Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Саудалық атауы
Магнетаб
Әсер етуші зат
Комбинация различных солей магния
Мақсаты
Жеке, сондай-ақ басқа да тапшылық жағдайларымен астасқан организмдегі расталған магний тапшылығын емдеу
Өндіруші
ООО "Рубикон"
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: магний - 34 мг, бұл 334 мг магний лактат дигидратына сәйкес келеді, 5 мг пиридоксин гидрохлориді
қосымша заттар: натрий крахмалгликолаты (А типі),магний стеараты, целлюлоза микрокристалды.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті цилиндрлі таблеткалар.
• Жеке, сондай-ақ басқа да тапшылық жағдайларымен астасқан организмдегі расталған магний тапшылығын емдеу.
• Келесі симптомдардың болуы магний тапшылығын растауы мүмкін:
– күйгелектік, ашушаңдық, аздаған үрей, өтпелі шаршағыштық,
• ұйқының аздаған бұзылуы,
– асқазан-ішек түйілуі немесе жүректің жиі қағуы (жүрек сау
• болғанда) секілді үрей белгілері
– бұлшықет құрысуы, бұлшықетте шаншуды сезіну
• Магнийді тағайындау осы симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі.
• Егер емнің бір айынан кейін жақсару байқалмаса, осы
• препаратпен монотерапияны жалғастыру жөнсіз болады.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Магний - организмдегі зат алмасу процестерінің дұрыс жүруі үшін қажет болатын элемент болып табылады. Жүйке, сүйек-буын, тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, гормональді, қан түзу және иммундық жүйелердің физиологиялық процестеріне қатысады. Есту және көру жүйкелерінің белсенділігіне әсер етеді. Организмнің стресске сезімталдығын төмендетеді (эмоционалды тепе-теңдік, мазасыздық, етеккір алдындағы ширығу синдромына байланысты шаршау, депрессия, ауыр ақыл-ой жұмысы кезіндегі бас сақинасы), жүйке-бұлшықет қозғыштығын төмендетеді (дірілдеу және бұлшықет құрысулары, назар тапшылығының синдромы және балалардағы қозғалыс белсенділігінің жоғарылауы, қатты қозғалыс белсенділігі – ауыр физикалық жұмыс, спортпен шұғылдану кезінде), бұлшықеттердің физиологиялық жиырылуының шарты болып табылады, жүрек бұлшықетіне қорғаныш әсер етеді (жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертония), жүрек бұлшықетінің ишемиясына қарсы тұрады. Магний сүйек жүйесінің дұрыс дамуы мен минералдануы үшін қажет.
Ересек адамның магнийге деген қажеттілігі күніне шамамен кг дене салмағына 5 мг құрайды (яғни 270-350 мг немесе 11-14 ммоль Mg2+ ). Ауыр жетіспеушілік жағдайында, сондай-ақ қарқынды физикалық белсенділік кезеңінде, балаларда, жүкті және бала емізетін әйелдерде тез өсу кезінде қажеттілік дене салмағына 7-10 мг/кг дейін артады. Магний жетіспеушілігі физикалық және психикалық шаршау, тітіркенудің жоғарылауы, күйзеліске төзімсіздік, бұлшықеттің ширығуы, жүрек ырғағының бұзылуы және артериялық гипертония түрінде көрінуі мүмкін.
В6 дәрумені-суда еритін дәрумен, кофермент ретінде организмнің көптеген метаболикалық процестеріне, жүйке жүйесінің қызметін реттеуге қатысады. Магнийдің АІЖ-не тез сіңуіне, енуіне және жасуша ішіндегі деңгейін ұстап тұруға көмектеседі. Пиридоксин мен магнийдің жүйке, бұлшықет және қан түзу жүйелеріне әсері синергиялық болып табылады.
Дозалау режимі
Ересектерге: тәулігіне 6-8 таблетка қабылдау ұсынылады.
6 жастан асқан балалар (дене салмағы 20 кг-нан асады): тәулігіне 4-6 таблетка.
Егде жастағы пациенттер,бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипермагниемия қаупін болдырмау үшін препаратты сақтықпен қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.
Таблеткаларды бір стақан сумен ішу керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәуліктік дозаны тамақтану кезінде қабылдай отырып, 2-3 дозаға бөлу керек.
Емдеу ұзақтығы әдетте бір айды құрайды
Қандағы магний концентрациясы қалыпқа келгеннен кейін емдеуді дереу тоқтату керек.
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
- гипермагниемия, В6 дәруменінің гипервитаминозы;
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз);
– myasthenia gravis;
- диарея;
- айқын артериялық гипотония;
- атриовентрикулярлық блокада;
- 6 жасқа дейінгі балалар (шығару формасына байланысты);
- леводопаны бір уақытта қабылдау («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Магниймен байланысты
Симптомдары
Бүйректің қалыпты функциясы кезінде магнийді ішке қабылдағанда оның артық дозалануы әдетте уытты реакцияларға ұшыратпайды. Препаратты ұсынылғаннан едәуір жоғары дозада қабылдау мыналарды тудыруы мүмкін: жүрек айну, құсу; іштің ауыруы, диарея, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, ұйқышылдық, рефлекстердің төмендеуі, гипотензия, электрокардиограммадағы өзгерістер, тыныс алудың бәсеңдеуі, кома, жүректің тоқтауы, ануриялық синдром.
Емдеу
Регидратация, қарқынды диурез, тыныс алуды демеу. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде гемодиализ немесе перитонеальді диализ қажет.
Арнайы антидот-кальций глюконаты.
Пиридоксинмен байланысты
Симптомдары
Пиридоксинді ұзақ уақыт бойы (бірнеше ай бойы немесе кейбір жағдайларда - бірнеше жыл) жоғарғы дозаларда (күніне 200 мг аса) қолданғанда ұю, проприоцептивтік сезімталдықтың бұзылуы, қол-аяқтың дистальді бөліктерінің треморы және біртіндеп дамитын сенсорлық атаксия (қимыл үйлесімінің бұзылуы) секілді симптомдармен қатар жүретін сенсорлық аксональді нейропатия дамуы мүмкін.
Емдеу
Бұл бұзылулар әдетте қайтымды және пиридоксинді тоқтатқаннан кейін жойылып кетеді.
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялары сипаттамасы және осы жағдайда қабылданатын шаралар
Сирек
• атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы;
• жүрек айнуы;
• іштің ауыруы;
• диарея;
• терінің қызаруы.
Өте сирек
• тері реакцияларын қоса, аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда қан плазмасындағы магний концентрациясын бақылау қажет.
Ұсынылған дозаның асып кетуі диареяны тудыруы мүмкін. Диарея пайда болған кезде тәуліктік дозаны азайту немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтату қажет.
Кальций жетіспеушілігі жағдайында кальций препараттарын қабылдауды бастамас бұрын магний тапшылығын жою ұсынылады.
Ауыр дәрежедегі магний тапшылығы немесе мальабсорбция синдромы жағдайында емді магний препараттарын вена ішіне енгізуден бастайды.
Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипермагниемия қаупінің дамуын болдырмау үшін препаратты сақтықпен қолдану керек.
Пиридоксинді ұзақ уақыт бойы (бірнеше ай бойы немесе кейбір жағдайларда - бірнеше жыл) жоғарғы дозаларда (күніне 200 мг аса) қолданғанда ұю, проприоцептивтік сезімталдықтың бұзылуы, қол-аяқтың дистальді бөліктерінің треморы және біртіндеп дамитын сенсорлық атаксия (қимыл үйлесімінің бұзылуы) секілді симптомдармен қатар жүретін сенсорлық аксональді нейропатия дамуы мүмкін. Бұл бұзылыстар әдетте қайтымды болады және В6 дәруменін қабылдағаннан кейін жойылады.
Дәрілік затта доза бірлігіне 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни құрамында натрийдің айтарлықтай мөлшері жоқ.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Жүкті әйелдердің жеткілікті санында магний препараттарын қолданудың клиникалық тәжірибесі шаранаға ешқандай жағымсыз әсерді анықтамады.
Қажет болған кезде магний дәрігердің нұсқауы бойынша жүктіліктің кез-келген кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Лактация
Магний мен В6 дәрумені емшек сүтіне енеді. Препараттағы магний мен В6 дәруменін жеке қолдану лактация кезеңімен үйлесімді болып саналады. В6 дәруменінің ең жоғары күндік дозасы туралы қолда бар деректердің шектеулі болуына байланысты емшек емізу кезеңінде тәулігіне 20 мг-нан асатын дозалар ұсынылмайды.
Қолдануға болмайтын біріктірілімдер
– леводопамен: леводопаның белсенділігі пиридоксинмен тежеледі. Егер леводопа хош иісті L-аминқышқылдарының шеткері декарбоксилаза тежегіштерімен бірге қабылданбаса, пиридоксиннің кез келген мөлшерін қабылдаудан аулақ болу керек.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер:
- құрамында фосфаттар, кальций тұздары бар препараттарды бір мезгілде қолдану ішекте магнийдің сіңуін нашарлатуы мүмкін.
Ескеру керек біріктірілімдер:
– магний препараттары тетрациклиндер мен фторхинолондардың сіңуін азайтатын болғандықтан, тетрациклиндер мен фторхинолондарды ішке тағайындаған кезде осы препараттар мен Магнетабты қабылдау арасында кемінде үш сағат аралықты сақтау қажет.
Несеп айдайтын препараттар (фуросемид, этакрин қышқылы) несепте магнийдің бөлінуін арттырады.
Ұзақ уақыт қолданылатын калий сақтайтын несеп айдайтын препараттар бүйрек өзекшелеріндегі магний реабсорбциясын арттырып, гипермагниемияға әкелуі мүмкін.
Магнетабпен бір мезгілде қабылданатын іш жүргізетін мен асқазан сөлін бейтараптандыратын магнийді құрайтын басқа дәрілер заттар әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда артық дозалану симптомдарын тудыруы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарық пен ылғалдан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.