Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор оральный
Дозасы
100 мг/мл
Саудалық атауы
Лира®
Әсер етуші зат
Цитиколин
Мақсаты
Ми қанайналымының жедел кезеңдегі және оңалту кезеңіндегі бұзылуларында: бассүйек-ми жарақаттары және олардың салдарлары кезінде
Өндіруші
"Фармак"
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат - 104,5 мг натрий цитиколині 100 мг цитиколинге шаққанда;
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218); пропилпарагидроксибензоат (Е 216); калий сорбаты; натрий цитраты; лимон қышқылы, моногидрат; сорбит (Е 420); натрий сахарині; «Құлпынай» хош иістендіргіші; глицерин; тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден сарғыштау түске дейінгі мөлдір ерітінді
Ми қанайналымының жедел кезеңдегі және оңалту кезеңіндегі бұзылуларында:
• бассүйек-ми жарақаттары және олардың салдарлары кезінде
• мидың дегенеративтік және қантамырлық бұзылуларынан туындаған когнитивтік, сенситивтік, моторлық және нейропсихологиялық бұзылыстарда
Әсер ету механизмі
Цитиколин нейрондар жарғақшасында құрылымдық фосфолипидтер биосинтезін көтермелейді, бұл жарғақшалар функциясының жақсаруына, оның ішінде ион алмасу сорғылары мен нейрорецепторлардың жұмыс істеуіне ықпал етеді. Жарғақшаға тұрақтандыратын әсері арқасында цитиколиннің ісінуге қарсы қасиеттері болады, сондықтан ми ісінуін азайтады. Цитиколин кейбір фосфолипазалар қызметін бәсеңдететінін, қалған бос радикалдардың босап шығуына кедергі келтіретінін, жарғақша жүйелері зақымдануының алдын алатынын және қорғаныш антиоксидантты жүйенің сақталуын қамтамасыз ететінін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.
Цитиколин жасушалар қырылуын болдырмай, апоптоз механизмдеріне әсер ете отырып, зақымданған тіндер көлемін азайтады және холинергиялық берілуін жақсартады. Цитиколин ошақты ми инсульттері кезінде профилактикалық нейропротекторлық әсер етеді.
Цитиколин ми қан айналымының жедел бұзылуында рентгенологиялық зерттеулер нәтижелерімен расталатын ми тіндерінің ишемиялық зақымдануын азайтып, пациенттердің жылдам функционалдық оңалуына ықпал етеді.
Цитиколин бассүйек-ми жарақаттарында қалпына келу мерзімін қысқартады және жарақаттан кейінгі синдром қарқындылығын азайтады.
Цитиколин ми қызметі деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді, амнезия деңгейін төмендетеді, ми ишемиясында байқалатын когнитивті, сенситивті және моторлық бұзылыстарда жай-күйді жақсартады.
Дозалау режимі
Ересектерге ұсынылған доза тәулігіне 500 мг-ден (5 мл) 2000 мг (20 мл) дейін, оны 2-3 қабылдауға бөледі.
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке. Ерітіндінің қажетті мөлшерін дозалағыш шприцке сорып алады және аздаған мөлшердегі сумен араластырып, дозалағыш шприцтің көмегімен қабылдайды. Дозалағыш шприцті әр қабылдаудан кейін сумен шаю қажет.
Қолданылу жиілігі, қабылдау уақытының көрсетілуімен
Тәулігіне 500 мг-ден (5 мл) 2000 мг (20 мл) дейін, оны 2-3 қабылдауға бөледі. Ас ішуге байланыссыз қабылдау керек.
Емдеудің ұзақтығы
Препараттың дозалары мен емдеу мерзімі ми зақымдануының ауырлығына тәуелді және дәрігер жекелей белгілейді. Ұсынылатын ең аз емдеу мерзімі – 45 тәулік.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусының жоғарылауы
Өте сирек
• елестеулер
• бастың қатты ауыруы, бас айналуы
• артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, тахикардия
• диспноэ
• жүрек айнуы, құсу, диарея
• қалтырау, ісіну, аллергиялық реакциялар, соның ішінде: бөртпелер, пурпура, қышыну, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек
Фруктозаға толеранттылықтың бұзылулары бар пациенттер Лира®, ішуге арналған ерітінді препаратын қабылдамағаны дұрыс, өйткені, препараттың құрамында сорбит бар. Препараттың құрамындағы метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін (әдетте баяу типті).
Бұл дәрілік заттың 5 мл препараттың құрамында 1,2 ммоль натрий бар. Натрий-бақыланатын диетаны қолданатын пациенттерге қолдану кезінде сақ болған жөн.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылу
Цитиколинді балаларға қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануы ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жекелеген жағдайларда орталық жүйке жүйесі тарапынан кейбір жағымсыз реакциялар автокөлікті басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Цитиколиннің жүкті әйелдерге қолданылғаны туралы деректер жеткіліксіз. Цитиколиннің емшек сүтіне экскрецияланғаны және оның шаранаға әсерлері туралы деректер жоқ. Сондықтан, жүктілік немесе емшек емізу кезінде препаратты тек, егер анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін болса ғана тағайындайды.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. Препаратты құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамау керек.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға және суытуға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.