Жиі
• жеңіл немесе қысқа мерзімді бас ауыру, бас айналу
• іштің ауыруы, диспепсия, жүрек айну, құсу, диарея
Жиі емес
• анорексия, дене салмағының өзгеруі
• ұйқысыздық, депрессия
• конъюнктивит
• бас айналу, құлақтың шуылдауы
• жүрек қағуы, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі
• гиперемия, ісіну
• ринит
• іш қату, метеоризм, кекіру, ауыздың құрғауы, гастрит, асқазан жарасы, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, он екі елі ішектің жарасы, ойықжаралы стоматит
• бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің жоғарылауы (АЛТ немесе AСT)
• бөртпе, қышыну, гипергидроз, эритематоздық бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, алопеция
• артралгия
• дімкәстану, беттің ісінуі
Сирек
• фарингит
• анемия, тромбоцитопения, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы
• анафилактоидтық және анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық
• сананың шатасуы, қозғыштықтың жоғарылауы, қозу
• ұйқышылдық, парестезия, дисгевзия, тремор, бас сақинасы
• көру қабілетінің бұзылуы
• артериялық гипертензия, қан кернеулер, қан кетулер, гематома
• ентігу, жөтел, бронх түйілуі
• мелена, қан құсу, стоматит, эзофагит, гастроэзофагеальді рефлюкс, дисфагия, афтозды стоматит, глоссит, тесілуі бар пептидтік ойықжара, асқазан-ішектен қан кету
• бауыр функциясының бұзылуы
• дерматит және экзема, пурпура
• сүйектердің ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, миалгия
• никтурия, несеп шығарудың бұзылуы, қан сарысуындағы креатинин және мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы
• астения
Өте сирек
• экхимоздар. ҚҚСП нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық және гемотологиялық анемия секілді әлеуетті елеулі гематологиялық бұзылулардың себебі болуы мүмкін екендігі хабарланған (класстық әсерлер)
• жүйелі қызыл жегісі және дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттердегі асептикалық менингит
• бауыр жеткіліксіздігіне, гепатитке, сарғаюға және холестаз түрінде пайда болатын гепатоуыттылық
• ісіну және буллездік реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
• бүйрек қан ағымының сақталуы бүйрек простагландиндерінің деңгейіне байланысты болғандықтан, лорноксикам бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын тудыруы мүмкін. Нефроуыттылықтың әртүрлі формаларда дамуы (соның ішінде нефрит және нефротикалық синдром) ҚҚСП қолдануға байланысты (клас-спецификалық әсер)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz