Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного, внутримышечного введения
Дозасы
25 %
Саудалық атауы
Магний сульфаты
Әсер етуші зат
Магния сульфат
Мақсаты
Магний препараттарын пероральді қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда гипомагниемия
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат – магний сульфаты гептагидраты 1.25 г,
қосымша зат – 0.1 М хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі рН 5.5–7.0 дейін, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
• магний препараттарын пероральді қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда гипомагниемия.
• эклампсия (құрысуды басу үшін) және преэклампсия (ауыр преэклампсия кезінде құрысулардың алдын алу үшін);
• эклампсия және преэклампсия кезіндегі гипертониялық криз (кешенді ем құрамында);
• «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия (кешенді ем құрамында);
• жатыр тетаниясы (кешенді ем құрамында);
• ауыр металл тұздарымен улану (кешенді ем құрамында).
Әсер ету механизмі
Парентеральді енгізу кезінде құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, гипертензияға қарсы, спазмолитикалық әсер етеді, үлкен дозаларда жүйке-бұлшықет берілуін тежейді, токолитикалық әсер етеді, тыныс алу орталығын бәсеңдетеді.
Магний кальцийдің "физиологиялық" антагонисі ("баяу" кальций өзекшелерін бөгеу) болып табылады және оны байланысу орындарынан ығыстыруға қабілетті. Алмасу процестерін, нейронаралық берілуді және бұлшықет қозғыштығын реттейді, кальций иондарының пресинапстық жарғақша арқылы келіп түсуіне жол бермейді, шеткері жүйке жүйесі мен орталық жүйке жүйесіндегі ацетилхолин мөлшерін азайтады, бұл жүйке-бұлшықет берілуінің тежелуіне әкеледі. Ішкі ағзалардың, жатырдың және қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады, артериялық қысымды төмендетеді (негізінен жоғары болған қысымды), диурезді күшейтеді.
Ауыр металл тұздарымен улану кезінде антидот болып табылады.
Жүйелі әсерлер вена ішіне енгізгеннен кейін дерлік бірден дамиды.
Вена ішіне енгізу кезіндегі әсер ету ұзақтығы – 30 минут.
Құрысуға қарсы әсері
Магний жүйке-бұлшықет синапстарынан ацетилхолиннің босап шығуын азайтады, бұл ретте жүйке-бұлшықет берілуін тежейді, орталық жүйке жүйесіне тікелей тежейтін әсер етеді.
Аритмияға қарсы әсері
Магний кардиомиоциттердің қозғыштығын төмендетеді, иондық тепе-теңдікті қалпына келтіреді, жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады, натрий ағынын, баяу кіретін кальций ағынын және бір жақты калий ағынын бұзады.
Токолитикалық әсері
Магний миометрийдің жиырылу қабілетін тежейді (тегіс бұлшықет жасушаларында кальций иондарының сіңуін, байланысуын және таралуын азайту арқылы), жатыр қантамырларының кеңеюі нәтижесінде жатырдағы қан ағымын арттырады.
Дозалану режимі
Ең жоғары тәуліктік доза 30-40 г магний сульфатынан аспауы тиіс.
Гипомагниемия
Жеңіл гипомагниемия. Магний сульфатының ерітіндісі парентеральді түрде қолданылады, егер магний препараттарын пероральді енгізу жолы мүмкін болмаса немесе орынсыз болса (жүрек айнуы, құсу, асқазанда сіңудің бұзылуы және т. б.). Тәуліктік доза - 1,0-2,0 г (250 мг/мл вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 4-8 мл ерітінді). Бұл доза бір рет немесе 2-3 енгізу арқылы енгізіледі.
Ауыр гипомагниемия. Бастапқы доза – 5,0 г (20 мл ерітінді) вена ішіне баяу. Препаратты 1 литр инфузиялық ерітіндіде (0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5 % декстроза (глюкоза) ерітіндісі) сұйылтады. Қан сарысуындағы магний иондарының мөлшеріне байланысты дозаланады.
Ұзақ уақыт бойы қолданғанда артериялық қысымды, жүрек қызметін, сіңір рефлекстерін, бүйрек қызметін, тыныс алу жиілігін мониторингілеу ұсынылады. Кальций мен магний тұздарын бір мезгілде енгізу қажет болса, препараттарды әртүрлі веналарға енгізу керек.
Тапшылық мән-жайларын емдеу кезінде магнийдің бүйрек арқылы шығарылу қуаттылығынан асып кетпеуін және гипермагниемияның туындауын болдырмау үшін сақтық таныту қажет.
Парентеральді тамақтану кезінде профилактикалық қолдану
Ересектерде қолданылатын демеуші доза тәулігіне 1,0 г-нан 3,0 г-ға дейін (4-12 мл ерітінді) өзгереді.
Антидотпен ем
Бариймен уланған кезде препараттың әдеттегі дозасы вена ішіне 1,0–2,0 г (4-8 мл ерітінді) құрайды.
Антидот ретінде магний сульфатын сынаппен, мышьякпен, тетраэтилқорғасынмен улану кезінде 5 мл ерітіндіден вена ішіне сорғалатып пайдаланады.
Гипертониялық криз
Гипертониялық криздер кезінде препаратты вена ішіне 1,0–5,0 г (4-20 мл ерітінді) дозада шамамен 5 минут бойы баяу енгізеді.
Полиморфты қарыншалық тахикардия
Аритмияны басу үшін шамамен 5 минут бойы 1,0–2,0 г (4-8 мл ерітінді) вена ішіне енгізеді. Қайта енгізуге болады.
Преэклампсия және эклампсия
Доза клиникалық жағдайға байланысты жеке белгіленеді. Қанығу дозасы – 5-20 минуттан кейін (инфузия) 2,0-4,0 г (8-16 мл ерітінді). Демеуші доза сағатына 1,0–2,0 г (4–8 мл ерітінді).
Жатыр тетаниясы
Қанығу дозасы – 20 минуттан кейін (инфузия) 4,0 г (16 мл ерітінді).
Демеуші доза – алдымен сағатына 1,0-2,0 г (4-8 мл ерітінді), кейінірек – сағатына 1,0 г (4 мл ерітінді).
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда 48 сағат ішінде 20 г артық магний сульфатын енгізуге болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде магний сульфатының дозалары олардың бүйрек функциясының бұзылу дәрежесімен анықталады.
Егде жастағы пациенттерге әдетте азайтылған дозаны қолдану керек, себебі олардың бүйрек функциясы төмендейді.
Балалар
Гипомагниемия профилактикасы мен емі
Жаңа туған нәрестелер: тәуліктік доза – 50–100 мг/кг (0,2–0,4 мл/кг) вена ішіне және бұлшықет ішіне.
Балалар: әр 4-6 сағат сайын бұлшықет ішіне немесе вена ішіне 25-50 мг/кг магний сульфаты. Ең жоғары бір реттік доза 2,0 г құрайды.
Вена ішіне енгізу үшін балалар мен сәбилерге магний сульфатының 10 мг/мл ерітіндісін пайдалану ұсынылады. Ерітінді вена ішіне 1 сағат ішінде енгізіледі. Ауыр жағдайларда дозаның жартысын алғашқы 15-20 минут ішінде енгізуге болады. Қажет болса, балаларда вена ішіне енгізу үшін 30 мг/мл магний сульфатының ерітіндісін қолдануға болады.
Балаларда бұлшықет ішіне инъекция үшін 200 мг/мл (20% ерітінді) концентрациясына дейін сұйылтылған ерітіндіні қолдану ұсынылады.
Парентеральді тамақтану кезінде профилактикалық қолдану
Сәбилер мен балалар үшін демеуші дозалардың ауқымы тәулігіне 0,25 г-нан 1,25 г-ға дейін (1-5 мл ерітінді) құрайды.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне (сорғалатып баяу немесе тамшылатып енгізу). Пациент жату қалпында болуы тиіс.
Бұлшықетішілік емді препаратты вена ішіне енгізу мүмкін болмаған кезде ғана пайдалану керек, мысалы, шеткері веналар енгізу мүмкін болмағанда.
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған магний сульфаты ерітіндісінің концентрациясы 200 мг/мл-ден (20% ерітінді) тиіс екенін көрсететін өте шектеулі жарияланған дәлелдер бар.
Емдеу алдында және емдеу кезінде магнийдің сарысулық деңгейін бақылау қажет.
Магний сульфатының дозасы пациенттің қажеттіліктеріне және емдеуге жауабына байланысты жеке таңдалуы тиіс.
Қан сарысуындағы магний деңгейін >2,5 ммоль/л-ден асырмау (4.9 бөлімін қараңыз).
1 мл препараттың құрамында 1 ммоль магний бар.
Магний сульфатының ерітіндісін 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісімен сұйылтуға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Өткізіп қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• миастения
• брадикардия
• айқын артериялық гипотензия
• гипокальциемия
• босанар алдындағы кезең (босануға дейін 2 сағат бұрын)
• бүйрек функциясының айқын бұзылуы (креатинин клиренсі 20 мл/мин -ден аз)
• гипермагниемия
• 1-3 дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
• тыныс алу орталығының бәсеңдеуі
• бас ауыруы, терең седация, сіңір рефлекстерінің бәсеңдеуі
• брадикардия, өткізгіштіктің бұзылуы, аритмия*
• гипотензия
• ентігу
• жүрек айнуы, құсу
• полиурия
• ысыну сезімі, терлеу, әлсіздік
* Сусызданудың және/немесе электролиттік теңгерім бұзылуының клиникалық салдары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Плазмадағы магний деңгейі 2,0–3,5 ммоль/л дейін жоғарылаған кездегі уыттанудың классикалық ерте белгісі терең сіңір рефлекстерінің (тізе) төмендеуі болып табылады. Плазмадағы магний деңгейі 3,5–5,0 ммоль/л жеткенде PQ аралығының ұзаруы пайда болады. Магний деңгейі 4,0-5,0 ммоль/л болғанда терең сіңір рефлекстері жоғалады, жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның күрт төмендеуі, гипергидроз, диплопия, анық сөйлемеу пайда болады. Магний деңгейі 5,0-7,5 ммоль/л болғанда тыныс алудың бәсеңдеуі және жүрек өткізгіштігінің бұзылуы туындайды. Магний деңгейі 7,5 ммоль/л-ден жоғары болғанда, жүректің тоқтап қалуы және орталық жүйке жүйесінің терең бәсеңдеуі байқалады.
Емі
5-10 минут ішінде 100-200 мг иондалған кальций есебінен спецификалық антидот – кальций тұздарын (кальций хлориді немесе глюконаты) вена ішіне енгізу. Қажет болса, антидотты қайта енгізеді. Ауыр уыттану жағдайында өкпені жасанды желдету, перитонеальді диализ немесе гемодиализ қолданылады. Симптоматикалық ем (орталық жүйке жүйесінің стимуляторлары, жүрек-қантамыр жүйесінің функциясын түзететін препараттар) жүргізіледі.
Магний сульфатын препараттың уытты концентрациясының туындауын болдырмау үшін сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі 20 мл/мин артық) мен олигуриясы бар пациенттерге 48 сағат ішінде 20 г магний сульфатынан (81 ммоль Mg2+) артық қабылдауға болмайды, сондай-ақ препаратты вена ішіне тым жылдам енгізуге болмайды. Қан сарысуындағы магний иондарының концентрациясын (0,8–1,2 ммоль/л жоғары болмауы тиіс), диурезді (кемінде сағатына 100 мл), тыныс алу жиілігін (кемінде 16/мин), артериялық қысымды бақылау ұсынылады, сіңір рефлекстерін бақылау қажет.
Магний сульфатын енгізу кезінде кальций глюконатының 10% ерітіндісі сияқты вена ішіне енгізу үшін дайындалған кальций ерітіндісі болуы қажет.
Магний сульфатын қолданған кезде технеций қолданылатын радиологиялық зерттеулердің нәтижелері бұрмалануы мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде орталық гемодинамиканың көрсеткіштерін бақылау, артериялық қысымды мониторинг жүргізу, жүрек қызметін, сіңір рефлекстерін, тыныс алу жиілігін және бүйрек функциясын бақылау қажет.
Кальций мен магний сульфаты препараттарын бір мезгілде енгізу қажет болса, оларды әртүрлі веналарға енгізу керек.
Плазмадағы магний деңгейін зертханалық бақылау кезінде плазмадағы магний деңгейінің қалыпты көрсеткіштері оның тіндердегі тапшылығын жоққа шығармайтынын есте ұстаған жөн, себебі плазмадағы магний концентрациясы және оның жасушааралық сұйықтықтағы деңгейі әрқашан өзара байланысты емес.
Балалар
Препаратты бір жасқа дейінгі балаларға көрсетілімдер бойынша сіңір рефлекстері мен плазмадағы магний концентрациясын бақылай отырып, қолдануға болады.
Қосымша заттар
Магний сульфаты препаратының құрамында дозаға 1 ммольден аз натрий (5 мл) бар, яғни шын мәнінде құрамында натрий жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған, алайда эклампсиясы бар пациенттің кезек күттірмейтін жағдайында бұл жағдайды жеңілдету үшін магний сульфатын тағайындауға болады, бірақ бұл ана мен баланың өмірі үшін қауіпті.
Жүктілік кезінде препарат сақтықпен және күтілетін емдік әсері шарана үшін ықтимал қауіптен асқан жағдайларда ғана қолданылады. Жүкті әйелдерде мерзімінен бұрын босанудың алдын алу үшін дәрілік препаратты 5-7 күннен артық қолдануға болмайды, себебі бұл кальций деңгейінің төмендеуіне және жаңа туған нәрестелердегі сүйек жүйесінде өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Бала емізу
Егер лактация кезеңінде қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек .
Фертильділік
Деректер жоқ
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын және жоғары зейін қоюды талап ететін, басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақтық таныту керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Біріктіріп қолданған кезде жүйке жүйесін тежейтін басқа препараттардың (алкоголь, психотропты, ұйықтататын дәрілер, Паркинсон ауруына қарсы, құрысуға қарсы препараттар) әсерін күшейтеді. Барбитураттармен, есірткілік анальгетиктермен, гипотензиялық препараттармен біріктіріп қолданған кезде тыныс алу орталығының бәсеңдеу ықтималдығы артады.
Жүрек гликозидтері магний сульфатымен бірге қолданған кезде өткізгіштіктің бұзылуы мен атриовентрикулярлық блокаданың даму қаупін арттырады.
Аминогликозидті антибиотиктер, нифедипин және миорелаксанттар магний тұздарынан туындаған жүйке-бұлшықет блокадасын күшейтуі мүмкін.
Кальций тұздарын вена ішіне енгізу магний сульфатының әсерін әлсіретеді.
Магний сульфатын басқа тамыр кеңейтетін препараттармен бір мезгілде енгізгенде олардың гипотензиялық әсері күшейеді.
Кальций препараттарымен, этанолмен (жоғары концентрацияларда), карбонаттармен, гидрокарбонаттармен және сілтілік металл фосфаттарымен, мышьяк қышқылы, барий, стронций тұздарымен, клиндамицин фосфатымен, гидрокортизон натрий сукцинатымен, полимиксин В сульфатымен, прокаин гидрохлоридімен, салицилаттармен және тартраттармен фармацевтикалық тұрғыда үйлеспейді (шөгінді түзіледі).
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.