Жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесінің кластары мен көріну жиілігі бойынша келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі анықталмаған (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Лозартан/гидрохлортиазид
Калий лозартанымен және гидрохлортиазидпен жүргізілген клиникалық зерттеулерде осы біріктірілімге тән жағымсыз реакциялар байқалмады. Жағымсыз реакциялар калий лозартанын және/немесе гидрохлортиазидті қолдану кезінде бұрын байқалғандармен шектелді.
Эссенциальді артериялық гипертензияның бақыланатын клиникалық зерттеулерінде бас айналу препаратты қолданумен байланысты жалғыз жағымсыз реакция болды, оның туындау жиілігі лозартан мен гидрохлортиазидті қабылдаған пациенттердің 1% немесе одан да көбінде плацебоға қарағанда жоғары болды.
Осы жағымсыз реакциялардан басқа, тіркеуден кейінгі қолдану барысында келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: сирек – гепатит.
Зертханалық және құралмен тексеру деректері: сирек – гиперкалиемия, АЛТ деңгейінің жоғарылауы.
Препараттың жеке компоненттерінің бірін қолданған кезде келесі жағымсыз реакциялар байқалды және калий лозартаны/гидрохлортиазид біріктірілімін қолданған кезде әлеуетті жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:
Лозартан
Клиникалық зерттеулерде және тіркеуден кейінгі қолдану барысында лозартанға қатысты келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі емес - анемия, Шенлейн-Генох пурпурасы (геморрагиялық васкулит), экхимоздар, гемолиз; жиілігі белгісіз – тромбоцитопения.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек – аса жоғары сезімталдық реакциялары: анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, соның ішінде тыныс алу жолдарының обструкциясының дамуымен көмей мен дауыс саңылауының ісінуі және/немесе беттің, еріннің, жұтқыншақтың және/немесе тілдің ісінуі; осы пациенттердің кейбірінде АӨФ тежегіштерін қоса, басқа препараттарды қолдануға байланысты анамнезінде ангионевроздық ісіну туралы хабарланған.
Метаболизм мен тамақтанудың бұзылуы: жиі емес - анорексия, подагра.
Психикалық бұзылулар: жиі - ұйқысыздық; жиі емес – мазасыздық, үрейлі бұзылыс, паникалық бұзылыс, сананың шатасуы, депрессия, әдеттен тыс түс көру, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, жадының бұзылуы.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі - бас ауыруы, бас айналу; жиі емес –жоғары қозу, парестезия, шеткері нейропатия, тремор, бас сақинасы, естен тану; жиілігі белгісіз – дисгевзия.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: жиі емес - бұлыңғыр көру, көздің ашуы/шаншуы, конъюнктивит, көру өткірлігінің төмендеуі.
Есту мүшесі мен лабиринт тарапынан бұзылулар: жиі емес - вертиго, тиннитус.
Жүрек тарапынан бұзылулар: жиі емес – артериялық гипотензия, ортостаздық гипотензия, стерналгия, стенокардия, II дәрежелі АВ блокада, цереброваскулярлық бұзылулар, миокард инфарктісі, жүректің соғуын сезіну, аритмия (жүрекшелер фибрилляциясы, синустық брадикардия, тахикардия, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы).
Тамырлар тарапынан бұзылулар: жиі емес - васкулит; жиілігі белгісіз -дозаға тәуелді ортостаздық әсерлер.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: жиі - жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, мұрынның бітелуі, синусит, мұрынның қосалқы қойнауларының аурулары; жиі емес – жұтқыншақтағы жайсыздық сезімі, фарингит, ларингит, ентігу, бронхит, мұрыннан қан кету, ринит, тыныс алу жолдарының бітелуі.
Асқазан-ішектің бұзылуы: жиі - іштің ауыруы, жүрек айнуы, диарея, диспепсия; жиі емес – іш қату, тістің ауыруы, ауыздың құрғауы, метеоризм, гастрит, құсу, ішектің бітелуі; жиілігі белгісіз – панкреатит.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиілігі белгісіз -бауыр функциясының бұзылуы.
