Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Лидокаин гидрохлориді
Әсер етуші зат
Лидокаин
Мақсаты
Ересектер мен 1 жастан асқан балаларға аумақтық анестезия жүргізу үшін
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 35.0 мг лидокаин гидрохлориді (100 % затқа шаққанда)
қосымша заттар: 0,1 М натрий гидроксиді ерітіндісі (рН 5.0-7.0 дейін), инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
Ересектер мен 1 жастан асқан балаларға аумақтық анестезия жүргізу үшін
Әсер ету механизмі
Лидокаин жүйке-сенсорлық сигналдардың әсер ету орындарына жақын жерде олардың өткізгіштігін болдырмау немесе азайту арқылы сезімталдықтың қайтымды жоғалуын туғызады. Бірінші әсер ететін орны жасуша жарғақшасы болып табылады. Лидокаин қозғыш жарғақшалардың натрийлік өткізгіштігінің, әдетте жарғақшалардың аздаған деполяризациясының нәтижесінде туындайтын өткізгіштігінің елеулі және уақытша ұлғаюын азайту немесе болдырмау арқылы өткізгіштікті бөгейді. Бұл әсер оның әлеуетті-басқарылатын натрий каналдарымен тікелей өзара әрекеттесуіне негізделеді, мұндағы негізгі әсер ету механизмі, шамасы, натрий каналының ішіндегі спецификалық байланысудың бір немесе бірнеше сайттарымен өзара әрекеттесуді қамтиды.
Тұтас алғанда, ұсақ жүйке талшықтары, әсіресе миелинсіздер, жергілікті анестетикпен оңай бөгеледі, өйткені оның шегінен асқанда сигнал берілуі мүмкін ауыспалы ұзындығы ірі талшықтарға қарағанда қысқарақ. Сол себептен де ұсақ талшықтарда қалпына келу жылдамырақ жүреді. Лидокаин әсер етудің аралық ұзақтығына ие: жергілікті инфильтрациялы және блокадалық анестезиядан кейін 60-тан 120 минутқа дейін.
Жергілікті анестезиялаушы әсерінен бөлек, лидокаин және оған ұқсас заттар оларда жүйке сигналдарының өткізілуі немесе берілуі жүретін белгілі бір ағзалардың (мысалы, орталық жүйке жүйесі немесе жүрек-қантамыр жүйесі) функциясына ықпал етуі мүмкін.
Дозалау режимі
Қажетті дозасын есептеп шығару кезінде клиницистің тәжірибесінің, сондай-ақ пациенттің клиникалық жай-күйін білуінің маңызы зор. Жеткілікті анестезия жүргізу үшін қажетті ең төмен дозасын пайдалану ұсынылады.
Пайдаланылатын түрі мен концентрациясы көрсетілімдерге және қойылған мақсатқа, пациенттің жасы мен патологиялық жай-күйіне байланысты түрленеді.
Алынған анестезия деңгейі әдетте жалпы енгізілген дозаға байланысты болады. Енгізілетін доза препарат пайдаланылатын анестезия техникасына байланысты.
Егде жастағы немесе әлсіреген пациенттер стандартты дозаларға көбірек сезімтал болуы мүмкін, жоғары қаупі және орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне уытты реакциялардың ауырлығы болады.
Алайда лидокаинның дозасын төмендету ұсынылмайды, өйткені бұл жеткіліксіз анестезияға әкелуі мүмкін.
Ұсынылатын дозалар
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Жергілікті инфильтрациялы анестезияда ең жоғары дозасы 200 мг-ден аспауы тиіс.
Аумақтық анестезия кезінде (каудальді, эпидуральді, плексиялық, торусальды) ең жоғары дозасы 400 мг-ден аспауы тиіс. Концентрациясы көбірек ерітінділер аналгезияның қарқындылығын ұлғайтады. Акушерлік араласым кезінде эпидуральді анестезия үшін дозаны екі есе азайту ұсынылады.
Акушерлік анальгезия үшін 10 мг/мл-ден кем немесе оған тең концентрация ерітіндісін, ал кесарь тілігі үшін 10 мг/мл-ден астам концентрацияны пайдалану керек.
Пери- және буынішілік және симпатикалық блокада: ең жоғары дозасы 200 мг-ден аспауы тиіс
Төмендегі кестеде нұсқау ретінде ересек адам үшін орташа алғанда жиірек пайданылатын әдістерде қолданылатын дозалауы келтірілген. Сандар дозалаудың орташа қажетті және күтілетін шегін көрсетеді. Блокаданың нақты әдістеріне қатысты факторларды және нақты бір пациентке қойылатын талаптарды ескеру үшін стандартты анықтамалық материалдарға жүгіну керек.
Концентрациясы, мг/мл — Көлемі, мл — Дозасы, мг
Инфильтрациялы анестезия — 10 20 — 0,5-20 0,25-10 — 5-200 5-200
Шеткері жүйкелер блокадасы, мысалы: сегменттің қабырға аралық блокадасы — 10 20 — 3-5 (ең жоғары 40) 1,5-2,5 (ең жоғары 20) — 30-50 (ең жоғары 400 барлық сегменттер үшін) 30-50 (ең жоғары 400 барлық сегменттер үшін)
парацервикалдық блокада (әрбір жағынан) — 10 20 — 10 5 — 100 100
паравертебралдық блокада — 10 20 — 20 10 — жалпы 200 жалпы 200
цервикалдық блокада — 10 20 — 20-40 10-20 — 200-400 200-400
бел аумағында блокада — 10 20 — 20-40 10-20 — 200-400 200-400
Эпидуральді анестезия мысалы: Эпидуральді блокада Хирургиялық араласымдарда акушерлік араласымдарда кесарь тілігіндегі анестезия акушерлік аналгезия — 10 20 20 10 — 20-40* 10-20 10-20 20 — 200-400 200-400 200-400 200
Каудальді блокада — 10 20 — 20-40* 10-20 — 200-400 200-400
* эпидуральді анестезияда бұл көлем ұсынылмайды (30 мл-ден астам көлемде бассүйекішілік қысымның жоғарылауы)
Пациенттердің ерекше топтары
1-ден 12 жасқа дейінгі балаларда
Жүйелі уыттылыққа жол бермеу үшін, әрқашан ең төмен тиімді концентрацияны және ең төмен тиімді дозаны пайдалану керек.
Жергілікті инфильтрациялы және аумақтық анестезия (эпидуральді, каудальді, плексиальді, денелік): ең жоғары ұсынылатын доза пайдаланылатын техникаға байланысты 2-ден 7 мг/кг дейін құрайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші заты лидокаин гидрохлоридіне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• амидтіқ типті жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге лидокаин қолдануға болмайды
• қайталанатын порфириясы бар науқастар
• 5 мг/мл-ден асатын концентрацияларда вена ішіне енгізу.
Лидокаинге байланысты жағымсыз әсерлерді блокаданың өзі түрткі болған физиологиялық әсерлерден (гипотония, брадикардия), сондай-ақ лидокаинды инемен енгізуден туындаған тікелей (неврологиялық зақымдану) немесе тікелей емес (эпидуральді абсцесс) әсерлерден саралау қажет.
Жағымсыз әсердің пайда болуы артық дозалануға күдік тудыруы тиіс. Жергілікті анестетиктің артық дозалануын айғақтайтын уыттылық реакциялары екі жағдайда білінуі мүмкін: вена ішіне кездейсоқ енгізу салдарынан салыстырмалы артық дозалану кезінде дереу, немесе анестетиктің тым көп мөлшерін қолдану алдарынан шынайы артық дозалану кезінде кейінірек. Бұл уыттылық реакцияларының екі типі болады: жүрек-қантамырлық және неврологиялық. Жүрек-қантамырлық реакциялар депрессиялық типке жатады және гипотензиямен, миокард депрессиясымен, брадикардиямен немесе тіпті жүректің тоқтап қалуымен сипатталуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) реакциялары қоздырушы және/немесе бәсеңдетуші сипатта болады. Уланудың алғашқы симптомдары көбінесе бас
айналу сезімі, ерін мен тілдің ұюы, құлақтың шыңылдауы, естудің бұзылуы және дизартрия болып табылады. ОЖЖ тарапынан басқа субъективті симптомдар дезориентацияны және ұйқышылдық сезімін қамтиды. ОЖЖ уыттылығының объективті белгілері, әдетте, қоздырушы сипатта болады және қалтырауды, бұлшықеттердің тартылуын, бастапқыда беттің бұлшықеттері және аяқ-қолдың дистальді бөліктері қатысатын треморды қамтиды. Түпкі нәтижеде «grand mal» типтес жайылып кеткен құрысулар пайда болады. Өте үлкен дозаны енгізген кезде первые признаки возбуждения ОЖЖ қозуының алғашқы белгілері (эпилептоидтық белсенділік) ОЖЖ жайылып кеткен депрессиясына (тыныс алудың бәсеңдеуі, содан соң тыныс алудың тоқтауы) тез ауысады.
Аллергиялық реакциялар өте сирек байқалады. Олар терінің зақымдануымен, есекжеммен, ісінумен немесе анафилактоидтық реакциялармен сипатталуы мүмкін.
Тері сынамасының көмегімен сезімталдықты анықтау болжамдық күйде қалады.
Жиі
• гипотония
• брадикардия (негізінен эпидуральді анестезия кезінде)
Сирек
• аллергиялық реакциялар, ал анағұрлым ауыр жағдайларда анафилаксиялық шок
• естен тану немесе жайылып кеткен құрысулар (артық дозалану).
• миокард депрессиясы немесе жүректің тоқтап қалуы (абсолюттік немесе салыстырмалы артық дозаланудан туындаған).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жүйелі уыттылық белгілері бар науқасты емдеу құрысуларды емдеуге және оттекпен талапқа сай желдетуді, қажет болса – қосымша немесе
бақыланатын желдетуді (тыныс алуды) қамтамасыз етуге негізделеді.
Ересектерде құрысулар пайда болған кезде тиопенталды (2–4 мг/кг) немесе қысқа әсер ететін бензодиазепиндерді (диазепам 0,1 мг/кг немесе мидазолам 0,05 мг/кг) вена ішіне енгізу арқылы жылдам басу қажет. Сукцинилхолинді (50-ден 100 мг дейін) вена ішіне енгізуді дәрігер эндотрахеальді интубацияны орындауға және толықтай салданған пациентке көмек көрсетуге қабілетті болған жағдайда, бұлшықет босаңсуын қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.
Құрысулар тыйылғаннан және өкпені талапқа сай желдету қамтамасыз етілгеннен кейін одан әрі емдеу әдетте талап етілмейді. Алайда гипотония кезінде вазопрессорды вена ішіне енгізу керек.
Жергілікті анестетиктің байқаусызда болған тамырішілік инъекциялары қас-қағымда (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейінгі уақытта) жүйелі уыттылық реакцияларын тудыруы мүмкін. Артық дозалануы кезінде жүйелі уыттылығы көбінесе жергілікті анестетиктің қандағы концентрациясының баяуырақ артуы нәтижесінде кейінірек (енгізгеннен кейін 15-60 минуттан соң) көрініс береді .
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Аумақтық және жергілікті анестезияны тәжірибелі мамандар тиісті жабдықталған орынжайда жүрек қызметінің мониторингін және реанимациялық іс-шараларды жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен препараттарды шұғыл пайдалануға дайын жағдайда жүргізуі тиіс. Клиницистер білікті болуы және анестезия жүргізу техникасына үйретілген болуы тиіс. Олар диагноз қоя білуі және жағымсыз реакцияларды, жүйелі уыттылығын немесе жергілікті анестезия жүргізгеннен кейін туындауы мүмкін басқа асқынуларды емдей алуы тиіс.
Кахексия немесе жедел патология, сепсис, бауырдың ауыр патологиясы немесе жүрек жеткіліксіздігі жағдайында және 12 жастан асқан, салмағы 25 кг-ден аз балаларды емдегенде, дозалары дене салмағы мен физиологиялық жай-күйді ескере отырып есептелуі тиіс.
Басқа да аумақтық анестетиктер сияқты, лидокаинды мынадай жай-күйлерден зардап шегетін пациенттерде сақтықпен қолдану керек: эпилепсия, гиповолемия, атриовентрикулярлық блокада немесе өткізгіштіктің бұзылулары, брадикардия немесе тыныс алу жеткіліксіздігі.
Дәл осы сияқты, лидокаинды ремиссия сатысындағы порфириясы бар пациенттерде, сондай-ақ порфирияға жауап беретін мутанттық гендердің симптомсыз тасымалдаушылары болып табылатын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Лидокаин бауырда метаболизденеді, сондықтан оны бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Егер жүрек немесе жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік кезінде бауырдағы қан ағымы төмендесе, лидокаинның плазмадан жартылай шығарылу кезеңі ұлғаюы мүмкін.
Лидокаинның метаболиттері бүйрек жеткіліксіздігі кезінде жинақталуы мүмкін.
Жергілікті анестетиктерді енгізген кезде толық реанимациялық құрал-жабдықтар әрқашан қолда бар болуы тиіс.
Операциядан кейін жергілікті анестетиктердің тұрақты буынішілік инфузиясын алатын папциенттерде хондролиз жағдайлары туралы хабарланды. Хондролиз жағдайларының көпшілігі иық буынында анықталған. Нақты механизмі белгісіз болып отыр, бірақ оның көп факторлы болуы ықтимал.
Эпидуральді анестезия гипотония мен брадикардияға алып келуі мүмкін. Мұндай қауіпті, мысалы, қысымды жоғарылататын дәрілерді енгізу арқылы азайтуға болады.
Егер анестезия жүргізілетін аумақта инфекция болса, жергілікті анестетиктерді пайдаланудан аулақ болу керек.
Арнайы сақтандырулар
Бұл препараттың құрамында бір ампулада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, шын мәнінде натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жергілікті анестетиктер ақыл-ой қабілетіне елеусіз әсер етуі және қимыл үйлесімі мен қозғалысты уақытша бұзуы мүмкін. Мұндай әсер ету дозасына байланысты.
Неонаталдық салдарлармен (гипоксия) жатыр гипертониясы қаупіне байланысты, акушерлік анестезияда парацервикалдық блокаданы қолданбау керек.
Лидокаинды жүктілік кезінде мерзіміне қарамастан қолдануға болады. Клиникалық және эксперименттік деректер дамудағы қандай да бір ақауларды немесе ұрыққа уыттылық әсерлерін көрсеткен жоқ.
Лидокаинмен аумақтық анестезиядан кейін баланы емізуге болады.
Аритмияға қарсы препараттар:
Көптеген аритмияға қарсы препараттар автоматизмді, өткізгіштікті және жүректің жиырылғыштығын бәсеңдетеді.
Әртүрлі кластардағы аритмияға қарсы препараттардың үйлестірілуі емдік оң әсерді қамтамасыз етуі мүмкін, бірақ көбінесе сақтықты, мұқият клиникалық бақылауды және ЭКГ мониторингтеуді қажет етеді. Қарыншалық тахикардияны туғызатын аритмияға қарсы дәрілерді (амиодарон, дизопирамид, хинидиндер, соталол және т.б.) үйлестіруге болмайды.
Жүрек тарапынан жағымсыз әсерлер қаупі жоғары болатындықтан, айрықша жағдайларды қоспағанда, бір кластағы аритмияға қарсы препараттардың біріктірілімі ұсынылмайды.
Теріс инотропиялық брадикардиальді қасиеттері бар және/немесе атриовентрикулярлық өткізгіштікті баяулататын препараттармен біріктіру ерекше сақтықты, мұқият клиникалық бақылауды және ЭКГ-мониторингті қажет етеді.
Пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды қажет ететін біріктірілімдер
Амиодарон
Амиодаронның әсерінен оның бауырдағы метаболизмінің төмендеуі салдарынан қолайсыз неврологиялық және жүрекке әсерлердің пайда болу мүмкіндігімен лидокаинның плазмадағы концентрациясының жоғарылау қаупі. Клиникалық мониторинг, ЭКГ жүргізу және, бәлкім, лидокаинның плазмадағы концентрациясын бақылау керек. Қажет болса амиодаронмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін лидокаинның дозасы түзетіледі.
Циметидин
Циметидинді 800 мг/тәу асатын немесе оған тең дозаларда қолданған кезде: неврологиялық және жүрек-қантамырлық жағымсыз әсерлердің даму қаупімен лидокаинның плазмадағы концентрациясы жоғарылайды (лидокаинның бауырдағы метаболизмінің бәсеңдеуі). Қажет болса клиникалық мониторинг, ЭКГ жүргізеді және, бәлкім, лидокаинның плазмадағы концентрациясын бақылайды. Қажет болса циметидинмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін лидокаинның дозасы түзетіледі.
Флувоксамин
Флувоксамин неврологиялық және жүрек тарапынан жағымсыз реакциялардың (лидокаинның бауырдағы клиренсінің төмендеуі) даму мүмкіндігімен қан плазмасындағы лидокаин концентрациясының жоғарылауын туындатады. Біріктірілім кезінде және оны тоқтатудан кейін клиникалық мониторинг, ЭКГ және плазмадағы лидокаин концентрациясына бақылау жүргізген жөн. Қажет болса, лидокаиннің дозасын түзетеді.
Назар аударуды қажет ететін біріктірілімдер
Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі бета-блокаторлар
Жүрек декомпенсациясы қаупімен теріс инотропиялық әсер.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.