Аталған жағымсыз реакциялар негізгі аурумен және/немесе қатарлас дәрілік препараттарды қолданумен де байланысты болуы мүмкін.
Жұлынның зақымдануынан туындаған орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу кезінде жағымсыз реакциялардың жиілігі, ОЖЖ жағымсыз реакциялары және әсіресе ұйқышылдық жоғарылады.
Өте жиі
- бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы
Жиі
- назофарингит
- тәбеттің жоғарылауы
- эйфориялық көңіл-күй, абыржу, ашушаңдық, бағдардан адасу, ұйқысыздық, либидоның төмендеуі
- атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімнің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, есте сақтаудың нашарлауы, зейіннің бұзылуы, парестезия, гипестезия, тыныштандыратын әсер, тепе-теңдіктің бұзылуы, летаргия
- көрудің бұлыңғырлығы, диплопия
- бас айналу
- құсу, жүрек айну, іш қату, диарея, метеоризм, іштің кебуі, ауыздың құрғауы
- бұлшықет құрысуы, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, жатыр мойнының түйілуі
- эректильді дисфункция
- шеткері ісіну, ісіну, жүрістің бұзылуы, құлау, масаю сезімі, мазасыздық сезімі, шаршау
- дене салмағының артуы
Жиі емес
- нейтропения
- аса жоғары сезімталдық реакциясы
- анорексия, гипогликемия
- елестеулер, үрейлі шабуылдар, мазасыздық, қозу, депрессия, жабырқаулы көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық, көңіл-күйдің өзгеруі, өзін өзі танымау, сөз табудағы қиындықтар, қалыптан тыс түс көру, либидо жоғарылауы, аноргазмия, апатия
- естен тану, мелшию, миоклонус, есін жоғалту, психомоторлы аса жоғары белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивті бұзылулар, ақыл-ой бұзылыстары, сөйлеудің бұзылуы, гипорефлексия, гиперестезия, күйдіру сезімі, агевзия, дімкәстік
- шеткері көрудің жоғалуы, көрудің бұзылуы, көздің ісінуі, көру өрісінің ақауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, көздің құрғауы, жас ағудың күшеюі, көздің тітіркенуі
- гиперакузия
- тахикардия, бірінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүректің іркілген жеткіліксіздігі
- гипотензия, гипертония, қан кернеулері, аяқ қолдың тоңуы
- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорыл, мұрынның құрғауы
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, сілекей гиперсекрециясы, ауыз қуысының гипестезиясы
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы және аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы)
- папулезді бөртпе, есекжем, гипергидроз, терінің қышуы
- буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықеттердің жыбырлауы, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің қаттылығы
- несеп ұстай алмау, дизурия
- сексуальдық дисфункция, эякуляцияның кідіруі, дисменорея, кеудедегі ауырсыну
- жайылған ісіну, беттің ісінуі, кеудедегі қысылу, ауыру, гипертермия, шөлдеу, қалтырау, астения
- креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының төмендеуі төмендеді, креатининнің жоғарылауы, қандағы калий концентрациясының төмендеуі, салмақтың төмендеуі
Сирек
- ангионевроздық ісіну, аллергиялық реакцияларға тыныс алудың қиындауы, көздің қабынуы (кератит), денеде қызғылт дақтармен, нысана тәрізді немесе дөңгелек пішінді, көбінесе орталықта күлдіреуіктердің пайда болуымен, терінің қабыршақтануымен, ауыз қуысының шырышты қабығындағы, тамақтағы, мұрын, жыныс мүшелері мен көздердегі ойықжаралармен сипатталатын ауыр тері реакциялары. Бұл ауыр тері бөртпелерінен бұрын қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз).
- ширақтық, суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлар
- құрысулар, паросмия, гипокинезия, дисграфия, паркинсонизм
- көру қабілетінің жоғалуы, кератит, осциллопсия, көру арқылы қабылдаудың тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қылилық, анық көру
- QT аралығының ұзаруы, синустық тахикардия, синустық аритмия
- өкпе ісінуі, тамақтың қысылуы
- асцит, панкреатит, тілдің ісінуі, дисфагия
- сарғаю
- суық тер
- рабдомиолиз
- бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, несептің іркілуі
- аменорея, сүт безінен бөлінділер, сүт безінің үлкеюі, гинекомастия
- қандағы лейкоциттер санының төмендеуі
Өте сирек
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит
Белгісіз
- тыныс алу функциясының бәсеңдеуі
- дәрілік тәуелділік
Аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы.
Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзақ емдеуді тоқтатқаннан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары байқалған. Келесі реакциялар баяндалды: ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айну, мазасыздық, диарея, тұмау синдромы, құрысулар, күйгелектік, депрессия, суицидтік ойлар, ауыру, гипергидроз және бас айналуы. Осы симптомдар дәрілік тәуелділікті көрсетеді. Пациентке бұл туралы емдеудің басында хабарлау керек. Прегабалинмен ұзақ емдеуді тоқтатуға келетін болсақ, деректер тоқтату симптомдарының жиілігі мен ауырлығы дозаға байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Егер сізде бет немесе тілдің ісінуі болса, теріңіз қызарып, күлдіреуік немесе қабыршақтану пайда бола бастаса, дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.