Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания со вкусом мёда и лимона
Саудалық атауы
Линкас® Лор
Әсер етуші зат
Комбинация отхаркивающих препаратов
Мақсаты
Жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін тыныс алу жолдары ауруларының симптоматикалық терапиясында
Өндіруші
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: (қою экстрактілер):
Тамырлы адхатода жапырақтары 30.0 мг Жалаң мия тамырлары 7.0 мг Ұзын бұрыш жемістері 6.0 мг
Жұпар шегіргүл гүлдері 2.0 мг Дәрілік сайсағыз жапырақтары 3.0 мг
Үлкен түзу қазтабан тамырсабақтары 3.0 мг
қосымша заттар:
жалбыз дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин
бал және лимон дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, жалбыз хош иістендіргіші, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин, бал хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші
апельсин дәмімен таблеткалар: кристалды ментол, эвкалипт майы, сахароза, сұйық глюкоза, аскорбин қышқылы, триацетин, апельсин хош иістендіргіші
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән жалбыз дәмі бар таблеткалар (жалбыз дәмді).
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән бал-лимон дәмі бар таблеткалар (бал-лимон дәмді).
Дөңгелек пішінді, қоңыр түсті, өзіне тән апельсин дәмі бар таблеткалар (апельсин дәмді).
Жөтелмен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін тыныс алу жолдары ауруларының симптоматикалық терапиясында.
Линкас Лор, соруға арналған таблеткалары - әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.
Тамырлы адхатода құрамында вазицин, вазицинол мен вазицинонды қоса алғанда, эфир майлары, дәрумендер және алкалоидтар бар. Бұл қосылыстар муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолярлы жасушалар функциясын жақсартатын сурфактанттың синтезін көтермелейді, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығарылуын жылдамдатады) қасиеттері бар. Мұнан басқа, Тамырлы адхатода гистаминнің әсерінен болатын бронх түйілуінен қорғай отырып, ентікпеге қарсы әсер етеді.
Жалаң мияның тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, дәрумендер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитетті күшті көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.
Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
Хош иісті шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жеңілдетеді, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.
Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диурездік қасиеттері бар.
Үлкен түзу қазтабан қақырықты шығарушы зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.
Таблеткалар құрамындағы дәрілік өсімдіктердің табиғи экстрактілері қақырық түсіргіш, қабынуға қарсы, антисептикалық және ауыруды басатын қасиетке ие. Табеткаларды баяу сору керек, бұл орайда дәрілік заттар жұтқыншақтың шырышты қабығын біркелкі бүркемелеп, тамақтағы қабыну мен ауыру сезімдерін жеңілдетеді. Жөтелдің ұзаққа созылуы мен ауырлығын айтарлықтай төмендетеді.
Дозалау режимі
Ересектерге: 1 таблеткадан 2-3 сағат сайын
Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка
Балаларға 6 жастан бастап: 1 таблеткадан күніне 4 рет
Енгізу әдісі мен жолы
Толық ерігенше баяу сору керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күн
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе бөлімде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Сирек:
• аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабетімен ауыратын пациенттер, сондай-ақ калориясы төмен диета кезінде ескеру қажет.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек, жүктілік кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңескен дұрыс.
Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.