Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - фентиконазол нитраты 200 мг, 600 мг, 1000 мг,
200 мг дозасы үшін қосымша заттар: қаныққан май қышқылдары триглицеридтері, коллоидты кремнийдің қостотығы,
капсула құрамы: желатин, глицерол, титанның қостотығы (Е 171), натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты;
600 мг және 1000 мг доза үшін қосымша заттар: соя лецитині, сұйық парафин, ақ вазелин,
капсула құрамы: желатин, глицерол, титанның қостотығы (Е 171), натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий этилпарагидроксибензоаты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Құрамында қою біртекті майлы ақ түсті суспензия бар жұмсақ, сопақша, жылтыр сарғыш түсті капсулалар.
Әсер ету механизмі
Ломексин – зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең, гинекологияда жергілікті қолдануға арналған препарат. Фентиконазол (Ломексин препаратының әсер етуші заты) имидазолдың синтетикалық туындысы болып табылады (оның фентиконазол азотты қышқыл тұзы түріндегі рацемиялық қоспасы). Ломексин жергілікті фунгистатиктік және фунгицидтік әсер етеді. Оның сондай-ақ бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсері бар.
Фентиконазол зеңге қарсы белсенділікті әртүрлі үш механизмде көрсетеді: (1) ланостеролды эргостеролға айналдыру үшін қажет P450 зең изоферментін тежеу арқылы цитоплазмалық жарғақшаның өзгеруі; (2) цитохромоксидаза мен пероксидаза блокадасы; және (3) Candida albicans қышқыл протеазасының босап шығуын тежеу.
Дозалау режимі
Қынаптық 200 мг капсулалар - 3 күн бойы ұйықтар алдында жатқан қалыпта бір қынаптық капсуланы қынап ішіне терең енгізеді.
Қынаптық 600 мг капсулалар - ұйықтар алдында жатқан қалыпта бір капсуланы қынап ішіне терең енгізеді. Егер симптомдар сақталып қалса, 3 күннен кейін қайта қолдануға болады.
Қынаптық 1000 мг капсулалар - ұйықтар алдында жатқан қалыпта бір капсуланы қынап ішіне терең енгізеді. Қажет болған жағдайда 3 күннен кейін қайта қолдану ұсынылады.
Trichomonas vaginalis туындаған инфекцияны емдеуде 24 сағаттан кейін капсуланы (600 мг немесе 1000 мг) қайта қолдануға болады.
Тиімділігі жеткіліксіз болса 10 күннен кейін қайталау курсын жүргізуге болады.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты тек осы қолдану көрсетіліміне, қолдану әдісіне және қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген дозаларына сәйкес қана қолданыңыз.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балаларда препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Доза түзету талап етілмейді.
Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Қынап ішіне.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға хабарласу жөнінде нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алу керек.
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге
- жер жаңғаққа немесе сояға аллергиялық реакция
Препаратты етеккір кезінде пайдалануға болмайды.
Өте сирек
- Эритема, бөртпе, қышыну
- Вульва-қынаптық аумақтың ашып күйдіруін сезіну
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- Қолдану аумағындағы жоғары сезімталдық.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені нашарласа немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жүйелік қанға сіңудің дәрежесі төмен болуына байланысты артық дозалану екіталай.
Кездейсоқ пероральді қабылдаған кезде іштің ауыруы және құсу болуы мүмкін.
Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде жоғары сезімталдық реакциясы дамуы мүмкін. Бұл жағдайда емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу керек.
1 апта бойы әсер болмаған жағдайда емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу керек.
Қынаптық инфекцияларды емдеуде препаратты етеккір кезінде қолдануға болмайды, емдеуді етеккірден кейін бастаған жөн.
Инфекцияны қайталап жұқтыруды болдырмау үшін серіктесті креммен (Ломексин, қынаптық және сыртқа қолдануға арналған крем, 2 %) бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Пациенттер келесілерде дәрігермен кеңесуі керек:
•қайталанған симптомдар жағдайында (соңғы 6 ай ішінде 2 инфекциядан астам болғанда);
•анамнезінде жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық жолмен берілетін ауруы бар серіктеспен жанасу болған жағдайда;
•60 жастан асқан пациенттерге;
•имидазолдарға немесе зеңге қарсы басқа қынаптық препараттарға аса жоғары сезімталдық болғанда;
•қынаптан кез келген ретсіз қан кетулерде;
•қынаптан кез келген қан аралас бөлінділер болғанда;
•вульвада немесе қынапта кез келген жарақат, ойық жара немесе күлдіреуік болғанда;
•іштің төменгі бөлігіне немесе несеп шығаруға байланысты кез келген ауыруда;
•емге байланысты эритема, қышу немесе бөртпе сияқты кез келген жағымсыз реакцияларда.
Препараттың құрамына кіретін қосымша заттар латекстен жасалған ұрықтануға қарсы заттарды зақымдауы мүмкін.
Препаратты контрацепцияның бөгеттік әдістерімен, спермицидтермен, қынапішілік душтармен немесе басқа қынаптық контрацепциялық заттармен бірге қолдануға болмайды.
Бұл препаратты қолданған кезде пациенттерге контрацепцияның балама әдістерін қолдану ұсынылуы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін (автокөлікті басқару, қозғалмалы механизмдермен жұмыс) орындау қабілетіне теріс әсері туралы деректер жоқ.
Бала емізу
Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қауіпсіз қолдану деректерінің жеткіліксіздігіне байланысты препаратты осы кезеңдерде қолдануға болмайды.
Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе Сіз жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз немесе бала емізу кезінде препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Фертильділік
Фентиконазолдың адамның репродуктивті функциясына әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ, бірақ жануарларға жүргізілген зерттеулер Ломексин препаратының репродуктивті функцияға қандай да бір әсерін көрсетпеді.
Арнаулы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Ломексин препаратын спермицидтермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені кез келген жергілікті қынаптық емдеу жергілікті контрацепцялық спермицидтің белсенділігін жоюы мүмкін.
Арнаулы сақтандырулар
Қосымша заттар
Препараттың капсуласы қабығының құрамында қосымша заттар натрий пропилпарагидроксибензоаты және натрий этилпарагидроксибензоаты бар, олар баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балаларда препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С- ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.