Аталған жағымсыз реакциялар негізгі аурумен және/немесе қатарлас дәрілік препараттарды қолданумен байланысты болуы мүмкін.
Жұлынның зақымдануына байланысты орталық нейропатиялық ауырсынуды емдеу кезінде жалпы жағымсыз реакциялар жиілігі, ОЖЖ жағымсыз реакциялары және әсіресе ұйқышылдық артты.
Өте жиі
• бас айналу, ұйқышылдық, бас ауыру
Жиі
• назофарингит
• тәбеттің жоғарылауы
• эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан адасу, ұйқысыздық, либидо төмендеуі
• атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, есте сақтаудың нашарлауы, зейін қоюдың нашарлауы, парестезия, гипестезия, седативті әсер, тепе-теңдіктің бұзылуы, мәңгіру
• анық көрмеу, диплопия
• вертиго
• құсу, жүрек айну*, іш қату, диарея*, метеоризм, іштің кебуі, ауыздың құрғауы
• эректильді дисфункция
• шеткері ісіну, ісіну, жүріс-тұрыстың бұзылуы, құлау, масаю сезімі, өзін нашар сезіну, қатты қажу
• дене салмағының жоғарылауы
• бұлшықет құрысулары, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, омыртқа бағанының мойын бөлігі бұлшықеттерінің түйілуі
Жиі емес
• нейтропения
• аса жоғары сезімталдық*
• анорексия, гипогликемия
• елестеулер, үрей ұстамасы, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, депрессиялық көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық*, көңіл-күйдің өзгеруі, өзін өзі танымау, сөз тауып айтуға қиналу, әдеттен тыс түстер көру, либидо жоғарылауы, аноргазмия, апатия
• естен тану, мелшию, миоклонус, естен тану*, психомоторлық аса жоғары белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивтік бұзылыс, психикалық бұзылыс*, сөйлеу бұзылысы, гипорефлексия, гиперестезия, ашыту сезімі, агевзия, дімкәстану*
• шеткері көрудің жоғалуы, көру бұзылулары, көздің ісінуі, көру аясының ақауы, көз көргіштігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрақ көз синдромы, көзжастың шамадан тыс ағуы, көздің тітіркенуі
• гиперакузия
• тахикардия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі*
• гипотензия, гипертензия, ысыну, гиперемия, аяқ-қолдың мұздауы
• ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорылдау, мұрынның шырышты қабығының құрғауы
• гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, сілекейдің көп ағуы, оральді гипестезия
• бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы**
• папулалық бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну*
• буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықет құрысулары, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің сіресуі
• несепті ұстай алмау, дизурия
• сексуалдық дисфункция, эякуляция іркілуі, дисменорея, сүтбездердің ауыруы
• жайылған ісіну, беттің ісінуі*, кеуденің қысылу сезімі, ауыру, пирексия, шөлдеу, қалтырау, астения
• қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, дене салмағының азаюы
Сирек
• ангионевроздық ісіну*, аллергиялық реакция*
• ұстамсыздық, суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлар
• құрысулар*, паросмия, гипокинезия, дисграфия, паркинсонизм
• көрмей қалу*, кератит*, осциллопсия, көру тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қитарлық, көру арқылы қабылдаудың қанықтығы
• QT аралығының ұзаруы*, синустық тахикардия, синустық аритмия
• өкпенің ісінуі*, тамақ қысылғандай сезіну
• асцит, панкреатит, тілдің ісінуі*, дисфагия
• сарғаю
• уытты эпидермалық некролиз*, Стивенс-Джонсон синдромы*, суық тер
• рабдомиолиз
• бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, олигурия, несеп іркілісі*
• аменорея, сүтбездерден бөліністердің шығуы, сүтбездердің үлкеюі, гинекомастия*
• лейкоциттер санының азаюы
Өте сирек
• бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит
Белгісіз
• дәрілік тәуелділік*
- тыныс алудың бәсеңдеуі
*Препаратты тіркеуден кейінгі кезеңде қолдану кезінде тіркелген қосымша реакциялар
**Аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы.
Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді емдеу тоқтатылғаннан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары байқалды. Келесі симптомдар тіркелді: ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айну, үрейлілік, диарея, тұмау тәрізді синдром, құрысулар, күйгелектік, депрессия, ауырсыну, гипергидроз және бас айналу. Бұл симптомдар дәрілік тәуелділіктің бар екенін көрсетуі мүмкін. Пациентке бұл туралы емдеудің басында хабарлау керек.
Прегабалинмен ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатуға қатысты қолда бар деректер тоқтату симптомдарының пайда болу жиілігі мен ауырлығы препараттың дозасына байланысты болуы мүмкін екенін айғақтайды («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімдерін қараңыз).
Балалар жасындағы пациенттер
Прегабалиннің балалар жасындағы пациенттердегі зерттеулерде байқалған қауіпсіздік бейіні ересек пациенттердегі осындайға ұқсас болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz