Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар – 0,2 мг флуметазон пивалаты, 30,0 мг салицил қышқылы
қосымша заттар: пропиленгликоль, сусыз ланолин, ақ вазелин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сары реңді ақ, майлы жұмсақ масса.
Жақпамай түріндегі Лоринден® A, атап айтқанда, гиперкератоз және басылмайтын қышынумен қатар жүретін салдарлы бактериялық инфекциямен асқынбаған, аллергия аясында жергілікті қолданылады:
• себореялық дерматит
• атопиялық дерматит
• папулездік есекжем
• аллергиялық жанаспалы экзема
• мультиформалы эритема
• қызыл жегі
• псориаз
• жалпақ теміреткі
Әсер ету механизмі
Лоринден A біріктірілген препарат, жақпамайдың қасиеттері флуметазон пивалаты және салицил қышқылы әсерінің бірігуіне негізделген.
Флуметазон пивалаты қабынуға қарсы орташа белсенділігі бар синтетикалық кортикостероид болып табылады. Салицил қышқылы препаратта бар концентрацияда әлсіз кератолитикалық белсенділігін көрсетеді. Ол эпидермистің мүйізгекті қабаты арқылы глюкокортикостероидтың өтуін жеңілдетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Жергілікті қолданғанда ол қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және ісінуге қарсы әсерлерін көрсетеді.
Дозалау режимі
Жақпамайдың аз мөлшерін тәулік бойы 1-2 реттен жиі емес терінің зақымданған аймақтарына жұқа қабатпен жағады. Айқын лихенизация немесе гиперкератоз кезінде окклюзиялық таңғышты қолдануға болады, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек. Емдеуді үзіліссіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Беттің терісіне 1 аптадан артық жағуға болмайды. Бір апта ішінде 15 г аспайтын жақпамайды (1 сықпа) пайдалануға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
2 жастан асқан балаларға қажет болған жағдайда ғана терінің шағын беткейіне күніне 1 рет аса сақтықпен қолдану керек. Балаларға окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Жақпамайдың аздаған мөлшерін тәулік ішінде 1-2 рет зақымданған терінің аймағына жұқа етіп жағады. Айқын лихенизация немесе гиперкератоз кезінде окклюзиялық таңғышты қолдануға болады, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек.
Бетке қолдану
Бет терісіне қолдануға болмайды.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• глюкокортикостероидтарға, салицил қышқылына және жақпамай негізінің компоненттеріне жоғары сезімталдық
• терінің бактериялық, вирусты және зеңді инфекциялары
• желшешек, қарапайым герпес
• тері туберкулезі
• вакцинациядан кейінгі реакциялар
• тұрпайы және қызғылт безеулер
• мерездің терілік көріністері
• терінің жаңа түзілімдері
• периоральді дерматит
• анустық аймақтың қышуы
• тері ауруларының суланатын және эксудатты кезеңдері
• флебиттер (веналардың варикозды кеңеюі аясында), трофикалық ойық жара
• тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындарының ауқымды зақымданулары
• жүктіліктің I триместрі
• 2 жасқа дейінгі балалар
• жөргектік дерматит
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық белгілері және жағымсыз реакцияларды жүйелік-ағзалық жіктеуге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жіктеу (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі белгілерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Белгісіз
• безеулер, стероидтан кейінгі пурпура, эпидермис өсуінің бәсеңдеуі, тері асты шелінің атрофиясы, тері атрофиясы және стриялар
• терінің құрғауы, гипертрихоз немесе шаштың түсуі, терінің депигментациясы немесе пигментациясы
• телеангиэктазиялар
• периоральді дерматит
• фурункулез, салдарлық инфекция
• есекжем немесе макула-папулезді бөртпе немесе бұрыннан бар өзгерістердің өршуі
• окклюзиялық таңғыштың астына қолданғаннан кейін ісіну түрінде резорбциялық әсерді туындатуы мүмкін, артериялық гипертензия, организмнің инфекцияға қарсы тұруының төмендеуі
• қабақтың терісіне қолданғанда глаукома немесе катаракта, көз бұлыңғырлануы дамуы мүмкін
• терінің ауқымды беткейіне қолданғанда глюкокортикостероидтарға тән жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін
• гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі өсі функциясының бәсеңдеуі
• Кушинг синдромы
• балалардағы өсу мен дамудың тежелуі
• гипергликемия, глюкозурия, ісіну, гипертония, иммунитеттің төмендеуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғаннан кейін келесі симптомдардың пайда болуы мүмкін: ісіну, артериялық гипертензия, инфекцияларға қарсы тұруының төмендеуі, ал ауыр жағдайларда Кушинг синдромының дамуы. Сирек жағдайда салицилаттармен улану симптомдары пайда болуы мүмкін.
Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтатып, құрамында глюкокортикостероидтардың мөлшері аз емді пайдалану керек.
Үзіліссіз 2 аптадан артық қолдануға болмайды. Ұзақ мерзімге қолданған жағдайда дененің ауқымды беткейінде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі артады.
Флуметазон пивалатын жергілікті қолдану кезінде гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуі салдарынан АКТГ өнімдерінің төмендеуі, қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін басылатын ятрогенді Кушинг синдромы пайда болуы мүмкін. АКТГ бүйрек үсті безінің стимуляциясынан кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау арқылы бүйрек үсті безі қыртысының функциясына мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп тұру керек.
Жақпамай қолданылған орында инфекция пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңдерге қарсы тиісті емді жүргізу керек. Егер инфекцияның симптомдары басылмаса, инфекцияны емдеу кезінде жақпамайды қолдануды тоқтату керек.
Препаратты көзге және қабаққа немесе қабақ аумағындағы теріге, ашық жараларға және шырышты қабыққа тигізіп алудан аулақ болу керек. Препарат көзге немесе шырышты қабыққа тиген жағдайда оларды жеткілікті мөлшердегі сумен шаю ұсынылады. Жүйелі глюкокортикостероидтарды қолдану кезіндегідей, препаратты сыртқа қолданғаннан кейін катаракта және глаукома немесе орталық сероздық хориоретинопатия (ОСХ) сияқты сирек ауру дамуы мүмкін.
Көздің бұлыңғырлануы немесе көрудің басқа да бұзылулары байқалса дәрігермен кеңесіңіз.
Қысқа мерзімге қолданылса да, сіңірілуінің жоғарылығын және жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғары екенін ескере отырып (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) беттің терісіне, сондай-ақ шап терісіне және қолтық асты аумағына тек аса қажет жағдайларда ғана қолдану керек.
Тері асты шелінің бұрыннан бар атрофиясы болған кезде, әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Препараттың құрамында пропиленгликоль болғандықтан терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Препарат құрамында ланолин болғандықтан жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.
Балалар
2 жастан асқан балаларда сақтықпен қолданыңыз
Балаларға қатаң қажетті жағдайларда ғана, күніне бір рет, шағын аумаққа, сақтықпен қолдану керек. Мойынға немесе бетке пайдаланбау керек.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Терінің шағын аймағын қысқа мерзімді өңдеуді қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жергілікті қолданғаннан кейін эмбрионға/шаранаға жүйелі әсер етуі белгісіз.
Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландиндер синтезі тежегіштерін жүйелі қолдану шарананың жүрекке, өкпеге және бүйрекке уыттылығын тудыруы мүмкін. Жүктіліктің соңында бұл анада да, балада да қан кету уақытының ұзаруына, сондай-ақ босанудың кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін. Жануарларға жүргізілген тәжірибелер пероральді глюкокортикостероидтардың тіпті төмен дозалары да тератогенді екенін көрсетті. Сондай-ақ жануарларға жүргізілген зерттеулерде глюкокортикостероидтармен тері арқылы емдеу де тератогенді әсер көрсетті.
Қазіргі таңда бізде жүкті әйелдерде салицил қышқылын флуметазон пивалатымен біріктіріп жергілікті емдеу немесе емдеудің уытты әсері туралы ешқандай бақыланатын зерттеу ақпараттары жоқ. Сондықтан жүкті әйелдерде Лоринден А препаратымен жергілікті емдеу пайда және қауіп арақатынасын мұқият қарастырғаннан кейін ғана жүргізілуі керек.
Бала емізу
Қажет болған жағдайда терінің шағын беткейіне тек қысқа мерзімге қолдануға болады, кеуденің терісіне қолдануға болмайды
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат психомоторлы белсенділікті, көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетін шектемейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда дәрілермен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Алайда, пациенттерді шешек ауруына қарсы вакцинациялау және иммунизацияның басқа түрін жүргізуге болмайтынын, әсіресе, тиісті антиденелердің пайда болуы түрінде талапқа сай иммунологиялық жауаптың болмау мүмкіндігін ескере отырып, терінің ауқымды беткейіне ұзақ уақыт қолданғанда есте сақтаған жөн.
Лоринден® А иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммунитетті стимуляциялайтын дәрілердің әсерін әлсіретуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25oС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.