Жанама құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
- кандидоз, ауыз қуысының кандидозы, қынаптық кандидоз, зеңдік инфекциялар
- анемия
- ұйқысыздық
- бас ауыруы, бас айналу, дәм сезудің бұрмалануы (ауыздың темір татуы)
- артериялық гипертензия
- диарея, жүрек айну, құсу, іштің жергілікті немесе жалпы ауыруы, іш қату, диспепсия
- бауыр функциясының бұзылуы; АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатазаның ұлғаюы
- қышыну, бөртпе
- қалдық азоттың артуы
- қызба, жергілікті ауырсыну
- қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі: ЛДГ, креатинкиназа, липаза, амилаза немесе аш қарынға глюкозаның жоғарылауы; жалпы ақуыздың, альбуминнің, натрийдің немесе кальцийдің төмендеуі; калий, бикарбонат құрамының жоғарылауы немесе төмендеуі
- гематологиялық көрсеткіштердің өзгеруі: нейтрофилдердің, эозинофилдердің көбеюі; гемоглобиннің, гематокриттің, эритроциттердің төмендеуі; тромбоциттердің, лейкоциттердің көбеюі немесе төмендеуі
Жиі емес
- вагиниттер
- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия
- гипонатриемия
- құрысулар, гипестезия, парестезия
- көрудің бұлыңғырлануы
- құлақтағы шуыл
- транзиторлы ишемиялық шабуылдар, флебиттер, тромбофлебиттер
- панкреатит, гастрит, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, глоссит, сұйық нәжіс, стоматит, тіл түсінің өзгеруі
- жалпы билирубиннің жоғарылауы
- есекжем, дерматит, диафорез (профузды терлеу)
- бүйрек жеткіліксіздігі, полиурия, креатининнің жоғарылауы
- вульвовагинальді бұзылулар
- қалтырау, шаршау, қатты шөлдеу
- натрийдің, кальцийдің ұлғаюы; аш қарынға глюкозаның төмендеуі; хлоридтердің ұлғаюы немесе төмендеуі
- ретикулоциттердің жоғарылауы, нейтрофилдердің төмендеуі
Сирек
- жалған жарғақшалы колиттерді қоса алғанда, антибиотикпен астасқан колиттер
- панцитопения
- аритмия, тахикардия
- тіс түсінің беттік өзгеруі
Жиілігі белгісіз
- миелосупрессия, сидеробластты анемия
- анафилаксия
- лактоацидоз
- серотониндіr синдром, шеткері нейропатия
- көру нейропатиясы, көру жүйкесінің невриті, көрмей қалу, көру өткірлігінің өзгеруі, түс көру қабілетінің өзгеруі
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, ангионевроздық ісіну, алопеция сияқты буллездік бұзылулар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz