Әсер ету механизмі
Липримар ST – 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА мевалон қышқылына айналдыратын ГМГ-КоА-редуктаза - ферментінің іріктелген бәсекелес тежегіші - холестеринді қоса, стероидтар ізашары. Гомозиготалы және отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның отбасылық емес түрлері және аралас дислипидемиясы бар науқастарда Липримар ST қан плазмасында жалпы холестерин (ХС), тығыздығы төмен липопротеидтер холестерині және аполипопротеин В, сондай-ақ тығыздығы өте төмен липопротеидтер холестерині (ХС-ТӨТЛП) және триглицеридтер мөлшерін төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині (ХС-ТЖЛП) және аполипопротеин A-1 мөлшерінің тұрақсыз жоғарылауын туғызады. Липримар ST жалпы холестерин, ХС-ТТЛП, ХС-ТӨТЛП, аполипопротеин B, триглицерилдер және ХС емес-ТЖЛП деңгейін төмендетеді және оқшауланған гипертриглицеридемиясы бар пациенттерде ХС-ТЖЛП деңгейін жоғарылатады. Липримар ST дисбеталипопротеинемиясы бар пациенттерде аралық тығыздықты липопротеин (ХС-АТЛП) холестеринінің өндірілуін бәсеңдетеді.
Бауырда триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) құрамына кіреді, қан плазмасына түседі және шеткері тіндерге тасымалданады. ТӨТЛП-дан тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) түзіледі, олар ТТЛП жоғары аффинді рецепторларымен өзара әрекеттескенде катаболизденеді.
Липримар ST ГМГ-КоА-редуктаза мен бауырда холестерин синтезін тежей отырып және ТТЛП сіңірілуі мен катаболизмін белсендіру үшін бауыр жасушалары беткейінде ТТЛП рецепторлар санын арттыра отырып, плазмада холестерин мен липопротеиндер деңгейін төмендетеді; Липримар ST сондай-ақ, ТТЛП өндірілуін бәсеңдетеді және ТТЛП бөлшектері санын төмендетеді. Липримар ST липидтер деңгейін төмендететін басқа дәрілік заттарға сирек жауап беретін популяцияда гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы (ТГ) бар пациенттерде ХС-ТТЛП деңгейін төмендетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Липримар ST препаратының өзі және оның кейбір метаболиттері фармакологиялық белсенді болып табылады. Негізгі әсер ету орны холестерин синтезі мен ТТЛП клиренсінің негізгі орны болып табылатын бауыр болып табылады. ХС-ТТЛП деңгейінің төмендеуі препараттың жүйелі концентрациясына қарағанда препараттың дозасына байланысты болуы мүмкін. Препарат дозасын жеке таңдау емдік жауапқа негізделуі тиіс
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
«Англия-скандинавияның жүрек ауруларының нәтижелерін зерттеуінде» (Anglo-Scandinavian Cardiac Outcomes Trial — ASCOT) жүректің коронарлық ауруының өліммен аяқталатын немесе өліммен аяқталмайтын нәтижесіне Липримар ST әсері артериялық гипертензиясы бар, 40–80 жас шамасындағы (орташа жас шамасы 63 жас), бұрын миокард инфарктісін бастан өткермеген және ЖХ (жалпы холестерин) деңгейлері ≤ 251 мг/дл (6,5 ммоль/л) болған 10 305 пациентте бағаланды. Бұдан өзге, пациенттердің барлығында жүрек-қантамыр ауруының келесі қауіп факторларының кемінде 3-еуі болды: ерлер (81,1 %), > 55 жас (84,5 %), шылым шегу (33,2 %), қант диабеті (24,3 %), анамнезде жақын туысында ЖКА болуы (26 %), ЖХ арақатынасы: ТЖЛП > 6 (14,3 %), шеткері қантамырлардың ауруы (5,1 %), сол жақ қарынша гипертрофиясы (14,4 %), анамнездегі ми қанайналымының бұзылуы (9,8 %), ЭКГ-да нормадан спецификалық ауытқуы (14,3 %), протеинурия/альбуминурия (62,4 %). Бұл салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде пациенттер гипертензияға қарсы ем қабылдады (АҚ мақсатты мәндері: диабетсіз пациенттер үшін < 140/90 мм сн. бағ., ал диабеті бар пациенттер үшін < 130/80 мм сн. бағ.) және, не тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST (n = 5168), не болмаса плацебо (n = 5137) қабылдау үшін зерттеуге кірістіріліп қойған пациенттер арасындағы бастапқы деңгейінің 9 сипаты ескерілген және топтардағы аталған сипаттамалардың теңгерімсіздігі төмендетілген коварианттық бейімдеу әдісінің көмегімен бөлінді. Пациенттерде курстың медианалық ұзақтығы 3,3 жылды құрады.
Липримар ST тәулігіне 10 мг дозада липидтер деңгейіне әсер етуі осының алдындағы клиникалық зерттеулерде анықталғанға ұқсас болды.
Липримар ST жүректің өліммен аяқталатын коронарлық оқиғаларының да (жүректің өліммен аяқталатын коронарлық ауруы (плацебо тобында 46 жағдай және Липримар тобында 40 жағдай), өліммен аяқталмайтын МИ де жиілігін едәуір төмендетіп (плацебо тобында 108 жағдай және Липримар ST тобында 60 жағдай)), салыстырмалы қаупін 36 %-ға төмендетті ((Липримар ST тобындағы 1,9 % және плацебо тобындағы 3,0 % туындау жиілігінің негізінде), p = 0,0005 (1 суретті қараңыз)). Қауіптің төмендеуі жас шамасына, шылым шегуге, семіздікке немесе бүйрек дисфункциясының болуына қарамастан бірізді болды. Липримар ST әсері ТТЛП бастапқы деңгейіне тәуелді емес. Құбылыстар санының аздығы салдарынан, әйелдердегі нәтижелер түбегейлі тұжырым жасауға мүмкіндік бермеді.
1 сурет. Тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST өліммен аяқталмайтын миокард инфарктісі немесе жүректің өліммен аяқталатын коронарлық ауруы туындауының жиынтық жиілігіне ықпалы (ASCOT-LLA зерттеуінде)
0,0 0,5 1,0 1,5 2,0 2,5 3,0 3,5 Жылдар0,0 0,5 1,0 1,5 2,0 2,5 3,0 3,5 ЖылдарОР = 0,64 (0,50–0,83) p = 0,0005ОР = 0,64 (0,50–0,83) p = 0,0005АторвастатинПлацебоАторвастатинПлацебоТуындауының жиынтық жиілігі (%)Туындауының жиынтық жиілігі (%)
Сонымен қатар, Липримар ST реваскуляризация емшараларының салыстырмалы қаупін 42 %-ға едәуір төмендеткен (жағдайлардың туындау жиілігі: Липримар ST үшін 1,4 %, плацебо үшін 2,5 %). Өліммен аяқталатын және өліммен аяқталмайтын инсульт жиілігінің төмендеуі алдын ала белгіленген маңыздылық деңгейіне (p = 0,01) жетпесе де, салыстырмалы қаупінің 26 %-ға төмендеуімен жүретін қолайлы үрдісі байқалды (туындау жиілігі Липримар ST тобында 1,7 % және плацебо тобында 2,3 %). Емдеу топтары арасында жүрек-қантамырлық (p = 0,51) немесе басқа себептердің (p = 0,17) салдарынан өлу көрсеткіштері бойынша елеулі айырмашылық байқалмады.
Аторвастатиннің қант диабеті кезінде қолданылуына жүргізілген біріккен зерттеуде (Collaborative Atorvastatin Diabetes Study — CARDS) Липримар ST жүрек-қантамыр ауруларына (ЖҚА) ықпалы 40–75 жас шамасындағы, 2-нші типті қант диабеті бар (ДДҰ критерийлері бойынша), анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары болмаған және ТТЛП 160 мг/дл және ТГ 600 мг/дл деңгейлерімен 2838 пациентте (94 %-ы еуропалық нәсілділер, 68 %-ы ерлер) ақырғы нүктелер бойынша бағаланды. Қант диабетінен бөлек, пациенттерде келесі қауіп факторларының кемінде 1-еуі болған: зерттеу жүргізу кезінде шылым шегу (23 %), артериялық гипертензия (80 %), ретинопатия (30 %), микроальбуминурия (9 %) немесе макроальбуминурия (3 %). Гемодиализ жүргізілетін пациенттер зерттеуге кірістірілмеді. Осы көп орталықтық, плацебо-бақыланатын, салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеудің барысында пациентер Липримар ST тәулігіне 10 мг дозада (1429) немесе плацебо (1411) қабылдау үшін 1 : 1 арақатынаста кездейсоқ тәртіппен бөлінген және 3,9 жылдық медианалық кезеңі бойына қадағалау жүргізілген. Бастапқы ақырғы нүктесі кез келген негізгі жүрек-қантамыр оқиғасының: миокард инфарктісінің, өліммен аяқталатын жедел ЖКА, тұрақсыз стенокардияның, коронарлық реваскуляризацияның немесе инсульттің туындауы болды. Бастапқы талдау бастапқы ақырғы нүктесі алғаш басталған сәтте жүргізілді.
Пациенттердің бастапқы деңгейегі сипаттамалары мынадай болды: орташа жас шамасы — 62 жас; HbA1c орташа деңгейі — 7,7 %; Х-ТТЛП медианалық деңгейі — 120 мг/дл; ЖХ медианалық деңгейі — 207 мг/дл; ТГ медианалық деңгейі — 151 мг/дл; Х-ТЖЛП медианалық деңгейі — 52 мг/дл.
Тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST липидтер деңгейлеріне әсері алдыңғы клиникалық зерттеулерде анықталғанға ұқсас болды.
Липримар ST негізгі жүрек-қантамыр оқиғаларының (бастапқы ақырғы нүкте құбылыстарының) жиілігін едәуір төмендетіп (Липримар ST тобында 83 құбылыс және плацебо тобында 127 құбылыс), салыстырмалы қаупін 37 %-ға азайтты, ҚА 0,63, 95%-дық СА (0,48, 0,83) (p = 0,001) (2 суретті қараңыз). Липримар ST әсері жас шамасына, жынысына немесе липиддің бастапқы деңгейіне тәуелді болмады.
Липримар ST инсульт қаупін — 48 %-ға (Липримар ST тобында 21 құбылыс және плацебо тобында 39 құбылыс), ҚА 0,52, 95%-дық СА (0,31, 0,89) (p = 0,016) және МИ қаупін — 42 %-ға едәуір төмендетті (Липримар ST тобында 38 құбылыс және плацебо тобында 64 құбылыс), ҚА 0,58, 95,1%-дық СА (0,39, 0,86) (p = 0,007). Емдеу топтары арасында стенокардиядан, реваскуляризация емшаралары мен жедел ЖКА салдарынан өлу көрсеткіштері бойынша елеуі айырмашылық байқалған жоқ.
Липримар ST тобында өліммен аяқталатын 61 жағдай, ал плацебо тобында — 82 жағдай тіркелді (ҚА 0,73, p = 0,059).
2 сурет. CARDS зерттеуінде тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST негізгі жүрек-қантамырлық оқиға (миокард инфарктісі, өліммен аяқталатын жедел ЖКА, тұрақсыз стенокардия, коронарлық реваскуляризация немесе инсульт) туындағанға дейінгі уақытқа ықпалы
ПлацебоАторвастатинПлацебоАторвастатин
Жиынтық қаупі (%)Жиынтық қаупі (%)
ОР = 0,63 (0,48–0,83) p = 0,0001ОР = 0,63 (0,48–0,83) p = 0,0001
Келесі қадағаланған 4 жыл ішіндегі бастапқы ақырғы нүктеге дейінгі уақыт (жылмен)Келесі қадағаланған 4 жыл ішіндегі бастапқы ақырғы нүктеге дейінгі уақыт (жылмен)
Жаңа нысаналарға әсер етуімен (Treating to New Targets Study — TNT) емін зерттеуде тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST мен тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST жүрек-қантамыр оқиғалары жиілігінің төмендеуіне ықпалы жүректің клиникалық тұрғыдан расталған коронарлық ауруы бар, Х-ТТЛП мақсатты < 130 мг/дл деңгейіне тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST қабылдаудың 8 апталық ашық дайындық кезеңінен қол жеткізген 10 001 пациентте салыстырылды (94 %-ы еуропалық нәсілділер, 81 %-ы ерлер, 38 %-ы ≥ 65 жас шамасында)
Пациенттер не тәулігіне 10 мг, не тәулігіне 80 мг Липримар ST қабылдау үшін кездейсоқ тәртіппен бөлінді және 4,9 жылдық медианалық кезең бойына қадағаланды. Бастапқы ақырғы нүктесі негізгі жүрек-қантамыр ауруларының (НЖҚА) кез келгені: ЖКА салдарынан өлу, өліммен аяқталмайтын миокард инфарктісі, жүрек тоқтап қалғанда реанимация жүргізу және өліммен аяқталатын және өліммен аяқталмайтын инсульт алғаш туындағанға дейінгі уақыт болды. Х-ТТЛП, ЖХ, ТГ, ТЖеЛП холестерині мен ТЖЛП орташа деңгейлері 12 аптадан соң 80 мг дозадағы Липримар ST емдеген кезде 73, 145, 128, 98 және 47 мг/дл құрады және 10 мг дозадағы Липримар ST емдеген кезде 99, 177, 152, 129 және 48 мг/дл.
Тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST емдеу салыстырмалы қауіптің 22 %-ға төмендеуі жағдайында, НЖҚО жиілігін едәуір төмендетті (тәулігіне 10 мг дозадағы топтағы 548 оқиғамен салыстырғанда тәулігіне 80 мг дозадағы топта 434 оқиға) ҚА 0,78, 95%-дық СА (0,69, 0,89), p = 0,0002 (төменде келтірілген 3 суретті және кестені қараңыз). Қауіптің жалпы төмендеуі жас шамасына (< 65, ≥ 65) немесе жынысқа қарамастан бірізді болды.
3 сурет. Тәулігіне 80 мг және тәулігіне 10 мг дозалардағы Липримар ST негізгі жүрек-қантамыр оқиғалары (TNT) туындағанға дейінгі уақытқа ықпалы
0,20,100,20,10
Аторвастатин 10 мгАторвастатин 80 мгАторвастатин 10 мгАторвастатин 80 мгҚұбылыстар болған пациенттер (%)Құбылыстар болған пациенттер (%)
ОР = 0,78 (0,69–0,89) p = 0,0002ОР = 0,78 (0,69–0,89) p = 0,0002Негізгі жүрек-қантамыр оқиғасының алғашқы ақырғы нүктесіне дейінгі уақыт (жылмен)Негізгі жүрек-қантамыр оқиғасының алғашқы ақырғы нүктесіне дейінгі уақыт (жылмен)
Ақырғы нүкте — Аторвастатин 10 мг (N = 5006) — Аторвастатин 80 мг (N = 4995) — ҚАа (95%-дық СА)
БАСТАПҚЫ АҚЫРҒЫ НҮКТЕ — n — (%) — n — (%)
Алғашқы негізгі жүрек-қантамыр оқиғасының ақырғы нүктесі — 548 — (10,9) — 434 — (8,7) — 0,78 (0,69, 0,89)
Бастапқы ақырғы нүктенің компоненттері
ЖКА түрткі болған өлім — 127 — (2,5) — 101 — (2,0) — 0,80 (0,61, 1,03)
Емшаралармен байланыссыз, өліммен аяқталмайтын МИ — 308 — (6,2) — 243 — (4,9) — 0,78 (0,66, 0,93)
Жүректің тоқтап қалуының реанимациялануы — 26 — (0,5) — 25 — (0,5) — 0,96 (0,56, 1,67)
Инсульт (өліммен аяқталатын және өліммен аяқталмайтын) — 155 — (3,1) — 117 — (2,3) — 0,75 (0,59, 0,96)
ЕКІНШІ АҚЫРҒЫ НҮКТЕЛЕР*
Ауруханаға жатқызумен ЖІЖ алғашқы жағдайы — 164 — (3,3) — 122 — (2,4) — 0,74 (0,59, 0,94)
Алғашқы ШҚА ақырғы нүктесі — 282 — (5,6) — 275 — (5,5) — 0,97 (0,83, 1,15)
Алғашқы АКШ немесе коронарлық реваскуляризацияның басқа емшарасыб — 904 — (18,1) — 667 — (13,4) — 0,72 (0,65, 0,80)
Құжат түрінде расталған алғашқы стенокардияның ақырғы нүктесіб — 615 — (12,3) — 545 — (10,9) — 0,88 (0,79, 0,99)
Кез келген себептен өлу — 282 — (5,6) — 284 — (5,7) — 1,01 (0,85, 1,19)
Кез келген себептен өлу көрсеткішін құрайтындар
Жүрек-қантамыр ауруы түрткі болған өлім — 155 — (3,1) — 126 — (2,5) — 0,81 (0,64, 1,03)
Жүрек-қантамыр ауруы түрткі болмаған өлім — 127 — (2,5) — 158 — (3,2) — 1,25 (0,99, 1,57)
Қатерлі жаңа түзілім түрткі болған өлім — 75 — (1,5) — 85 — (1,7) — 1,13 (0,83, 1,55)
Жүрек-қантамырлық емес басқа ауру түрткі болған өлім — 43 — (0,9) — 58 — (1,2) — 1,35 (0,91, 2,00)
Суицид, кісі өлтіру және жарақаттардан болған, жүрек-қантамыр ауруы түрткі болмаған басқа өлім нәтижелері — 9 — (0,2) — 15 — (0,3) — 1,67 (0,73, 3,82)
4- кесте. TNT зерттеуінде тиімділгін бағалау нәтижелерін шолу
а) 80 мг дозадағы аторвастатин: 10 мг дозадағы аторвастатин.
б) Басқа екінші ақырғы нүктелердің компоненті.
* Бастапқы ақырғы нүктеге кірістірілмеген екіншілі ақырғы нүктелер.
ҚА — қауіптердің арақатынасы, ЖКА — жүректің коронарлық ауруы, СА — сенімді аралық, МИ — миокард инфарктісі, ЖІЖ — жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, ЖҚ — жүрек-қантамырлық, ШҚА — шеткері қантамырлардың ауруы, АКШ — жүректі аортокоронарлық шунттау.
Екінші ақырғы нүктелер үшін сенімді аралықтар салыстырулардың көптігін ескере отырып түзетілмеген.
Тиімділігін бағалаудың бастапқы ақырғы нүктесін қамтитын оқиғалар үшін, тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST препаратымен емдеу емшаралармен байланыссыз, өліммен аяқталмайтын МИ мен өлімге әкелетін және әкелмейтін инсульт жиілігін едәуір төмендеткен; алайда, ЖКА және жүректің тоқтап қалуының реанимациялануы кезіндегі өлім жағдайларының жиілігі өзгермеген («TNT зерттеуінде тиімділігін бағалау нәтижелерін шолу» кестесі). Алдын ала анықталған екінші ақырғы нүктелер үшін тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST емдеу коронарлық реваскуляризацияның, стенокардияның және жүрек жеткіліксіздігі кезінде ауруханаға жатудың жиілігін едәуір төмендеткен; алайда, шеткері қантамырлар ауруларының жиілігі өзгермеді. Ауруханаға жатқызумен ЖІЖ жиілігінің төмендеуі тек анамнезінде ЖІЖ болған 8 % пациентте ғана тіркелді.
Емдеу топтары арасында кез келген себептерден өлу көрсеткіші бойынша елеулі айырмашылық байқалған жоқ («TNT зерттеуінде тиімділігін бағалау нәтижелерін шолу» кестесі). ЖКА және өліммен аяқталатын инсультті қоса, жүрек-қантамыр оқиғасынан қайтыс болған пациенттердің үлесі, саны жағынан 10 мг Липримар ST салыстырғанда, 80 мг Липримар ST тобында аз болды. Жүрек-қантамырлық емес оқиғадан қайтыс болған пациенттердің үлесі саны жағынан 10 мг Липримар ST емдеу тобындағыға қарағанда, 80 мг Липримар ST тобында көп болды.
Жүрек-қантамыр оқиғалары қаупінің төмендеуі мүмкіндігін бағалау мақсатында, 80 жасқа толмаған, анамнезінде ЖКА болған 8888 пациентте липидтер деңгейінің тым қатты төмендетудің көмегімен ақырғы нүктелер жиілігінің біртіндеп азайтылуын зерттеуде (Incremental Decrease in Endpoints Through Aggressive Lipid Lowering Study — IDEAL) тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST емдеу тәулігіне 20–40 мг дозалардағы симвастатинмен емдеумен салыстырылды. Пациенттер негізінен ерлер (81 %), еуропалық нәсілділер (99 %) болды, олардың орташа жас шамалары 61,7 жасты құрады, ал рандомизация сәтіндегі Х-ТТЛП орташа концентрациясы — 121,5 мг/дл; 76 %-ы статиндермен ем қабылдаған. Бұл проспективтік, рандомизацияланған, ашық, ақырғы нүктелерін жасырын бағалаумен, дайындық кезеңінсіз жүргізілген (prospective, randomized, open-label, blinded endpoint — PROBE) зерттеуде пациенттерге 4,8 жылдық медианалық кезең бойына қадағалау жүргізілді. Х-ТТЛП, ЖХ, ТГ, ТЖЛП және ТЖеЛП холестеринінің орташа деңгейлері 80 мг дозадағы Липримар ST емдеудің 12 аптасында 78, 145, 115, 45 және 100 мг/дл және 20–40 мг дозалардағы симвастатинмен емдеу кезеңі бойына 105, 179, 142, 47 және 132 мг/дл құрады.
Емдеу топтары арасында бастапқы ақырғы нүктесі, алғашқы негізгі коронарлық оқиғаның жиілігі (өліммен аяқталатын ЖКА, өліммен аяқталмайтын МИ және жүректің тоқтап қалуының реанимациялануы) үшін елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ: тәулігіне 20–40 мг дозалардағы симвастатин тобындағы 463-пен (10,4 %) салыстырғанда, тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST тобында 411 (9,3 %), ҚА 0,89, 95 %-дық СА (0,78; 1,01), p = 0,07.
Емдеу топтары арасында кез келген себептерн өлу көрсетіштері бойынша елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ: тәулігіне 20–40 мг дозалардағы симвастатин тобындағы 374-пен (8,4 %) салыстырғанда, тәулігіне 80 мг/дозадағы Липримар ST тобында 366 (8,2 %). Жүрек-қантамыр оқиғаларынан немесе жүрек-қантамыр оқиғасынан басқа себептерден қайтыс болған пациенттердің үлестері, тәулігіне 80 мг дозадағы Липримар ST және тәулігіне 20–40 мг дозалардағы симвастатин топтарында ұқсас болды.
Гиперлипидемия және аралас дислипидемия
Липримар ST гиперлипидемиясы (тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын гетерозиготалы) және аралас дислипидемиясы (Фредриксон жіктемесі бойынша IIa және IIb типтері) пациенттерде ЖХ, Х-ТТЛП, Х-ТӨТЛП, апоB және ТГ деңгейлерін төмендетеді және Х-ТЖЛП деңгейлерін жоғарылатады Емге жауап 2 апта ішінде көрініс береді, ал ең жоғары жауапқа, әдетте, 4 апта ішінде қол жеткізіледі және ұзақ емдеу аясына ол сақталады.
Липримар ST ерлер мен әйелдерде, сондай-ақ, егде жастағы пациенттерде гиперлипидемиясы бар, гипертриглицеридемиямен және онсыз пациенттердің түрлі популяцияларында өз тиімділігін дәлелдеді.
Гиперлипидемиясы бар пациенттерде жауаптың дозаға тәуелділігіне жүргізілген көп орталықтық, плацебо бақыланатын екі зерттеуде 6 апта бойы бір реттік дозасы түрінде қабылданған Липримар ST, ЖХ, Х-ТТЛП, апоB және ТГ едәуір төмендетті. (Біріктірілген нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.)
5-кесте. Бастапқы гиперлипидемиясы бар пациенттерде жауаптың дозаға тәуелділігі (бастапқы деңгейіне қатысты түзетілген орташа өзгерісі %)а
Дозасы — N — ЖХ — Х-ТТЛП — АпоB — ТГ — Х-ТЖЛП — Х-ТЖеЛП/Х-ТЖЛП
Плацебо — 21 — 4 — 4 — 3 — 10 — –3 — 7
10 — 22 — –29 — –39 — –32 — –19 — 6 — –34
20 — 20 — –33 — –43 — –35 — –26 — 9 — –41
40 — 21 — –37 — –50 — –42 — –29 — 6 — –45
80 — 23 — –45 — –60 — –50 — –37 — 5 — –53
а Жауаптың дозаға тәуелділігіне жүргізілген 2 зерттеудің біріктірілген нәтижелері.
Фредриксон жіктемесі бойынша IIa және IIb типті гиперлипопротеинемиясы бар пациенттерде (бақыланатын 24 зерттеудің біріктірілген деректері) 10, 20, 40 және 80 мг дозалардағы Липримар ST қабылдағандағы Х-ТЖЛП концентрацияларының бастапқы деңгейіне қатысты медианалық (25-інші және 75-інші процентилдері) пайыздық өзгеріс сәйкесінше 6,4 (–1,4, 14), 8,7 (0, 17), 7,8 (0, 16) және 5,1 (–2,7, 15) құрады. Бұдан өзге, біріккен деректердің талдауы ЖХ, Х-ТТЛП, ТГ, ЖХ/Х-ТЖЛП және Х-ТТЛП/Х-ТЖЛП деңгейлерінің бірізді және елеулі төмендеуін көрсетті.
Гиперлипидемиясы бар пациенттерге жүргізілген көп орталықтық, салыстырмалы жасырын үш зерттеуде Липримар ST басқа статиндермен салыстырылды. Рандомизациялаудан кейін пациенттер 16 апта бойы тәулігіне 10 мг дозадағы Липримар ST немесе салыстыру препаратының бекітілген дозасын қабылдады (төмендегі кестеде).
6-кесте. Ақырғы нүктедегі бастапқы деңгейіне қатысты орташа пайыздық өзгеріс (белсенді бақылаумен жүргізілген салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған зерттеулер)
Емдеу кестесі (тәуліктік дозасы) — N — ЖХ — Х-ТТЛП — АпоB — ТГ — Х-ТЖЛП — Х-ТЖеЛП/Х-ТЖЛП
1 зерттеу
Липримар ST 10 мг — 707 — –27а — –36а — –28а — –17а — +7 — –37а
Ловастатин 20 мг — 191 — –19 — –27 — –20 — –6 — +7 — –28
Айырмашылық үшін 95%-дық СА1 — –9,2, –6,5 — –10,7, –7,1 — –10,0, –6,5 — –15,2, –7,1 — –1,7, 2,0 — –11,1, –7,1
2 зерттеу
Липримар ST 10 мг — 222 — –25б — –35б — –27б — –17б — +6 — –36б
Правастатин 20 мг — 77 — –17 — –23 — –17 — –9 — +8 — –28
Айырмашылық үшін 95%-дық СА1 — –10,8, –6,1 — –14,5, –8,2 — –13,4, –7,4 — –14,1, –0,7 — –4,9, 1,6 — –11,5, –4,1
3 зерттеу
Липримар ST 10 мг — 132 — –29в — –37в — –34в — –23в — +7 — –39в
Симвастатин 10 мг — 45 — –24 — –30 — –30 — –15 — +7 — –33
Айырмашылық үшін 95%-дық СА1 — –8,7, –2,7 — –10,1, –2,6 — –8,0, –1,1 — –15,1, –0,7 — –4,3, 3,9 — –9,6, –1,9
1 95%-дық СА үшін емдеу кестелерінің айырмашылығы ретіндегі теріс мән Х-ТЖЛП басқа, барлық параметрлер бойынша Липримар ST пайдасына көрсетіп тұр, Х-ТЖЛП үшін Липримар ST пайдасына оң мән көрсетілген. Егер ауқымы 0 қамтымаса, ол айырмашылықтың статистикалық тұрғыдан маңызды екендігін білдіреді.
а Ловастатинмен елеулі айырмашылықтар, ANCOVA, p 0,05.
б Правастатинмен елеулі айырмашылықтар, ANCOVA, p 0,05.
в Симвастатинмен елеулі айырмашылықтар, ANCOVA, p 0,05.
6 кестеде берілген емдеу кестелері жағдайында липидтер деңгейлерінің өзгеруіндегі айырмашылықтардың клиникалық нәтижелерге ықпалы белгісіз. 6 кестеде 10 мг Липримар ST әсері мен ловастатиннің, правастатиннің және симвастатиннің жоғарырақ дозаларының әсері салыстырылған деректер жоқ. Зерттеулерде салыстырылған, кестеде топтастырылған препараттардың өзара алмастырылғыштығы дәлелденбеген.
Гипертриглицеридемия
Оқшау гипертриглицеридемиясы (Фредриксон жіктемесі бойынша IV типі) бар, бірнеше клиникалық зерттеу аясында ем жүргізілген 64 пациенттегі Липримар ST жауап төмендегі кестеде көрсетілген. Липримар ST қабылдаған пациенттерде ТГ медианалық (мин., макс.) бастапқы деңгейі 565 құрады (267–1502).
7-кесте. ТГ оқшау жоғарылаған деңгейлерімен пациенттер бойынша топтастырылған деректер: бастапқы деңгейіне қатысты медианалық (мин., макс.) пайыздық өзгерістер
Плацебо (N = 12) — Липримар ST 10 мг (N = 37) — Липримар ST 20 мг (N = 13) — Липримар ST 80 мг (N = 14)
Триглицеридтер — –12,4 (–36,6, 82,7) — –41,0 (–76,2, 49,4) — –38,7 (–62,7, 29,5) — –51,8 (–82,8, 41,3)
ЖХ — –2,3 (–15,5, 24,4) — –28,2 (–44,9, –6,8) — –34,9 (–49,6, –15,2) — –44,4 (–63,5, –3,8)
Х-ТТЛП — 3,6 (–31,3, 31,6) — –26,5 (–57,7, 9,8) — –30,4 (–53,9, 0,3) — –40,5 (–60,6, –13,8)
Х-ТЖЛП — 3,8 (–18,6, 13,4) — 13,8 (–9,7, 61,5) — 11,0 (–3,2, 25,2) — 7,5 (–10,8, 37,2)
Х-ТӨТЛП — –1,0 (–31,9, 53,2) — –48,8 (–85,8, 57,3) — –44,6 (–62,2, –10,8) — –62,0 (–88,2, 37,6)
Х-ТЖеЛП — –2,8 (–17,6, 30,0) — –33,0 (–52,1, –13,3) — –42,7 (–53,7, –17,4) — –51,5 (–72,9, –4,3)
Дисбеталипопротеинемия
Дисбеталипопротеинемиясы (Фредриксон жіктемесі бойынша III типі) бар 16 пациенттегі (генотиптері: 14 апоE2/E2 және 2 апоE3/E2) ашық айқаспалы зерттеудің нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.
8-кесте. Дисбеталипопротеинемиясы (Фредриксон жіктемесі бойынша III типі) бар 16 пациент қатысқан ашық айқаспалы зерттеу
Медианалық өзгерісі (мин. макс.) %
Медианалық мәні (мин., макс.) бастапқы деңгейде (мг/дл) — Липримар ST 10 мг — Липримар ST 80 мг
ЖХ — 442 (225, 1320) — –37 (–85, 17) — –58 (–90, –31)
Триглицеридтер — 678 (273, 5990) — –39 (–92, –8) — –53 (–95, –30)
Х-ЛППП + Х-ТӨТЛП — 215 (111, 613) — –32 (–76, 9) — –63 (–90, –8)
Х-ТЖеЛП — 411 (218, 1272) — –43 (–87, –19) — –64 (–92, –36)
Тұқым қуалайтын гомозиготалы гиперхолестеринемия
Қатарлас бақылаусыз зерттеуде 6–37 жас аралығындағы, ГоТҚГ бар 29 пациент Липримар ST ең жоғарғы тәуліктік 20–80 мг дозаларын қабылдаған. Бұл зерттеуде Х-ТТЛП деңгейінің орташа төмендеуі 18 % құрады. Х-ТТЛП деңгейі төмендеген 25 пациентте орташа жауап 20 % құрады (диапазон от 7 % до 53 %, медианалық мәні 24 %); қалған 4 пациентте Х-ТТЛП деңгейінің 7 %-дан 24 %-ға дейінгі аралықта жоғарылағаны тіркелді. 29 пациенттің 5-еуінде ТТЛП-рецептор функциясының бұзылғаны байқалды. Бұл 2 пациентте де портокавальді шунт анықталған және Х-ТТЛП деңгейінің елеулі төмендеуі байқалмаған. Рецептор функциясы бұзылған қалған 3 пациентте Х-ТТЛП деңгейінің орташа төмендеуі 22 % құрады.
Балалар жасындағы пациенттердегі тұқым қуалайтын гетерозиготалы гиперхолестеринемия
Салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын, кейіннен ашық фазада жүргізілген зерттеуде тұқым қуалайтын гетерозиготалы гиперхолестеринемиясы (ГеТҚГ) немесе ауыр гиперхолестеринемиясы бар, 10–17 жас аралығындағы (орташа жас шамасы 14,1 жас) 187 ұл мен етеккірі басталғаннан кейінгі қыз балалар 26 апта бойы Липримар ST (n = 140) немесе плацебо (n = 47) қабылдау үшін рандомизацияланды, содан соң олардың барлығы 26 апта бойы Липримар ST қабылдады. Зерттеуге кірістіру критерийлері: 1) Х-ТТЛП бастапқы деңгейдегі концентрациясы 190 мг/дл немесе 2) Х-ТТЛП бастапқы деңгейдегі концентрациясы 160 мг/дл және отбасылық анамнезде ТҚГ немесе туыстығы бірінші немесе екінші дәрежелі туыстарында бастапқыда туындаған жүрек-қантамыр ауруының құжат түрінде тіркелген жағдайлары болды. Х-ТТЛП бастапқы деңгейдегі орташа мәні Липримар ST тобында 218,6 мг/дл (аралығы: 138,5–385,0 мг/дл), ал плацебо тобында — 230,0 мг/дл (аралығы: 160,0–324,5 мг/дл) құрады. Липримар ST дозасы (тәулігіне бір рет) алғашқы 4 апта ішінде 10 мг құрады, содан соң егер Х-ТТЛП деңгейі > 130 мг/дл болса, біртіндеп дозалары 20 мг дейін арттырылды. Липримар ST қабылдаған, 4 аптадан соң дозасын 20 мг дейін біртіндеп арттыру қажет болған пациенттер саны салыстырмалы жасырын фаза кезінде 78 адамды (55,7 %) құрады.
9 кесте. Липримар ST 26 апталық салыстырмалы жасырын фаза кезінде плазмадағы ЖХ, Х-ТТЛП, триглицеридтер және аполипопротеин B деңгейлерін айтарлықтай төмендетті (төмендегі кестені қараңыз).
9-кесте. Тұқым қуалайтын гетерозиготалы гиперхолестеринемиясы немесе ауыр гиперхолестеринемиясы бар жасөспірім ұлдар мен қыз балаларда Липримар ST әсерінен липидтер деңгейлерінің өзгеруі («Ем тағайындалған пациенттер» іріктелімінде ақырғы нүктедегі бастапқы деңгейіне қатысты орташа пайыздық өзгерісі)
ДОЗАСЫ — N — ЖХ — Х-ТТЛП — Х-ТЖЛП — ТГ — Аполипопротеин B
Плацебо — 47 — –1,5 — –0,4 — –1,9 — 1,0 — 0,7
Липримар ST — 140 — –31,4 — –39,6 — 2,8 — –12,0 — –34,0
26 апталық салыстырмалы жасырын фаза кезінде қол жеткізілген Х-ТТЛП концентрациясының орташа мәні плацебо тобындағы 228,5 мг/дл (ауқымы: 152,0–385,0 мг/дл) салыстырғанда, Липримар ST тобында 130,7 мг/дл құрады (ауқымы: 70,0–242,0 мг/дл).
Сонымен қатар, аторвастатин ГеТҚГ бар, 10 жастан 15 жасқа дейінгі (82 ұл және 81 қыз) 163 пациент қатысқан 3 жылдық ашық, бақыланьайтын зерттеу барысында да зерттелді. Пациенттердің клиникалық диагнозы генетикалық талдау жолымен расталған ГеТҚГ болды (егер бұған дейін отбасылық анамнезде бары расталмаса). Шамамен 98 %-ы еуропалық нәсіл өкілдері және 1 %-ынан азы — негроидтық және монголоидтық нәсілдердің өкілдері болды. Бастапқы деңгейде Х-ТТЛП орташа мәндері 232 мг/дл құрады. Аторвастатиннің бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрады, дозалары Х-ТТЛП мақсатты < 130 мг/дл мәніне жету үшін түзетілді. Х-ТТЛП көрсеткішінің бастапқы деңгеймен салыстырғанда төмендеуі, әдетте, зерттеу барысындағы жас топтарында, сондай-ақ, осының алдындағы, ересектер қатысқан клиникалық зерттеулермен және балалар қатысқан плацебо бақыланатын зерттеулермен салыстырымды болды.
Ересектердегі ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштерінің төмендеуі тұрғысынан, балалар жасындағыларды Липримар ST емдеудің ұзақ мерзімді тиімділігі анықталмаған.