Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Лира®
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Инсульт, ми қан айналымы бұзылуының жедел фазасы және ми қан айналымы бұзылуының асқынулары мен салдарын емдеу
Өндіруші
Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 522,5 мг натрий цитиколині 100 % құрғақ затқа шаққанда (бұл цитиколинге баламалы) – 500 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, гидрогенделген майсана майы, тальк, магний стеараты;
үлбірлі қабық:
Opadry white II 85 F 18422 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 4000, тальк).
Opadry white 03 F 180011 (гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 8000).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, сызығы бар екі беті дөңес, ақ немесе ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
• инсульт, ми қан айналымы бұзылуының жедел фазасы және ми қан айналымы бұзылуының асқынулары мен салдарын емдеу
• бассүйек-ми жарақаты және оның неврологиялық салдары
• когнитивті бұзылулар және созылмалы тамырлық және дегенеративті церебральді бұзылыстарға байланысты мінез-құлықтың бұзылуы
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшасындағы құрылымдық фосфолипидтердің биосинтезін стимуляциялайды, бұл жарғақшалардың, соның ішінде ион алмастыру сорғылары мен нейрорецсепторлардың функциясын жақсартуға ықпал етеді. Жарғақшаға тұрақтандырушы әсерінің арқасында цитиколин ісінуге қарсы қасиеттерге ие, сондықтан мидың ісінуін азайтады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, цитиколин кейбір фосфолипазалардың қызметін бәсеңдетеді, бос радикалдардың қалдық шығарылуына кедергі келтіреді, жарғақшалық жүйелердің зақымдануының алдын алады және антиоксидантты қорғаныс жүйесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Цитиколин апоптоз механизмдеріне әсер ете отырып, жасушалардың қырылуына жол бермей, зақымдалған тіннің көлемін азайтады және холинергиялық берілісті жақсартады. Цитиколин сондай-ақ мидың ошақтық инсульттарында профилактикалық нейропротекторлық әсер етеді.
Цитиколин ми қан айналымының жедел бұзылуы кезінде пациенттердің жылдам функционалдық оңалуына ықпал етеді, бұл рентгенологиялық зерттеу нәтижелерімен расталатын ми тіндерінің ишемиялық зақымдануын азайтады.
Бассүйек-ми жарақаттарында цитиколин қалпына келтіру кезеңінің ұзақтығын қысқартады және жарақаттан кейінгі синдромның қарқындылығын төмендетеді.
Цитиколин ми белсенділігі деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді, амнезия деңгейін төмендетеді, ми ишемиясында байқалатын когнитивті, сенситивті және қозғалыстық бұзылыстарда жай күйді жақсартады.
Дозалау режимі
Ересектер
Ұсынылатын дозасы аурудың ауырлығына байланысты күніне 500-ден 2000 мг-ға дейін (1-4 таблетка).
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы адамдар
Осы жас тобы үшін дозаны түзету қажет емес.
Балалар:
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана қолдану керек.
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзетуді қажет етпейді.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Препараттың дозалары мен емдеу мерзімі мидың зақымдану ауырлығына байланысты және оны дәрігер белгілейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусының жоғарылауы
• 6 жасқа дейінгі балалар
Қажетті сақтық шаралары
Егер дәрілік затты қолдану кезінде симптомдар сақталса немесе жағдай нашарласа, дәрілік препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Дәрілік препараттың құрамында гидрогенделген майсана майы бар, сондықтан асқазанның бұзылуы және диарея болуы мүмкін.
Лира® препаратының құрамында 1,024 ммоль/доза натрий бар. Натрий мөлшері бақыланатын диета ұстайтын пациенттерге қолданған кезде сақтық таныту керек.
Жеке хабарламаларды қоса, өте сирек (0,001%-дан астам, бірақ 0,01%-дан аз пациенттерде кездеседі):
• елестеулер
• қатты бас ауыруы, бас айналуы
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
• ентігу
• жүрек айнуы, құсу, мезгіл-мезгіл диарея
• гиперемия, есекжем, бөртпе, пурпура
• қалтырау, ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты препаратты күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана қолдану керек.
Жүкті әйелдерде цитиколинді қолдану туралы мәліметтер жеткіліксіз.
Лира® препараты жүктілік кезінде айқын қажеттіліксіз тағайындалмауы тиіс. Препаратты қолдануға күтілетін пайда потенциалды қауіптен асып түсетін жағдайларда ғана жол беріледі.
Лактация кезеңінде Лира® препаратын тағайындағанда әйелдерге бала емізуді тоқтату керек, өйткені цитиколиннің әйел сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ.
Препараттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Лира® препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалған жоқ.
Цитиколин L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА) әсерін күшейтеді.
Центрофеноксинмен және құрамында меклофеноксат бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханалардан босату шарттары
Рецепт арқылы.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.