Тері және теріасты тіндер тарапынан бұзылулар: жиі емес - алопеция, дерматит, терінің құрғауы, эритема, гиперемия, фотосенсибилизация, қышыну, бөртпе, есекжем, қатты терлеу.
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар: жиі -бұлшықеттің түйілуі, арқаның ауыруы, аяқтың ауыруы, миалгия; жиі емес - қолдың ауыруы, буындардың ісінуі, тізе буынының ауыруы, бұлшықет-қаңқаның ауыруы, иық буынының ауыруы, сіресуі, артралгия, артрит, ұршықбуынның ауыруы, фибромиалгия, бұлшықет әлсіздігі; жиілігі белгісіз - рабдомиолиз.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі - бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі; жиі емес - никтурия, несеп шығарудың жиілеуі, несеп шығару жолдарының инфекциясы.
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар: жиі емес -либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция/импотенция.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар: жиі – астения, шаршау, кеуденің ауыруы; жиі емес – беттің ісінуі, ісіну, дене температурасының жоғарылауы; жиілігі белгісіз – тұмауға ұқсас симптомдар, жайсыздық.
Зертханалық және құралмен тексеру деректері: жиі - гиперкалиемия, гематокрит пен гемоглобин деңгейінің елеусіз төмендеуі, гипогликемия; жиі емес – қан сарысуында мочевина мен креатинин деңгейінің елеусіз жоғарылауы; өте сирек – бауыр ферменттері белсенділігі мен билирубин деңгейінің жоғарылауы; жиілігі белгісіз – гипонатриемия.
Гидрохлортиазид
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса): жиілігі белгісіз – меланомалы емес тері обыры (базальді жасушалы карцинома және жалпақ жасушалы карцинома).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі емес - агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, лейкопения, пурпура, тромбоцитопения.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек – анафилаксиялық реакциялар.
Метаболизм және тамақтанудың бұзылуы: жиі емес - анорексия, гипергликемия, гиперурикемия, гипокалиемия, гипонатриемия.
Психикалық бұзылулар: жиі емес - ұйқысыздық.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі - цефалгия.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: жиі емес - көру қабілеті шоғырлануының өтпелі бұзылуы, ксантопсия; жиілігі белгісіз - хориоидты жалқық, жедел миопия, жедел жабық бұрышты глаукома.
Тамырлар тарапынан бұзылулар: жиі емес - некроздаушы ангиит (васкулит, тері васкулиті).
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: жиі емес - респираторлық аурулар, соның ішінде пневмония және өкпенің ісінуі; өте сирек – жедел респираторлық дистресс синдром (ЖРДС).
Асқазан-ішек бұзылулары: жиі емес - сиалоаденит, түйілулер, асқазанның тітіркенуі, жүрек айну, құсу, диарея, іш қату.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі емес - сарғаю (бауырішілік холестаз), панкреатит.
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: жиі емес -фотосенсибилизация, есекжем, уытты эпидермалық некролиз; жиілігі белгісіз – терідегі қызыл жегі.
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар: жиі емес -бұлшықеттің түйілуі.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі емес -глюкозурия, интерстициальді нефрит, бүйрек дисфункциясы, бүйрек жеткіліксіздігі.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар: жиі емес – дене температурасының жоғарылауы, бас айналуы.
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Меланомалы емес тері обыры (МЕТО): эпидемиологиялық зерттеулердің қолда бар деректері негізінде гидрохлортиазидтің жинақталған дозасы мен МЕТО дамуы арасында өзара байланыс байқалады.
Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлама
Дәрілік препараттың «пайда - қауіп» арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында дәрілік препаратты тіркегеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге Қазақстан Республикасы жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы дәрілік препараттың кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы хабарлау ұсынылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz