Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
- ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы, қынаптық кандидоз, зең инфекциялары
- анемия*
- ұйқысыздық
- бас ауыру, дәм сезудің бұрмалануы (ауыздың «темір» татуы), бас айналу
- артериялық гипертензия
- диарея, жүрек айну, құсу, іш тұсының оқшаулап немесе жайылып ауыруы, іш қату, диспепсия
- бауырдың функциялық тест нәтижелерінің өзгеруі, бауыр ферменттерінің (аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (ACT), сілтілік фосфатаза (СФ) белсенділігінің артуы
- тері бөртпесі, қышыну
- қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы
- қызба, ошақталған ауырсыну
- нейтрофилдер, эозинофилдер санының көбеюі, гемоглобиннің, гематокриттің немесе эритроциттер санының азаюы, тромбоциттер немесе лейкоциттер санының көбеюі немесе азаюы, лактатдегирогеназа, креатинкиназа, липаза, амилаза белсенділігінің жоғарылауы, глюкоза концентрациясының ашқарында емес жоғарылауы, жалпы ақуыздың, альбуминнің, натрийдің немесе кальцийдің азаюы, калийдің немесе бикарбонаттардың көбеюі немесе азаюы
Жиі емес
- вагинит
- лейкопения*, нейтропения, тромбоцитопения*, эозинофилия
- гипонатриемия
- гипогликемия
- құрысулар*, гипестезия, парестезия
- көрудің бұлыңғырлануы*
- құлақтың шыңылдауы
- аритмия, тахикардия, транзиторлық ишемиялық шабуыл
- флебит, тромбофлебит
- панкреатит, гастрит, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, глоссит, стоматит, тілдің шырышты қабығы түсінің өзгеруі, сұйық нәжіс
- жалпы билирубин концентрациясының жоғарылауы
- есекжем, дерматит, шамадан тыс терлеу
- бүйрек жеткіліксіздігі, қан плазмасындағы креатинин концентрациясының жоғарылауы, полиурия
- қынап пен вульва тарапынан бұзылулар
- қалтырау, шаршау, шөлдеу
- қан плазмасындағы натрий немесе кальций мөлшерінің көбеюі, глюкоза концентрациясының ашқарында емес төмендеуі, хлоридтердің көбеюі немесе азаюы, ретикулоциттер санының көбеюі, нейтрофилдер санының азаюы
Сирек
- антибиотиктерді қолданудан туындаған колит (соның ішінде жарғанжарғақшалы колит)*
- панцитопения*
- көру аймағының тарылуы*
- тіс эмалі түсінің беткейлік өзгеруі
- түкпен қапталған сияқты көрінетін тіл беткейінің қараюы
- рабдомиолиз*
Жиілігі белгісіз
- миелосупрессия*, сидеробластты анемия*
- анафилаксия
- лактоацидоз*
- серотониндік синдром, шеткері нейропатия*
- көру жүйкесінің нейропатиясы*, көру жүйкесінің невриті*, көрмей қалу*, көз көргіштігінің өзгеруі*, түс көру қабілетінің өзгеруі*
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, ангионевроздық ісіну, алопеция сияқты буллезді бұзылыстар
* «Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз.
Линезолидті сирек жағдайларда қолданған кезде келесі жағымсыз әсерлер ауыр санатқа жатқызылды: іш тұсындағы оқшауланған ауыру, транзиторлық ишемиялық шабуыл, артериялық гипертензия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz