Дозалау режимі
Бұлшықет ішіне
Ересектер
• әрбір 24 сағатта 600 мг
• ауыр инфекцияларда: әрбір 12 сағатта 600 мг, бұл инфекцияның ауырлығымен анықталады
Балалар (1 айдан асқан)
• тәулігіне 10 мг / кг бір немесе бірнеше енгізу
• ауыр инфекцияларда: әрбір 12 сағатта 10 мг / кг
Вена ішіне
Алдын ала сұйылтусыз вена ішіне енгізуге болмайды! Енгізу жылдамдығы 60-80 тамшы/мин (5,0-10,0 мг/мин) аспауы тиіс.
Ересектер
• әрбір 8-12 сағатта 600 мг-ден 1 г дейін
• тым ауыр инфекцияларда бұл дозаларды арттыруға болады
• өмір үшін қауіп төндіретін жағдайларда, в/і енгізуге арналған тәуліктік доза 8 г дейін құрауы мүмкін.
Балалар (1 айдан асқан)
• тәулігіне 10-20 мг/кг, бұл әрбір 8-12 сағат сайын инфекцияның ауырлығына қарай анықталады.
Балаларға тәуліктік дозаны бөлінген дозаларда берген жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер.
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қан плазмасынан линкомициннің T½ артады, бұл пациенттердің осы санатында линкомицинді енгізу жиілігін төмендету үшін негіз болып табылады. Егер линкомицинмен ем бүйрек функциясының елеулі бұзылуы бар пациенттер үшін қажет болса, тиісті доза бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін ұсынылған дозаның 25-тен 30% дейінін құрауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты бұлшықет ішіне, вена ішіне (тек қана тамшылатып) қолданады.
Венаішілік енгізу кезінде натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтады.
1 г линкомицинді сұйылтуға арналған кем дегенде 100 мл тиісті ерітіндіде (декстрозаның немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі) сұйылтады, бұл ретте инфузияның ұзақтығы кем дегенде 1 сағат болуы тиіс.
Доза — Сұйылтуға арналған ерітіндінің көлемі, мл-де — Инфузия уақыты, сағ
600 мг — 100 мл — 1 сағ
1 г — 100 мл — 1 сағ
2 г — 200 мл — 2 сағ
3 г — 300 мл — 3 сағ
4 г — 400 мл — 4 сағ
Көрсетілген дозаларды қайта енгізуге болады, енгізу жиілігі қажетіне қарай анықталады, бұл ретте тәуліктік доза 8 г құрайтын линкомициннің ең жоғары ұсынылған дозасынан аспауы тиіс.
Ескерту. Егер бұл препарат ұсынылғаннан жоғары концентрацияда және жоғары жылдамдықпен енгізілсе, жүрек-қантамыр және өкпе жүйесі тарапынан ауыр реакциялар пайда болуы мүмкін.
Емдеу ұзақтығы
β-гемолизистік стрептококк туындатқан инфекцияларды емдеу кем дегенде 10 күнге жалғасуы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қатысты емес
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Препаратты қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі
• жүрек айнуы, құсу, диарея
Жиі емес
• қынаптық инфекциялар
• тері бөртпесі, есекжем
Сирек
• стоматит
• қышыну
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
• жалғанжарғақшалы колит, Clostridium difficile колит
• панцитопения, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопениялық пурпура
• анафилаксиялық реакцияларды, ангионевроздық ісінуді, сарысу құю ауруын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары.
• құлақтағы шуыл, вертиго
• кардиореспираторлық тоқтау
• гипотензия, тромбофлебит **
• энтероколит, эзофагит, глоссит, іштің ауырсынуы
• сарғаю және бауырдың функциялық жай-күйі көрсеткіштерінің өзгеруі, трансаминазалар деңгейі жоғарылуы
• Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, буллезді дерматит, эксфолиативті дерматит
• бүйрек функциясы бұзылуы, олигурия, протеинурия, азотемия*
• инъекция орнындағы стерильді абсцесстер ***, инъекция орнындағы индурация***, инъекция орнындағы ауыру***, инъекция орнындағы тітіркену ***.
* Линкомицинді қолдану мен бүйрек тарапынан бұзылу арасында тікелей байланыс анықталған жоқ.
** Реакция венаішілік қолданудан кейін байқалған. Қауіпті тұрақты венаішілік катетерлерді пайдаланудан аулақ болу арқылы азайтуға болады.
*** Инъекция кезінде байқалған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz