Фармакодинамикалық әсері
Магний жүйке, сүйек-буын, тыныс алу, жүрек-қантамыр, гормональді, қан түзу және иммундық жүйелердің физиологиялық үдерістеріне қатысады. Есту және көру жүйкесі белсенділігіне әсер етеді. Күйзеліске сезімталдықты (эмоционалды тепе-теңдік болмағанда, тынышсыздық, етеккір алдындағы ширығу синдромымен байланысты шаршау сезімі, депрессия, бас сақинасы, қиын ақыл-ой еңбегі кезінде) азайтады, жүйке-бұлшықет қозғыштығын (бұлшықет дірілінде, балаларда зейін қою тапшылығы синдромы және жоғары қимыл белсенділігі, жоғары қимыл белсенділігі – ауыр дене жұмысы, спортпен айналысу кезінде) төмендетеді, бұлшықеттердің физиологиялық жиырылуының шарты (мысалы балтырдың түнгі құрысулары кезінде) болып табылады, жүрек бұлшықеттеріне қорғағыш әсер береді (жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертония кезінде), жүрек бұлшықеттері ишемиясына қарсы әсер етеді. Антикоагулянттық фактор рөлін атқарады және қан тамырларында кальцийдің шөгуін болдырмайды, сондай-ақ сүйек жүйесінің дұрыс дамуы мен минералдануына әсері етеді. Ересек адамда магний қажеттілігі күніне дене салмағына қарай 5 мг/кг құрайды (яғни 270-350 мг, немесе 11-14 ммоль Mg2+). Жоғары тапшылық жағдайында, қарқынды дене жүктемесі, балалардың жылдам өсуі кезеңінде, жүкті және бала емізетін әйелдердегі қажеттілік дене салмағының 7-10 мг/кг дейін артады.
Магний тапшылығы жүйке мен бұлшықеттің тітіркенуін арттырады, тремор, атаксия, жүрек ырғағының бұзылуы, тахикардия пайда болуы мүмкін, организмнің стресске қарсы тұру қабілеті төмендеуі мүмкін.
Келесі симптомдардың пайда болуы магний тапшылығының белгісі болуы мүмкін:
-ашушаңдық, күйгелектік, жеңіл мазасыздық, уақытша шаршау, орташа ұйқышылдық
-асқазан-ішек түйілуі немесе үрейлену белгісі сияқты жүректің қағуы жиілеуі (жүректің бұзылыстары болмайтын)
-бұлшықет түйілуі (балтырдың түйілуі), ұюы.
Магнийді қосымша ретінде қабылдау бұл симптомдарды жеңілдетуі мүмкін.
Пиридоксин суда еритін дәрумен болып табылады және аминқышқылдарының метаболизміне жауап беретін ферменттердің коферменті болып табылады. Магнийден басқа, ақуыз биосинтезі үшін B6 дәруменінің мөлшері де маңызды. В6 дәрумені гемоглобин синтезі үшін де маңызды.
Магний мен пиридоксиннің синергиялық әсері болады, өйткені пиридоксин магнийдің сіңуіне ықпал етеді.
Клиникалық аспектілері: қан сарысуындағы құрамының 12-ден 17 мг/л дейінгі (0,5-тен 0,7 ммоль/л-ге дейін) деңгейі магнийдің орташа тапшылығын көрсетеді, ал қан сарысуындағы деңгей 12 мг/л (0,5 ммоль/л) - ден төмен болса, бұл магнийдің аса тапшылығын көрсетеді. (Алайда, магний жасушаішілік ион екенін ескерсек, сарысулық магний деңгейі организмдегі магний гомеостазымен талапқа сай сәйкес келмейді. Магний тапшылығы болған кезде магний деңгейін бақылау тек ақпараттық нәтиже береді. Организмдегі магний деңгейінің айқын көрінісін қанның эритроциттеріндегі магнийді бақылау ғана береді.)
Магний тапшылығының себептері мыналар болуы мүмкін:
-бастапқы, туа біткен магний метаболизмі ауытқуларынан туындаған
-салдарлық: жеткіліксіз түсіп тұрудан туындаған (дұрыс тамақтанбаудың ауыр түрі, алкоголизм, толық парентеральді тамақтану, мальабсорбция, созылмалы диарея, асқазан-ішек жыланкөзі) немесе бүйрек функциясы бұзылуында магнийдің шамадан тыс жойылуы салдарынан (созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит, тиазид және өзекшелік диуретиктер қабылдау салдарынан болатын полиурия, бүйрек трансплантациясынан кейінгі диурез, бүйрек өзекшелері аурулары, Барттер синдромы, диабеттік кетоацидоз, созылмалы стрессте аминогликозидтер, циклоспорин және цисплатин қабылдау) және кейбір гормондық бұзылуларда (мысалы, гипопаратиреозда, бастапқы гиперальдостеронизмде).