Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылатын тәуліктік ең жоғары дозаны арттырмау және қосымша ҚҚСП тағайындамау керек, өйткені бұл емдік артықшылықтары жоқ болған жағдайда уыттылықты арттыруы мүмкін. Мелоксикамды селективті циклооксигеназа-2 тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП-пен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Препаратты бірнеше күн қолданудан кейін жақсару болмағанда тағайындалған емге клиникалық баға беруді жүргізу қажет. Мелоксикамды қолдануды бастар алдында анамнезінде эзофагит, гастрит және/немесе пептикалық ойық жаралары бар пациенттерде олардың толық жазылғанына көз жеткізу керек. Мелоксикам қабылдап жүрген осы аталған пациенттерді, аурудың қайталануын дер кезінде анықтау мақсатында, жүйелі түрде бақылау қажет.
Арнайы ескертулер
Симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны қолданған кезде жағымсыз реакциялар ең азға жеткізілуі мүмкін.
Локсидол жедел ауырсынуды басуға жарамайды.
Асқазан-ішек жолына ықпалы
Кез келген ҚҚСП емделу кезеңінде кез келген уақытта қан кету, ойық жара немесе асқазан-ішек жолының тесілуі туындауы мүмкін, олар өліммен аяқталуы мүмкін. Бұл асқынулардың алдында ізашар-симптомдар немесе анамнезінде күрделі асқазан-ішек ауруларының болуы міндетті емес.
Көрсетілген жағымсыз реакциялардың даму қаупі ҚҚСП дозасының жоғарылауына пропорционалды түрде, және анамнезінде ойық жарасы, әсіресе асқынған қан кету немесе тесілулер бар болған пациенттерде және егде жастағы адамдарда артады. Бұл пациенттер емдеуді ең төмен дозалардан бастауы тиіс. Мұндай пациенттер үшін асқазан-ішек жолын қорғауға әсер ететін дәрілік заттар (мизопростол, протонды помпа тежегіштері) тағайындалуы мүмкін. Бұл сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын немесе асқазан-ішек жолы тарапынан асқынулардың даму қаупін арттыратын басқа дәрілерді біріктіріп қолдануды керек ететін пациенттерге де қатысты.
Анамнезінде асқазан-ішектік уыттылық көрсетілген пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттер емдеудің бастапқы кезеңдерінде әдеттен тыс барлық абдоминальді симптомдарды (ең алдымен асқазан-ішектік қан кету туралы) дәрігерге мәлімдеуі тиіс.
Ойық жаралардың немесе қан кетулердің қаупін арттыруы мүмкін препараттарды, атап айтқанда емдік дозаларда, сондай-ақ гериартриялық іс-тәжірибеде тағайындалатын гепаринді, басқа ҚҚСП немесе ацетилсалицил қышқылын бір реттік ≥ 500 мг дозада немесе жалпы тәуліктік ≥ 3 г дозада бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге мелоксикамды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.Егер мелоксикамды қолданғанда асқазан-ішектік қан кетулер немесе ойық жаралар дамыса, емдеуді дереу тоқтату керек.
Анамнезіне асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде ҚҚСП сақтықпен қолданылуы тиіс, өйткені олардың жағдайлары нашарлауы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесіне және цереброваскулярлық жүйеге ықпалы
Гипертензиясы және/немесе жүрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі іркілген жеткіліксіздігі анамнезінде бар пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады, өйткені ҚҚСП-пен емдегенде сұйықтықтың іркілуі және ісінулердің болғаны туралы мәлімдемелер бар.
Қауіп факторлары бар пациенттерге мелоксикаммен емдеуді бастар алдында және, әсіресе емдеудің бас кезінде, артериялық қысымға клиникалық мониторинг ұсынылады.
Клиникалық зерттеулер және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ емдегенде) қолдану артериялық тромбоздық асқынулар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің орташа жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігін айғақтайды. Мелоксикам үшін мұндай қауіптің бар-жоқтығына деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын гипертензиясы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың зақымдануы және/немесе цереброваскулярлық бұзылулары (транзиторлы ишемиялық шабуылды қоса) бар пациенттерге мелоксикамды олардың жағдайына мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындайды. Осындай ұстаным бойынша, гиперлипидемия, гипертензия, қант диабеті гипертензия, қант диабеті сияқты жүрек-қантамыр ауруларының (артериялық гипертензия, қант диабеті, темекі тарту сияқты) қауіп факторлары бар пациенттерге және темекі тартатын пациенттерге мелоксикаммен ұзақ ем тағайындаудың мақсатқа сай екендігіне баға беріледі.
Тері жабындарына ықпалы
Мелоксикамды қолданумен байланысты Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты өмір үшін қауіпті тері реакциялары туралы мәлімделді. Пациенттер тері тарапынан реакциялардың белгілері және симптомдары туралы хабардар болуы және тері реакцияларын мұқият бақылауы тиіс. Стивенс-Джонсон синдромының және уытты эпидермальді некролиздің пайда болуының өте жоғары қаупі емдеудің алғашқы аптасы ішінде білінді. Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің белгілері мен симптомдары (мысалы, үдемелі тері бөртпесі, көбіне күлбіреуіктермен немесе шырышты қабықтың қатар зақымдануымен бірге) пайда болған кезде мелоксикамды қолдану тоқтатылуы тиіс. Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді емдеудің ең жақсы нәтижесі ерте диагностикада және күмәнді барлпрепаратты қабылдауды дереу тоқтатқанда байқалды. Препарат қабылдауды ерте тоқтату қолайлы болжаммен астасты. Егер пациентте мелоксикамды қолданған кезде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз дамыса, препарат қайталап қолданылмауы тиіс.
Мелоксикамды қабылдау кезінде орныққан тері бөртпелері туралы деректер алынған. Анамнезінде мелоксикамды қолданумен байланысты орныққан дәрілік бөртпелері бар пациенттерге мелоксикамды қайта тағайындауға болмайды.
Оксикам класының басқа препараттарына айқаспалы реакциялар дамуы мүмкін.
Бауыр және бүйрек функциясының параметрлері
Көптеген ҚҚСП қолданған кездегі сияқты, сирек жағдайларда сарысулық трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, сарысуда билирубиннің немесе бауыр функциясының басқа көрсеткіштерінің жоғарылауы, сондай-ақ қанда сарысулық креатинин және мочевина азоты деңгейлерінің жоғарылауы және зертханалық көрсеткіштердің басқа да ауытқулары тіркелді. Көптеген жағдайларда осы ауытқулар елеусіз және уақытша болды. Мұндай ауытқулар едәуір немесе тұрақты сипатта болғанда мелоксикамды қолдануды тоқтату және тиісінше тексеру жүргізген керек.
Бүйректің функциональді жеткіліксіздігі
ҚҚСП бүйректік простагландиндердің қантамырларды кеңейтетін әсерін тежеуі нәтижесінде шумақтық сүзілудің азаюы есебінен бүйректің функциональді жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Осы әсер дозаға тәуелді. Емнің бас кезінде немесе дозаны арттырғаннан кейін мынадай факторларды: егде жас; ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФ), ангиотензин II рецепторларының антагонистерін, сартандарды, диуретиктерді қатар қабылдау; гиповолемия (себебіне қарамай); жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі; бүйрек функциясының жеткіліксіздігі; нефроздық синдром; жегілік нефропатия; бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі (сарысулық альбумин < 25 г/л немесе Чайлд-Пью жіктемесі бойынша баға беру ≥ 10) бар пациенттерде диурезді және бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.
Төтенше жағдайларда ҚҚСП интерстициальді нефритке, гломерулонефритке, бүйректің медуллярлық некрозына немесе нефроздық синдромға себепші болуы мүмкін.
Гемолизде жүрген, бүйрек функциясының терминальді сатысындағы жеткіліксіздігі бар пациенттерде мелоксикамның дозасы тәулігіне 7,5 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде (яғни креатинин клиренсі минутына 25 мл-ден көбірек болатын пациенттерде) дозаны түзетудің қажеті болмайды.
Натрийдің, калийдің және судың іркілуі
ҚҚСП қолдану натрийдің, калийдің және судың іркілуіне әкелуі, сондай-ақ диуретиктердің натрийурездік әсеріне ықпалын тигізуі мүмкін. Бұдан басқа, гипотензиялық препараттардың гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін. Бейімделгіш пациенттерде осының нәтижесінде ісінулер, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің немесе гипертензияның симптомдары пайда болуы немесе күшеюі мүмкін. Осындай қауіптері бар пациенттерде клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Гиперкалиемия
Гиперкалиемия, әсіресе диабеті бар немесе гиперкалиемияның туындауына мүмкіндік беретін препараттарды қатар қолданып жүрген пациенттерде дамуы мүмкін. Мұндай пациенттерде калий деңгейін ұдайы бақылау қажет.
Пеметрекседпен біріктірілімі
Пеметрекседті қабылдап жүрген, бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер пеметрекседті енгізуден бұрын ең кемінде 5 күн және енгізуден кейін 2 күн бойы мелоксикамды қабылдамауы тиіс.
Басқа да ескертулер және сақтық шаралары
Егде жастағы, жүдеген және әлсіз пациенттер жағымсыз реакцияларды көбіне нашар көтереді, олар мұқият бақылауды қажет етеді. Басқа да ҚҚСП қолданған кездегідей, бүйрек, бауыр және жүрек функцияларының бұзылулары бар егде жастағы пациенттерге препаратты тағайындағанда сақтық таныту керек. Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолданған кезде сондай-ақ жағымсыз реакциялардың, әсіресе өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулердің және тесілулердің туындау жиілігі жоғары.
Мелоксикам, басқа кез келген ҚҚСП сияқты, инфекциялық аурулардың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бұлшықет ішіне енгізілетін басқа ҚҚСП қолданған кездегідей, препаратты енгізген жерде абсцесс және некроз дамуы мүмкін.
Мелоксикамды қолдану фертильділікті бұзуы мүмкін және жүкті болуға тырысып жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Ұрықтану қиындығын басынан кешіріп жүрген немесе бедеулік себебіне қатысты зерттеліп жүрген әйелдерде препарат қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Бір ампуладағы препараттың құрамында 23 мг-ден аз натрий (1 ммоль) бар, яғни мәні жөнінен «натрийден бос».