ҚҚСП пайдалану кезінде АІЖ тарапынан бұзылулар неғұрлым жиі жағымсыз реакциялар болып табылады; оның ішінде, әсіресе егде жастағы пациенттерде, кейде өліммен аяқталатын асқазан-ішектен қан кетулер, пептидтік ойық жаралар, тесілулер дамуы мүмкін. ҚҚСП емдеу кезінде мынадай жағымсыз реакциялар байқалды: жүрек айну, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, диспепсия, іштің ауыруы, мелена, қан аралас құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы; гастрит сирек дамыды.
Лорноксикам қабылдайтын пациенттердің шамамен 20% - ында жағымсыз реакциялардың дамуы күтіледі. Лорноксикамды пайдалану кезінде пайда болатын ең жиі жағымсыз реакцияларға: жүрек айну, диспепсия, асқазанның бұзылуы, іштің ауыруы, құсу, диарея жатады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері пациенттердің 10% - дан азында жоғарыда аталған жағымсыз реакциялар пайда болатынын көрсетеді.
ҚҚСП емдеу кезінде ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Зерттеулердің нәтижелері кейбір ҚҚСП емдеу кезінде (әсіресе жоғары дозаларда пайдалану кезінде және ұзақ уақыт қолдану кезінде) артериялық тромбоздар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің аздап артуы мүмкін екенін көрсетеді.
Сирек жағдайларда ҚҚСП қолдану кезінде желшешек аясында тері және жұмсақ тіндер тарапынан ауыр инфекциялық асқынулар пайда болуы мүмкін.
Жиі (≥1/100, бірақ < 1/10)
• жеңіл транзиторлы бас ауыруы, бас айналуы
• жүрек айну, іштің ауыруы, диспепсия, диарея, құсу
Жиі емес (≥1/1000, бірақ < 1/100)
• анорексия, дене салмағының өзгеруі
• ұйқысыздық, депрессия
• конъюнктивит
• вертиго, құлақтағы шуыл
• пальпитация, тахикардия, ісіну, жүрек жеткіліксіздігі
• терінің қызаруы, ісіну
• ринит
• іш қату, метеоризм, кекіру, ауыздың құрғауы, гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ойық жаралы стоматит
• қан плазмасындағы бауыр ферменттері (аланинаминотрасфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы
• бөртпе, қышыну, шамадан тыс терлеу, эритематозды бөртпе, есекжем және ангионевроздық ісіну, алопеция
• артралгия
• дімкәстану, беттің ісінуі
Сирек (≥1/10000, бірақ < 1/1000)
• фарингит
• анемия, тромбоцитопения, лейкопения, қан кету уақытының артуы
• аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактоидты реакциялар, анафилаксиялық шок
• сананың шатасуы, күйгелектік, ажитация
• ұйқышылдық, парестезия, дисгевзия, тремор, бас сақинасы
• көрудің бұзылуы
• артериялық гипертензия, ысынулар, қан кету, гематомалар
• ентігу, жөтел, бронх түйілуі
• мелена, қан аралас құсу, стоматит, эзофагит, гастроэзофагеальді рефлюкс, дисфагия, афтозды стоматит, глоссит, пептидтік ойық жараның тесілуі, асқазан-ішектен қан кету
• дерматит, экзема, пурпура
• сүйектің ауырсыну сезімі, бұлшықеттің түйілуі, миалгия
• никтурия, несеп шығарудың бұзылуы, қан плазмасында мочевина азоты мен креатинин деңгейінің жоғарылауы
• астения
Өте сирек (<1/10000)
• экхимоз
• жүйелі қызыл жегіге және дәнекер тінінің аралас ауруға шалдыққан пациенттерде асептикалық менингит
• бауырға уытты әсер етуі, нәтижесінде бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, холестаз дамуы мүмкін
• ісіну және буллездік реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
• бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігі (мұндай пациенттерде лорноксикамды пайдалану кезінде простагландиндер синтезінің тежелуі салдарынан бүйрек қан ағымының одан әрі төмендеуі мүмкін)
ҚҚСП нейтропения, агранулоцитоз, апластты және гемолитикалық анемия сияқты ауыр гематологиялық бұзылулардың (класс-әсер) дамуын туындатуы мүмкін екендігі анықталды.
ҚҚСП нефроуытты әсер (класс-әсер), нефрит пен нефроздалған синдромның дамуын қоса, көрсете алатындығы анықталды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz