Леналидомидпен демеуші ем алған КМ бар пациенттерді тіркелген ЖДР
Жағымсыз реакциялар (жиынтық/жиілігі)
Өте жиі
• пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, нейтропениялық инфекция, бронхит, тұмау, гастроэнтерит, синусит, назофарингит, ринит
• нейтропения, фебрильді нейтропения, тромбоцитопения, анемия, геморрагиялық бұзылулар, лейкопения, лимфопения.
• гипокалиемия
• парестезия
• жөтел
• іш қату, диарея, іштің ауыруы, жүрек айну
• бауырдың функциялық сынамалары мәндерінің нормадан ауытқуы
• бөртпе, терінің құрғауы
• бұлшықет құрысуы
• қатты қажу, астения, қызба
Жиі
• инфекциялар, несеп шығару жолдарының инфекциясы, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы, өкпе инфекциясы
• миелодисплазиялық синдром
• шеткері нейропатия
• өкпе эмболиясы
• ентігу, ринорея
• құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы
• бұлшықет-қаңқаның ауыруы, миалгия
Ауырлық дәрежесі 3−4 жағымсыз реакциялар/ жиілігі
Өте жиі
• пневмония, нейтропениялық инфекция
• нейтропения, фебрильді нейтропения, тромбоцитопения, анемия, геморрагиялық бұзылулар, лейкопения, лимфопения.
Жиі
• сепсис, бактериемия, өкпе инфекциясы, төменгі тыныс жолдарының бактериялық инфекциясы, бронхит, тұмау, гастроэнтерит, белдемелі герпес, бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар
• панцитопения
• гипокалиемия, сусыздану
• бас ауыру
• терең веналар тромбозы
• ентігу
• диарея, жүрек айну, құсу
• бауырдың функциялық сынамалары мәндерінің нормадан ауытқуы
• бөртпе, терінің қышуы
• қатты қажу, астения
Дексаметазонмен немесе мелфаланмен және преднизолонмен біріктіріп леналидомид қабылдаған КМ бар пациенттерде байқалған ЖДР
Жағымсыз реакциялар (жиынтық/жиілігі)
Өте жиі
• пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, бактериялық, вирустық және зең инфекциялары (оппортунистік инфекцияларды қоса алғанда), назофарингит, фарингит, бронхит, ринит
• нейтропения, тромбоцитопения, анемия, геморрагиялық бұзылулар, лейкопения, лимфопения
• гипокалиемия, гипергликемия, гипокальциемия, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі
• депрессия, ұйқысыздық
• шеткері нейропатия, парестезия, бас айналу, тремор, дәм сезудің бұрмалануы, бас ауыру
• катаракта, бұлыңғыр көру
• тромбоэмболиялық бұзылулар (негізінен терең веналар тромбозы және өкпе артериясының ТЭ)
• ентігу, мұрыннан қан кету
• іш қату, диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диспепсия
• бөртпе, терінің қышуы
• бұлшықет құрысуы, сүйектің ауыруы, сүйек-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан ауырсыну және жайсыздық (арқаның ауыруын қоса алғанда), артралгия
• бүйрек жеткіліксіздігі (соның ішінде жедел)
• қатты қажу, ісінулер (шеткеріні қоса алғанда), қызба, астения, тұмауға ұқсас синдром (қызбаны, жөтелді, миалгияны, сүйек-бұлшықет ауыруын, бас ауыруын және қалтырауды қоса)
Жиі
• сепсис, өкпе инфекциясы, несеп шығару жолдарының инфекциясы, синусит
• фебрильді нейтропения, панцитопения
• гипотиреоз
• гипомагнемия, гиперурикемия, сусыздану, гиперкальциемия
• атаксия, тепе-теңдіктің бұзылуы, естен тану, невралгия, дизестезия
• көру жітілігінің төмендеуі
• саңыраулық (оның ішінде кереңдік), құлақтың шуылдауы
• жүрекше фибрилляциясы, брадикардия
• артериялық қысымның төмендеуі және жоғарылауы, экхимоздар
• асқазан-ішектен қан кету (ректальді, геморройлық, гингивалық қан кетуді және пептидтік ойық жара кезінде қан кетуді қоса), ауыздың құрғауы, стоматит, дисфагия
