Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
- кандидоз, ауыз қуысының кандидозы, қынап кандидозы, зеңдік инфекциялар
- анемия
- ұйқысыздық
- бас ауыруы, дәмнің бұрмалануы, (ауыздағы металл дәмі), бас айналу
- артериялық гипертензия
- диарея, жүрек айну, құсу, іштің локализацияланған немесе таралған ауыруы, іш қату, диспепсия
- бауырдың функционалдық көрсеткіштері тарапынан бұзылулар; қандағы аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза немесе сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
- қышыну, бөртпе
- қан мочевинасының азот деңгейінің жоғарылауы
- дене температурасының жоғарылауы, локализацияланған ауырсыну
Жиі емес
- вагинит
- лейкопения*, нейтропения, тромбоцитопения*, эозинофилия
- гипонатриемия
- құрысулар*, гипестезия, парестезия
- көру айқындығының бұзылуы*
- құлақтағы шуыл
- аритмия (тахикардия)
- транзиторлы ишемиялық шабуылдар, флебит, тромбофлебит
- панкреатит, гастрит, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, глоссит, сұйық нәжіс, стоматит, тілдің түсінің өзгеруі және бұзылуы
- қандағы жалпы билирубин деңгейінің жоғарылауы
- есекжем, дерматит, қатты терлеу
- бүйрек жеткіліксіздігі, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, полиурия
- вульвовагинальді бұзылыстар
- қалтырау, әлсіздік, инъекция орнындағы ауырсыну, айқын шөлдеу
Сирек
- антибиотикпен астасқан колит, псевдомембранозды колитті қоса алғанда*
- панцитопения*
- көру өрісінің ақаулары*
- тіс түсінің беткейлік өзгеруі
Жиілігі белгісіз
- миелосупрессия*, сидеробластикалық анемия*
- анафилаксия
- лактоацидоз*
- серотонин синдромы^, шеткері нейропатия*
- оптикалық нейропатия*, көру жүйкесінің невриті*, көру қабілетінің жоғалуы*, көру өткірлігінің өзгеруі*, түс ажыратудың өзгеруі*
-Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз, ангионевроздық ісіну, алопеция сияқты буллезді тері зақымдануы.
Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне әсері: жиі - қандағы лактатдегидрогеназа, креатинкиназа, липаза, амилаза және постпрандиальді глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қандағы жалпы ақуыз, альбумин, натрий немесе кальций деңгейінің төмендеуі, қандағы бикарбонаттар немесе калий деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі, қандағы нейтрофилдер немесе эозинофилдер санының жоғарылауы, гемоглобин, гематокрит немесе эритроциттер санының төмендеуі, тромбоциттер немесе лейкоциттер санының жоғарылауы немесе төмендеуі; сирек - қандағы натрий немесе кальций деңгейінің жоғарылауы, қандағы хлоридтер деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі; қандағы ретикулоциттер санының жоғарылауы, қандағы нейтрофилдер санының төмендеуі.
* Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары бөлімін қараңыз.
^ Қолдануға болмайтын жағдайлар және Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі бөлімдерін қараңыз
# Төмендегіні қараңыз
Линезолидті қолданғанда сирек, іштің локализацияланған ауыруы, транзиторлы ишемиялық шабуылдар және артериялық гипертензия сияқты жағымсыз реакциялар ауыр ағымға ие болды.
# Бақыланатын клиникалық зерттеулерде линезолидпен емдеу ұзақтығы 28 күн және одан аз болған пациенттердің 2% -ында анемия байқалды. Қайырымдылық қолдау көмегімен жүргізілетін клиникалық зерттеулерде өмірге қауіп төндіретін инфекциялармен және қатар жүретін аурулармен ауыратын пациенттерде 28 күн бойы линезолидпен емдеу кезінде анемия 2,5% жағдайда (33/1326), ал 28 күннен астам емдеу кезінде - 12,3% жағдайда (53/430) дамыды. Линезолидпен емдеу аясында дамыған ауыр анемиясы бар пациенттерде қан құю процедурасы емдеу ұзақтығы 28 күн және одан аз болған кезде 9% жағдайда (3/33) және емдеу ұзақтығы 28 күннен астам болған кезде 15% жағдайда (8/53) жүргізілді.
Балалар
500-ден астам бала (туғаннан бастап 17 жасқа дейінгі) қатысқан клиникалық зерттеулерде алынған линезолидті қолдану қауіпсіздігі туралы деректер балалардағы дәрілік заттың қауіпсіздік бейіні ересектердегіден өзгеше емес екенін көрсетеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz