Әсер ету механизмі
Магний, калийден басқа, негізінен организмнің жасушасы ішінде болатын ең маңызды катион болып табылады.
Фермент кофакторы ретінде ол бірнеше ферменттердің жұмысында маңызды рөл атқарады, мысалы, аденилатциклаза, фосфатаза, пирофосфатаза, протеинкиназа және ATФ-тәуелді ферменттік реакцияларда катализдік агент ретінде әсер көрсетеді. Ол ионотропты рецепторлардың белсенділігін және жүйке-бұлшықет берілісін тежейді. Бұл сүйектер мен тістердің құрамына кіретін компонент.
Пиридоксин суда еритін дәрумен болып табылады және амин қышқылдарының метаболизміне (декарбоксилдену, трансаминация, рацемизация реакциялары, сульфатталған және гидроксиамин қышқылдарының метаболизмі, триптофан - серотонин және метионин - цистеинге айналу), сондай-ақ көмірсу және липометаболизмге (гликоген-глюкозо-1-фосфат және линол қышқылының трансформациясы) жауапты ферменттердің коферменті болып табылады.
Магний мен пиридоксин синергетикалық әсерге ие, өйткені пиридоксин магнийдің сіңуіне ықпал етеді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Магний тапшылығы жүйке мен бұлшықеттің тітіркенуін арттырады, тремор, атаксия, жүрек ырғағының бұзылуы, тахикардия пайда болуы мүмкін және стресс төзімділігінің төмендеуін туғызуы мүмкін.
Келесі симптомдардың туындауы магний тапшылығының белгісі болуы мүмкін:
-күйгелектік, ашушаңдық, жеңіл мазасыздық, уақытшы шаршағыштық, қалыпты ұйқышылдық
-асқазан-ішек түйілуі немесе мазасыздық белгісі ретінде жүрек соғуының жиілеуі (жүрек функциясының бұзылыстарысыз)
-бұлшықеттің түйілуі (жіліншіктің түйілуі), жансыздану
Магнийді қоспа ретінде қабылдау көрсетілген симптомдарды жоққа келтіру мүмкін.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Келесі клиникалық зерттеу плацебо бақыланбайды және оның нәтижелері нұсқаулық болып табылады. Құрамында магний лактаты және пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) бар таблеткаларды және магний лактаты бар таблеткаларды қабылдаудан әсері бұрын созылмалы стресс диагнозы қойылған, сондай-ақ қан сарысуындағы магний деңгейінің төменделген 264 (18-50 жастағы) адам қатысқан IV фазаның рандомизацияланған көп орталықты жалғыз жасырын клиникалық зерттеуінде салыстырылды.
Клиникалық зерттеу көрсеткендей, магний B6 дәруменімен (Магне B6) бірге, тек магниймен емдеудегі әсер ету деңгейінен маңызды асып түсіп, ауыр стресс деңгейін едәуір төмендетеді.
Зерттеу нәтижелері келесідей:
-магнийді қолданумен емдеу қан сарысуындағы магний деңгейі төмен ересек пациенттерде стресс деңгейін азайтты
-магнийге В6 дәрумені қосу ауыр стресстегі пациенттерде магнийдің оң әсерін күшейтетіні көрсетілген. Магний лактаты мен пиридоксиннің біріктірілімін тек магний лактаты бар таблеткалармен салыстырғанда үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде пайдаланған кезде стресстің төмендеуі 24-38%-ға жоғары болды. Бұл әсер емдеудің 4 аптасынан кейін байқалды және 8 аптадан кейін сақталды.
-Магний лактаты бар белсенді зат пайдаланылатын емнің екі типі барысында, бастапқы деңгеймен салыстырғанда мазасыздық пен депрессия деңгейін төмендетіп, 4 апталық емдеуден кейін пациенттің психикалық денсаулығын (өмір спасын) жақсартты.
Зерттеудің маңызды нәтижесі құрамында магний бар қоспаны енгізу стресс деңгейін төмендету әсеріне ие және қолдану ұзақтығына байланысты: стресс деңгейінің төмендеуі емдеудің 4 аптасынан ерте байқалуы мүмкін, ал 8 аптадан кейін стресс деңгейінің одан әрі төмендеуі байқалады.
Бақыланатын зерттеу нәтижесінде алынған B6 дәруменімен және тек магний лактатымен біріктірілген магний лактатының қауіпсіздік профильдері ұқсас болды. Клиникалық деректер негізінде магний лактаты В6 дәруменімен бірге қолдану қауіпсіздігі мен жақсы төзімділігін көрсетеді.
Клиникалық аспектілері: қан сарысуында болу деңгейі 12-ден 17 мг/л дейін (0,5-ден 0,7 ммоль/л дейін) магнийдің орташа тапшылығын көрсетеді, ал қан сарысуында болу деңгейі 12 мг/л (0,5 мм /л) төмен болған кезде, бұл магнийдің жедел жетіспеушілігіне бағыттайды. (Дегенмен, магний жасушаішілік ион болып табылатындығын ескере отырып, сарысу магнийінің деңгейі ағзадағы магний гомеостазымен талапқа сай байланыспайды. Магний тапшылығы болған кезде магний деңгейін бақылау тек ақпараттық нәтиже береді. Организмдегі магний деңгейінің айқын көрінісі қан эритроциттеріндегі магнийді бақылауға мүмкіндік береді.)
Магний тапшылығының себептері мынадай болуы мүмкін:
-бастапқы, магний метаболизмнің туа біткен аномалиясы туындатқан
-салдарлы: жеткіліксіз түсуі туындатқан (тойып тамақ ішпеу, алкоголизм, парентеральді қоректену, мальабсорбция, созылмалы диарея, асқазан-ішек жыланкөзі) немесе бүйрек функциясының бұзылулары кезінде магнийді шамадан тыс жоғалту салдарынан (созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит, тиазид және өзекшелік диуретиктер қабылдау салдарынан болған полиурия, бүйрек трансплантациясынан кейінгі диурез, бүйрек өзекшелерінің аурулары, Барттер синдромы, диабеттік кетоацидоз, созылмалы стресс кезінде аминогликозидтер препараттарын, циклоспорин мен цисплатинді қолдану), әрі кейбір гормондық бұзылулар кезінде (мысалы, гипопаратиреозда, бастапқы гиперальдостеронизмде)
Басқа аурулар магний тапшылығымен байланысты болуы мүмкін:
-гипертония, стенокардия, миокард инфарктісі, аритмия
-жүйке және бұлшықет тітіркенуінің жоғарылауы (бұлшықет түйілуі)