы (5,7%), сусыздану (5,0%).
Леналидомидті дексаметазонмен біріктіріп қолдануға қарағанда леналидомидті бортезомибпен және дексаметазонмен біріктіріп қолданғанда жиі байқалатын жағымсыз реакциялар: қажу (73,7%), шеткері нейропатия (71,8%), тромбоцитопения (57,6%), іш қату (56,1%), гипокальциемия (50,0%) болды.
Дексаметазонның төмен дозаларымен біріктіріп леналидомид алатын пациенттерде алғаш анықталған КМ
Мелфалан/преднизолон/талидомид (MPT) біріктірілімімен емдеумен салыстырғанда, леналидомидті дексаметазонның төмен дозаларымен (Rd және Rd18) біріктіріп қабылдаған кезде жиірек (≥5%) байқалған күрделі жағымсыз дәрілік реакцияларға мыналар жатады:
• Пневмония (9,8%)
• Бүйрек жеткіліксіздігі (оның ішінде жедел) (6,3%)
ЖДР-дан мыналар жиі байқалды: диарея (45,5%), қатты қажу (32,8%), арқадағы ауырсыну (32,0%), астения (28,2%), ұйқысыздық (27,6%), бөртпе (24,3%), тәбеттің төмендеуі (23,1%), жөтел (22,7%), гипертермия (21,4%), сондай-ақ бұлшықет түйілуі (20,5%).
Мелфалан және преднизолонмен бірге леналидомид қабылдаған пациенттерде алғаш анықталған КМ
Мелфалан/преднизолон/плацебо біріктірілімімен емдеумен және кейіннен плацебо (МРпл+пл) тағайындаумен салыстырғанда мелфаланды, преднизолонды және леналидомидті кейіннен демеуші еммен (MPR+R) немесе плацебо (MPR+пл) қабылдағанда жиі (≥5%) байқалған күрделі жағымсыз дәрілік реакцияларға мыналар жатады:
• фебрильді нейтропения (6,0%)
• анемия (5,3%)
ЖДР-дан мыналар жиі байқалды: нейтропения (83,3%), анемия (70,7%), тромбоцитопения (70,0%), лейкопения (38,8%), іш қату (34,0%), диарея (33,3%), бөртпе (28,9%), гипертермия (27,0%), шеткері ісіну (25,0%), жөтел (24,0%), тәбеттің төмендеуі (23,7%) және астения (22,0%).
Емнің, кем дегенде, бір желісін қабылдаған пациенттердегі КМ
Плацебо/дексаметазон тобына қарағанда леналидомид/дексаметазон тобында жиі байқалған ең ауыр жағымсыз реакцияларға мыналар жатады:
• Веналық тромбоэмболия (терең вена тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы);
• 4-ші дәрежедегі нейтропения.
Леналидомид қабылдаған көптеген миеломасы бар науқастарда плацебо/дексаметазон тобына қарағанда леналидомид/дексаметазон тобында мынадай жағымсыз реакциялар жиі байқалды: әлсіздік (43,9%), нейтропения (42,2%), іш қату (40,5%), диарея (38,5%), бұлшықет құрысуы (33,4%), анемия (31,4%), тромбоцитопения (21,5%) және бөртпе (21,2%).
Миелодисплазиялық синдромдар
Жағымсыз реакциялардың көпшілігі әдетте леналидомидпен емнің алғашқы 16 аптасында байқалды.
Ауыр жағымсыз реакцияларға мыналар жатады:
• веналық тромбоэмболия (терең вена тромбозы, өкпе эмболиясы).
• 3 немесе 4 дәрежелі нейтропения, 3 немесе 4 дәрежелі фебрильді нейтропения және тромбоцитопения
Ең жиі байқалатын жағымсыз реакциялар: нейтропения (76,8%), тромбоцитопения (46,4%), диарея (34,8%), іш қату (19,6%), жүрек айну (19,6%), қышу (25,4%), бөртпе (18,1%), шаршау (18,1%) және бұлшықет түйілуі (16,7%).
Мантия жасушалы лимфома
Күрделі жағымсыз реакциялар:
• Нейтропения (3,6%)
• Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (3,6%)
• Диарея (3,6%)
Ең жиі байқалатын жағымсыз реакциялар: нейтропения (50,9%), анемия (28,7%), диарея (22,8%), шаршау (21,0%), іш қату (17,4%), гипертермия (16,8%) және бөртпе (соның ішінде аллергиялық дерматит) (16,2%).
Жалпы алғанда, ерте өлім жиілігінің айқын жоғарылауы байқалды (20 апта ішінде). Ісік жүктемесі жоғары пациенттерде емдеудің басында ерте өлім қаупі артады.
Үлкен ісік жүктемесі диаметрі ≥5 см немесе ≥3 см 3 ісік кем дегенде бір ісік ретінде анықталды.
Фолликулярлық лимфома
Жиі байқалған күрделі жағымсыз реакциялар:
• фебрильді нейтропения (2,7%)
• Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (2,7%)
• пневмония (2,7%)
Жиі байқалған жағымсыз реакциялар мыналар: нейтропения (58,2%), диарея (30,8%), лейкопения (28,8%), іш қату (21,9%), жөтел (21,9%) және қажу (21,9%).
1-кесте. Леналидомидпен демеуші ем қабылдаған көптеген миеломасы бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде тіркелген жағымсыз дәрілік реакциялар (ЖДР)
Ағзалар жүйесінің класы / Сәйкес келетін термин — Барлық ЖДР/Жиілік — 3-4 дәрежелі ЖДР/Жиілік
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Өте жиі пневмония◊, a, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, нейтропениялық инфекция, бронхит◊, тұмау◊, гастроэнтерит◊, синусит, назофарингит, ринит Жиі инфекциялық ауру◊, несеп шығару жолдарының инфекциясы◊,*, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы, өкпе инфекциясы◊ — Өте жиі пневмония◊,a, нейтропениялық инфекция Жиі сепсис◊,b. бактериемия, өкпе инфекциясы◊, төменгі тыныс алу жолдарының бактериялық инфекциясы, бронхит◊, тұмау◊, гастроэнтерит◊, белдемелі герпес◊, инфекциялық ауру◊
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Жиі миелодисплазиялық синдром◊,*
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі нейтропения^,◊, фебрильді нейтропения^,◊, тромбоцитопения^,◊, анемия, лейкопения◊, лимфопения — Өте жиі нейтропения^,◊, фебрильді нейтропения^,◊, тромбоцитопения^’◊, анемия, лейкопения◊, лимфопения Жиі панцитопения◊
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Өте жиі гипокалиемия — Жиі гипокалиемия, сусыздану
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі парестезия Жиі шеткері нейропатияc — Жиі бас ауыруы
Қантамыр тарапынан бұзылулар — Жиі өкпе артериясының тромбоэмболиясы◊,* — Жиі терең веналар тромбозы^,◊,d
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Өте жиі жөтел Жиі диспноэ◊, ринорея — Жиі диспноэ◊
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі диарея, іш қату, іш ауыруы, жүрек айнуы Жиі құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы — Жиі диарея, құсу, жүрек айнуы
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте жиі бауыр функциясының қалыпқа сәйкес келмейтін биохимиялық көрсеткіштері — Жиі бауыр функциясының қалыпқа сәйкес келмейтін биохимиялық көрсеткіштері
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар — Өте жиі бөртпе, терінің құрғауы — Жиі бөртпе, қышыну
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі бұлшықет түйілуі Жиі миалгия, бұлшықет-қаңқа ауыруы
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар — Өте жиі қатты қажу, астения, пирексия — Жиі қатты қажу, астения
◊ Жағымсыз реакциялар аутологиялық дің жасушаларының трансплантациясын бастан өткерген АДКМ бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде күрделі деп тіркелді.
*Дәрілерге күрделі жағымсыз реакцияларға ғана қатысты.
^ Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімін қараңыз.
а Жағымсыз реакциялар «Пневмония» термині мыналарды қамтиды: бронхопневмония, үлестік пневмония, пневмоцистік пневмония, пневмония, клебсиелла пневмониясы, легионелла пневмониясы, микоплазмалық пневмония, пневмококкты пневмония, стрептококкты пневмония, вирустық пневмония, өкпе ауруы, пневмонит.
b Жағымсыз реакциялар «Сепсис» термині мыналарды қамтиды: бактериялық сепсис, пневмококкты сепсис, сепсистік шок, стафилококкты сепсис.
с Жағымсыз реакциялар «Шеткері нейропатия » термині мыналарды қамтиды: шеткері нейропатия, шеткері сенсорлық нейропатия, полиневропатия.
d Жағымсыз реакциялар «Терең веналар тромбозы» термині мыналарды қамтиды: терең веналар тромбозы, тромбоз, веналық тромбоз.
КМ біріктірілген еміндегі жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесі.
Келесі кесте біріктірілген еммен көптеген миеломаны зерттеу кезінде жиналған мәліметтер негізінде құрастырылған. Деректер леналидомидпен емдеу тобындағы емдеудің ұзағырақ ұзақтығына байланысты түзетілмеді, ол КМ бар пациенттерде леналадомидті қолданудың негізгі зерттеулеріндегі салыстыру тобымен салыстырғанда аурудың өршу сәтіне дейін жалғасты.
2-кесте. Дексаметазонмен немесе мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп леналидомидпен ем қабылдаған, көптеген миеломасы бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде байқалған жағымсыз реакциялар.
Жүйелік-ағзалық класс/Ұсынылатын терминдер — Жағымсыз реакциялар (жиынтық)/жиілігі — 3-4 ауырлық дәрежедегі жағымсыз реакциялар/жиілігі
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Өте жиі пневмония◊,◊ ◊, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары◊, бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік түрін қоса)◊, назофарингит, фарингит, бронхит◊, ринит Жиі сепсис◊.◊◊, өкпе инфекциясы◊◊, несеп шығару жолдарының инфекциясы◊, синусит◊ — Жиі пневмония◊,◊◊, бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік инфекцияларды қоса) ◊, целлюлит◊, сепсис◊,◊◊, өкпе инфекциясы◊◊, бронхит◊, респираторлық жолдың инфекциясы◊◊, несеп шығару жолдарының инфекциясы◊◊, энтероколит
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Жиі емес базалиома, жайпақ жасушалы тері обыры ^,◊ * — Жиі жедел миелоидты лейкемия, миелодисплазиялық синдром◊, жалпақ жасушалы тері обыры^, ◊, ** Жиі емес жедел Т-жасушалық лейкоз◊, базалиома^,◊, ісік лизис синдромы
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі нейтропения^,◊,◊◊, тромбоцитопения^,◊,◊◊, анемия, геморрагиялық бұзылулар ^, лейкопения, лимфопения Жиі фебрильді нейтропения^, ◊, панцитопения◊ Жиі емес гемолиз, аутоиммунды гемолиздік анемия, гемолиздік анемия — Өте жиі нейтропения^,◊,◊◊, тромбоцитопения^,◊,◊◊, анемия◊, лейкопения, лимфопения Жиі фебрильді нейтропения^,◊, панцитопения◊, гемолитикалық анемия Жиі емес гиперкоагуляция, коагулопатия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Жиі емес аса жоғары сезімталдық реакциялары^
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар — Жиі гипотиреоз
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Өте жиі гипокалиемия◊,◊◊, гипергликемия, гипогликемия, гипокальциемия◊, гипонатриемия◊, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының азаюы, сусыздану◊, Жиі гипомагниемия, гиперурикемия, гиперкальциемия+ — Жиі гипокалиемия, гипергликемия, гипокалиемия◊,◊◊, гипергликемия, гипокальциемия◊ , қант диабеті, гипофосфатемия, гипонатриемия◊, гиперурикемия, подагра, дәм сезудің өзгеруі, сусыздану◊◊, тәбеттің төмендеуі◊◊, дене салмағының азаюы
Психиканың бұзылуы — Өте жиі депрессия, ұйқысыздық Жиі емес либидоның жоғалуы — Жиі депрессия, ұйқысыздық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі шеткері нейропатия ◊ ◊, парестезия, бас айналуы◊, тремор, дәм сезудің бұрмалануы, бас ауыруы Жиі атаксия, тепе-теңдіктің бұзылуы, естен тану◊◊, невралгия, дизестезия — Өте жиі шеткері нейропатия◊◊ Жиі инсульт◊, бас айналуы ◊◊ , естен тану◊◊, невралгия Жиі емес бассүйекішілік қан кету^, транзиторлы ишемиялық шабуыл, ми ишемиясы
Көру ағзасы тарапынан бұзылулар — Өте жиі катаракта, анық көрмеу Жиі көру өткірлігінің төмендеуі — Жиі катаракта Жиі емес соқырлық
Есту ағзалары тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар — Жиі кереңдік (оның ішінде құлақ мүкістігі), құлақтың шыңылдауы
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиі жыпылықтағыш аритмия◊,◊◊, брадикардия Жиі емес аритмия, QT аралығының ұзаруы, жүрекшелердің дірілдеуі, қарыншалық экстрасистолия — Жиі миокард инфарктісі (оған қоса жедел)^, ◊, жыпылықтағыш аритмия◊, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі◊, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі◊, миокард ишемиясы◊
Қантамыр тарапынан бұзылулар — Өте жиі тромбоэмболиялық бұзылулар^, негізінен терең веналар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы^, ◊,◊◊, артериялық гипотензия◊◊ Жиі артериялық гипертензия, экхимоз ^ — Өте жиі тромбоэмболиялық бұзылулар^, негізінен терең веналар тромбозы және өкпе артериясы тромбоэмболия)^, ◊,◊◊ Жиі васкулит, артериялық гипотензия◊◊, артериялық гипертензия Жиі емес ишемия, шеткергі ишемия, бассүйекішілік веналық синус тромбозы
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Өте жиі ентігу◊,◊◊, мұрыннан қан кету ^, жөтел — Жиі респираторлық дистресс-синдром◊, ентігу◊,◊◊, кеудедегі плевральді ауырсыну◊◊, гипоксия◊◊
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі іш қату◊, диарея◊,◊◊, іш ауыруы◊◊, жүрек айнуы, құсу◊◊, диспепсия, ауыздың құрғауы, стоматит Жиі асқазан-ішектен қан кету (ректальді, геморроидальді, пептидтік ойық жарадан қан кету және гингивальді қан кетуді қоса)^, ◊◊, дисфагия Жиі емес колит, тифлит — Жиі асқазан-ішектен қан кету^,◊,◊◊, аш ішектің бітелісі◊◊, диарея◊◊, іш қату◊, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу◊ ◊
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте жиі АЛТ (аланин аминотрансфераза) деңгейінің жоғарылауы, АСТ (аспартатаминотрансфераза) деңгейінің жоғарылауы Жиі бауыр жасушаларының зақымдануы◊◊, бауырдың функционалдық сынамалары мәндерінің қалыптан ауытқуы◊, гипербилерубинемия Жиі емес бауыр жеткіліксіздігі ^ — Жиі холестаз◊, гепатоуыттылық, бауыр-жасушалық зақымдану◊◊, АЛТ деңгейінің жоғарылауы, бауырдың функционалдық сынамалары мәндерінің қалыптан ауытқуы◊ Жиі емес бауыр жеткіліксіздігі ^
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Өте жиі бөртпе◊◊, терінің қышуы Жиі есекжем, гипергидроз, терінің құрғауы, тері гиперпигментациясы, экзема, эритема Жиі емес эозинофилиямен дәрілік бөртпе және жүйелі көріністер◊◊, тері түсінің бұзылуы, фотосезімталдық реакциялары — Жиі бөртпе◊◊ Жиі емес эозинофилиямен дәрілік бөртпе және жүйелі көріністер◊◊
Тірек-қимыл аппараты тарапынан бұзылулар — Өте жиі бұлшықет түйілуі◊◊, бұлшықет әлсіздігі, сүйектің ауыруы◊, тірек-қимыл және дәнекер тінінің тарапынан жайсыздық (арқаның ауыруын қоса◊,◊◊), артралгия◊, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы Жиі буындардың ісінуі — Жиі бұлшықет түйілуі◊◊, сүйек ауруы◊, қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан ауыру және жайсыздық (арқаның ауыруын қоса◊,◊◊) Жиі емес буындардың ісінуі
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте жиі бауыр жеткіліксіздігі (оған қоса жедел) ◊,◊◊. Жиі гематурия ^, несептің кідіруі, несепті ұстай алмау Жиі емес пайда болған Фанкони синдромы — Жиі емес тубулярлы бүйрек некрозы
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар — Жиі эректильді дисфункция
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар — Өте жиі қатты қажу◊,◊◊, ісіну (шеткері ісінуді қоса), қызба◊,◊◊, астения, тұмауға ұқсас синдром (қызба, жөтел, миалгия, қаңқа-бұлшықет ауыруы, бас ауыруы және қалтырау кіреді) Жиі кеуденің ауыруы◊,◊◊, летаргия — Өте жиі қатты қажу◊,◊◊ Жиі шеткері ісіну, қызба◊,◊◊, астения.
Зертханалық және құрал-аспаптық деректер — Өте жиі сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы Жиі C-реактивті ақуыз концентрациясының жоғарылауы
Жарақаттар, уыттану және манипуляцияның асқынулары — Жиі құлау, соғылу ^
◊◊Бортезомибмен және дексаметазонмен біріктіріп леналидомид алған ЕБТЖТ бар пациенттердің клиникалық зерттеулерінде күрделі деп хабарланған жағымсыз реакциялар.
^ Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімін қараңыз.
◊ Жағымсыз реакциялар дексаметазонмен немесе мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп леналидомидпен ем қабылдаған көптеген миеломасы бар пациенттерде ауыр ретінде тіркелді.
+ Дәрілік заттарға күрделі жағымсыз реакцияларға ғана қатысты.
* Клиникалық зерттеулерде бұрын дексаметазонмен біріктіріп леналидомидпен ем алған КМ бар пациенттерде бақылау тобымен салыстырғанда терінің жайпақ жасушалы тері обыры туралы хабарланған.
** Клиникалық зерттеулерде бұрын дексаметазонмен біріктіріп леналидомидпен ем алған АДКМ бар пациенттерде бақылау тобымен салыстырғанда терінің жайпақ жасушалы тері обыры туралы хабарланған.
МДС және МКЛ монотерапиясындағы жағымсыз реакциялар
3-кесте. Леналидомидпен ем қабылдаған миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде тіркелген ЖДР#
Ағзалар жүйесінің класы / Сәйкес келетін термин — Барлық ЖДР/Жиілік — 3-4 дәрежелі ЖДР/Жиілік
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Өте жиі бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (атап айтқанда оппортунистік инфекциялар)◊ — Өте жиі пневмония◊ Жиі бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (атап айтқанда оппортунистік инфекциялар)◊, бронхит
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі тромбоцитопения^,◊, нейтропения^,◊, анемия◊, лейкопения — Өте жиі тромбоцитопения^,◊, нейтропения^,◊, анемия◊, лейкопения Жиі фебрильді нейтропения^,◊
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар — Өте жиі гипотиреоз
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Өте жиі тәбеттің төмендеуі Жиі Темірдің шамадан тыс жүктелімі, салмақ жоғалту — Жиі гипергликемия◊, тәбеттің төмендеуі
Психикалық бұзылыстар — Жиі көңіл-күйдің өзгеруі◊,~
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі бас айналуы, бас ауруы Жиі парестезия
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиі жедел миокард инфарктісі^,◊, жүрекшелер фибрилляциясы◊, жүрек жеткіліксіздігі◊
Қантамыр тарапынан бұзылулар — Жиі артериялық гипертензия, гематома — Жиі веналық тромбоэмболия, негізінен терең веналар тромбозы және өкпе эмболиясы^,◊
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Өте жиі мұрыннан қан кету^
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі диарея◊, іштің ауыруы (асқазанның жоғарғы бөлігін қоса), жүрек айнуы, құсу, іш қату Жиі ауыздың құрғауы, ас қорыту бұзылысы — Жиі диарея◊, жүрек айнуы, тіс ауруы
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Жиі бауыр функциясының қалыпқа сәйкес келмейтін биохимиялық көрсеткіштері — Жиі бауыр функциясының қалыпқа сәйкес келмейтін биохимиялық көрсеткіштері
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар — Өте жиі бөртпе, терінің құрғауы, қышыну — Жиі бөртпе, қышыну
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі бұлшықет түйілуі, бұлшықет-қаңқа ауыруы (арқаның ауыруын◊ және аяқ-қолдың ауыруын қоса), артралгия, миалгия — Жиі арқаның ауруы◊
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар — Жиі бүйрек жеткіліксіздігі◊
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар — Өте жиі қатты қажу, шеткері ісіну, тұмауға ұқсас синдром (оған қоса гипертермия, жөтел, фарингит, миалгия, бұлшықет-қаңқа ауыруы, бас ауыруы) — Жиі пирексия
Жарақаттар, улану және процедуралардың асқынулары — Жиі құлау
^ Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімін қараңыз.
◊ Жағымсыз реакциялар леналидомидпен ем қабылдаған миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттерде ауыр ретінде тіркелді.
~Миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттердегі көңіл-күйдің өзгеруі III фазадағы зерттеуде жиі кездесетін ауыр жағымсыз құбылыс ретінде тіркелді; 3 немесе 4 дәрежедегі қолайсыз оқиға ретінде тіркелмеген.
# Миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттерге қолданылатын алгоритм:
• Миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттерде III фазадағы зерттеу (популяцияның салыстырмалы жасырын қауіпсіздігі, кем дегенде 2 пациентте дозалаудың бастапқы режимінде 5/10 мг леналидомид пен плацебо арасындағы айырмашылық).
• Леналидомид пен плацебо арасындағы арақатынаста кемінде 2% айырмашылығымен, леналидомид қабылдаған ≥ 5% пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид пен плацебо арасындағы арақатынаста кемінде 1 % айырмашылығымен, леналидомид қабылдаған 1 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын 3 немесе 4 ауырлық дәрежесіндегі барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид пен плацебо арасындағы арақатынаста кемінде 1 % айырмашылығымен, леналидомид қабылдаған 1 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық күрделі жағымсыз реакциялар.
• Миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттерде II фазадағы зерттеу.
• Леналидомид қабылдаған ≥ 5 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид қабылдаған 1% пациенттерде емдеу кезінде туындайтын 3 немесе 4 дәрежедегі барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид қабылдаған 1 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық күрделі жағымсыз реакциялар.
4-кесте. Леналидомидпен ем қабылдаған мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде тіркелген ЖДР
Ағзалар жүйесінің класы / Сәйкес келетін термин — Барлық ЖДР/Жиілік — 3-4 дәрежелі ЖДР/Жиілік
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Өте жиі бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (атап айтқанда, оппортунистік инфекциялар)◊, назофарингит, пневмония◊ — Жиі бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (атап айтқанда оппортунистік инфекциялар)◊, пневмония◊
Жиі синусит
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Жиі ісіктің клиникалық көріністерінің транзиторлы күшею реакциялары — Жиі ісіктің клиникалық көріністеулерінің транзиторлы нашарлау реакциясы, жалпақ жасушалы тері обыры^,◊ базальді жасушалы карцинома^,◊
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі тромбоцитопения^, нейтропения^,◊, лейкопения◊, анемия◊ — Өте жиі тромбоцитопения^, нейтропения^,◊, анемия◊
Жиі фебрильді нейтропения^,◊ — Жиі фебрильді нейтропения^,◊, лейкопения◊
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Өте жиі тәбеттің төмендеуі, салмақтың төмендеуі, гипокалиемия — Жиі сусыздану◊, гипонатриемия, гипокалиемия
Жиі сусыздану◊
Психикалық бұзылыстар — Жиі ұйқысыздық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі дисгевзия, бас ауыруы, шеткері нейропатия — Жиі шеткері сенсорлық нейропатия, айқын сылбырлық
Есту және тепе-теңдік мүшелері тарапынан бұзылулар — Жиі вертиго
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиі миокард инфарктісі (атап айтқанда жедел түрі)^,◊, жүрек жеткіліксіздігі
Қантамыр тарапынан бұзылулар — Жиі артериялық гипотензия◊ — Жиі терең веналар тромбозы◊, өкпе артериясының тромбоэмболиясы^,◊, артериялық гипотензия◊
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Өте жиі диспноэ◊ — Жиі диспноэ◊
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі диарея◊, жүрек айнуы◊, құсу◊, іш қату Жиі іш ауыруы◊ — Жиі диарея◊, іштің ауыруы◊, іш қату
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар — Өте жиі бөртпе (аллергиялық дерматитті қоса), қышыну Жиі түнде терлеу, терінің құрғауы — Жиі бөртпе
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі бұлшықет түйілуі, арқаның ауыруы Жиі артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі◊ — Жиі арқаның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі◊, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар — Жиі бүйрек жеткіліксіздігі◊
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар — Өте жиі қажу, астения◊, шеткері ісінулер, тұмауға ұқсас синдром (соның ішінде гипертермия◊, жөтел) Жиі қалтырау — Жиі гипертермия◊, астения◊, қажу
^ Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімін қараңыз.
◊Жағымсыз реакциялар мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде күрделі деп тіркелді.
Мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттерге қолданылатын алгоритм:
• Мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттерде ІІ фазадағы зерттеу.
• Леналидомид пен плацебо арасындағы арақатынаста кемінде 2 % айырмашылығымен, леналидомид қабылдаған ≥5% пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық күрделі жағымсыз реакциялар
• Леналидомид пен плацебо арасындағы арақатынаста кемінде 1 % айырмашылығымен, леналидомид қабылдаған ≥ 1 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын 3 немесе 4 ауырлық дәрежесіндегі барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид пен бақылау тобы арасындағы арақатынаста кемінде 1 % айырмашылығымен, леналидомид қабылдаған ≥ 1 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық жағымсыз реакциялар.
• Мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттерде ІІ фазадағы бір топтық зерттеу.
• Леналидомид қабылдаған ≥ 5 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид қабылдаған ≥ 2 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын 3 немесе 4 дәрежедегі барлық жағымсыз реакциялар.
• Леналидомид қабылдаған ≥ 2 % пациенттерде емдеу кезінде туындайтын барлық күрделі жағымсыз реакциялар.
ФЛ біріктірілген емдеудегі жағымсыз реакциялар
Келесі кесте фолликулярлық лимфомасы бар пациенттерде ритуксимабпен біріктірілген леналидомидті қолданатын негізгі зерттеулерде (NHL-007 және NHL-008) жиналған деректерге негізделген.
ФЛ кезінде біріктірілген емнің жиынтық кестесі
Төмендегі кестелер фолликулалық лимфомасы бар пациенттерде ритуксимабпен бірге леналидомидті қолданғанда негізгі зерттеулер (NHL-007 және NHL-008) барысында жиналған деректерден алынған.
5-кесте: Ритуксимабпен біріктірілімдегі леналидомидпен ем қабылдаған фолликулалық лимфомасы бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде тіркелген ЖДР
Ағзалар жүйесінің класы / Сәйкес келетін термин — Барлық ЖДР/Жиілік — 3-4 дәрежелі ЖДР/Жиілік
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Өте жиі жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы Жиі пневмония◊, тұмау, бронхит, синусит, несеп шығару жолдарының инфекциясы — Жиі пневмония◊, сепсис◊, өкпелік инфекция, бронхит, гастроэнтерит, синусит, несеп шығару жолдарының инфекциясы, целлюлит◊
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Өте жиі ісіктің клиникалық көріністерінің транзиторлы күшею реакциялары^ Жиі терінің жалпақ жасушалы карциномасы◊,^,+ — Жиі базальді жасушалы карцинома^,◊
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі нейтропения^,◊, анемия◊, тромбоцитопения^, лейкопения**, лимфопения*** — Өте жиі нейтропения^,◊ Жиі анемия◊, тромбоцитопения^, фебрильді нейтропения◊, панцитопения, лейкопения**, лимфопения***
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Өте жиі тәбеттің төмендеуі, гипокалиемия Жиі гипофосфатемия, сусыздану — Жиі сусыздану, гиперкальциемия◊, гипокалиемия, гипофосфатемия, гиперурикемия
Психикалық бұзылыстар — Жиі депрессия, ұйқысыздық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі бас ауыруы, бас айналуы Жиі шеткері сенсорлық невропатия, дисгевзия — Жиі естен тану
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиі емес аритмия◊
Қантамыр тарапынан бұзылулар — Жиі артериялық гипотензия — Жиі өкпе артериясының тромбоэмболиясы^,◊, артериялық гипотензия
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Өте жиі диспноэ◊, жөтел Жиі ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфония — Жиі диспноэ◊
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі іштің ауыруы◊, диарея, іш қату, жүрек айнуы, құсу, диспепсия Жиі асқазанның жоғарғы бөлігінің ауыруы, стоматит, ауыздың құрғауы — Жиі іштің ауыруы◊, диарея, іш қату, стоматит
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар — Өте жиі бөртпе*, қышыну Жиі терінің құрғауы, түнгі терлеу, эритема — Жиі бөртпе*, қышыну
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі бұлшықеттің түйілуі, арқаның ауыруы, артралгия Жиі аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет-қаңқа ауыруы, миалгия, мойынның ауыруы — Жиі бұлшықет әлсіздігі, мойын ауыруы
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар — Жиі бүйректің жедел зақымдануы◊
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар — Өте жиі гипертермия, қажу, астения, шеткері ісінулер Жиі жалпы дімкәстану сезімі, қалтырау — Жиі қажу, астения
Зертханалық және құрал-аспаптық деректер — Өте жиі аланин-аминотрансферазаның жоғары деңгейі Жиі салмақ жоғалту, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
^ Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімін қараңыз.
ФЛ бар пациенттер үшін қолданылатын алгоритм:
• ІІІ фазадағы бақыланатын зерттеу:
• NHL-007 зерттеуіндегі жағымсыз реакциялар: Ритуксимабпен біріктірілген леналидомид қабылдаған ≥ 5% пациентте емдеу кезінде пайда болған барлық жағымсыз реакциялар және леналидомид пен плацебо арасындағы пропорция айырмашылығының кем дегенде 2%.
• NHL-007 зерттеуіндегі 3 немесе 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар: ритуксимабпен біріктірілген леналидомид алған пациенттердің 1%-дан азын емдеу кезінде пайда болған барлық 3 немесе 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар және леналидомид пен плацента арасындағы пропорция айырмашылығының кем дегенде 1%.
• NHL-007 зерттеуіндегі күрделі жағымсыз реакциялар: Ритуксимабпен біріктірілген леналидомид алған пациенттердің 1%-дан азын емдегенде пайда болатын барлық күрделі жағымсыз реакциялар және леналидомид пен плацебо арасындағы пропорция айырмашылығының кем дегенде 1%.
• ФЛ бар пациенттердің қатысуымен 3 фазадағы бір топтық зерттеу
• NHL-008 зерттеуіндегі жағымсыз реакциялар: пациенттердің ≥ 5%-да емдеу кезінде пайда болған барлық жағымсыз реакциялар.
• NHL-008 зерттеуіндегі 3 немесе 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар: пациенттердің ≥1%-да емдеу кезінде пайда болған барлық 3 немесе 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар.
• NHL-008 зерттеуіндегі күрделі жағымсыз реакциялар: пациенттердің ≥ 5%-да емдеу кезінде пайда болған барлық күрделі жағымсыз реакциялар.
◊ Жағымсыз реакциялар ФЛ бар пациенттерде клиникалық зерттеулерде күрделі ретінде тіркелді.
+ Тек дәрілік затқа күрделі жағымсыз реакцияларға қатысты.
*«Бөртпе» – бөртпе және макулопапулярлы бөртпе сияқты дұрыс келетін терминдерді қамтитын жағымсыз реакциялардың біріктірілген термині.
**«Лейкопения» – лимфопения, лейкоциттер деңгейінің төмендеуі сияқты дұрыс келетін терминдерді қамтитын жағымсыз құбылыстардың жағымсыз реакцияларының біріктірілген термині.
***«Лимфопения» – лимфопения және лимфоциттер деңгейінің төмендеуі сияқты дұрыс келетін терминдерді қамтитын жағымсыз реакциялардың біріктірілген термині.
Тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелген жағымсыз реакцияларға кестелік шолу.
Негізгі клиникалық зерттеулерде байқалған жағымсыз реакцияларға қосымша ретінде төменде келтірілген жағымсыз реакциялар тізімі (6-кесте) препаратты тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесіне негізделеді.
Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезінде леналидомид қабылдаған көптеген миеломасы бар пациенттерде анықталған ЖДР
Жүйелік-ағзалық класс/Ұсынылатын терминдер — Жағымсыз реакциялар (жиынтық)/жиілігі — 3-4 ауырлық дәрежедегі жағымсыз реакциялар/жиілігі
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Белгісіз вирустық инфекциялар (белдемелі герпесті және В вирустық гепатитінің реактивациясы) — Белгісіз вирустық инфекциялар (белдемелі герпесті және В вирустық гепатитінің реактивациясы)
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Сирек ісік лизисінің синдромы
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Белгісіз пайда болған гемофилия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Сирек анафилаксиялық реакциялар^ Белгісіз тығыз ағзаның қабылданбай ажырауы — Сирек анафилаксиялық реакциялар^
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар — Жиі гипертиреоз
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Белгісіз Өкпе гипертензиясы — Сирек Өкпе гипертензиясы Белгісіз интерстициялық пневмонит
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Белгісіз панкреатит, асқазан-ішек жолының перфорациясы (дивертикуланың, аш және тоқ ішектің перфорациясын қоса)^
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Белгісіз бауырдың жедел жеткіліксіздігі^, уытты гепатит^, цитолитикалық гепатит , холестаздық гепатит^, аралас цитолитикалық/ холестаздық гепатит^ — Белгісіз бауырдың жедел жеткіліксіздігі^, уытты гепатит^
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Жиі емес Квинке ісінуі Сирек Стивенс-Джонсон синдромы^; уытты эпидермалық некролиз^ Белгісіз лейкоцитокластты васкулит, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен аллергиялық реакция^
^ Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімін қараңыз.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Тератогенділік
Леналидомид өмірге қауіп төндіретін ауыр туа біткен ақаулардың дамуына әкелетін айқын тератогендік әсері бар зат - талидомидтің құрылымдық аналогы болып табылады. Егер леналидомид жүктілік кезінде қабылданса, туа біткен ақаулардың даму қаупі жоғары.
Нейтропения және тромбоцитопения
Алғаш рет диагностикаланған көптеген миелома: леналидомидпен демеуші ем алатын аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан (аутоГДЖТ) өткен пациенттер
АутоГДЖТ кейін леналидомидпен демеуші емді қолдану 4-ші дәрежелі нейтропенияның жоғары жиілігімен байланысты. Емдеу аясында пайда болған және леналидомид қолдануды тоқтатуға себеп болған пациенттерде жағымсыз құбылыстар тіркелді.
АутоГДЖТ кейін леналидомидпен демеуші емді қолдану 3-ші немесе 4-ші дәрежелі тромбоцитопенияның жоғары жиілігімен байланысты.
Алғаш рет диагностикаланған көптеген миелома: трансплантациялауды жүргізу мүмкін емес, бортезомибпен және дексаметазонмен бірге леналидомидпен ем алатын пациенттер
4-дәрежелі нейтропения төмен жиілікте байқалды.
3-ші және 4-ші дәрежелі тромбоцитопения жиілігі жоғары топта байқалды.
Дексаметазонның төмен дозаларымен біріктіріп леналидомид алатын пациенттерде алғаш анықталған КМ
Леналидомидтің төмен дозалы дексаметазон біріктірілімі алғаш рет анықталған КМ пациенттерде 4 дәрежелі нейтропенияның төмендеуімен байланысты. 4 дәрежелі фебрильді нейтропения сирек байқалды.
Леналидомидтің төмен дозалы дексаметазон біріктірілімі алғаш рет анықталған КМ пациенттерде 4 дәрежелі тромбоцитопенияның төмендеуімен байланысты.
Мелфалан және преднизолонмен бірге леналидомид қабылдаған пациенттерде алғаш анықталған КМ
Леналидомидтің мелфаланмен және преднизолонмен үйлесуі алғаш рет анықталған КМ пациенттерде 4 дәрежелі нейтропенияның жоғарылауымен байланысты. 4 дәрежелі фебрильді нейтропенияның жоғары жиілігі байқалды.
Алғаш рет анықталған КМ бар пациенттерде мелфалан және преднизолонмен леналидомидті қолдану 3 және 4 дәрежелі тромбоцитопенияның жоғары жиілігімен қатар жүрді.
Емнің, кем дегенде, бір желісін қабылдаған пациенттердегі КМ
Көптеген миеломасы бар пациенттерде леналидомидтің дексаметазонмен біріктірілімін қолдану ауырлығы 4 дәрежелі нейтропенияның даму жиілігінің жоғарылауымен қатар жүрді. Леналидомидті дексаметазонмен біріктіріп қабылдаған пациенттерде 4 дәрежелі фебрильді нейтропения сирек байқалды.
Көптеген миеломада леналидомидтің дексаметазонмен біріктірілімін қолдану 3 және 4 дәрежелі тромбоцитопенияның даму ықтималдығының жоғарылауымен қатар жүрді.
Миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттер
Миелодисплазиялық синдромдары бар пациенттерде леналидомидті қолдану 3-ші немесе 4-ші дәрежелі нейтропенияның жоғары жиілігімен байланысты.
Мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттер
Мантия жасушалы лимфомасы бар пациенттерде леналидомидті қолдану 3-ші немесе 4-ші дәрежелі нейтропенияның жоғары жиілігімен байланысты.
Фолликулярлық лимфомасы бар пациенттер
Фолликулярлық лимфоманы емдеуде леналидомидтің ритуксимабпен біріктірілімін қолдану 3-ші немесе 4-ші дәрежелі нейтропенияның жоғары жиілігімен байланысты. 3-ші немесе 4-ші дәрежелі нейтропенияның барлық жағдайлары емдеуді уақытша тоқтату, дозаны азайту және/немесе өсу факторлары бар демеуші емді қолдану кезінде қайтымды болды.
Веналық тромбоэмболия
Көптеген миеломасы бар пациенттерде дексаметазонмен леналидомидті қолдану терең веналар тромбозының және өкпе артериясы тромбоэмболиясының даму қаупінің жоғарылауымен қатар жүреді, сол уақытта мелфаланмен және преднизолонмен біріктірілімінде бұл қауіп төмен болған. Эритропоэздік препараттарды бір мезгілде тағайындау немесе анамнезінде терең веналар тромбозының болуы да пациенттердің осы тобында тромбоздық асқынулардың қаупін арттыруы мүмкін.
Миокард инфарктісі
Леналидомид қабылдаған пациенттерде, әсіресе белгілі қауіп факторлары болған кезде миокард инфарктісі жағдайлары байқалған.
Геморрагиялық бұзылулар
Геморрагиялық асқынулар жүйелік-ағзалық класқа сәйкес келтірілген: қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар; жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (бассүйекішілік қан құйылу); тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан (мұрыннан қан кету); асқазан-ішек жолы тарапынан (гингивальді, геморроидальді, ректальді қан кету); бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан (гематурия); жарақаттар, уыттану және манипуляциялардың асқынулары (соғылу) және қантамыр бұзылулары (экхимоздар).
Аллергиялық реакциялар
Аллергиялық реакциялардың/аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы туралы хабарланды.
Терінің ауыр реакциялары
Стивенс-Джонсон синдромының (СДС) және уытты эпидермалық некролиздің (УЭН) дамуы туралы хабарламалар бар. Леналидомидті талидомидті қабылдау кезінде анамнезінде бөртпенің ауыр формалары байқалған пациенттерге тағайындауға болмайды.
Басқа жердегі бастапқы қатерлі ісіктер
* Бақылаумен салыстырғанда леналидомидтің дексаметазонмен біріктірілімін қолданғаннан кейін миеломасы бар пациенттерде байқалған жаңа қатерлі жаңа түзілімдер негізінен базальді жасушалы немесе жалпақ жасушалы тері обырымен ұсынылған.
Жедел миелолейкоз
Жедел миелолейкоз жағдайлары леналидомидті мелфаланмен біріктіріп немесе мелфаланның жоғары дозасынан және дің жасушаларын аутологиялық трансплантациялаудан (ТСК) кейін бірден алған пациенттерде алғаш рет диагностикаланған көптеген миелома байқалды. Мелфаланмен және преднизолонмен біріктірілімде талидомидпен салыстыру кезінде дексаметазонның төмен дозаларымен біріктіріп леналидомид алған, алғаш диагноз анықталған КМ бар пациенттерде ЖМЛ байқалған жоқ.
Миелодисплазиялық синдромдар
Базальді айнымалылар, атап айтқанда кешенді цитогенетика және TP53 мутациялары қан құюға тәуелді және Del (5q) аномалиясы бар адамдарда ЖМЛ-ға дейін үдеумен байланысты.
Бауыр жеткіліксіздігі
Тіркеуден кейінгі кезеңде бауыр тарапынан мынадай бұзылулар тіркелген (жиілігі белгісіз): жедел бауыр жеткіліксіздігі және холестаз (өлімге әкелуі ықтимал), уытты гепатит, цитолитикалық гепатит, аралас цитолитикалық/холестаздық гепатит.
Рабдомиолиз
Рабдомиолиз жағдайлары сирек байқалды, олардың кейбіреулері леналидомидті статиндер тобының препараттарымен қабылдаған кезде.
Қалқанша безінің аурулары
Гипотиреоз және гипертиреоз жағдайлары туралы хабарланды.
Ісіктің клиникалық көріністерінің өтпелі нашарлау реакциясы және ісік лизисінің синдромы
Диагноздағы мантия жасушалы лимфоманың ХБИ жоғары немесе емдеудің басында ісік массасы үлкен (ең ұзын диаметрінде кем дегенде бір ісік ≥ 7 см) пациенттерде TFR қаупі болуы мүмкін.
Леналидомид/ритуксимаб қолдану тобында тіркелген TFR (19-дан 18) көпшілігі емдеудің алғашқы екі циклі кезінде пайда болды.
Асқазан-ішек жолдарының аурулары
Леналидомидті қолдану аясында асқазан-ішек жолдарының тесілуі тіркелді. Асқазан-ішек жолдарының тесілуі сепсистік асқынуларға және өлімге әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz