ATХ коды S01LA04
Әсер ету механизмі
Ранибизумаб қан тамырлары эндотелийінің өсу факторына А (VEGF-A) гуманизацияланған моноклоналды антиденелер фрагменті болып табылады. Жоғары аффиндік дәрежелі ранибизумаб VEGF-A изоформаларымен байланысады (мысалы, VEGF110, VEGF121 және VEGF165) және VEGF-A-нің VEGR1 және VEGR2 рецепторларымен өзара әрекеттесуіне жол бермейді. VEGF-А рецепторларымен байланыс эндотелиалды жасушалардың пролиферациясына, қан тамырларының неоваскуляризациясына және транссудациясына әкеледі, олар ересек пациенттерде ТВО аясында дамитын диабеттік макулярлы ісінуден немесе макулярлы ісінуден туындаған жасқа байланысты макулярлы дегенерацияның, патологиялық миопияның және ХНВ өршуіне немесе көрудің бұзылуына ықпал етеді және шала туған нәрестелерде шала туған нәрестелердің ретинопатиясының дамуына ықпал етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздік
Экссудативті ЖМД емдеу
Экссудативті ЖМД емдеудегі Луцентис препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі неоваскулярлық ЖМД бар пациенттерді қамтитын 24 айға созылатын үш рандомизацияланған, қосарлы жасырын плацебо бақыланатын немесе белсенді препаратпен бақыланатын сынақтар аясында бағаланды. Жалпы алғанда, бұл зерттеулерге 1323 пациент қатысты (белсенді препаратты пайдаланатын 879 және 444 бақылау пациенті).
FVF2598g (MARINA) зерттеуінде типтік зақымданудың белгілері жоқ айқындылығы ең төмен типтік немесе жасырын зақымдануы бар 716 пациент Луцентис препаратымен жасалған инъекциялар тобында 1: 1: 1 қатынасында 0,3 мг, 0,5 мг немесе инъекция имитациясы түрінде рандомизацияланған.
FVF2587g (ANCHOR) зерттеуінде басым классикалық ХНВ бар 423 пациентттер 1: 1: 1 қатынасында ай сайынғы Луцентис препаратымен инъекция алатын тобына 0,3 мг, 0,5 мг немесе вертепорфинмен ФДЕ рандомизацияланған, (бастапқы деңгейде және әр 3 ай сайын егер флуоресцентті ангиографияның суреттерінде тамыр транссудациясының сақталуын немесе қайталануын көрсетсе).
Тиімділігінің түйін қорытынды көрсеткіштері 1 кестеде және 1 суретте келтірілген.
1-кесте. 12-ші және 24-ші айлардағы FVF2598g (MARINA) және FVF2587g (ANCHOR) зерттеулеріндегі нәтижелер
FVF2598g (MARINA) — FVF2587g (ANCHOR)
Тиімділігінің қорытынды көрсеткіштері — Ай — Плацебо (n = 238) — Луцентис 0,5 мг (n=240) — ФДЕ вертепорфинмен (n = 143) — Луцентис 0,5 мг (n = 140)
Көру жітілігіндегі (%)a< 15 әріптерді көрмеу (көру қабілетінің сақталуы, соңғы нүкте) — Ай 12 — 62 % — 95 % — 64 % — 96 %
Ай 24 — 53 % — 90 % — 66 % — 90 %
Көру жітілігіндегі (%) a ≥15 әріп көру жөнделуі — Ай 12 — 5 % — 34 % — 6 % — 40 %
Ай24 — 4 % — 33 % — 6 % — 41 %
Көру жітілігінің орташа өзгерісі (әріп) (СО)a — Ай 12 — 10,5 (16,6) — +7,2 (14,4) — 9,5 (16,4) — +11,3 (14,6)
Ай 24 — 14,9 (18,7) — +6,6 (16,5) — 9,8 (17,6) — +10,7 (16,5)
a p<0,01
1-сурет. FVF2598g (MARINA) және FVF2587g (ANCHOR) зерттеулерінде 24 айдағы бастапқы көру қабілетінің орташа өзгеруі
Екі зерттеудің нәтижелері бойынша, ранициумабпен ұзақ емделудің алғашқы жылында ең жоғарғы түзету (КЖЕТ) көмегімен көру жітілігі 15 әріпін жоғалтқан пациенттерге де пайдасы тиетіні анықталды. Пациенттердің көру функцияларының статистикалық тұрғыдан жақсаруы бақылау тобымен салыстырғанда ранибизумаб емдеу тобындағы MARINA және ANCHOR зерттеулерінде байқалды. Қорытынды NEI VFQ-25 деректері негізінде жасалған.
FVF3192g (PIER) зерттеуінде неоваскулярлық ЖМД барлық түрлері бар 184 пациент 0,3 және 0,5 мг дозада ай сайынғы Луцентис препаратының инъекциясын қабылдау топтарына 1:1:1 қатынасында немесе инъекцияның имитациясы рандомизацияланған. Дозалар айына бір рет қатарынан 3 ай бойы енгізілді, содан кейін доза әр 3 айда бір рет енгізілді. Зерттеудің 14-ші айынан бастап инъекцияның имитациясы тобының пациенттеріне ранибизумабты енгізуге рұқсат етілді және емшараның 19-шы айынан бастап жиі жасалуы мүмкін. PIER зерттеуінде Луцентис препаратымен емделген пациенттерге орта есеппен 10 интравитреальді инъекция жасалды.
Көру жітілігінің бастапқы жақсаруынан кейін (ай сайынғы енгізуден кейін) орташа алғанда, пациенттердің көру жітілігі тоқсандық енгізумен төмендеді және 12 айда бастапқы деңгейіне оралды. Сипатталған әсер ранибизумабпен емделген пациенттердің көпшілігінде (82%) 24-ші айда байқалды. Кейіннен ранибизумаб қабылдаған инъекция имитациясы тобының пациенттеріне қатысты шектеулі мәліметтерге сүйене отырып, емдеуді ертерек бастау көру жітілігінің жақсаруымен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасауға болады.
Тіркелгеннен кейін жүргізілген екі зерттеудің (MONT BLANC, BPD952A2308 және DENALI, BPD952A2309) деректері Луцентис препаратының тиімділігін растады, бірақ Луцентис препаратымен монотерапиямен салыстырғанда вертепорфинді (ФДТ вертепорфинмен) және Луцентис препаратын біріктірілген енгізудің қосымша әсерін көрсетпеді.
ПМ туындаған ХНВ кезінде көрудің бұзылуларын емдеу
Луцентис препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі ПM туындаған ХНВ кезінде көрудің бұзылулары бар пациенттер үшін F2301 (RADIANCE) қосарлы жасырын, бақыланатын тірек зерттеуінен алынған 12 айлық деректер негізінде бағаланды. Осы зерттеу аясында 277 пациент келесі топтарға 2:2:1 қатынасында рандомизацияланды:
• I топ (0,5 мг ранибизумаб, «тұрақтылық» критерийлеріне байланысты дозалау режимі, алдыңғы екі айлық бағалаумен салыстырғанда КЖЕТ деңгейінде өзгерістер болмауы анықталған).
• II топ (ранибизумаб 0,5 мг, оптикалық когерентті томография және (немесе) флуоресцентті ангиография көмегімен жүргізілген бағалау бойынша ішкі немесе субретинальді сұйықтықпен байланысты көрудің бұзылулары немесе ХНВ зақымдануына байланысты белсенді терлеу ретінде анықталған «ауру белсенділігі» критерийлеріне негізделген дозалау режимі).
• III топ (ВФДЕ - 3-ші айдан бастап пациенттерге ранибизумабпен емделуге рұқсат етілді).
Ұсынылған доза тобы болып табылатын II топта (4.2-бөлімді қараңыз) пациенттердің 50,9% 1 немесе 2 инъекцияны қажет етті, 34,5% 3-5 инъекцияны қажет етті және 14,7% 12 айлық зерттеу кезеңінде 6-12 инъекцияны қажет етті. II топта пациенттердің 62,9 % зерттеудің соңғы 6 айында инъекцияны қажет етпеді.
RADIANCE зерттеуінің негізгі нәтижелері 2 кестеде және 2 суретте көрсетілген.
2-кесте. 3-ші және 12-ші айлардағы нәтижелер (RADIANCE)
I Тоб Ранибизумаб 0,5 мг «Көру жітілігінің тұрақтылығы» (n = 105) — II Тоб Ранибизумаб 0,5 мг «Ауру белсенділігі» (n = 116) — III Тоб вФДЕ b (n = 55)
3 ай
КЖЕТ-ң 1-ден 3-ші айға дейінгі орташа өзгерісі (әріптер) бастапқы деңгейімен a салыстырғанда — +10,5 — +10,6 — +2,2
Жақсартылған пациенттердің үлесі ≥15 әріп немесе КЖЕТ үшін ≥84 әріп деңгейіне жету — 38,1 % — 43,1 % — 14,5 %
12 ай
Инъекциялар саны 12 айға дейін Орташа Медиана — 4,6 4,0 — 3,5 2,5 — ҚАТЫСЫ ЖОҚ
Бастапқы деңгеймен (әріптермен) 1-ден 12-ге айға дейін КЖЕТ -дегі орташа өзгеріс — +12,8 — +12,5 — ҚАТЫСЫ ЖОҚ
Жақсартылған пациенттердің үлесі ≥15 әріп немесе КЖЕТ үшін ≥84 әріп деңгейіне жету — 53,3 % — 51,7 % — ҚАТЫСЫ ЖОҚ
a p <0.00001 вФДЕ бақылау деңгейімен салыстырғанда
b 3-ші айға дейін салыстырмалы бақылау. вФДЕ тобына рандомизацияланған пациенттерге 3-ші айдан кейін ранибизумаб алуға рұқсат етілді (ІІІ топта, 38-ші айдан бастап және одан кейінгі айларда 38 пациент ранибизумаб қабылдады).
2-сурет. Негізгі КЖЕТдан 12-айға деійн орташа өзгеріс (RADIANCE)
Көру жітілігінің жақсаруы торқабықтың орталық аймағының қалыңдығының төмендеуімен қатар жүрді.
Пациенттер атап өткен жақсару вФДЕ тобымен салыстырғанда (шамасы р <0,05) VFQ 25 сауалнамасының бірнеше ішкі жиынтықтары (жалпы көру жітілігі, байланысты іс-әрекеттер, психикалық денсаулық және тәуелсіз жұмыс қабілеттілігі) бойынша баллдарды жақсарту тұрғысынан салыстырғанда байқалды.
ХНВ кезінде көрудің бұзылуларын емдеу (ПМ және экссудавті ЖМД туындаған ХНВ өзгешеленетін)
ХНВ кезінде көрудің бұзылуы бар пациенттер үшін Луцентис препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі (MINERVA) қосарлы жасырын, G2301 (MINERVA) плацебо бақыланатын тірек зерттеуі арқылы алынған 12 айлық деректер негізінде бағаланды. Осы зерттеу шеңберінде 178 ересек пациент алу үшін топта 2:1 қатынасында рандомизацияланды:
• бастапқы деңгейде 0,5 мг ранибизумаб, содан кейін көру белсенділігі және (немесе) анатомиялық параметрлері бағаланып, аурудың белсенділігіне байланысты жеке дәрілік режим (мысалы, көру жітілігінің томендеуі, ішкі немесе субретиналдық сұйықтықтың бары, қан құйылуы немесе, терлеу);
• бастапқы деңгейде плацебо, содан кейін аурудың белсенділігіне байланысты жеке дозалау режимі.
2-ші айда барлық пациенттер, қажет болған жағдайда, ашық ранициумабпен емделді.
MINERVA зерттеуінің негізгі нәтижелері 3-кестеде және 3-суретте келтірілген. Көру жітілігінің жақсаруы байқалды, 12 ай ішінде торқабықтың орталық аймағының қалыңдығының төмендеуі байқалды.
12 айдағы инъекциялардың орташа саны плацебо тобымен салыстырғанда 5,4 ранитибумаб қабылдаған тобында 5,8 болды бұл тобта пациенттерге 2-ші айдан бастап ранибизумаб алуға рұқсат етілді. Плацебо тобында 12 ай аралықта 59 пациенттердің ішінде 7-уі зерттелген көзге ранициумабты қабылдаған жоқ.
3-кесте. 2-айдың нәтижелері (MINERVA)
Ранибизумаб 0,5 мг (n = 119) — Плацебо (n = 59)
Бастапқы деңгейден 2 айда a КЖЕТтің орташа өзгерісі — 9,5 (әріп) — –0,4 (әріп)
Бастапқы деңгейден ≥15 әріпке дейін жақсарған немесе 2-ші айда ≥84 әріп деңгейге жеткен пациенттер — 31,4 % — 12,3 %
Пациенттің көру жітілігі 2-ші айда бастапқы деңгейден > 15 әріпке төмендемейді — 99,2 % — 94,7 %
2 айда a CSFT b -дің бастапқы деңгейден төмендеуі — 77 мкм — –9,8 мкм
a p <0,001 плацебо қабылдаған пациенттердің бақылау тобымен бір жақты салыстырғанда
b CSFT – торқабықтың орталық аймағының қалыңдығы
3-сурет. КЖЕТдің бастапқы деңгейден 12 айға дейін орташа өзгеріс (MINERVA)
Ранициумабты қабылдаған пациенттер тобын плацебо қабылдаған пациенттердің бақылау тобымен салыстырғанда жалпы емдеудің бастапқы этиологиялық тобында да тұрақты емдеу әсері байқалды.
4-кесте. Этиологияның бастапқы қосалқы топтары бойынша емдеудің жалпы әсері және емдеу әсері
Жалпы тиімділігі және этиологияның бастапқы қосалқы топтары бойынша тиімділігі — Плацебо (әріптер) кезінде емдеу әсері — Пациенттер саны [n] (емдеу + плацебо)
Жалпы көрсеткіштер — 9,9 — 178
Торқабықтың ангиоидты жолақтары — 14,6 — 27
Қабынудан кейінгі хориоретинопатия — 6,5 — 28
Орталық серозды хориоретинопатия — 5,0 — 23
Идиопатиялық хориоретинопатия — 11,4 — 63
Басқа этиологияларa — 10,6 — 37
a Басқа қосалқы топтарға кірмейтін пайда болу жиілігі төмен әр түрлі этиологиялар
Негізгі зерттеуде G2301 (MINERVA), 12-ден 17 жасқа дейінгі бес жасөспірім ХНВ-ға байланысты бастапқы деңгейде 0,5 мг дозада ранибизумабпен ашық емделді, содан кейін оларға ересек популяцияларға арналған емдеу режиміне сәйкес жеке емдеу режимі тағайындалды. Барлық бес пациентте КЖЕТ бастапқы кезеңнен 12-ші айға дейін жақсарды; көрсеткіштері 5-тен 38-ге дейін өзгеріп тұрады (орта көрсеткіш 16,6 әріп). Көру жітілігінің жақсаруы байқалды, бұл 12 ай ішінде торқабықтың орталық аймағының тұрақтылығымен немесе қалыңдығының төмендеуімен бірге жүрді. Зерттелетін көзге ранибизумаб инъекциялардың орташа саны 3 жетті (2-ден 5-ке дейін). Жалпы, ранибизумабпен емдеу жақсы өтті.
ДМІ туындаған көрдің бұзылуларын емдеу
Луцентис тиімділігі мен қауіпсіздігі кемінде 12 ай ұзақтығы бар үш рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде бағаланды. Осы зерттеулерге барлығы 868 пациент қатысты (708 белсенді препаратты пайдаланды және 160 бақыланатын пациент).
II D2201 (RESOLVE) фазаны зерттеуде 151 пациент ранибизумабты (6 мг/мл, n = 51; 10 мг/мл, n = 51) немесе плацебо (n = 49) ай сайынғы интравитреальді инъекциялар арқылы қабылдады. 1-ші айдан 12-ші айға дейінгі КЖЕТ деңгейінің бастапқы деңгеймен салыстырғанда орташа өзгеруі плацебо қабылдаған топтағы пациенттердің -0,1 (±9,77) әріптерімен салыстырғанда ранибизумаб (n = 102) қабылдаған пациенттердің біріктірілген тобындағы +7,8 (±7,72) әріптерді құрады. Бастапқы деңгеймен салыстырғанда 12-ші айдағы КЖЕТ деңгейінің орташа өзгеруі сәйкесінше -1,4 (±14,2) әріптермен салыстырғанда 10,3 (±9,1) әріпті құрады (р <0,0001 әр түрлі емдеуге байланысты).
D2301 (RESTORE) III фазаны зерттеуде 345 пациент 1:1:1 қатынасында монотерапия шеңберінде 0,5 мг ранибизумаб алу тобына және имитация ретінде лазерлік фотокоагуляцияны орындауға, лазерлік фотокоагуляциямен бірге 0,5 мг ранибизумаб алу тобына немесе лазерлік фотокоагуляциямен плацебо қабылдаған пациенттер тобына рандомизацияланды. Бұрын 12 айға созылатын RESTORE зерттеуіне қатысқан 240 пациент 24 айға созылатын ашық көп орталықты зерттеуге (RESTORE Extension) енгізілді. Пациенттер қажет болған жағдайда 0,5 мг ранибизумаб алды сол көз, негізгі зерттеуде көзді зерттеу үшін таңдалған (D2301 қалпына келтіру).
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері 5-кестеде (RESTORE және Extension) және 4-суретте (RESTORE) берілген.
4-сурет. D2301 (RESTORE) зерттеуінің шеңберінде көру жітілігінің бастапқы деңгейден орташа өзгеруі
ИП + / - СП-дан орташа өзгеруі айЕмдеу тобыРанимизумаб 0.5 мг (N = 115)Ранимизумаб 0.5 мг + Лазер (N = 118)Лазер (N = 110)ИП + / - СП-дан орташа өзгеруі айЕмдеу тобыРанимизумаб 0.5 мг (N = 115)Ранимизумаб 0.5 мг + Лазер (N = 118)Лазер (N = 110)
БД = бастапқы деңгей, СҚ = орташа мәннің стандартты қатесі
* Кохран-Мантел-Гензелдың екі жақты критериінің негізінде (CMH) орташа шекті көрсеткіштердің айырмашылығы p0,0001/0,0004
Көптеген қосалқы топтарда 12-ші айдағы әсер тұрақты болды. Дегенмен, бастапқы КЖЕТ деңгейі 73 әріп көретін пациенттерге және торқабықтың орталық аймағының қалыңдығы <300 мкм-ге жуық макулярлы ісіну бар ранибизумабомбпен емдеу лазерлік фотокоагуляциямен салыстырғанда күтілетін жақсартуға әкелмеді.
5-кесте. D2301 (RESTORE) зерттеуіндегі 12-ші айдағы және D2301-E1 (RESTORE Extension) зерттеуіндегі 36-шы айдағы нәтижелер
D2301 (RESTORE) бағдарламасындағы бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда 12 айдағы тиімділігінің нәтижелік көрсеткіштері — Ранибизумаб 0,5 мг n = 115 — Ранибизумаб 0,5 мг + лазер n=118 — Лазер n=110
1-ден 12-ші айға дейін КЖЕТ орташа өзгерісі (СО) — 6,1 (6,4)a — 5,9 (7,9)a — 0,8 (8,6)
12-ші айдағы КЖЕТ орташа өзгеріс (СО) — 6,8 (8,3)a — 6,4 (11,8)a — 0,9 (11,4)
12 айдағы ≥15 әріппен немесе МТҚӨ ≥84 әріппен жақсаруы (%) — 22,6 — 22,9 — 8,2
Инъекциялардың орташа саны (0–11 айлар) — 7,0 — 6,8 — 7,3 (плацебо)
D2301-E1 зерттеуінде (RESTORE кеңейту) D2301 (RESTORE) зерттеуінің бастапқы көрсеткішімен салыстырғанда 36-айдағы нәтижелік көрсеткіштер — Ранибизумабты бұрын қолдану 0,5 мг n = 83 — Ранибизумабты бұрын қолдану 0,5 мг + лазер n = 83 — Ранибизумабты бұрын қолдану n = 74
24-ші айдағы КЖЕТ орташа өзгерісі (СО) — 7,9 (9,0) — 6,7 (7,9) — 5,4 (9,0)
36-ші айдағы КЖЕТ орташа өзгерісі (СО) — 8,0 (10,1) — 6,7 (9,6) — 6,0 (9,4)
36 айдағы ≥15 әріппен немесе КЖЕТ ≥84 әріппен жақсарту (%) — 27,7 — 30,1 — 21,6
Инъекциялардың орташа саны (12–35 ай) — 6,8 — 6,0 — 6,5
a p <0.0001 ранибизумаб тобы мен лазерлік емдеу тобының жұмысын салыстырған кезде.
n D2301-E1 зерттеуінде (RESTORE Extension) бұл D2301 (RESTORE) бастапқы (0 ай) және 36 айда болған кезде мәні бар пациенттердің саны.
* Зерттеудің ұзарту кезеңінде ранибизумабпен емдеуді қажет етпейтін пациенттердің, үлесі ранибизумабты бұрын қолданған топтың 19, 25 және 20% құрады, сәйкесінше ранибизумаб + лазер және лазермен алдыңғы емделу тобы.
Көру функциясымен байланысты пациенттердің статистикалық елеулі жақсаруы бақылау тобымен салыстырғанда ранибизумабпен ем қабылдаған тобында (лазермен және онсыз) байқалды. Қорытынды NEI VFQ-25 деректерінің негізінде жасалған. Осы сауалнаманың басқа субшкалалары шеңберінде емдеудегі айырмашылықтар анықталған жоқ.
24 айлық кеңейтілген зерттеуде байқалған ранибизумабтың ұзақ мерзімді қауіпсіздік бейіні белгілі Луцентис қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді.
D2304 (RETAIN) зерттеудің IIIb фазасында, 372 пациент 1:1:1 қатынасында рандомизацияланған:
• ранибизумаб 0,5 мг дозаларын енгізу арасындағы аралықты ұлғайта отырып, емдеу режимінде қатарлас лазерлік фотокоагуляциямен (ШР) ;
• ранибизумаб 0,5 мг ШР режимінде монотерапия ретінде;
• ранибизумаба 0,5 мг монотерапия ретінде «қажет болған жағдайда».
Барлық топтарда ранибизумаб тұрақты КЖЕТ жеткенге дейін ай сайын қатарынан кемінде үш айлық бағалау арқылы енгізілді. ШР режимінде ранибизумаб емдеу аралықтарымен 2-3 ай енгізілді. Барлық топтарда ДМІ прогрессиясына байланысты КЖЕТ төмендеген кезде ай сайынғы емдеу қайта басталды және тұрақты КЖЕТ қайта қол жеткізілгенге дейін жалғасты.
Алғашқы 3 инъекциядан кейін жоспарланған емдеу сапарларының саны сәйкесінше ШР режимі мен «қажет болған жағдайда» режимі үшін 13 және 20 құрады. Екі ШР режимінде де КЖЕТ пациенттерінің 70% - дан астамы ≥2 айға бару жиілігінде сақталды.
Тиімділіктің негізгі қорытынды көрсеткіштері 6-кестеде келтірілген.
6 - кесте. D2304 (RETAIN) зерттеу нәтижелері
Бастапқы деңгеймен салыстырғанда тиімділіктің негізгі қорытынды көрсеткіштері — ШР режиміндегі ранибизумабпен емдеу 0,5 мг + лазер n = 117 — ШР режиміндегі ранибизумабпен емдеу 0,5 мг монотерапия n = 125 — Қажет болса, ранибизумабпен емдеу 0,5 мг n = 117
1-дан 12-ші айға дейін КЖЕТ дегі орташа өзгерісі (СО) — 5,9 (5,5) a — 6,1 (5,7) a — 6,2 (6,0)
1-дан 12-ші айға дейін КЖЕТ -дегі орташа өзгерісі (СО) — 6,8 (6,0) — 6,6 (7,1) — 7,0 (6,4)
24-ші айдағы КЖЕТ-дегі орташа өзгерісі (СО) — 8,3 (8,1) — 6,5 (10,9) — 8,1 (8,5)
24 айдағы ≥15 әріпке немесе КЖЕТ ≥84 әріпке жақсаруы (%) — 25,6 — 28,0 — 30,8
Инъекциялардың орташа саны (0–23 ай) — 12,4 — 12,8 — 10,7
a p <0,0001 «қажеттілігіне қарай» режиміне қарағанда кем емес тиімділікті бағалау үшін
ДМІ зерттеулерінде КЖЕТ-нің жақсаруы барлық емдеу топтарында уақыт өткен сайын торқабықтың орталық аймағының қалыңдығының орташа көрсеткішінің төмендеуімен қатар жүрді.
ПДР емдеу
Луцентис препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі ПДР бар пациенттерде Protocol S зерттеуінде бағаланды, онда торқабықтың панретинальды лазерлік коагуляциясымен (ПЛК) салыстырғанда 0,5 мг ранибизумабпен (интравитреалді инъекция түрінде) емдеу бағаланды. Алғашқы соңғы нүкте емдеудің екінші жылында көру жітілігінің орташа өзгеруі болды. Бұдан басқа, диабеттік ретинопатия ауырлығының өзгеруі (ДР) ДР (DRSS) ауырлығын бағалау көрсеткіші қолдану арқылы көз түбінің фотосуреттері негізінде бағаланды.
Protocol S зерттеуі көп орталықты рандомизацияланған, белсенді салыстыру препаратымен бақыланатын, бастапқы деңгейде ДМІ бар немесе жоқ 305 пациентті (394 көзді зерттеген) қамтитын тиімділік бойынша салыстырудың III фазасының параллель зерттеуі болды. Зерттеу 0,5 мг ранибизумабтың интравитреальді инъекцияларын ПЛК стандартты емімен салыстырды. Барлығы 191 көру мүшесі (48,5 %) 0,5 мг ранибизумабты енгізу үшін рандомизацияланған, ал 203 (51,5%) - ПЛК алу үшін. Жалпы алғанда, 88 көру мүшесі (22,3%) ДМІ бастапқы деңгейіне ие болды: сәйкесінше ранибизумаб немесе ПЛК қабылдаған пациенттер тобында 42 (22,0 %) және 46 (22,7 %) көру мүшелері.
Бұл зерттеуде емдеудің 2 жылындағы көру жітілігінің орташа өзгеруі ранибизумпен емделген пациенттер тобында +2,7 әріпті құрады, бұл ПЛК емделген пациенттер тобындағы -0,7 әріппен салыстырғанда. Ең кіші квадраттар әдісімен алынған орташа мәндердегі айырмашылық 3,5 әріпті (95% СА: [0,2-ден 6,7-ге дейін]) құрады.
Зерттеудің бірінші жылы ішінде көру органдарының 41,8% - ында ранибизумабпен (n = 189) емдеу кезінде ПЛК алған көру органының 14,6% салыстырғанда DRRS шкаласы бойынша ≥2 сатыға ретинопатия ағымының жақсаруы байқалды (n = 199). Ранибизумаб және лазермен емдеу арасындағы айырмашылық 27,4 % (95% СА: [18,9, 35,9]) құрады.
Зерттеудің бірінші жылының ішінде көру мүшелерінің 41,8% ранибизумабпен (n= 189) емдеу кезінде ПЛК (n = 199) қабылдаған көру мүшесінің 14,6% салыстырғанда DRSS шкаласы бойынша ≥2 сатыда ретинопатия ағымының жақсарғаны байқалды. Ранибизумаб пен лазермен емдеу арасындағы белгіленген айырмашылық 27,4 % құрады (95% СА: [18,9, 35,9]).
7-кесте. Protocol S (LOCF Method - соңғы құжатталған мәнді пайдалану) зерттеуінде 1 жыл ішінде HDRS шкаласы бойынша ≥2 немесе ≥3 сатыда ретинопатия ағымының жақсаруы немесе нашарлауы
Бастапқы деңгеймен салыстырғанда жіктемелік өзгерістер — Protocol S
Ранибизумаб 0,5 мг (N=189) — ПЛК (N=199) — Қатынастағы айырмашылықтар (%), СА
жақсаруы ≥2 қадамға
n (%) — 79 (41,8 %) — 29 (14,6 %) — 27,4 (18,9, 35,9)
жақсаруы ≥3 қадамға
n (%) — 54 (28,6 %) — 6 (3,0 %) — 25,7 (18,9, 32,6)
нашарлауы ≥ 2 қадамға
n (%) — 3 (1,6 %) — 23 (11,6 %) — 9,9 (14,7, 5,2)
нашарлауы ≥ 3 қадамға
n (%) — 1 (0,5 %) — 8 (4,0 %) — 3,4 (6,3, 0,5)
DRSS = диабеттік ретинопатия ауырлық дәрежесін бағалау көрсеткіші, n = келген кезде шарттарды қанағаттандырған пациенттер саны, N = зерттелген көру мүшелерінің жалпы саны.
Ранибизумаб алған пациенттер тобында Protocol S зерттеуін жүргізудің бірінші жылы ішінде DRSS көрсеткіші бойынша ≥2 сатыға жақсару ДМІ-сыз (39,9 %) және бастапқы ДМІ болмаған (48,8%) көру органы жағдайында тұрақты болды.
Protocol S зерттеуінің 2-ші жылғы деректерін талдау ранибизумаб алған пациенттер тобындағы көру мүшелерінің 42,3 % (N = 80) DRSS шкаласы бойынша бастапқы деңгейден ≥2 сатыдға ПЛК алған пациенттер тобындағы көру мүшелерінің 23,1 % (N = 46) салыстырғанда жақсара түскенін көрсетті. Ранибизумаб алған пациенттер тобында DRSS көрсеткіші бойынша ≥2 сатыға 58,5 % (n=24) ДМІ жоқ көру органдары жағдайында және бастапқы ДМІ 37,8 % (N=56) болғанда жақсару байқалды.
DRSS көрсеткіші бойынша сондай-ақ жалпы алғанда 875 пациент қатысқан, олардың шамамен 75% - ы азиялық шығу тегі болған үш жеке бақыланатын белсенді препаратпен ІІІ фазадағы (ранибизумаб 0,5 мг лазермен салыстырғанда ШР режимінде) ДМІ зерттеулерін салыстыруда қолданылған.
Бұл зерттеулердің мета-талдауында 48,4% - да DRSS шкаласының градуирленген көрсеткіштері орташа ауыр глиферативті емес ШР (ПЕДР) бар немесе бастапқы деңгейде нашар пациенттердің топшасындағы DRSS көрсеткіші бойынша ≥2 сатыға ранибизумабпен ( n = 192) емдеу кезінде лазер (n = 123) алған пациенттердің 14,6% - мен салыстырғанда 12 айға DRSS шкаласы бойынша жақсару байқалды.
Ранибизумаб және лазермен емдеу арасындағы айырмашылық 29,9 % (95% БКД: [20,0, 39,7]) құрады. DRSS көрсеткіші бойынша бағаланатын 405 пациентте қалыпты ПЕДР немесе жақсы, DRSS көрсеткіші бойынша ≥2 сатыға жақсару тиісінше ранибизумаб және лазер алған топтарда 1,4% және 0,9% - да байқалды.
ТВО туындаған макуланың ісінуіне байланысты көрудің бұзылуларын емдеу
ТВО туындаған макулярлы ісіну кезінде көрудің бұзылулары бар пациенттер үшін Луцентис препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі сәйкесінше ТВО (n = 397) және орталық торқабық венасының окклюзиясы (n = 392) бар пациенттерді қамтитын рандомизацияланған, қосарлы жасырын, бақыланатын BRAVO және CRUISE зерттеулерінің бөлігі ретінде бағаланды. Екі зерттеуде де пациенттер 0,3 немесе 0,5 мг ранибизумаб немесе плацебо алды. 6 айдан кейін плацебо бақылау тобындағы пациенттер 0,5 мг ранибизумаб ала бастады.
BRAVO және CRUISE зерттеулерінің тиімділігінің негізгі қорытынды көрсеткіштері 8 кестеде және 5 және 6 суреттерде келтірілген.
8-кесте 6 және 12 айдағы нәтижелер (BRAVO және CRUISE)
BRAVO — CRUISE
Плацебо/Луцентис 0,5 мг (n = 132) — Луцентис 0,5 мг (n = 131) — Плацебо/Луцентис 0,5 мг (n = 130) — Луцентис 0,5 мг (n = 130)
6 айдағыa (әріптер) көру қабілетінің орташа өзгеруі (СО) (бастапқы соңғы нүкте) — 7,3 (13,0) — 18,3 (13,2) — 0,8 (16,2) — 14,9 (13,2)
12 айдағы КЖЕТ орташа өзгерісі (әріптер) (СО) — 12,1 (14,4) — 18,3 (14,6) — 7,3 (15,9) — 13,9 (14,2)
6 айдағы көру қабілетінің ≥15 әрпке жақсаруы (%) — 28,8 — 61,1 — 16,9 — 47,7
12-айдағы көру қабілетінің ≥15 әріпке жақсаруы (%) — 43,9 — 60,3 — 33,1 — 50,8
12 айда жедел лазерлік емдеуден өткен пациенттердің үлесі (%) — 61,4 — 34,4 — Н/П — Н/П
a p <0.0001 екі зерттеуде де
5-сурет. КЖЕТ-нің бастапқы денгейінің 6-шы және 12-ші айға дейінгі орташа өзгерісі (BRAVO)
6-сурет. КЖЕТ-нің бастапқы денгейінің 6-шы және 12-ші айға дейінгі орташа өзгерісі (CRUISE)
Екі зерттеуде де көру қабілетінің жақсаруы торлы қабығының орталық аймағының қалыңдығымен өлшенетін макулярлы ісінудің төмендеуі ұзақ созылумен қатар жүрді.
Екі зерттеуде де көру жітілігінің жақсаруы торқабықтың орталық аймағының қалыңдығымен өлшенген макулярлы ісінудің ұзаққа созылған айтарлықтай төмендеуімен қатар жүрді.
ТОВО (CRUISE және кеңейтілген HORIZON зерттеуі) бар пациенттерде: кейіннен ранибизумаб қабылдаған алғашқы 6 айда плацебо қабылдаған топтың пациенттері зерттеу басталғаннан бері ранибизумабпен емделген пациенттермен салыстырғанда 24-ші айда (~6 әріп) көру жітілігінің салыстырмалы жақсаруына қол жеткізе алмады (~12 әріп).
Ранибизумабпен емдеу тобында бақылау тобымен салыстырғанда жақыннан көргіштік пен алыстан көргіштіктің кіші шкалалары шеңберінде пациенттер байқаған статистикалық маңызды жақсару байқалды. Қорытынды NEI VFQ-25 деректері негізінде жасалған.
Луцентис препаратының ұзақ мерзімді (24 ай) клиникалық қауіпсіздігі және ТВО туындатқан макула ісінуі кезінде көрудің бұзылулары бар пациенттерде тиімділігі BRIGHTER (ТТВО) және CRYSTAL (ТОВО) зерттеулері шеңберінде бағаланды. Екі зерттеуде де пациенттер жеке тұрақтандыру критерийлеріне сәйкес "қажет болған жағдайда" дозалау режимінде 0,5 мг ранибизумаб алды. BRIGHTER зерттеуі монотерапияда 0,5 мг ранибизумабты қолдану әсерін немесе монотерапия ретінде лазерлік фотокоагуляциямен лазерлік фотокоагуляциямен біріктірілген 3 топтық рандомизацияланған, белсенді препаратпен бақыланатын зерттеу болды. 6 айдан кейін лазерлік монотерапия тобындағы пациенттерге 0,5 мг ранибизумаб алуға болады. CRYSTAL зерттеуі монотерапияға 0,5 мг ранибизумаб енгізген бір топтық зерттеу болды.
BRIGHTER және CRYSTAL зерттеу тиімділігінің түйін қорытынды көрсеткіштері 9-кестеде көрсетілген.
9-кесте. 6-шы және 24-ші айдағы нәтижелер (BRIGHTER и CRYSTAL)
BRIGHTER — CRYSTAL
Луцентис 0,5 мг N = 180 — Луцентис 0,5 мг + Лазер N = 178 — Лазер * N = 90 — Луцентис 0,5 мг N = 356
6 айдағыa КЖЕТнің орташа өзгерісі (әріптер) (СО) — +14,8 (10,7) — +14,8 (11,13) — +6,0 (14,27) — +12,0 (13,95)
24 айдағыb КЖЕТнің орташа өзгерісі (әріптер) (СО) — +15,5 (13,91) — +17,3 (12,61) — +11,6 (16,09) — +12,1 (18,60)
24 айдағы КЖЕТ деңгейің ≥15 әріпке жақсаруы (%) — 52,8 — 59,6 — 43,3 — 49,2
Инъекциялардың орташа саны (SD) (0-23 ай) — 11,4 (5,81) — 11,3 (6,02) — Н/П — 13,1 (6,39)
ap <0,0001 BRIGHTER зерттеуіндегі 6 айда екі салыстыру кезінде: лазермен салыстырғанда Луцентис 0,5 мг және Луцентис 0,5 мг + лазермен салыстырғанда 0,5 мг bp <0,0001 нөлдік гипотезада CRYSTAL зерттеуінде, бұл 24 айдағы бастапқы деңгеймен салыстырғанда өзгерістің орташа көрсеткіші нөлге тең. *6 айдан бастап 0,5 мг ранибизумабты қолдану арқылы емдеуге рұқсат берілді (24 пациент тек лазермен ем алды).
BRIGHTER зерттеуінде бастапқы деңгейден 24 айға дейінгі деректер негізінде (95% БКД -2,8; 1,4) ранибизумаб 0,5 мг лазерлік терапиямен ұштастыра отырып, ранибизумабпен монотерапиядан кем емес тиімділікті көрсетті.
Екі зерттеулерде де 1-айда бастапқы деңгеймен салыстырғанда торқабықтың орталық аймағы қалыңдығының тез және статистикалық мәні бар азаюы байқалды. Мұндай нәтиже 24 айға дейін созылды.
Ранибизумабпен емдеу әсері торқабығының ишемиясының болуына қарамастан ұқсас болды. 24-ші айда ранибизумабпен монотерапия түрінде емдеуден өткен ишемиясы бар (N = 46) немесе онсыз (N = 133) пациенттерде BRIGHTER зерттеулерінде бастапқы деңгейден тиісінше +15,3 және +15,6 әріптерді құрайтын орташа ауытқу байқалды. CRYSTAL зерттеуінде ранибизумабпен монотерапия түрінде емдеуден өткен ишемиясы бар (N = 53) немесе онсыз (N = 300) пациенттерде сәйкесінше +15,0 және +11,5 әріптерді құрайтын бастапқы деңгейден орташа ауытқу байқалды.
BRIGHTER және CRYSTAL зерттеулерінің екеуінің де шеңберінде көрудің жақсаруы тұрғысынан әсер аурудың ұзақтығына қарамастан монотерапияда ранибизумаб 0,5 мг қабылдаған барлық пациенттерде байқалды. BRIGHTER және CRYSTAL зерттеулерінің бір бөлігі ретінде аурудың ұзақтығы <3 ай болатын пациенттерде көру жітілігінің 1-ші айда 13,3 және 10,0 әріпке жақсаруына қол жеткізілді, ал сәйкесінше 24-ші айда 17,7 және 13,2 әріп алынды. Аурудың ұзақтығы ≥12 ай болатын пациенттердегі зерттеулерде көру жітілігінің тиісті жақсаруы сәйкесінше 8,6 және 8,4 әріпті құрады. Диагноз қойылған сәтте емдеуді бастау мерзімін ескеру қажет.
24 айлық зерттеулерде байқалған ранибизумабтың ұзақ мерзімді қауіпсіздік бейіні Луцентис препаратының белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді.
Балалар
Шала туған нәрестелерде ШР емдеу
Шала туған нәрестелерде ШР емдеу үшін 0,2 мг Луцентис препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі 6 ай ішінде үш топ H2301 (RAINBOW) параллельді топтарда басымдықты рандомизацияланған ашық зерттеудің деректері негізінде бағаланды, ол лазерлік терапиямен салыстырғанда 0,2 мг және 0,1 мг ранибизумабты бағалау үшін әзірленген. Зерттеуге қатысқан пациенттерде әр көздің торқабығының жағдайы келесі нәтижелердің бірі болды:
• 1 аймақ, аурудың кезеңі 1+, 2+, 3 немесе 3+, немесе
• 2 аймақ, 3+ кезең
• Шала туған нәрестелердің артқы агрессивті ретинопатиясы
Осы зерттеу шеңберінде 225 пациент 0,2 мг (n=74), 0,1 мг (n=77) немесе лазерлік терапия (n=74) интравитреальді ранибизумаб инъекциясын алу үшін топтарға 1:1:1 қатынасында рандомизацияланды.
Зерттеу шеңберінде алғашқы емдеуден кейін 24 аптадан кейін екі көзде де белсенді ШР болмауы және қолайсыз құрылымдық нәтижелердің болмауы бойынша бағаланған емдеудің сәттілігі лазерлік терапиямен (66,2 %) салыстырғанда ранибизумаб үшін 0,2 мг (80%) ең жоғары болды (10-кестені қараңыз). Ранибизумабты 0,2 мг (78,1%) қабылдаған пациенттердің көпшілігі бір көзге бір инъекция алды.
10 - кесте. 24 аптадағы (RAINBOW) зерттеу нәтижелері
Сәтті емдеу
Емдеу — n/M (%) — 95 % СА — Салыстыру — Мүмкіндіктер қатынасы (OR)a — 95 % СА — Р-көрсеткішb
Ранибизу-маб 0,2 мг (N=74) — 56/70 (80,0) — (0,6873, 0,8861) — Ранибизу-маб 0,2 мг лазермен салыстырғанда — 2,19 — (0,9932, 4,8235) — 0,0254
Лазермен емдеу (N=74) — 45/68 (66,2) — (0,5368, 0,7721)
СА = сенімді аралық, M = зерттеудің алғашқы нәтижесінен 24 апта өткен соң (нәтижелі шартты шамаларды қоса) бастапқы нәтиже жоқ пациенттердің жалпы саны, n = белсенді ШР жоқ пациенттердің саны және екі көзде жағымсыз құрылымдық нәтиженің болмауы (шартты мәндерді қосқанда) ) Егер пациент қайтыс болса немесе 24-ші аптаға дейін басқа зерттеуге ауысса, онда ол 24-ші аптада белсенді ШР және қолайсыз құрылымдық нәтижелері бар деп есептелді. a Мүмкіндік қатынасы бастапқы деңгейде ШР аймағымен (1 және 2 аймақтар; бір жеке тіркеу картасына) Қохрана-Мантель-Хензель критерийін пайдалана отырып, қабат факторы ретінде есептеледі. b р-мәні екі көзді салыстыру үшін бірдей болып табылады. Бастапқы соңғы нүкте үшін бір жақты p-көрсеткіш үшін алдын ала берілген көрсеткіш деңгейі 0,025 болды.
Зерттеудің 24 аптасында 0,2 мг ранибизумаб қабылдаған пациенттер тобындағы пациенттердің аз саны лазермен (14,9% қарсы 24,3%) емделген пациенттер тобымен салыстырғанда емге жауаптың болмауына байланысты басқа емдеу әдісіне ауысты. 0,2 мг ранибизумабпен емдеу кезінде лазерлік терапиямен (7 пациент, 10,1 %) салыстырғанда қолайсыз құрылымдық нәтижелердің дамуы (1 пациент, 1,4%) сирек хабарланды.
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттігі неоваскулярлық ЖМД, ДМІ туындаған көрудің бұзылулары, ТВО аясында дамитын макулярлы ісінуден туындаған көрудің бұзылулары, ХНВ және диабеттік ретинопатиядан туындаған балалар мен жасөспірімдер пациенттерінің барлық қосалқы топтарында Луцентис препаратын қолдану арқылы зерттеу нәтижелерін қарауға беру міндетін уақытша кейінге қалдырды (4.2 бөлімін қараңыз балалар мен жасөспірімдер пациенттері үшін препаратты қолдану жөніндегі ақпарат). Сонымен қатар, Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттігі ШР емдеу кезінде балалар жасындағы пациенттердің келесі қосалқы кластарында: шала туған нәрестелер, жаңа туған нәрестелер, балалар мен жасөспірімдерде Луцентис препаратын қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін ұсыну бойынша міндеттемелерді орындауды талап ету құқығынан бас тартты.