Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді заттар: хлоргексидин диглюконаты - 0.240 г (0,12 %),
бензидамин гидрохлориді - 0.300 г (0,15 %)
қосымша заттар: пропиленгликоль, сорбитол (70%), полисорбат 20, көк патенттелген V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), ментол эссенциясы, экокул MP (Flavour), сукралоза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалбыз иісі бар тәтті-ащы дәмді жасыл түсті мөлдір ерітінді.
Ересектерге:
- ауыз қуысының, тамақтың шырышты қабығының қабынуы (гингивит, стоматит, фарингит, тонзиллит, афтозды зақымданулар)
- жұтынуды жеңілдету және гингивит симптомдарын төмендету үшін ауыз қуысы мен тамаққа арналған антисептик ретінде
- периодонтальді араласымдарға дейін және кейін қабыну профилактикасында
- сәулемен емдеу, химиотерапия, басқа араласымдар мен жарақаттардан болған ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында
- тіс өңезі түзілуінің профилактикасында.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектерде
Препаратты тікелей ауыз қуысы мен тамақты шаю арқылы қолданады. Бір реттік емшараға 15 мл ерітінді пайдаланылады. Қажет болса, емшараны әр 1,5-3 сағат сайын қайталайды.
Қолдану ұзақтығы бар көрсетілімдерге байланысты жекелей анықталады.
Енгізу әдісі мен жолы
Лоробен® сұйылтусыз пайдаланылады. Препаратты жұтуға болмайды.
Шаюды кем дегенде 30 секунд жүргізу, содан кейін ерітінді түкіріп тастау керек.
Препаратпен емдеу кезеңінде оның құрамындағы хлоргексидин тіс өңезінің түзілуін және гингивит симптомдарының ауырлығын төмендетеді. Ауыз қуысының гигиенасына балама ретінде пайдаланған кезде препаратты ауыз қуысында кемінде 1 минут ұстау керек.
Хлоргексидиннен туындаған тіс эмалінің боялуын мейлінше азайту үшін қолданар алдында тісті тазалау ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгініңіз.
- бензидаминге, хлоргексидинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
Лоробен® әдетте жақсы көтерімді. Жағымсыз әсерлер әдетте тек жергілікті сипатта болады; жүйелік жағымсыз әсерлер байқалмайды немесе ауыр болып табылмайды.
Өте жиі
- дәм сезудің уақытша бұзылуы
- тітіркенуден туындаған тері реакциялары; бөртпемен, есекжеммен, фотодерматитпен, ауыз қуысының шырышты қабығының десквамациясымен (қатпарлануымен) қатар жүретін қышыну
Жиі
- ауыздағы шаншу және күйдіру сезімі
- жүрек айнуы, құсу
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық және анафилаксия
- құлақ маңы сілекей безінің өтпелі ісінуі
- ларингоспазм, бронх түйілуі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық
- фарингеальді тітіркену, жөтел
- ауыздың құрғауы
Жалпы бұзылыстар, сондай-ақ жергілікті жағымсыз реакциялар:
Дәм сезудің өзгеруі, тіс пен ауыз қуысының шырышты қабығының боялуы, тіс тасы түзілуінің жоғарылауы сияқты басқа да жағымсыз әсерлер әдетте сирек.
Тістің боялуы өтпелі болып табылады және қолданар алдында әдеттегі тіс тазалау арқылы азайтуға болады.
Өте сирек: жергілікті құрғау немесе шөлдеу, шаншу, ауыздағы балғындық сезімі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған қолдану әдісінде артық дозалану мүмкін емес.
Лоробенді® ішке қате/кездейсоқ қабылдаған жағдайда
симптомдары: аса жоғары сезімталдық реакциясы, жағымсыз әсерлер болуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық, демеуші. Спецификалық антидот жоқ.
Тек сыртқа қолдануға арналған. Препарат тек ауыз қуысында қолданылады; көз бен құлаққа тигізуге болмайды. Көзге тиген жағдайда судың көп мөлшерімен шаю қажет.
Лоробен® сұйылтусыз пайдаланылады. Жұтуға болмайды.
Балаларда қолдану
Ерітіндіде бояғыштардың - хинолинді сары (Е 104) және көк патенттелген V (Е 131) болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Сіңірілгеннен кейін бензидамин бауырда елеулі дәрежеде метаболизденеді, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде жүйелі әсерлерінің болуы мүмкіндігін ескеру керек.
Бауыр мен бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде жүйелі әсерлерінің болуы мүмкіндігін ескеру керек, өйткені сіңірілген бензидамин мен оның метаболиттері несеппен шығарылады.
Сондықтан, жүйелі сіңірілуі мүмкін болғандықтан, бүйрек пен бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түріне шалдыққан пациенттер препаратты сақтықпен пайдалануы тиіс.
Басқа жай-күйлер
Тіл мен тістің қайтымды боялуын тудыруы мүмкін. Қолданар алдында бояғыш әсерін төмендету үшін тісті тазалаған жөн.
Егер пациент тамағының ауыруы бактериялық инфекциядан туындаған болса, бактерияға қарсы препараттарды қосымша қабылдау мүмкіндігін қарастырған жөн.
Қосымша заттар
Құрамындағы пропиленгликоль сыртқа қолдануды байланысты арнайы нұсқауларды талап етпейді.
Препарат құрамында сорбиттің болуына байланысты фруктозаға генетикалық көтере алмаушылығы бар пациенттерге қолданылмауы керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Препаратта бояғыштардың - хинолинді сары (Е 104) және патенттелген көк V (Е 131) болуына байланысты, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейін қоюды талап ететін автомобиль мен механизмдерді басқару қабілетіне қандай да бір қолайсыз әсер байқалмады.
Осы топтарда қолдану қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты, препарат жүктілік және бала емізу кезеңінде әйелдерге қарсы көрсетілімді.
Лоробен® препаратының басқа препараттармен белгілі өзара әрекеттесуі жоқ.
Препараттың белсенді компоненті хлоргексидин:
• сабынмен және басқа анионды қосылыстармен
• гуммиарабикпен, натрий альгинатымен, натрий карбоксиметилцеллюлозасымен, сондай-ақ, аниондық полиэлектролиттік материалдармен, крахмал және гумми трагачантамен, өйткені әсерінің төмендегені байқалады
• бриллиантты көкпен, хлорамфениколмен, мыс сульфатымен, натрий флуоресцеинімен, формальдегидпен, күміс нитратымен, мырыш сульфатымен үйлесімсіз.
Хлоргексидин тұздары катиондық және иондық емес беткейлік-белсенді заттармен үйлесімді, алайда хлоргексидиннің мицелиймен байланысуы салдарынан, жоғары концентрацияларда бірге пайдалану препараттың белсенділігін төмендетеді.
Хлоргексидинді кермек сумен сұйылтқан кезде ерімейтін тұздар түрінде тұнба түзуі мүмкін, себебі ол Ca және Mg катиондарымен өзара әрекеттеседі.
Хлоргексидин тұздарының ерігіштігі цетримид және лиссапол NX сияқты беткейлік-белсенді заттарда жоғарылайды.
Егер хлоргексидин тұздарының ерітінділері концентрациясы 0,05%-дан асатын бензоаттармен, бикарбонаттармен, карбонаттармен, бораттармен, нитраттармен, фосфаттармен, сульфаттармен біріктірілсе, олар тұнады, өйткені ерігіштігі аз тұздарды түзеді. Цетримид осы тұздардың ерігіштігін арттыратындықтан, олар цетримидпен біріккенде тұнбайды.
Хлоргексидин диглюконатпен, цетримидпен және бензалконий хлоридімен үйлесімді. Синергиялы түрде әсер ете отырып, олар бактерицидтік әсерді күшейтеді. Цетримид кермек суда хлоргексдиннің тұнып қалуын болдырмайды.
Хлоргексидин мен оның тұздары, хлоргексидин диглюконатын қоспағанда, суға қарағанда алкогольде жақсы ериді. Хлоргексидин диглюконаты ерітіндісіне спирт қосылған кезде тұнба түзілуі мүмкін.
Бензидаминнің дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.