Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
1 мг
Саудалық атауы
Ликопид®
Әсер етуші зат
Иммуностимуляторы другие
Мақсаты
Препарат ересектер мен 3 жастан бастап балаларда иммунитеттің салдарлы тапшылығы жай-күйлерімен қатар жүретін аурулардың кешенді емінде қолданылады
Өндіруші
«СКОПИНФАРМ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - глюкозаминилмурамилдипептид (ГМДП) 1,0 мг. қосымша заттар: лактоза моногидраты, қант (сахароза), картоп крахмалы,метилцеллюлоза, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар ақ түсті таблеткалар.
Препарат ересектер мен 3 жастан бастап балаларда иммунитеттің салдарлы тапшылығы жай-күйлерімен қатар жүретін аурулардың кешенді емінде қолданылады.
Ересектер үшін қолданылуы:
• тыныс жолдарының созылмалы инфекцияларында;
• тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы ауруларында (пиодермия, фурункулез және басқа);
• герпестік инфекцияда;
• маусымдық ЖРА шалдығудың және ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы ауруларының өршу жиілігін төмендету және профилактикасы үшін.
3 жастан бастап балалар үшін қолданылуы:
• өршу сатысындағы және ремиссия сатысындағы жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы, қайталанатын инфекцияларында;
• тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы ауруларында (пиодермия, фурункулез және басқа);
• герпестік инфекцияда.
Әсер ету механизмі
Ликопид таблеткаларының әсер етуші заты – глюкозаминилмурамилдипептид (ГМДП) – бактериялық жасушалар (пептидогликан) қабығының құрылымдық фрагментінің синтетикалық аналогы. ГМДП туа біткен және жүре пайда болған иммунитеттің белсендіргіші және индукторы болып табылады, организмді вирустық, бактериялық және зеңдік инфекциялардан қорғауды күшейтеді; иммунологиялық реакциялардың дамуында адъюванттық әсер береді.
Препараттың биологиялық белсенділігі ГМДП-ның фагоциттер (нейтрофилдер, макрофагтар, дендриттік жасушалар) цитоплазмасында орналасқан жасушаішілік рецепторлық NOD2 ақуызымен байланысуы арқылы жүзеге асырылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат фагоциттердің функционалдық (бактерицидтік, цитоуыттылық) белсенділігін стимуляциялайды, оларды антигендерді презентациялауын, Т- және В-лимфоциттердің пролиферациясын күшейтеді, спецификалық антиденелердің синтезін арттырады, Тh1/ Тh2--лимфоциттердің Тh1 басым болу жағына қарай теңгерімінің қалыпқа келуіне мүмкіндік береді.
Фармакологиялық әсері негізгі интерлейкиндердің (интерлейкин-1, интерлейкин-6, интерлейкин-12) альфа ісік некрозы факторының, гамма-интерферонның, колония стимуляциялаушы факторлардың өндірілуінің күшеюі арқылы жүзеге асады. Препарат табиғи киллерлік жасушалардың белсенділігін арттырады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Глюкозаминилмурамилдипептидтің (ГМДП) клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық зерттеулердің деректері арқылы расталған.
Балалар
Балаларда жүргізілген фармакодинамикалық (клиникалық мәні бар) зерттеулердің және тиімділікті зерттеулердің деректері жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер
Препараттың бір реттік дозасы — 1 мг (1 таблетка)
Ең жоғары бір реттік дозасы — 2 мг (2 таблетка)
Ең жоғары тәуліктік дозасы — 6 мг (6 таблетка)
Тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары
10 күн бойы тіл астына тәулігіне 1 рет 2 таблеткадан.
Тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы аурулары (пиодермия, фурункулез және басқа)
10 күн бойы тіл астына тәулігіне 2-3 рет 2 таблеткадан.
Герпестік инфекция
10 күн бойы ішке немесе тіл астына тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан.
Маусымдық жедел респираторлық инфекциялармен аурудың және ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы ауруларының өршу жиілігін төмендету және профилактикасы үшін
10 күн бойы тіл астына тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан.
Балалар
Препараттың бір реттік дозасы — 1 мг (1 таблетка)
Ең жоғары бір реттік дозасы — 1 мг (1 таблетка)
Ең жоғары тәуліктік дозасы — 3 мг (3 таблетка)
Тері мен жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабынбалы аурулары (пиодермия, фурункулез және басқа)
10 күн бойы тіл астына тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан.
Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының созылмалы, қайталанатын (өршу сатысындағы және ремиссия сатысындағы) инфекциялары
10 күн бойы тіл астына тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан үш курс. Курстар арасындағы үзіліс 20 күн.
Герпестік инфекция
10 күн бойы ішке немесе тіл астына тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі және жолы
Аш қарынға ішке немесе сублингвальді (тіл астына).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препарат қабылдауды өткізіп алған жағдайда, егер жоспарланған уақыттан 12 сағат асып кетпесе, өткізіп алған дозаны қабылдауға болады; егер қабылдаудың жоспарланған уақытынан 12 сағат асып кетсе, сызба бойынша келесі дозаны ғана қабылдау керек және өткізіп алған дозаны қабылдауға болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер осы дәрілік препаратты қолдану туралы кейбір қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгіну керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жүктілік және лактация кезеңі
• өршу фазасындағы аутоиммундық тиреоидит;
• препаратты қабылдаған сәтте фебрильді температурамен (>38°С) қатар жүретін жағдайлар;
• зат алмасудың сирек кездесетін туа біткен бұзылулары: галактоза, лактоза, фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, алактазия, сахараза/изомальтаза тапшылығы;
• аутоиммундық ауруларда (клиникалық деректердің болмауына байланысты);
• балалар ( 3 жасқа дейін)
Жиі
• емдеу басталғанда дене температурасының субфебрильді мәндерге дейін (37,9С-ге дейін) қысқа мерзімге жоғарылауы байқалуы мүмкін, бұл препаратты тоқтатуға көрсетілім болып табылмайды;
Сирек
• дене температурасының фебрильді мәндерге дейін (38,0С) қысқа мерзімді жоғарылауы. Дене температурасы 38,0°С-ден астам жоғарылағанда қызуды түсіретін дәрілерді қабылдауға болады, бұл препараттың фармакологиялық әсерін төмендетпейді.
Өте сирек
• диарея
Егер нұсқаулықта көрсетілген кез келген жағымсыз реакциялардың симптомдары нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз реакциялар пайда болса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың артық дозалану жағдайлары белгісіз. Дәрілік препараттың фармакологиялық қасиеттеріне сүйенсек, ол артық дозаланған жағдайда дене температурасының субфебрильді мәндерге дейін (37,9С-ге дейін) көтерілуі байқалуы мүмкін.
Емі: қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізіледі (қызуды түсіретін дәрілер), сорбенттер тағайындалады. Спецификалық антидоты белгісіз.
Клиникалық деректердің болмауына байланысты аутоиммундық ауруларда Ликопид® препаратын қолдану ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Әрбір 1 мг Ликопид® таблеткасының құрамында 5.00 мг (0,00042 нан бірлігіне (НБ) баламалы) мөлшерінде қант (сахароза) бар, сондықтан препаратты қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Әрбір 1 мг Ликопид® таблеткасының құрамында 73.88 мг лактоза моногидраты бар, сондықтан препаратты тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
0 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға препаратты бермеңіз. Препарат балаларда 3 жастан бастап қолданылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару, сондай-ақ жоғары зейін қойылуын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылдану қабілетіне әсер етпейді.
Ликопид® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Пациент жақыннан бері қабылдап жүрген, жақында қабылдаған немесе қабылдай бастауы мүмкін басқа препараттар туралы емдеуші дәрігерге хабарлауы керек. Кейбір дәрілік препараттар Ликопид® препаратының әрекетіне әсер етуі мүмкін.
Ликопид® препараты микробтарға қарсы препараттардың тиімділігін арттырады, вирусқа қарсы және зеңге қарсы препараттарға қатысты синергизм байқалады.
Антацидтер және сорбенттер препараттың биожетімділігін едәуір төмендетеді. Глюкокортикостероидтар Ликопид® препаратының биологиялық әсерін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада
сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.