ҚҚСП қолдану аясында неғұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар АІЖ тарапынан реакциялар болып табылады. Өмірге қауіп төндіретін кейбір жағдайларда, әсіресе егде жастағы пациенттерде пептидтік ойық жаралар, тесілу немесе асқазан-ішектен қан кету дамуы мүмкін. ҚҚСП қолданғаннан кейін жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, диспепсия, іштің ауыруы, мелена, қан аралас құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы байқалды. Өте сирек жағдайларда гастрит туындады.
Лорноксикам қабылдайтын пациенттердің шамамен 20% жағымсыз реакцияларды өткеруі мүмкін. Лорноксикаммен емдеу кезіндегі ең жиі жағымсыз реакцияларға жүрек айнуы, диспепсия, асқорыту бұзылыстары, іштің ауыруы, құсу, диарея жатады. Қолда бар клиникалық зерттеулердің нәтижелері пациенттердің 10% азында осы симптомдардың туындайтынын көрсетеді.
ҚҚСП-мен емдеу кезінде ісіну, гипертензия және жүрек жеткіліксіздігінің туындау жағдайлары тіркелген.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдану кезінде) артериялық тромбоздардың туындау (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің артуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бірлі-жарым жағдайларда желшешекпен ауырған пациенттерде тері және жұмсақ тіндер тарапынан ауыр инфекциялық асқынулар пайда болуы мүмкін.
Төменде II, III және IV фазадағы клиникалық зерттеулерді жүргізу барысында құрамында лорноксикам бар дәрілік препаратты қолданғаннан кейін 6417 пациенттің 0,05% астамында байқалған жағымсыз реакциялар туралы деректер келтірілген.
Жиі
- Жеңіл және транзиторлық бас ауыруы, бас айналу
- Конъюнктивит
- Жүрек айнуы, іштің ауыруы, диспепсия, диарея, құсу
Жиі емес
- Анорексия, дене салмағының өзгеруі
- Ұйқысыздық, депрессия
- Вертиго, тиннитус
- Жүрек соғуы, тахикардия, ісіну, жүрек жеткіліксіздігі
- Қан кернеулері, ісіну
- Ринит
- Іш қату, флатуленция, кекіру, ауыздың құрғауы, гастрит, асқазан ойық жарасы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, он екі елі ішектің ойық жарасы, ауыз қуысының ойық жаралануы
- Бауырдың функционалдық сынама көрсеткіштерінің жоғарылауы, СГПЖТ (АЛТ) немесе СГОТ (АСТ);
- Бөртпе, қышыну, гипергидроз, эритематозды бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну, алопеция
- Артралгия
- Дімкәстік, беттің ісінуі
Сирек
- Фарингит
- Анемия, тромбоцитопения, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы
- Анафилактоидты реакциялар мен анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық
- Сананың шатасуы, күйгелектік, ажитация
- Ұйқышылдық, парестезия, дисгевзия, тремор, бас сақинасы
- Көру қабілетінің бұзылуы
- Гипертензия, ысынулар, қан құйылулар, гематома
- Ентігу, жөтел, бронх түйілуі
- Мелена, гематемезис, стоматит, эзофагит, асқазан-өңеш рефлюксі, дисфагия, афтозды стоматит, глоссит, тесілген пептидтік ойық жара, асқазан-ішектен қан кету
- Дерматит, экзема, пурпура
- Сүйек ауыруы, бұлшықет түйілуі, миалгия
- Ноктурия, несеп шығарудың бұзылуы, қандағы мочевина азотының және креатинин деңгейінің жоғарылауы
- Астения
Өте сирек
- Экхимоздар. ҚҚСП нейтропения, агранулоцитоз, аплазиялық және гемолиздік анемия сияқты потенциалды ауыр гематологиялық бұзылыстардың себебі болуы мүмкін
- Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тінінің аралас патологиялары бар пациенттердегі асептикалық менингит
- Гепатоуыттылық, мысалы, бауыр жеткіліксіздігіне, гепатитке, сарғаюға және холестазға әкелетін
- Ісіну және буллезді реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
- Бүйректік қан ағымды демеу үшін бүйрек простагландиндерін қажет ететін бүйрек функциясының бұрыннан бұзылулары бар пациенттерде лорноксикам бүйректің жедел жеткіліксіздігіне түрткі болуы мүмкін. Нефрит пен нефроздық синдромды қоса, әртүрлі түрдегі нефроуыттылық ҚҚСП класс- спецификалық әсері болып табылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz