Миелосупрессия
Линезолидпен ем қабылдайтын пациенттерде миелосупрессия (соның ішінде анемия, лейкопения, тромбоцитопения және панцитопения) тіркелді. Дәрілік затты пайдалануды тоқтатқаннан кейін белгілі нәтижелері бар жағдайларда гематологиялық параметрлердің мәндері емдеуді бастар алдында байқалған деңгейге дейін қалпына келтірілді. Тромбоцитопения бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде, олар диализде ме, жоқ па, сондай-ақ бауыр функциясының орташа айқын және ауыр бұзылулары бар пациенттерде жиі байқалуы мүмкін. Линезолидпен ем қабылдайтын пациенттерде апта сайын жалпы қан талдауын, әсіресе линезолидті 2 аптадан астам қабылдайтын пациенттерде, миелосупрессиясы бар пациенттерде, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде, бауыр функциясының орташа айқын және ауыр бұзылулары бар пациенттерде, сүйек кемігінің функциясын бәсеңдететін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде, бір мезгілде бактерияға қарсы ем қабылдайтын немесе бұрын қабылдаған созылмалы инфекциялары бар пациенттерде бақылау қажет. Егер линезолидпен емдеу кезінде миелосупрессия байқалса немесе бұрыннан бар миелосупрессия кезінде қан талдауының нашарлауы байқалса, дәрілік затты қолдануды тоқтату керек.
Шеткері және оптикалық нейропатия
Линезолидпен ем қабылдаған пациенттерде шеткері және оптикалық нейропатияның даму жағдайлары байқалды, олар негізінен дәрілік затпен емнің ұзақтығы 28 күннен асатын (емнің ұзақтығы ең жоғары ұсынылғаннан асып кетті) пациенттерде тіркелді. Көру қабілетінің жоғалуына дейін үдеген оптикалық нейропатияның дамуы жағдайында емнің ұзақтығы препаратты пайдаланудың ең ұзақ ұсынылған ұзақтығынан асып түсті. Линезолидпен 28 күннен аз ем уақыт ем қабылдаған кейбір пациенттерде көру айқындылығының бұзылуы байқалды. Балаларда сондай-ақ шеткері және оптикалық нейропатия тіркелді.
Егер пациенттерде көру жітілігінің өзгеруі, түс көрудің өзгеруі, көру айқындығының бұзылуы немесе көру өрісінің ақаулары сияқты көру бұзылуларымен байланысты симптомдар байқалса, оларға дереу офтальмологиялық тексеруден өту ұсынылады. Көру функцияларын препаратты ұзақ уақыт бойы (≥ 3 ай) қабылдаған барлық пациенттерде, сондай-ақ емнің ұзақтығына қарамастан көру мүшесі тарапынан жаңа симптомдар байқалатын барлық пациенттерде бақылау қажет. Егер шеткері немесе оптикалық нейропатия пайда болса, пациенттерде препаратты одан әрі қолданудың потенциалды қауіптермен пайдасының арақатынасын бағалау керек.
Серотонинді синдром
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) сияқты антидепресанттарды қоса, линезолид пен серотонинергиялық дәрілерді біріктірілген қолданумен байланысты пациентерде серотонинді синдромның дамуы туралы өздігінен келіп түскен хабарламалар тіркелген.
Карциноидты синдромы бар пациенттерде және/немесе келесі препараттардың қандай да бірін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде линезолидті пайдалану: серотонинді кері қармайтын тежегіштер, үшциклді антидепрессанттар, бупропион, буспирон, 5-HT1-серотонинді рецепторлардың агонистері (триптандар) және меперидинді қоса, апиындар, бұл өте қажет жағдайларды қоспағанда, ұсынылмайды; мұндай жағдайларда серотонинді синдромның немесе қатерлі нейролептикалық синдромның белгілерін және/немесе симптомдарын анықтау мақсатында пациенттерді мұқият бақылау керек.
Кейбір жағдайларда серотонинергиялық антидепрессантпен немесе буспиронмен ем қабылдап жүрген пациенттерде линезолидпен шұғыл ем қажет болуы мүмкін. Баламалы ем болмаған жағдайда, линезолидпен емдеудің потенциалды артықшылықтары серотонинді синдромның немесе қатерлі нейролептикалық синдромның даму қаупінен асып кетсе, серотонергиялық антидепрессантпен емдеуді дереу тоқтатып, линезолидпен емдеуді бастау керек. Пациентті 2 апта бойы (5 апта, егер флуоксетинмен емдеу жүргізілсе) немесе линезолидтің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде, қайсысы ертерек болса, бақылауда болуы тиіс. Серотонинді синдромның немесе қатерлі нейролептикалық синдромның симптомдарына гипертермия, бұлшықеттің сіресуі, миоклонус, вегетативті жүйке жүйесінің тұрақсыздығы және психикалық жағдайдың өзгеруі, соның ішінде делирий мен комаға дейін үдейтін күшті қозу жатады. Сондай-ақ, пациент антидепрессантты қабылдауға байланысты тоқтату симптомдарын анықтау мәніне бақылауда болуы тиіс (медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы тиісті препараттарды тоқтату симптомдарына байланысты тиісті ақпаратты қараңыз).
Грамоң микроорганизмдерден туындаған катетермен астасқан инфекциялары бар пациенттерде клиникалық зерттеулердегі өлім-жітім көрсеткіштерінің теңгерімсіздігі
Өлім-жітім көрсеткіштерінің теңгерімсіздігі линезолид қабылдаған пациенттерде ванкомицинмен/диклоксациллинмен/оксациллинмен салыстырғанда тамырішілік катетермен астасқан инфекциялары бар (тиісінше 78/363 (21,5%) және 58/363 (16,0%); мүмкіндіктер қатынасының көрсеткіші 1,426 құрады сенімділік аралығы 95%: 0,970-2,098) ауыр науқастарда ашық зерттеуде байқалды. Себеп-салдарлық байланыс анықталмады, алайда тіркелген теңгерімсіздік негізінен линезолид қабылдаған пациенттерде байқалды, оларда емнің бастапқы кезеңінде грамтеріс микроорганизмдер немесе грамтеріс және грамоң микроорганизмдер анықталды немесе инфекцияны тудыратын микроорганизмдер анықталмады және тек грамоң микроорганизмдер анықталған пациенттерде байқалмады.
Линезолид көрсетілмеген және оны тамырішілік катетермен астасқан қан ағымы инфекциялары немесе катетер орнатылған жерде дамитын инфекциялары бар пациенттерде емдеу үшін пайдаланбаған жөн.
Линезолид грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді емес және грамтеріс микроорганизмдер туындататын инфекцияларды емдеу үшін көрсетілмеген. Грамтеріс микроорганизмдер тудыратын инфекцияларды спецификалық емдеуді, егер қатарлас грамтеріс микроорганизмдер анықталса немесе оның болуы болжанса, дереу бастау өте маңызды.
Clostridium difficile туындатқан диарея
Линезолидті қоса, барлық дерлік антибиотиктерді қолданғанда, Clostridium difficile туындаған диарея пайда болған жағдайлары туралы хабарланды; көріністердің ауырлығы диареяның жеңіл түрінен өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқуы мүмкін. Микробқа қарсы дәрілермен емдеу тоқ ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл Clostridium difficile шамадан тыс өсуіне әкеледі.
Clostridium difficile туындаған диареяның дамуына ықпал ететін Clostridium difficile А және В токсиндерін өндіреді. Clostridium difficile гипертоксин өндіретін штамдары аурушаңдық пен өлім-жітімнің жоғарылауымен байланысты, өйткені мұндай жағдайларда микробқа қарсы дәрілерге тұрақтылық байқалуы мүмкін және колэктомия қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Clostridium difficile туындаған диареяны микробқа қарсы дәрілерді қабылдағаннан кейін диарея байқалған барлық пациенттерде ескеру қажет.
Анамнезді мұқият жинау керек, өйткені Clostridium difficile туындаған диареяның дамуы микробқа қарсы дәрілерді қабылдағаннан кейін 2 айдан астам уақыт өткен соң хабарланған.
Clostridium difficile туындатқан расталған немесе болжамды диарея жағдайында Clostridium difficile қатысты жүргізілмейтін жалғасып жатқан бактерияға қарсы емді тоқтату керек. Клиникалық көрсетілімдер болған кезде сұйықтық пен электролит теңгерімін тиісті түрде реттеу, ақуызды диетаны пайдалану, Clostridium difficile қатысты белсенді микробқа қарсы дәрілермен емді жүргізу, сондай-ақ хирургиялық араласу қажеттілігіне бағалау жүргізу қажет.
Артериялық қысымның жоғарылауымен байланысты потенциалды өзара әрекеттесулер
Артериялық қысымның жоғарылау мәніне тиісті бақылау болмаған жағдайда линезолидті бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, феохромоцитомасы, тиреотоксикозы бар пациенттерде және/немесе келесі препараттар топтарының қандай да бірін қабылдайтын пациенттерде пайдаланбаған жөн: тікелей және жанама әсер ететін симпатомиметикалық дәрілер (мысалы, жалған эфедрин), вазопрессорлық дәрілер (мысалы, адреналин, норадреналин), допаминергиялық дәрілер (мысалы, допамин, добутамин).
Лактоацидоз
Линезолидпен емдеу кезінде пациенттерде лактоацидоз байқалды. Тіркелген жағдайларда пациенттерде жүрек айнуы мен құсудың қайталанған эпизодтары байқалды. Қайталанатын жүрек айнуы немесе құсу, айқын себепсіз ацидоз дамитын немесе линезолидпен емдеу кезінде қандағы бикарбонаттардың төмен деңгейі байқалатын пациенттер дереу тексерілуі тиіс.
Құрысулар
Линезолидпен ем қабылдаған пациенттерде құрысулардың пайда болуы туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда пациенттерде анамнезде құрысулардың даму қаупі факторлары немесе құрысулық синдром болған.
Рабдомиолиз
Линезолидті, соның ішінде таблетка түрінде пайдаланғанда рабдомиолиздің дамуы туралы хабарланды. Егер пациентте бұлшықет ауыруы, пальпация кезінде ауырсыну немесе бұлшықет әлсіздігі, несептің түсінің қараюы немесе қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы сияқты рабдомиолиздің белгілері немесе симптомдары байқалса препаратты қабылдауды тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Гипогликемия
Линезолидпен (қайтымды селективті емес МАО тежегіші) емдеу кезінде инсулинмен немесе пероральді гипогликемиялық дәрілермен ем қабылдаған қант диабеті бар пациенттерде маркетингтен кейінгі кезеңде симптоматикалық гипогликемия жағдайлары туралы хабарланды. Кейбір МАО тежегіштерін қабылдаған кезде инсулин немесе гипогликемиялық дәрілер қабылдайтын қант диабеті бар пациенттерде гипогликемия эпизодтары байқалды. Линезолид пен гипогликемия арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталмады, бірақ қант диабеті бар пациенттер линезолидпен емдеу кезінде ықтимал гипогликемиялық реакциялар туралы хабардар болуы тиіс.
Гипогликемия пайда болған кезде инсулин немесе пероральді гипогликемиялық дәрінің дозасын төмендету немесе пероральді гипогликемиялық дәріні, инсулинді немесе линезолидті қабылдауды тоқтату қажеттілігі пайда болуы мүмкін.
Гипонатриемия және/немесе антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес секрециясының синдромы (syndrome of inappropriate antidiuretic hormone secretion, SIADH)
Линезолидпен ем қабылдаған пациенттерде маркетингтен кейінгі кезеңде гипонатриемия және/немесе SIADH даму жағдайлары туралы хабарланды. Хабарланған жағдайларда белгілер мен симптомдарға сананың шатасуы, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік кірді, ал ауыр жағдайларда тыныс алу жеткіліксіздігі дамыды, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар тіркелді. Егде жастағы пациенттерде, диуретиктерді қабылдайтын пациенттерде және линезолидті қабылдау кезінде гипонатриемия және/немесе SIADH даму қаупі бар басқа пациенттерде қан сарысуындағы натрий деңгейін тұрақты мониторингілеу қажет. Егер гипонатриемия және/немесе SIADH белгілері мен симптомдары пайда болса, препаратты пайдалануды тоқтатып, тиісті демеуші емді жүргізу қажет.
Резистентті микроорганизмдердің дамуы
Линезолидті клиникалық көрсетілімдер немесе бактериялық инфекцияға күдік болмаған кезде, сондай-ақ профилактика ретінде пайдалану негізді емес және резистентті микроорганизмдердің даму қаупін арттырады.
Қосымша заттар
Линозидтің құрамында бір таблеткада 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни «құрамында натрий жоқ» дерлік.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Қауіптердің қысқаша бейіні
Жүктілік кезеңінде әйелдерде линезолидті қолдану жағдайлары туралы жарияланған және маркетингтен кейінгі есептерден алынған қол жетімді деректер препаратпен байланысты ауыр туа біткен ақаулар, түсік түсіру немесе әйел немесе шарана үшін қолайсыз нәтижелер қаупінің жоқтығы туралы куәландырады. Гестация кезеңінде (ұрықтың органогенезі кезеңі) енгізген кезде линезолид тышқандарда, егеуқұйрықтарда немесе үй қояндарында аналық организмге жүйелі әсер еткенде, шамамен 6,5 есе (тышқандар), салыстыруға болатын (егеуқұйрықтар) және 0,06-ға тең (үй қояндары) клиникалық тәжірибеде («концентрация-уақыт» қисығының астындағы аудан көрсеткіші негізінде (AUC)) емдік дозаларды пайдаланған кезде препараттың жүйелік әсер ету деңгейінен. Алайда, эмбриондар мен ұрықтардың өлімі тышқандарда жүйелі әсер ету кезінде байқалды, бұл адамдардағы жүйелік әсерден 6,5 есе көп. Препаратты ұрғашы егеуқұйрықтарға гестациядан (ұрықтың органогенезі кезеңі) лактация кезеңіне дейін енгізген кезде, тұқымдарының постнатальды өміршеңдік деңгейі жүйелі әсер ету кезінде төмендеді, бұл адамдағы (AUC көрсеткіші негізінде) жүйелік әсерге шамамен баламалы. Көрсетілген қауымдар үшін ауыр туа біткен даму ақаулары мен түсіктердің фондық қаупі белгісіз. Жүктілік кезеңінде туа біткен ақаулардың, түсік түсірудің немесе басқа жағымсыз нәтижелердің фондық қаупі әрқашан болады. Жалпы АҚШ тұрғындарының арасында клиникалық расталған жүктілік кезінде ауыр туа біткен даму ақаулары мен түсіктердің болжамды фондық қаупі сәйкесінше 2-4% және 15-20% құрайды.
Бала емізу
Қауіптердің қысқаша бейіні
Линезолид емшек сүтімен бөлінеді. Жарияланған есептердегі деректерге сүйене отырып, бала емшек сүтімен ала алатын линезолидтің тәуліктік дозасы балаларға (әр 8 сағат сайын 10 мг/кг) ұсынылатын емдік дозаның шамамен 6-9% құрайды. Линезолидтің емшек еметін балаларға әсері туралы ақпарат жоқ; диарея және құсу линезолидті ем ретінде қабылдаған балалардағы клиникалық зерттеулерде тіркелген едәуір жиі жағымсыз реакциялар болып табылады. Линезолидтің емшек сүтінің өндірісіне әсері туралы ақпарат жоқ. Емшек емізудің баланың дамуы мен денсаулығына тигізетін пайдасын, сондай-ақ линезолидпен емдеудің әйел үшін клиникалық маңыздылығын және емшек еметін бала үшін препараттың немесе әйелдің негізгі ауруының кез келген потенциалды жағымсыз реакцияларын ескеру қажет.
Клиникалық ұсынымдар
Лактация кезеңінде линезолидпен ем қабылдайтын әйелге емшек еметін баланы диарея мен құсудың даму мәніне мониторингілеу қажеттілігі туралы хабарлау қажет.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге линезолидпен емдеу кезінде бас айналу және көру қабілетінің бұзылуы сияқты симптомдардың дамуы мүмкін екендігі туралы хабарлауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген симптомдар пайда болған жағдайда пациенттерге автокөлікті немесе механизмдерді басқармаған жөн.