Жиі
- гипотензия, гипертензия, жүрек айну, құсу, парестезия, бас айналу, брадикардия;
Жиі емес
- орталық жүйке жүйесінің деңгейіндегі уыттылықтың белгілері мен симптомдары (құрысулар, периоральды парестезиялар, тілдің сезбей қалуы, гиперакузия, көрудің бұзылуы, тремор, құлақтағы шуыл, дизартрия, орталық жүйке жүйесінің депрессиясы)
Сирек
- жүректің тоқтауы, жүрек аритмиясы, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, тыныс алудың бәсеңдеуі, невропатия, жүйке жүйесінің зақымдануы, шеткері арахноидит, диплопия
Жедел жүйелік уыттылық
Жүйелік уытты реакциялар орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жүрек -қантамыр жүйесіне әсер етеді. Бұл типті реакциялар жергілікті анестетиктің қандағы жоғары концентрациясынан туындайды; олар (кездейсоқ) тамырішілік инъекцияның, артық дозаланудың немесе күшті қанмен қамтамасыз ету аймақтарынан бастап әдеттен тыс тез сіңудің нәтижесі болуы мүмкін. ОЖЖ реакциялары барлық амид типті жергілікті анестетиктер үшін ұқсас, ал жүрек реакциялары сандық, сондай-ақ сапалық жағынан дәрілік препараттардың түріне жоғары дәрежеде тәуелді.
Пациентке жалпы наркозды енгізген немесе бензодиазепиндер немесе барбитураттар сияқты препараттар қатты тыныштандыратын жағдайларды қоспағанда жүрек-қантамыр уыттылығының алдында әдетте орталық жүйке жүйесі үшін уыттылық белгілері болады.
Орталық жүйке жүйесі үшін уыттылық.
Орталық жүйке жүйесіне уытты әсер көбінесе симптомдар мен тиісті белгілердің ауырлығының жоғарылауымен сипатталатын сатылы реакция болып табылады.
Алғашқы симптомдар келесі: бас айналу, периоральды парестезия, тілдің жансыздануы, құлақтағы шуыл, гиперакузия және көрудің бұзылулары. Дизартрия, бұлшықет құрысулары немесе тремор едәуір күрделі көріністермен және жайылған құрысу ұстамаларының алдында пайда болуы мүмкін.
Бұл симптомдарды невроздық мінез-құлықпен шатастырмаған жөн. Естен тану және бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылатын қатты құрысулар болуы мүмкін. Гипоксия мен гиперкапния құрысулардан кейін көп ұзамай қалыпты тыныс алудың бұзылуымен және тыныс алу жолдарының өткізгіштігінің жоғалуымен қатар жүретін өсетін бұлшықет белсенділігіне байланысты пайда болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда апноэ пайда болуы мүмкін. Ацидоз, гиперкалиемия, гипокальциемия және гипоксия жергілікті анестетиктердің уытты әсерін күшейтеді.
Жазылу жергілікті анестетиктің орталық жүйке жүйесінен қайта таралуы, оның метаболизмі мен шығарылуы нәтижесінде орын алады. Егер препараттың көп мөлшері енгізілмесе, жазылу тез болуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесінің уыттылығы.
Жүрек-қантамыр жүйесінің уыттылығы ауыр жағдайларда байқалуы мүмкін, оның алдында әдетте орталық жүйке жүйесі тарапынан уыттылық белгілері болады. Күшті седациядағы немесе жалпы анестезиядағы пациенттерде ОЖЖ тарапынан продромальды симптомдар болмауы мүмкін. Жергілікті анестетиктердің жоғары жүйелік концентрациясының нәтижесінде гипотония, брадикардия, аритмия және тіпті жүректің тоқтауы пайда болуы мүмкін, бірақ сирек жағдайларда жүректің тоқтауы ОЖЖ продромальды әсерсіз жүреді.
Балаларда жергілікті анестетиктердің уыттылығының ерте белгілерін блокада жалпы анестезиямен жүргізілетін жағдайларда анықтау қиын.
Жедел уыттылықты емдеу.
Жедел жүйелік уыттылық белгілері пайда болған кезде, жергілікті анестетикті енгізуді дереу тоқтату керек. ОЖЖ улануының симптомдарын (құрысулар, ОЖЖ бәсеңдеуі) респираторлық демеудің тиісті дәрілерімен және эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаумен дереу тоқтату керек. Қан айналымы тоқтаған жағдайда, жүрек-өкпе реанимациясын дерек бастау керек. Организмнің оттегімен оңтайлы қанығуын қамтамасыз ету және өкпенің желдетілуі, қосымша қан айналымы және ацидозды емдеудің өмірлік маңызы бар.
Егер жүрек-қантамыр жүйесі жұмысының бәсеңдеуі (гипотензия, брадикардия) пайда болса, венаішілік сұйықтықтармен, вазопрессорлармен, хронотропты және/немесе инотропты дәрілермен тиісті емдеу мүмкіндігін қарастырған жөн. Балаларға олардың жасына және салмағына сәйкес келетін дозаны тағайындау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz