Төменде нарықта пайда болғаннан кейін лозартан мен гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдану кезінде хабарланған барлық жағымсыз реакциялар берілген.
Сирек
- гепатит
- гиперкалиемия
- АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
Компоненттердің бірін қолданғанда байқалған және калий лозартаны/гидрохлоротиазид қолданғанда туындауы мүмкін жағымсыз реакциялар:
Лозартан
Лозартанды клиникалық зерттеулер барысында және препаратты нарыққа шығарғаннан кейін қабылдаған кезде келесі жағымсыз реакциялар байқалды:
Жиі
- ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы
- жөтел, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, мұрын бітелуі, синусит, мұрын маңы қойнаулары тарапынан бұзылулар;
- іш тұсының ауыруы, жүрек айнуы, диарея, диспепсия
- бұлшықеттің түйілуі, арқаның ауыруы, аяқ ауыруы, миалгия
- бүйректің зақымдануы, бүйрек жеткіліксіздігі
- астения, қажығыштық, кеуденің ауыруы
- гиперкалиемия, гематокрит және гемоглобиннің аздап төмендеуі, гипогликемия
Жиі емес
- анемия, Шенлейн-Генох пупурасы (ревматоидты пурпура), экхимоздар, гемолиз
- анорексия, подагра
- мазасыздық, үрейлі бұзылыстар, үрейлі қорқыныш, сананың шатасуы, депрессия, әдеттен тыс түс көру, ұйқы бұзылуы, ұйқышылдық, жадының бұзылуы.
- күйгелектік, парестезия, шеткері нейропатия, тремор, бас сақинасы, естен тану
- көрудің бұлыңғырлануы, көздің ашуы/шаншу сезімі, конъюнктивит, көру жітілігінің төмендеуі
- бас айналуы (вертиго), құлақтағы шуыл
- гипотензия, ортостаздық гипотензия, стерналгия, стенокардия, ІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, цереброваскулярлық бұзылулар, миокард инфарктісі, жүрек соғуының жиілеуі, аритмия (жүрекше фибрилляциясы, синустық брадикардия, тахикардия, қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция)
- васкулит
- жұтқыншақ аймағындағы жайсыздық, фарингит, ларингит, ентігу, бронхит, мұрыннан қан кету, ринит, өкпенің бітелуі
- іш қату, тіс ауыруы, ауыздың құрғауы, метеоризм, гастрит, құсу, тұрақты іш қату
- алопеция, дерматит, терінің құрғауы, эритема, ысыну, фотосезімталдық, қышыну, бөртпе, есекжем, қатты терлеу
- қолдың ауыруы, буынның ісінуі, тізенің ауыруы, бұлшықет-қаңқа ауыруы, иықтың ауыруы, қимыл-қозғалыстың шектелуі, артралгия, артрит, коксалгия, фибромиалгия, бұлшықеттердің әлсіздігі
- никтурия, несеп шығаруға жиі қысылу, несеп шығару жолдарының инфекциялары
- либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция/импотенция
- беттің ісінуі, ісіну, қызба
- қан сарысуында мочевина және креатинин концентрациясының аздап жоғарылауы
Сирек
- аса жоғары сезімталдық: анафилаксиялық реакциялар, тыныс алу жолдарының обструкциясын және/немесе беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуін тудыратын көмейдің және дауыс саңылауының ісінуін қоса, ангионевроздық ісіну, кейбір пациенттерде ангионевроздық ісіну бұрын АӨФ тежегіштерін қоса, басқа дәрілік препараттарды қабылдауға байланысты дамыған.
Өте сирек
- бауыр ферменттері мен билирубин концентрациясы белсенділігінің жоғарылауы
Белгісіз
- тромбоцитопения
- дисгевзия
- дозаға тәуелді ортостаздық әсерлер
- панкреатит
- бауыр функциясының бұзылуы
- рабдомиолиз
- тұмауға ұқсас симптом, дімкәстік
- гипонатриемия
Гидрохлоротиазид
Жиі
- бас ауыруы
Жиі емес
- агранулоцитоз, сүйек кемігі аплазиясы, гемолиздік анемия, лейкопения, пурпура, тромбоцитопения
- анорексия, гипергликемия, гиперурикемия, гипокалиемия, гипонатриемия
- ұйқысыздық
- көрудің өтпелі бұлдырауы, ксантопсия
- некроздық ангиит (васкулит, тері васкулиті)
- респираторлық дистресс-синдромы, пневмонит және өкпенің кардиогендік емес ісінуін қоса
- сиалоаденит, түйілулер, асқазанның тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы
- сарғаю (бауырішілік холестаз), панкреатит
- фотосезімталдық, есекжем, уытты эпидермалық некролиз
- бұлшықеттің түйілуі
- глюкозурия, интерстициялық нефрит, бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі
- қызба, бас айналу
Сирек
- анафилаксиялық реакциялар
Өте сирек
- жедел респираторлық дистресс синдром
Белгісіз
- жедел миопия, салдарлы жедел жабық бұрышты глаукома, хориоидальді жалқық
- меланомалы емес тері обыры (базальді жасушалы обыр және жалпақ жасушалы обыр)
- қызыл жегінің терідегі түрі
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Меланомалы емес тері обыры (МЕТО): эпидемиологиялық зерттеулер барысында алынған қолда бар деректерге сәйкес гидрохлоротиазид пен МЕТО арасында кумулятивті дозаға тәуелді байланыс байқалды
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz