Жиі
- артериялық гипотензия, гипертония
- жүрек айнуы, құсу
- парестезиялар, бас айналуы
- брадикардия
Жиі емес
- орталық жүйке жүйесінің уытты зақымдануының белгілері мен симптомдары (құрысулар, ауыз маңының парестезиялары, тілдің ұюы, гиперакузия, көру қабілетінің бұзылуы, тремор, құлақтағы шуыл, дизартрия, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі)
Сирек
- невропатия, шеткері жүйкелердің зақымдануы, арахноидит
- жүректің тоқтап қалуы, жүрек ырғағының бұзылулары
- аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок
- тыныс тарылуы
- диплопия
Жүйелі уытты реакциялар негізінен, орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) мен жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етті. Ондай реакциялар жергілікті анестетиктің қандағы жоғары концентрациясынан туындайды. Бұл тамыр ішіне инъекциялануының, артық дозалануының немесе перфузиясы жоғары аймақтардан өте жылдам сіңірілуінің нәтижесінде (байқаусызда) орын алуы мүмкін. ОЖЖ тарапынан реакциялар амидтік типті барлық жергілікті анестетиктер үшін бірдей, ал жүрек-қантамыр жүйесінің реакциялары көбінесе, дәрілік затқа сандық және сапалық жағынан тәуелді.
Жүрек-қантамыр жүйесіне уытты әсерлерінің алдында әдетте, егер тек пациентке жалпы анестезия енгізілмесе немесе бензодиазепиндер немесе барбитураттар сияқты күшті седативті препараттар қолданылмаса ғана, орталық жүйке жүйесіне уытты әсерінің белгілері кездеседі.
Орталық жүйке жүйесі үшін уыттылығы
Орталық жүйке жүйесі үшін уыттылығы көбінесе, үдемелі симптомдармен және ауырлық белгілерімен сиптаталатын, біртіндеп дамитын реакция болып табылады. Алғашқы симптомдарына: бас айналуы, ауыз аймағындағы парестезиялар, тілдің сезбей қалуы, құлақтағы шуыл, гиперакузия және көру қабілетінің бұзылулары жатады. Дизартрия, бұлшықеттердің тартылулары немесе тремор күрделірек болып табылады және жайылған құрысулардың туындауының алдында орын алуы мүмкін.
Бұл симптомдарды невроздық мінез-құлықпен шатастырмау керек. Ұстама, естен тану және бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылатын құрысулар басталуы мүмкін. Қалыпты тыныс алудың бұзылуымен және тыныс жолдарының түйілу ықтималдығымен байланысты бұлшықет белсенділігінің жоғарылығына байланысты құрысулардан кейін гипоксия мен гиперкапния жылдам басталуы мүмкін. Ауыр жағдайларда апноэ туындайды. Ацидоз, гиперкалиемия, гипокальциемия және гипоксия жергілікті анестетиктердің уытты әсерін күшейтеді және ұзартады.
Метаболизмі мен организмнен шығарылуына байланысты, сауығу жергілікті анестетиктер орталық жүйке жүйесінен кері таралғаннан кейін басталады. Егер препараттың жоғары дозалары енгізілмесе, сауығу жылдам басталуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі үшін уыттылығы
Ауыр жағдайларда жүрек-қантамыр жүйесі үшін уыттылығы байқалуы мүмкін, әдетте оның алдында орталық жүйке жүйесі деңгейіндегі уыттылық белгілері болады. Күшті седативті препараттарды қабылдап жүрген немесе жалпы анестезия жүргізілетін пациенттерде, продромальді симптомдар ОЖЖ деңгейінде көрініс беруі мүлдем болмауы мүмкін. Жергілікті анестетиктердің жоғары жүйелі концентрациялары кезінде артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия және тіпті жүректің тоқтап қалуы да туындауы мүмкін, бірақ сирек жағдайларда жүректің тоқтап қалуы ОЖЖ деңгейіндегі продромальді әсерлерсіз орын алған.
Балаларда жергілікті анестетиктердің уыттылығының бастапқы белгілерін жалпы анестезия жүргізу кезіндегі блокада бүркемелеуі мүмкін.
Жедел уыттылықты емдеу
Жедел жүйелі уыттылық белгілері пайда болған жағдайда, жергілікті анестетикті енгізуді дереу тоқтату керек. ОЖЖ тарапынан уыттылық симптомдары (құрысулар, ОЖЖ бәсеңдеуі) жағдайында дереу тыныс жолдарын қажетінше сүйемелдеу және эпилепсияға қарсы дәріні тағайындау керек.
Қанайналым тоқтап қалған жағдайда, дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастау керек. Оңтайлы оксигенация және өкпені желдетудің, жасанды қанайналым мен ацидозды емдеудің өмірлік маңызы бар.
Жүрек-қантамыр жүйесінің бәсеңдеуі (артериялық гипотензия, брадикардия) жағдайында, вазопрессорларды, хронотроптық және/немесе инотроптық препараттарды вена ішіне құюларды пайдалана отырып тиісінше емдеу ұсынылады.
Балаларға жас шамасы мен салмағына сәйкес келетін дозасын тағайындау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz