Егер төменде көрсетілген жағдайлардың/аурулардың немесе қауіп факторларының қайсыбірі қазіргі уақытта болса, Линдинет 20 препаратын қолданудың ықтималды қаупіне күтілетін пайданы мұқият бағалауды әрбір әйел үшін жеке жүргізу және мұны препаратты қабылдау басталғанға дейін талқылау керек:
• жасы 35 жастан асқан;
• шылым шегу;
• отбасылық анамнезінде тромбоэмболиялық аурулардың болуы (веналық немесе артериялық тромбоз/тромбоэмболия немесе 50-ден кіші жастағы жақын туыстарының қандай да біреуінде тромбозға бейімділік);
• семіздік (дене салмағының индексі >30 кг / м2);
• дислипопротеинемия;
• артериялық гипертензия;
• бас сақинасы;
• жүрек клапандарының аурулары;
• жүрекшелер фибрилляциясы;
• босанғаннан кейінгі кезең;
• қант диабеті;
• жүйелі қызыл жегі;
• гемолиздік-уремиялық синдром;
• ішектің созылмалы қабыну аурулары (Крон ауруы немесе ойық жаралы колит)
• орақ тәрізді-жасушалы анемия;
• гипертриглицеридемия (соның ішінде отбасылық анамнезде).
Контрацептивті қолдану аясында бірінші рет осы аурулардың/жағдайлардың немесе қауіп факторларының кез келгені туындаған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату қажеттігі туралы шешім қабылдайтын емдеуші дәрігерге жүгіну керек.
Арнайы ескертулер
Төменде көрсетілген жағдайлардың немесе қауіп факторларының кез келгені болған жағдайда әйелмен Линдинет 20 препаратын қолдану мүмкіндігін талқылау керек.
Осы жағдайлардың немесе қауіп факторларының кез келгені ауырлаған немесе алғаш рет пайда болған жағдайда, әйелге өзінің емдеуші дәрігеріне жүгіну және онымен Линдинет 20 препаратын қабылдауды тоқтату қажеттігін талқылау ұсынылады.
Веналық тромбоэмболияның (ВТЭ) даму қаупі
Кез келген біріктірілген гормональді контрацептивті қолдану осы препараттарды қабылдамайтындармен салыстырғанда оларды қабылдайтын әйелдерде ВТЭ қаупін арттырады.
ВТЭ-ның ең аз қаупі құрамында левоноргестрел, норгестимат немесе норэтистерон бар препараттармен байланысты. Линдинет 20 сияқты басқа препараттар ВТЭ даму қаупін екі есе арттыра алады. ВТЭ даму қаупі аз препараттарға жатпайтын препаратты қолдану пайдасына таңдау, пациент әйелге Линдинет 20 препаратын қабылдауға байланысты ВТЭ даму қаупін толық түсінетініне, сондай-ақ оған қауіп факторлары қандай әсер ететініне және ВТЭ даму қаупі препаратты қолданудың бірінші жылы ішінде барынша жоғары екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін кеңестен кейін ғана жасалуы мүмкін. Кейбір деректер бойынша жоғары қауіп ұзақтығы 4 апта және одан да көп үзілістен кейін біріктірілген гормональді контрацептивтерді қабылдауды қайта бастағанда байқалады. Бір жыл ішінде ВТЭ жүкті емес және біріктірілген гормональді контрацептивтерді қабылдамайтын 10 000 әйелдің шамамен 2-еуінде дамиды. Алайда, әйелде бар қауіп факторларын ескергенде, ондағы жеке қауіп айтарлықтай жоғары болып шығуы мүмкін (төменнен қараңыз).
Бағалауға сәйкес, құрамында гестоден бар БГК қолданған 10000 әйелдің ішінен, бір жыл ішінде 9-12 әйелде ВТЭ дамиды (құрамында левоноргестрел бар БГК пайдаланатын әйелдер арасындағы шамамен 6 жағдаймен салыстырғанда).
Екі жағдайда да, бір жыл ішіндегі ВТЭ саны жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде күтілгеннен аз болып шыққан.
ВТЭ 1-2 % жағдайда өлімге соқтыруы мүмкін.
Жылына 10000 әйелге ВТЭ жағдайларының саны
ВТЭ жағдайларының саны ВТЭ жағдайларының саныҚұрамында гестоден бар БГК(9-12 жағдай)Құрамында гестоден бар БГК(9-12 жағдай)Құрамында левоноргестрел бар БГК(5-7 жағдай)Құрамында левоноргестрел бар БГК(5-7 жағдай)КГК қабылдамайтындар (2 жағдай)КГК қабылдамайтындар (2 жағдай)
Аса сирек жағдайларда, БГК қабылдаған пациент әйелдерде басқа қантамырлардың тромбоздары (мысалы, бауырдың, шажырқайдың, бүйректің немесе мидағы веналар мен торқабық артерияларының) дамығаны туралы хабарланды.
ВТЭ дамуының қауіп факторлары
БГК қолданған кезде веналық тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі қосымша қауіп факторлары, атап айтқанда, көптеген қауіп факторлары бар әйелдерде едәуір арта түседі (кестені қараңыз).
Линдинет 20 препаратын вена тромбозының даму қаупі жоғары топқа жатқызылуына түрткі болатын көптеген қауіп факторлары бар әйелдерге қолдануға болмайды. Әйелде біреуден артық қауіп факторы болған жағдайда, ВТЭ қаупі жекелеген факторлардың жай ғана жиынтығы кезіндегіге қарағанда елеулі дәрежеде жоғарылай түсетін ахуал туындауы мүмкін: мұндай жағдайда оның жалпы қаупін ескеру керек. Егер бағалау кезінде «пайдасы/қаупі» арақатынасы қолайсыз болып шықса, БГК тағайындаудан бас тарту керек.
Кесте: ВТЭ дамуының қауіп факторлары
Қауіп факторы — Ескертпе
Семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 асатын) — ДСИ жоғарылаған сайын қауіп едәуір арта түседі. Басқа да қауіп факторларының болғандығын ескерудің маңызы зор.
Ұзақ уақыт иммобилизациялау, ауқымды операциялық араласым, аяқтарға немесе жамбас ағзаларына жасалатын кез келген операциялық араласымдар, нейрохирургиялық операциялар немесе ауқымды жарақаттар Ескертпе: 4 сағаттан артыққа созылатын әуеде ұшуды қоса, уақытша иммобилизация да ВТЭ дамуының қауіп факторы болуы мүмкін, әсіресе, қосымша қауіп факторлары бар әйелдерде — Мұндай жағдайларда бұласырды/таблеткаларды/сақинаны қолдануды тоқтау (жоспарлы операциялық араласым жағдайында – кемінде төрт апта бұрын) және оны қимыл-қозғалыстың толық қалпына келуінен кейін екі апта өткенше қайта бастамау ұсынылады. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтану үшін, контрацепцияның басқа әдісіне жүгіну керек. Егер Линдинет 20 препаратын қабылдау алдын-ала тоқтатылмаған жағдайда, тромбозға қарсы ем жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.
Отбасылық ауыр анамнез (жақын туыстарындағы – ағасы, әпкесі, ата-анасындағы, әсіресе жастау, яғни 50 жасқа толмаған кездеріндегі веналық тромбоэмболиялық асқынулар жағдайлары). — Егер тұқым қуалайтын бейімділікке күдік туындаса, әйел кез келген БГК пайдалану туралы шешім қабылдау үшін, маманның кеңесіне жолдануы тиіс.
ВТЭ-мен астасатын басқа да жай-күйлер — Обыр, жүйелі қызыл жегі, гемолиздік-уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну ауруы (Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит) және орақтәрізді жасушалы анемия
Жасы — Әсіресе, 35 жастан кейін
Вена тромбозының дамуында немесе үдеуінде веналардың варикозды кеңеюі мен беткейлік веналар тромбофлебитінің рөл атқаруы мүмкін екендігі туралы бірыңғай пікір жоқ.
Жүктілік кезінде және әсіресе, босанғаннан кейінгі алғашқы 6 аптада тромбоэмболия даму қаупінің жоғары екендігін ескеру керек.
ВТЭ (терең веналар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы) симптомдары
Әйелдер, симптомдар туындаған жағдайда өздерінің шұғыл медициналық көмекке жүгінуі және медицина қызметкеріне БГК қолданып жүргенін айтуы керектігінен хабардар болуы тиіс.
Терең веналар тромбозы (ТВТ) симптомдарына мыналарды жатқызуға болады:
- аяқтың бір жақты және/немесе табанның ісінуі, немесе аяқ венасының ұзына бойына ісінуі;
- аяқтың тұрған кезде немесе жүрген кезде сезілетін ауыруы немесе ширығу сезімі;
- зақымданған аяқтағы температура жоғарылауы; терісінің қызаруы немесе түсінің өзгеруі.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) симптомдарына мыналарды жатқызуға болады:
- кенеттен басталған себепсіз ентігу немесе тыныс алудың жиілеуі;
- анық себепсіз кенеттен басталған, қан түкірумен болуы мүмкін жөтел;
- кеуденің қатты ауыруы;
- естен тану алдындағы жағдай немесе бас айналуы;
- жиі немесе ырғағы бұзылған жүрек соғуы.
Келтірілген симптомдардың кейбіреулері (мысалы, ентігу, жөтел) спецификалық емес және қателесіп, кеңірек таралған немесе күрделі жай-күйлер (мысалы, тыныс жолдарының инфекциялық аурулары) ретінде қабылдануы мүмкін.
Қантамырлар окклюзиясының басқа да белгілеріне аяқ-қолдардың кенеттен ауыруын, ісінуін және айқындығы әлсіз көгеруін жатқызуға болады.
Көз қантамырларының окклюзиясы дамыған жағдайда, симптомдары бұлыңғыр көруден (ауырсыну сезімдерінсіз) көрмей қалуға дейін (үдеген кезде) ауытқып отыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда, толықтай көрмей қалу іс жүзінде бірден орын алуы мүмкін.
Артериялық тромбоэмболия (АТЭ) даму қаупі
Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері БГК қолданудың артериялық тромбоэмболия (миокард инфарктісі) немесе ми қанайналымының бұзылуы (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, инсульт) дамуы қаупінің жоғарылауымен байланыстыруға мүмкіндік беріп отыр. Артериялық тромбоэмболия жағдайлары өлімге соқтыруы мүмкін.
АТЭ дамуының қауіп факторлары
Артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың немесе ми қанайналымы бұзылуларының даму қаупі БГК қолданған кезде қауіп факторлары бар әйелдерде арта түседі (кестені қараңыз). Линдинет 20 препаратын АТЭ дамуының бір күрделі қауіп факторы немесе оның артериялық тромбоз даму қаупі жоғары топқа жатқызылуына түрткі болатын көптеген қауіп факторлары бар әйелдерге қолдануға болмайды. Әйелде біреуден артық қауіп факторы болған жағдайда, қауіп жекелеген факторлардың жай ғана жиынтығы кезіндегіге қарағанда елеулі дәрежеде жоғарылай түсетін ахуал туындауы мүмкін: мұндай жағдайда оның жалпы қаупін ескеру керек. Егер бағалау кезінде «пайдасы/қаупі» арақатынасы қолайсыз болып шықса, БГК тағайындаудан бас тарту керек.
Кесте: АТЭ дамуының қауіп факторлары
Қауіп факторы — Ескертпе
Жасы — Әсіресе, 35 жастан кейін
Шылым шегу — БГК қолданғысы келетін әйелдерге шылым шегуден бас тартуға кеңес беріледі. 35 жастан асқан, шылым шегуден бас тартпаған әйелдерге қатаң түрде, контрацепцияның басқа әдісін таңдауға кеңес беріледі.
Гипертензия
Семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 асатын) — ДСИ жоғарылаған сайын қауіп едәуір арта түседі. Бұл әсіресе, қосымша қауіп факторлары бар әйелдер үшін маңызды.
Отбасылық ауыр анамнез (жақын туыстарындағы – ағасы, әпкесі, ата-анасындағы, әсіресе жастау, яғни 50 жасқа толмаған кездеріндегі артериялық тромбоэмболиялық асқынулар жағдайлары). — Егер тұқым қуалайтын бейімділікке күдік туындаса, әйел кез келген БГК пайдалану туралы шешім қабылдау үшін, маманның кеңесіне жолдануы тиіс.
Бас сақинасы — БГК қолдану кезіндегі бас сақинасы жиілігінің немесе дәрежесінің жоғарылауы (бұл ми қанайналымы бұзылуының хабаршы белгісі болуы мүмкін) препаратты дереу тоқтатуға себеп болуы мүмкін.
Жағымсыз тамыр құбылыстарымен астасатын басқа жағдайлар. — Қант диабеті, гипергомоцистеинемия, жүрек клапандарының аурулары және жүрекшелердің фибрилляциясы, дислипопротеинемия және жүйелі қызыл жегі.
АТЭ симптомдары
Әйелдер, симптомдар туындаған жағдайда өздерінің шұғыл медициналық көмекке жүгінуі және медицина қызметкеріне БГК қолданып жүргенін айтуы керектігінен хабардар болуы тиіс.
Ми қанайналымы бұзылуының симптомдарына мыналарды жатқызуға болады:
- кенеттен білінетін әлсіздік немесе беттің, қолдың немесе аяқтың, әсіресе, дененің бір жағының ұюы;
- жүрудің кенеттен қиындауы, бас айналуы, тепе-теңдікті немесе қимыл-қозғалыс үйлесімін жоғалту;
- кенеттен туындаған сананың шатасуы, сөйлеудің және түсінудің бұзылуы;
- кенеттен бір көздің немесе екі көздің де көрмей қалуы;
-белгілі себептерсіз кенеттен білінетін, айқын немесе ұзаққа созылатын бас ауыруы;
- естен тану немесе құрысулармен немесе онсыз жүретін естен тану.
Симптомдардың уақытша сипаты транзиторлық ишемиялық шабуылды (ТИШ) болжауға мүмкіндік береді.
Миокард инфарктісі (МИ) симптомдарына мыналарды жатқызуға болады:
- ауыру, жайсыздық, қысым, ауырлық, кеуденің, қолдың немесе төс артының қысылу немесе толып кету сезімі;
- арқаға, астыңғы жақсүйекке, тамаққа, қолға, асқазанға берілетін жайсыздық;
- толып кету сезімі, ас қорытудың бұзылуы немесе тұншығу сезімі;
- тершеңдік, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы;
- әлсіздіктің аса жоғары дәрежесі, үрейлену немесе ентігу;
- жиі немесе ырғағы бұзылған жүрек соғуы.
Ісіктер
Жатыр мойнының обыры
Әйелдерде жатыр мойны обырының даму қаупінің ең маңызды факторы адамның папиллома вирусын (АПВ) жұқтыру болып табылады. БГК ұзақ мерзімді қолдану адамның папиллома вирусын жұқтырған әйелдерде жатыр мойны обырының даму қаупін арттырумен байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Дегенмен, осы күнге дейін алынған деректердің басқа факторлардың әсеріне қаншалықты ұшырайтыны туралы бірыңғай пікір жоқ (мысалы, жатыр мойны обырын анықтауға немесе контрацепцияның бөгеттік әдістерін пайдаланатын әйелдердің жыныстық қатынастық ерекшеліктеріне байланысты).
Сүт безінің обыры
БОК қабылдау аясында әйелдерде сүт безі обырының салыстырмалы даму қаупінің біршама жоғарылауы байқалады. БОК қабылдауды тоқтатқаннан кейін 10 жыл ішінде жоғары қауіп біртіндеп азайтылады. 40 жасқа дейінгі әйелдерде сүт безі обыры сирек кездесетін болғандықтан, БОК тұрақты қабылдайтын және қабылдауды жақында бастаған пациент әйелдерде диагностикаланған сүт безі обырының жаңа жағдайларының саны сүт безі обырының жалпы даму қаупіне қарағанда көп емес. Бұл зерттеулер себеп-салдарлық байланыстың дәлелдемелерін ұсынбады.
Қауіптің байқалатын жоғарылауы БОК қабылдайтын пациент әйелдерде сүт безі обырын ерте диагностикалаумен, БОК препараттарының биологиялық әсерімен немесе екі факторлардың үйлесуімен байланысты болуы мүмкін. Бір кездері БОК қабылдаған пациент әйелдерде сүт безінің обыры, әдетте, ешқашан БОК қабылдамаған әйелдерге қарағанда ерте кезеңде диагностикаланады.
Бауыр ісіктері
Сирек жағдайларда БОК препараттарын қабылдаған әйелдерде бауырдың қатерсіз және одан да сирек қатерлі ісіктері байқалды. Жекелеген жағдайларда мұндай ісіктер өмірге қауіп төніп тұрған құрсақішілік қан кетуге әкеп соқтырды. Пероральді контрацептивтер қабылдайтын әйелдерде іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну, бауырдың ұлғаюы немесе құрсақішілік қан кету белгілері болған жағдайда, дифференциалды диагностика шеңберінде бауыр ісігіне күдік туғызған жөн.
АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
Құрамында С (СГВ) гепатиті вирусын емдеу үшін омбитасвир / паритапревир / ритонавир және рибавирині бар немесе онсыз дәрілік препараттарды алған пациент әйелдерде трансаминаза (АЛТ) белсенділігінің жоғарғы қалып шегінен (ЖҚШ) 5 есе жоғары артуы БГК сияқты құрамында этинилэстрадиол бар препараттарды қолданатын әйелдерде жиі байқалды.
Басқа да жай-күйлер
Депрессия
Көңіл-күйдің түсуі және депрессия гормональді контрацептивтерді қолдану кезінде жалпыға белгілі жағымсыз реакциялар болып табылады. Депрессия күрделі болуы мүмкін және суицидтік мінез-құлық пен суицид қаупінің кеңінен танымал факторы болып табылады. Әйелдер көңіл-күйдің өзгеруі және депрессиялық симптомдар пайда болған жағдайда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін көп ұзамай өз дәрігеріне жүгінуі керек.
Біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдайтын анамнезінде депрессиясы бар әйелдер мұқият бақылауда болуы тиіс, ауыр депрессия қайталанған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау аясында ауыр депрессия дамыған пациент әйелдерге препаратты қабылдауды тоқтату және депрессияның дамуы БОК қабылдаумен байланысты екенін анықтау үшін контрацепцияның баламалы әдісін қолдану керек.
Көмірсу және липидтік алмасу параметрлеріне әсері
Гипертриглицеридемиясы немесе отбасылық анамнезі бар әйелдерде БОК қабылдау кезінде панкреатит дамуының ықтималды жоғары қаупін ескеру керек.
БОК қолданатын әйелдерде препараттардың шеткерілік инсулин резистенттілікке және глюкозаға төзімділікке әсері байқалды. Глюкозаға немесе қант диабетіне төзімділігі бұзылған пациенттер пероральді контрацептивтерді қолдану кезінде мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс. Липидтер деңгейінің жағымсыз өзгерістері пероральді контрацептивтер қабылдайтын әйелдердің аздаған санында байқалды. Бақыланбайтын дислипидемиясы бар әйелдерде контрацепцияның басқа гормональді емес әдістерін қолдануды қарастыру керек. Ұзақ уақыт болатын гипертриглицеридемия пероральді контрацептивтер қабылдайтын әйелдердің аздаған санында байқалуы мүмкін. Триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы панкреатиттің және басқа да асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Эстрогендер тығыздығы жоғары липопротеидтердің холестерин деңгейін (ХС-ТЖЛП) жоғарылатады, ал көптеген прогестагендер ХС-ТЖЛП деңгейін төмендетеді. Кейбір прогестагендерді қолдану тығыздығы төмен липопротеидтердің холестерин деңгейін (ХС-ТТЛП) жоғарылауына әкеп соқтыруы және дислипидемияны емдеуді қиындатуы мүмкін. БОК қолдану кезіндегі жиынтық әсері эстрогендер мен прогестагендердің әсерлерінің арақатынасына, препараттың сапалық және сандық құрамына байланысты. БОК тағайындағанда препараттың құрамын назарға алу қажет. Егер әйел дислипидемияның болуына қарамастан, БОК қабылдауды шешсе, БОК қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Дислипидемияны емдеуге арналған препараттарды қабылдайтын әйел БОК қабылдауды бастаған жағдайда оның жағдайын мұқият бақылау қажет.
Қынаптық қан кетулер
Кейбір әйелдерде таблеткаларды қабылдаудың үзілісі кезінде "тоқтату" қан кетуі дамымауы мүмкін. Егер "тоқтату" қан кетуінің бірінші болмауына дейін препарат нұсқаулыққа сәйкес қабылданбаса немесе "тоқтату" қан кетуі екі рет қатарынан болмаса, препаратты қабылдауды жалғастырғанға дейін жүктіліктің бар-жоғын тексеру қажет. Осы кезеңде контрацепцияның гормональді емес әдістерін қолдану керек.
Барлық БОК қабылдау аясында, әсіресе алғашқы үш ай қолданған кезде тұрақты емес қан кетулер ("жағынды" қан бөліністері немесе "құйылған" жатырдан қан кетулер) байқалуы мүмкін. Егер тұрақты емес қан кетулер алдыңғы тұрақты оралымнан кейін қайталанатын немесе дамитын болса, гормональді емес себептерді қарастыру және органикалық патологияны немесе жүктілікті жоққа шығару үшін тиісті диагностикалық іс-шараларды жүргізу керек. Органикалық патологияны жоққа шығарған кезде және қан кетулер ұзаққа созылғанда препаратты қабылдауды жалғастыруға немесе басқа препаратты тағайындауға болады. Кейбір әйелдерде БОК қолдану аменореяның (мүмкін ановуляция аясында) немесе олигоменореяның дамуына әкелуі мүмкін. Бұл мұндай жағдайлар бұрын байқалған әйелдерде жиі кездеседі. Жүктілік болмаған кезде аменорея 7% оралымда байқалды, әйелдердің 24% - да "тоқтату" қан кетуінің болмауы байқалды, оның 3,6% - да аменорея келесі оралымдарда сақталды. Әйелдердің тек 1%-да бұл препаратты қабылдауды тоқтатуға себеп болды.
Басқа да жай-күйлер
БОК тиімділігі құсу және диарея жағдайында төмендеуі мүмкін.
Пациент әйелде сүт безінің қатерсіз ісіктері, жатыр аурулары (эндометрий гиперплазиясы, миома) және галактореямен немесе онсыз гиперпролактинемия болған кезде сақ болу қажет.
Жүктілік кезінде және БОК қабылдау аясында дамуы немесе өршуі мүмкін жағдайлар/аурулар болған кезде пациент әйелдерге және қазіргі уақытта немесе анамнезінде мынадай жағдайлар/аурулар бар пациенттерге мұқият медициналық бақылау жасау қажет: зат алмасудың бұзылуы (қант диабеті, гиперлипидемия), артериялық гипертензия, анамнездегі қан тамырларының аурулары, беткейлік тромбофлебит, венаның варикозды кеңеюі; холестазға байланысты сарғаю және/немесе терінің қышынуы; өт қабындағы тастар; порфирия; жүйелік қызыл жегі; гемолиздік-уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілік кезіндегі герпес; отосклероз, бронх демікпесі, эпилепсия, бас сақинасы; жүрек, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі; семіздік, жайылған склероз, тетания, депрессия, орақ тәрізді жасушалық анемия.
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер ангионевроздық ісіну симптомдарын тудыруы немесе нашарлатуы мүмкін.
Сондай-ақ, біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде Крон ауруы мен спецификалық емес ойық жаралы колит даму жағдайлары туралы хабарланды.
Сирек жағдайларда, әсіресе анамнезінде жүкті әйелдердің хлоазмасы бар әйелдерде хлоазма пайда болуы мүмкін. Хлоазманың дамуына бейім әйелдер БОК қабылдау кезінде күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулеленудің әсерінен аулақ болу керек.
БОК қабылдайтын көптеген әйелдерде артериялық қысымның азғана жоғарылауы байқалса да, клиникалық маңызды жоғарылау сирек байқалады. Дегенмен, мұндай сирек жағдайларда біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдауды дереу тоқтату және гипотензиялық емді тағайындау ақталған. Қажет болған жағдайда, егер гипотензиялық емдеу аясында артериялық қысымның қалыпты мәніне қол жеткізілсе, БОК қабылдауды қайта бастауға болады.
Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы бауыр функциясының көрсеткіштері нормаға оралғанға дейін БОК қабылдауды тоқтатуды талап етуі мүмкін. Стероидты гормондар метаболизмі бауыр функциясы бұзылған жағдайда айтарлықтай баяулауы мүмкін.
Жүктілік кезінде немесе алдыңғы жыныстық стероидты гормондарды қабылдау кезінде пайда болған холестаздық сарғаюдың қайталануы БОК қабылдауды тоқтатуды талап етеді.
Егде жастағы пациенттерде қолдану
Менопауза басталғаннан кейін БОК қолданылмайды.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында лактоза мен сахароза бар, сондықтан оны лактаза толық тапшылығы, лактозаны көтере алмаушылық, галактозаны көтере алмаушылық, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза мен изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациент әйелдерге қолдануға болмайды.
Препарат құрамында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни натрий жоқ деп есептеуге болады.
Медициналық тексеру / консультация
Линдинет 20 препаратын қолдануды бастамас бұрын немесе қайта бастамас бұрын анамнезді (отбасылық анамнезді қоса) мұқият жинау және жүктілікті жоққа шығару керек. Қан қысымын өлшеу, қарсы көрсетілімдер мен сақтық шаралары туралы ақпаратты басшылыққа ала отырып, физикальді тексеру жүргізу керек. Әйелдің назарын веналық және артериялық тромбоздың пайда болу қаупіне, соның ішінде Линдинет 20 препаратын басқа БГК-мен салыстырғанда қолдану кезіндегі қауіпті қоса, ВТЭ және АТЭ симптомдарына, сондай-ақ тромбоздың дамуына күдік болған жағдайда белгіленген қауіп факторларына және қабылданатын іс-қимылдарға аудару маңызды.
Әйел пациентке арналған ақпараты бар медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып, онда ұсынылған ұсынымдарды сақтауы қажет.
Тексерулердің жиілігі мен түрлері әрбір әйелдің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, медициналық практиканың қолданыстағы нормаларына негізделуі тиіс.
Ұдайы медициналық тексерулердің маңызы зор, себебі қарсы көрсетілімдер мен қауіп факторлары алғаш рет БОК қолдану аясында туындауы мүмкін.
БОК қабылдау АИТВ инфекциясынан (ЖИТС), сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін басқа да аурулардан қорғалмайтыны туралы әйелді хабардар ету керек.
Балаларда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге құрамында тыйым салынған бояғыш - хинолинді сары (Е104) болуына байланысты қолдануға болмайды. Линдинет 20 препараты менархе басталғаннан кейін ғана қолдануға арналған. Гормональді пероральді контрацептивтердің тиімділігі мен қауіпсіздігі тек ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде ғана белгіленген.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Линдинет 20 препараты көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.