Төменде 28 күн ішінде линезолидтің ұсынылған дозаларын қабылдаған 6000-нан астам ересек пациенттер қатысқан клиникалық зерттеулердің деректеріне негізделген жиілігі көрсетілген дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялардың тізімі берілген. Диарея (8,9 %), жүрек айнуы (6,9 %), құсу (4,3 %) және бас ауыруы (4,2 %) туралы бәрінен жиі хабарланған. Емдеуді тоқтатуға әкелетін препаратты қабылдаумен байланысты ең көп таралған жағымсыз құбылыстар бас ауыруы, диарея, жүрек айнуы және құсу болды.
Пациенттердің шамамен 3 %-ы дәріні қабылдауға байланысты проблемалардан, қолайсыз оқиғадан емдеуді тоқтатты. Сондай-ақ, тізімге маркетингтен кейінгі кезеңде хабарланған қосымша жағымсыз реакциялар енгізілген.
Жағымсыз реакциялар органдар жүйесінің класына және MedDRA жиілік санатына сәйкес тізімделеді. Жиілік санаттары келесі түрде анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін); жиі емес(≥ 1/1000 - <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
• кандидоз, ауыздың шырышты қабығының кандидозы, қынаптық кандидоз, зеңдік инфекциялар
• тромбоцитопения*, анемия*+
• ұйқысыздық
• бас ауыруы, бас айналу, дәм сезудің бұрмалануы (ауыздың темір татуы)
• артериялық гипертензия
• жүрек айнуы, құсу, диарея
• іштің ауыруы (жергілікті немесе жайылған); іш қату, диспепсия
• бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ферменттері (аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфотаза (СФ) белсенділігінің жоғарылауы
• тері бөртпесі, қышыну
• қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы
• қызба, орныққан ауырсыну
• ашқарында ЛДГ, креатинкиназа, липаза, амилаза, глюкоза деңгейінің жоғарылауы
• жалпы ақуыздың, альбуминнің, натрийдің, кальцийдің азаюы; калийдің, бикарбонаттың көбеюі немесе азаюы
• нейтрофилдер мен эозинофилдердің мөлшері артуы, гемоглобиннің, гематокриттің және эритроциттердің деңгейі төмендеуі
• қандағы тромбоциттер мен лейкоциттердің мөлшерінің артуы немесе азаюы
Жиі емес
• антибиотик-астасқан колит (жалған жарғақшалы колитті қоса*), вагинит
• панцитопения*, лейкопения*, нейтропения, эозинофилия
• гипонатриемия
• құрысулар*, шеткері нейропатия*, гипестезия, парестезия
• оптикалық нейропатия*, көрудің бұлыңғырлануы*
• құлақтың шуылдауы
• аритмия, тахикардия
• флебит, тромбофлебит, транзиторлы ишемиялық шабуыл
• панкреатит, гастрит, ауыз ішінің кеберсуі, глоссит, стоматит, тілдің түссізденуі, іштің кебуі, сұйық нәжіс
• жалпы билирубиннің артуы
• ангионевроздық ісіну, есекжем, буллезді дерматит, қатты тершеңдік
• бүйрек жеткіліксіздігі, креатинин деңгейінің жоғарылауы, полиурия
• вульво-қынаптық бұзылыстар
• қалтырау, шаршау, инъекция жасалған жердің ауыруы, шөлдеу
• натрий мен кальций деңгейінің жоғарылауы, ашқарында глюкозаның азаюы, хлоридтердің мөлшерінің артуы немесе азаюы
• ретикулоциттердің жоғарылауы, нейтрофилдердің азаюы
Сирек
• сидеробластты анемия*
• анафилаксия
• лактоацидоз*
• көру өрісінің өзгеруі*
• тіс түсінің өзгеруі
• уытты эпидермалық некролиз
• Стивенс-Джонсон синдромы
• васкулит
• рабдомиолиз*
Жиілігі белгісіз
• миелосупрессия*
• серотонинді синдром **
• көру жүйкесінің невриті*, көздің көрмей қалуы*, көру өткірлігінің өзгеруі *, түрлі түсті көрудің өзгеруі*
• алопеция
* Арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз.
** Қолдануға болмайтын жағдайлар және Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі бөлімдерін қараңыз.
+ Төмендегіні қараңыз
Бақыланатын клиникалық зерттеулерде линезолидпен емдеу ұзақтығы 28 күн немесе одан кемді құраған пациенттердің 2 % анемия байқалды. Қайырымдылық қолдау көмегімен жүргізілген клиникалық зерттеулерде өмірге қауіп төндіретін инфекциялары және қатарлас аурулары бар пациенттерде линезолидпен емдеу кезінде 28 күн және одан кем уақыт ішінде анемия 2,5% жағдайда (33/1326), ал 28 күннен астам емдеу кезінде 12,3% жағдайда (53/430) дамыды. Линезолидпен емдеу аясында дамыған ауыр анемиясы бар пациенттерде қан құю емшарасы 9 % жағдайда (3/33), емдеу ұзақтығы 28 күн немесе одан кем және 15 % жағдайда (8/53), емдеу ұзақтығы 28 күннен асады.
Балалар
500-ден астам бала (туғаннан 17 жасқа дейін) қатысқан клиникалық зерттеулерде алынған линезолидті қолдану қауіпсіздігі туралы деректер балалардағы дәрілік заттың қауіпсіздік бейіні ересектердегіден өзгеше емес екенін көрсетеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz