Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: флуметазон пивалаты 0,20 мг, клиохинол 30,00 мг
қосымша заттар: ақ балауыз, ақ жұмсақ парафин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары немесе сұр реңді ақ түсті майлы масса. Кристалдардың жекелеген жұмсақ шоғыры болуына жол беріледі.
Жақпамай түріндегі Лоринден® С терінің құрғақ қабыну жағдайларында, гиперкератоз және басылмайтын қышынумен қатар жүретін асқынған салдарлы бактериялық инфекцияларда, әсіресе аллергия аясында жергілікті қолданылады:
- себореялық дерматит
- атопиялық дерматит
- папулездік есекжем
- аллергиялық жанаспалы экзема
- мультиформалы эритема
- қызыл жегі
- ұзаққа созылатын псориаз
Әсер ету механизмі
Лоринден C жақпамайының қасиеттері флуметазон пивалаты мен клиохинолдың біріктірілген әсерінде. Флуметазон пивалаты қабынуға қарсы белсенділігі орташа синтетикалық кортикостероид болып табылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Жергілікті қолданғанда қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және ісінуге қарсы әсерлер көрсетеді. Клиохинол кейбір грамоң және грамтеріс бактерияларға қарсы химиотерапиялық бактерияға қарсы белсенділігі және зеңге қарсы әлсіз белсенділігі бар.
Дозалау режимі
Жақпамайдың жұқа қабатын зақымданған тері аймақтарына жиі дегенде тәулігіне 1-2 рет жағады. Бір апта ішінде жақпамайды 15 г (1 сықпа) асырмай қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Лоринден® С сыртқа қолданылады.
Жақпамайдың жұқа қабаты зақымданған тері аймақтарына жағылады. Зақымдалған терінің шамадан тыс теміреткісі немесе шамадан тыс кератозы жағдайында окклюзиялық таңғышты қолдануға болады, оны әр 24 сағат сайын ауыстырып отыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу үзіліссіз 2 аптадан артық созылмауы тиіс.
Бет терісіне 7 күннен артық қолдануға болмайды.
- глюкокортикостероидтарға, клиохинолға және препарат негізінің компоненттеріне жоғары сезімталдық
- терінің бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялары
- желшешек, қарапайым герпес
- тері туберкулезі
- вакцинадан кейінгі реакциялар
- тұрпайы және қызғылт безеулер
- мерездің терілік түрі
- терідегі жаңа түзілімдер
- периоральді дерматит
- анус аумағының қышуы
- тері ауруларының суланатын және экссудативті сатылары
- флебиттер (веналардың варикозды кеңеюі аясында), трофикалық ойық жара
- тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындыларының ауқымды зақымданулары
- жүктіліктің I триместрі
- 2 жасқа дейінгі балалар
- жөргектік дерматит
Белгісіз
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Келесі симптомдар дамуы мүмкін: акне тәрізді симптомдары, постстероидты пурпура, эпидермалық және тері астындағы тіндердің атрофиясы, терінің құрғауы, гирсутизм немесе алопеция, гипопигментация немесе тері түсінің өзгеруі, тері атрофиясы мен стрия, телеангиэктазия, ауыз айналасындағы терінің қабынуы, фолликулит, салдарлық инфекция, терінің тітіркенуі. Кейде есекжем, макулопапулезді бөртпе немесе бұрыннан бар зақымданулардың өршуі мүмкін.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Анық емес көру
Препаратты қабақтың терісіне қолданғанда кейде глаукома немесе катаракта пайда болуы мүмкін.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар
Белсенді заттардың қанға сіңуі нәтижесінде флуметазон пивалатының жүйелі жағымсыз реакциялары да дамуы мүмкін. Олар негізінен препаратты ұзақ уақыт қолданғанда, терінің үлкен аймағына қолданғанда, окклюзиялық таңғыштың астында немесе балаларда қолданғанда анықталады.
Кортикостероидтарға тән флуметазон пивалатының жүйелік жағымсыз әсерлеріне гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті осінің белсенділігін тежеу, Кушинг синдромы, балалардағы өсу мен дамуды тежеу, гипергликемия, глюкозурия, ісіну, гипертония, иммунитеттің төмендеуі жатады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары - ісіну, гипертония, иммунитеттің төмендеуі түріндегі жағымсыз әсерлердің күшеюі, ал ауыр жағдайларда Кушинг ауруы пайда болуы мүмкін.
Емі - препаратты тоқтату және құрамында глюкокортикостероидтар мөлшері аз емді қолдану.
Препаратты ұзақ қолданудан аулақ болу керек. Дененің ауқымды бетіне ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі артады. Лоринден® С жергілікті қолданудың нәтижесінде гипофиз-бүйрек үсті безі осінің бәсеңдеуі есебінен адренокортикотропты гормонның (АКТГ) гипофизбен бөлінуі төмендеуі мүмкін, қандағы кортизол деңгейі төмендейді және емді тоқтатқаннан кейін жойылатын Кушингтің ятрогенді синдромы туындауы мүмкін. АКТГ бүйрек үсті безінің стимуляциясынан кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау жолымен бүйрек үсті безі қыртысының жұмысын мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады.
Жақпамай жағылған орында инфекция пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңдерге қарсы емді қолданған жөн. Егер симптомдары жойылмаса, жақпамайды қолдануды инфекция жазылған уақытқа дейін тоқтата тұру керек.
Препаратты көзге және қабаққа немесе қабақ аумағының терісіне, ашық жараларға және шырышты қабыққа тигізіп алудан аулақ болыңыз. Препарат көзге немесе шырышты қабыққа тиген жағдайда оларды жеткілікті мөлшердегі сумен шаю ұсынылады. Жүйелі глюкокортикостероидтарды қолдану жағдайындағыдай, препаратты сыртқа қолданғаннан кейін катаракта және глаукома немесе орталық сероздық хориоретинопатия (ОСХ) сияқты сирек ауру дамуы мүмкін.
Көру қабілетінің бұзылуы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Егер пациентте көздің бұлдырауы немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар пайда болса, кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғаннан кейін хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХ) сияқты сирек ауруларды қоса алғанда, ықтимал себептерді анықтау үшін офтальмологқа жүгіну керек.
Бет терісіне, сондай-ақ қолтық асты және шап аумақтарының терісіне препаратты қысқа уақыт қолданғаннан кейін де сіңірілуінің ұлғаюына және жағымсыз әсерлердің (телеангиэктазия, периоральді дерматит) пайда болуының үлкен мүмкіндігіне байланысты өте қажетті жағдайларда ғана қолдануға болады.
Окклюзиялық таңғыштың астына жақпамай қолдануға болмайды, өйткені бұл эпидермистің атрофиясына, стрияға және суперинфекцияға әкелуі мүмкін. Тері астындағы тіндердің бұрыннан бар атрофиялық жағдайларында, әсіресе егде жастағы адамдарда абайлап қолдану керек.
Әсіресе псориазбен ауыратын пациенттерде мұқият қолданылады, өйткені псориаз кезінде кортикостероидтарды жергілікті қолдану бірқатар себептерге байланысты қауіпті болуы мүмкін, оның ішінде толеранттылықтың дамуына байланысты қайталану, жайылған пустулезді псориаз қаупі және терідегі бұзылыстарына байланысты терінің тұтастығының бұзылуынан туындаған жалпы уытты әсерлер.
Жергілікті қолданылатын клиохинолдың нейроуытты қаупі бар, әсіресе Лоринден® С жақпамайын ұзақ уақыт бойы немесе окклюзиялық таңғыш таңу кезінде пайдаланылғанда.
Арнайы ескертулер
Балаларда қолдану
2 жастан асқан балаларда сақтықпен қолданылады.
Балаларда ересектермен салыстырғанда дене беткейінің дене салмағына қатынасының жоғарылығына байланысты гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті осінің белсенділігі тежелуі мүмкін және өсу және дамудың бұзылуын қоса, кортикостероидтарға тән жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Лоринден® С жақпамайы көлік құралдарын басқаруға және қозғалатын механикалық құрылғылармен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Лоринден® С жақпамайын жүкті әйелдерге, егер күтілетін пайда препаратты қолданудан болатын потенциалды қауіптен жоғары болса ғана, терінің шағын беткейіне қысқа мерзімге қолдануға болады. Препаратты жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды.
Емшек емізу кезінде Лоринден ® C қолданғанда ерекше назар аудару керек. Балалардағы жағымсыз әсерлердің мүмкіндігі және ана үшін емдеудің артықшылықтары ескерілуі керек. Жергілікті қолданылатын кортикостероидтардың бала емізетін әйелдердің емшек сүтіне енуі мүмкін дәрежеге дейін тері арқылы сіңірілетіні анықталған жоқ. Флуметазон пивалатының теріге жаққаннан кейін емізетін әйелдердің сүтіне ену дәрежесі белгісіз.
Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Препаратпен емдеу кезінде иммунологиялық тапшылық пайда болу қаупіне байланысты шешекке қарсы екпе және иммунизацияның басқа түрлерін жүргізбеу керек.
Лоринден® С жақпамайы иммуносупрессиялық әсерді күшейтуі және иммунитет көтермелейтін дәрілік заттардың әсерін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.