Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Линимент
Саудалық атауы
Бальзамдық линимент (Вишневский бойынша)
Әсер етуші зат
Антисептики и дезинфицирующие препараты другие
Мақсаты
Тері мен жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі ұзақ уақыт жазылмайтын, инфекция жұқтырмаған жараларында
Өндіруші
Фармация 2010
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар: 3.0 г қайың қарамайы, 3.0 г ксероформ
қосымша заттар: 5.0 г аэросил, 89.0 г күнбағыс майы немесе майсана майы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ашық сарыдан қоңырға дейінгі линимент
Тері мен жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі ұзақ уақыт жазылмайтын, инфекция жұқтырмаған жараларында
Фармакотерапиялықтобы: Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар.
АТХ коды: D08AХ
Фармакодинамикалық әсерлері
Қайың қарамайының кератопластикалық, антисептикалық, паразитке қарсы, құрғататын, қабынуғақарсы, тамыр тарылтатын, жансыздандыратын әсері бар; эритеманы азайтады, қышынуды басады. Терідегі инфильтративті процестерде резорбциялық әсер етеді.
Ксероформ (висмут трибромфеноляты) - антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғататын дәрі.
Дәрілік заттың антисептикалық қасиеттері бар, эпидермисте оны жақсартып, тіндердің қан айналымын қалыпқа келтіріп, мүйізгектену үдерісін күшейте отырып, қалпына келтіру үдерісінің жылдамдауына ықпал етеді.
Дозалау режимі
Линимент зақымданған жерге күніне 2 рет жұқа етіп ысқыламай жағады немесе линимент сіңірілген 5-6 қабатты дәке таңғыш таңылады.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.
- қарамайға және ксероформға жоғары сезімталдық
- тері мен жұмсақ тіндердің (абсцесті фурункул, карбункул, флегмона, абсцесс, гидраденит, лимфаденит, іріңдеген атерома, липома, парапроктит, плевра қуысының эмпиемасы) жедел іріңді аурулары
Болуы мүмкін
- терінің қызаруы, ісіну, дәрілік зат жағылған жерде қышыну түрінде тітіркенуі, тері аллергиялық реакциялары (ұзақ уақыт қолданғанда).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Анықталмаған
Линименттің көзге түсуіне, оны ішке қабылдауға жол бермеу керек. Көзге кездейсоқ түскен жағдайда оны сумен шаю және дереу дәрігерге қаралу керек.Линименттің жағымсыз иісі бар және киімде із қалдырады.
Арнайы ескертулер
Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз!
Педиатрияда қолдану
Балалар жасында
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Жүктілік және лактация кезінде тек дәрігердің тағайындауы бойынша, ана үшін пайда мен ұрық/бала үшін ықтимал қауіп арақатынасын ескере отырып, қолдануға жол беріледі.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.