• бауырдың функциялық сынамалары мәндерінің нормадан ауытқуы
• есекжем, гипергидроз, терінің құрғауы, терінің гиперпигментациясы, экзема, эритема
• бұлшықет әлсіздігі, буындардың ісінуі, миалгия
• гематурия, несептің іркілуі, несепті ұстай алмау
• эрекциялық дисфункция
• кеуде ауыруы, летаргия
• С-реактивті ақуыз концентрациясының жоғарылауы
• құлау, соғып алу
Жиі емес
• базалиома, терінің жалпақ жасушалы обыры
• гемолиз, аутоиммундық гемолиздік анемия, гемолиздік анемия
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• либидоның жоғалуы
• аритмия, QT аралығының ұзаруы, жүрекшелердің дірілдеуі, қарыншалық экстрасистолия
• колит, тифлит
• бауырдың жеткіліксіздігі
• тері түсінің бұзылуы, фотосенсибилизация реакциялары
• жүре пайда болған Фанкони синдромы
Ауырлық дәрежесі 3−4 жағымсыз реакциялар/ жиілігі
Өте жиі
• нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, лимфопения
• шеткері нейропатия
• тромбоэмболиялық бұзылулар (негізінен терең веналар тромбозы және өкпе артериясының ТЭ)
Жиі
• пневмония, бактериялық, вирустық және зең инфекциялары (оппортунистік инфекцияларды қоса), тері асты шелмайының қабынуы, сепсис, өкпе инфекциясы, бронхит, тыныс алу жолдарының ауруы, несеп шығару жолдарының инфекциясы, инфекциялық энтероколит
• жедел миелоидтық лейкоз, миелодисплазияық синдром, терінің жалпақ жасушалы обыры
• фебрильді нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия
• гипокалиемия, гипергликемия, гипокальциемия, қант диабеті, гипофосфатемия, гипонатриемия, гиперурикемия, подагра, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі
• депрессия, ұйқысыздық
• ми қанайналымының жедел бұзылуы, бас айналу, талу, невралгия
• катаракта
• миокардтың жедел инфарктісі (МИ), жүрекше фибрилляциясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі, миокард ишемиясы
• васкулит
• респираторлық дистресс-синдром, ентігу
• диарея, іш қату, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу
• холестаз, бауырдың функциялық сынамалары мәндерінің нормадан ауытқуы
• бөртпе
• бұлшықет әлсіздігі, сүйек ауруы, сүйек-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан ауыру мен жайсыздық (соның ішінде арқаның ауыруы)
• қатты қажу, қызба, астения
Жиі емес
• жедел Т-жасушалық лейкемия, базалиома, ісік лизисі синдромы
• гиперкоагуляция, коагулопатия
• бассүйекішілік қан құйылу, өткінші ишемиялық шабуыл, ми ишемиясы
• соқырлық
• ишемия, шеткері ишемия, бассүйекішілік веналық синус тромбозы
• бауыр жеткіліксіздігі
• буындардың ісінуі
• бүйректің тубулярлық некрозы
Леналидомид қабылдаған МДС бар пациенттерде тіркелген ЖДР
Жағымсыз реакциялар (жиынтық/жиілігі)
Өте жиі
• бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік инфекцияларды қоса алғанда)
• тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения
• гипотиреоз
• тәбеттің төмендеуі
• бас айналу, бас ауыру
• мұрыннан қан кету
• диарея, іштің ауыруы (эпигастрий аймағының ауыруын қоса), жүрек айну, құсу, іш қату
• бөртпе, терінің құрғауы, қышу
• бұлшықет құрысуы, сүйек-бұлшықет ауыруы (соның ішінде арқаның ауыруы және аяқ-қолдың ауыруы), артралгия, миалгия
• қатты қажу, шеткері ісіну, тұмауға ұқсас синдром (қызбаны, жөтелді, фарингитті, миалгияны, сүйек-бұлшықет ауыруын, бас ауыруын қоса)
Жиі
• темірдің шамадан тыс жүктелуі, дене салмағының төмендеуі
• парестезиялар
• АҚ жоғарылауы, гематома
• ауыздың құрғауы, диспепсия
• бауырдың функциялық сынамалары мәндерінің нормадан ауытқуы
Ауырлық дәрежесі 3-4 жағымсыз реакциялар/жиілігі
Өте жиі
• пневмония
• тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения
Жиі
• бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік инфекцияларды қоса алғанда), бронхит
• фебрильді нейтропения
• гипергликемия, тәбеттің төмендеуі
• көңіл-күйдің өзгеруі
• жедел МИ, жүрекше фибрилляциясы, жүрек жеткіліксіздігі
• веналық тромбоэмболиялық асқынулар, негізінен терең веналар тромбозы және өкпе артериясының ТЭ
• диарея, жүрек айну, тіс ауыру
• бауырдың функциялық сынамалары мәндерінің нормадан ауытқуы
• бөртпе, қышу
• арқаның ауыруы
• бүйрек жеткіліксіздігі
• қызба
• құлау
Леналидомид қабылдаған МЖЛ бар пациенттерде белгіленген ЖДР
Жағымсыз реакциялар (жиынтық/жиілігі)
Өте жиі
• бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік инфекцияларды қоса алғанда), назофарингит, пневмония
• тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, анемия
• тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі, гипокалиемия
• ентігу
• диарея, жүрек айну, құсу, іш қату
• бөртпе (аллергиялық дерматитті қоса), қышыну
• бұлшықет құрысуы, арқаның ауыруы
• қатты қажу, астения, шеткері ісіну, тұмауға ұқсас синдром (қызбаны, жөтелді қоса)
Жиі
• синусит
• ісіктің «өршу» синдромы
• фебрильді нейтропения
• дегидратация
• ұйқысыздық
• дисгевзия, бас ауыру, шеткері нейропатия
• вертиго
• АҚ төмендеуі
• іштің ауыруы
• түнгі тершеңдік, терінің құрғауы
• артралгия, аяқтың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі
• қалтырау
Ауырлық дәрежесі 3-4 жағымсыз реакциялар/жиілігі
Өте жиі
• тромбоцитопения, нейтропения, анемия
Жиі
• бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялар (оппортунистік инфекцияларды қоса алғанда), пневмония
• ісіктің «өршу» синдромы, терінің жалпақ жасушалы обыры, базальды жасушалы карцинома
• фебрильді нейтропения, лейкопения
• дегидратация, гипонатриемия, гипокальциемия
• шеткері сенсорлық нейропатия, летаргия
• жедел МИ, жүрек жеткіліксіздігі
• терең веналар тромбозы, өкпе артериясының ТЭ, АҚ төмендеуі
• ентігу
• диарея, іштің ауыруы, іш қату
• бөртпе
• арқаның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы
• бүйрек жеткіліксіздігі
• қызба, астения, қатты қажу
Тіркеуден кейінгі кезеңде леналидомид қабылдаған пациенттерде тіркелген ЖДР
Жағымсыз реакциялар (жиынтық/жиілігі)
Жиі емес
• ангионевроздық ісіну
Жиі
• гипертиреоз
Белгісіз
• вирустық инфекциялар (белдемелі теміреткі мен В гепатиті вирусының реактивациясын қоса алғанда)
• жүре пайда болған гемофилия
• паренхиматозды ағзалар трансплантантының қабылдамай ажырауы
• бауырдың жедел жеткіліксіздігі, уытты гепатит, цитолитикалық гепатит, холестаздық гепатит, аралас цитолитикалық/ холестаздық гепатит
Ауырлық дәрежесі 3-4 жағымсыз реакциялар/жиілігі
Сирек
• ісік лизисінің синдромы
• Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
Белгісіз
• вирустық инфекциялар (белдемелі теміреткі мен В гепатиті вирусының реактивациясын қоса алғанда)
• интерстициялық пневмонит
• панкреатит, АІЖ тесілуі (жарықтың тесілуі, ішек пен жуан ішектің тесілуі)
• бауырдың жедел жеткіліксіздігі, уытты гепатит
• лейкоцитокласттық васкулит, терінің эозинофилиямен және жүйелік көріністермен бірге жүретін дәрілік реакциясы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz