- препаратты дәрігердің тағайындауымен қолданыңыз
- препаратты қолданар алдында қосымша парақшаны мұқият оқып шығыңыз
- түпнұсқалық қаптамада балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
- Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (ҚҚСП) қызба және ауырсыну сияқты инфекция белгілерін жасыруы мүмкін. Бұл инфекцияны дұрыс емдеуді кешіктіруі мүмкін, бұл асқыну қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Егер сіз бұл препаратты инфекция кезінде қабылдасаңыз және инфекция белгілері сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Арнайы ескертулер
Мажезик-сановель СР ҚҚСП, оның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерімен бір уақытта қолданудан аулақ болу керек.
Ескертулер Жүрек-қантамырлық тромбоздық құбылыстар
Бірнеше ҚҚСД– селективті және селективті емес ЦОГ-2 тежегіштерін ұзақтығы 3 жылға дейінгі клинкалық зерттеу нәтижелері жүрек-қантамырдың күрделі тромбоздық аурулардың, миокард инфарктінің, инсульттің жоғарғы қаупін көрсетті. Қауіп бұрыннан жүрек-қантамыр аурулары немесе жүрек-қантамыр ауруларының даму факторларының қаупі бар пациенттерде жоғары. Жағымсыз жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін барынша азайту үшін ең қысқа мерзімге ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек. Дәрігер мен пациент бұрын жүрек-қантамыр симптомдарының болмағанына қарамастан мұндай құбылыстардың дамуына сақ болулары тиіс. Пациенттер күрделі жүрек-қантамыр ауруларының белгілері және/немесе симптомдары және олар көрініс берген жағдайда қабылдануы керек шаралар туралы хабарланған болуы тиіс.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, анықталған ишемиялық жүрек ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге флурбипрофенді мұқият тексерістен кейін ғана сақтықпен тағайындау керек. Осындай тексерісті жүрек-қантамыр ауруларының даму факторлары (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерде ұзақ емді бастағанға дейін өткізу қажет.
Артериялық гипертензия
ҚҚСП, оның ішінде флурбипрофен манифестация туындатуы немесе бұрыннан бар гипертензияның нашарлатуы мүмкін және жүрек-қантамыр ауруларының жиілеуіне ықпал етуі мүмкін. Тиазидтер немесе ілмектік диуретиктер қабылдайтын пациенттерде ҚҚСП қабылдағанда емге қатысты жауап төмендейді. ҚҚСП, оның ішінде флурбипрофен, гипертониясы бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Артериялық қысымды (АҚ) флурбипрофенмен емдеу уақытында мұқият бақылау керек.
Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі және ісіну
Флурбипрофенді қоса, ҚҚСП қабылдайтын кейбір пациенттерде простагландиндер синтезін бәсеңдететін басқа препараттарды қабылдағандағыдай сұйықтықтың іркілуі және ісіну байқалды. Мажезик-сановель СР сұйықтықтың іркілуі, гипертониясы немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Асқазан-ішек аурулары – ойық жара, қан кету, тесілудің даму қаупі
ҚҚСП қабынуды, қан кетуді, ойық жаралы ауруын, фатальді болуы мүмкін асқазан, жіңішке және жуан ішек тесілуін қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан болатын күрделі жағымсыз құбылыстардың дамуын туындатуы мүмкін. Белгіленген жағымсыз құбылыстар кез келген уақытта ізашар симптомдармен немесе оларсыз пайда болуы мүмкін.
Диспепсия сияқты АІЖ жоғарғы бөлімдерінің күрделі жағымсыз әсерлері емдеу кезінде кез келген сәтте дамуы мүмкін. Пациенттер мен дәрігерлер ҚҚСД емделу уақытында асқазан-ішектің ойық жаралануы және қан кету белгілері мен симптомдары себебінен қырағылық танытуы және күрделі асқазан-ішек құбылысына күдік болса дереу қосымша тексеріс және ем бастауы тиіс. Пациенттер асқазан-ішек уыттылығының белгілері мен хабарлаушы симптомдары туралы хабардар болуы тиіс. Мезгіл-мезгіл зертханалық мониторингтің басымдықтары дәлелденбеді, бірақ жеткілікті бағалау жоқ.
ҚҚСП емге АІЖ жоғарғы бөлімдерінің күрделі жағымсыз әсері дамыған бес пациенттің біреуінде ғана симптоматикалық болып табылды.
Асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдері ойық жарасының, ҚҚСП туындатқан ауқымды қан кетудің немесе тесілудің даму жағдайлары 3-6 ай бойы емделген шамамен 1 % науқаста және жыл бойы емделген 2 – 4% науқаста байқалды. Бұл үрдіс асқазан-ішек жолы тарапынан болатын күрделі жағымсыз құбылыстардың даму ықтималдығын ұлғайта отырып ұзақ қолданғанда сақталады. Алайда, тіпті емдеудің қысқа курстары белгілі бір қауіпке байланысты. ҚҚСП анамнезінде ойық жаралы ауруы немесе асқазан-ішектен қан кетуі бар пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек. Асқазан-ішектен қан кетудің даму қаупін ұлғайтатын басқа факторларға мыналар жатады: пероральді кортикостероидтарды немесе антикоагулянттарды (варфарин) бір уақытта қабылдау, ҚҚСП ұзақ емдеу, шылым шегу, алкоголь, егде жас, қанағаттандырмайтын жалпы жай-күй. Өлімге әкелген жағдайлардың көбі егде жастағы және әлсіреген пациенттер арасында сипатталған, демек, пациенттердің бұл тобы ерекше назарды талап ету керек.
Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз құбылыстардың даму қаупін барынша азайту үшін ең қысқа уақытқа ҚҚСП ең төменгі тиімді дозаларын қолдану керек. Қаупі жоғары пациенттерде құрамында ҚҚСП жоқ баламалы емдеу тәсілдері қарастырылуы тиіс.
Бұл пациенттер үшін, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының немесе асқазан-ішек ауруларының қаупін күшейтуі мүмкін басқа препараттардың төменгі дозаларымен бір уақытта емдеуді керек ететін пациенттер үшін қорғағыш дәрілермен (мысалы, мизопростол немесе протондық сорғы тежегіштері) біріктірілген ем ұсынылады. Тұрақты клиникалық тексеріс қажет.
Анамнезінде асқазан-ішек жолы аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар әдеттен тыс кез келген абдоминальді симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) туралы, әсіресе емнің бастапқы кезеңдерінде хабарлауы тиіс.
Оральді кортикостероидтармен, антикоагулянттармен (варфарин), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштермен немесе ойық жаралану немесе қан кету қаупін ұлғайтуы мүмкін антиагреганттармен (ацетилсалицил қышқылы) бір уақытта ем қабылдайтын пациенттерге сақтық таныту керек. Флурбипрофен қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болғанда ем тоқтатылуы тиіс.
ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек жолы аурулары (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттер сақтықпен пайдаланулары керек, өйткені олар аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.
Анамнезінде ойық жаралы ауруы және/немесе асқазан-ішектен қан кетуі бар пациенттерде ҚҚСП қолдану кезінде асқазан-ішек жолынан қан кетудің даму қаупі қауіп – факторлары жоқ пациенттермен салыстырғанда 10 есе жоғары.
Бүйрекке ықпалы
ҚҚСП ұзақ қабылдау папиллярлық бүйрек некрозының және басқа да бүйрек зақымдануларының дамуын туындатуы мүмкін. Бүйрекке уытты әсер бүйрек простагландиндері бүйрек перфузиясын демеу үшін компенсаторлық рөл атқарған пациенттер арасында байқалды. Мұндай жағдайларда ҚҚСП қабылдау простагландиндер түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуін, демек, бүйректегі қан ағысының төмендеуін туындатуы мүмкін, бұл бүйрек декомпенсациясының дамуына түрткі болуы мүмкін. Жоғары қауіп тобына бүйрек функциясы бұзылған, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар пациенттер, егде жастағы пациенттер, сондай-ақ диуретиктер, АӨФ тежегіштерін қабылдайтындар жатады. ҚҚСП қабылдауды тоқтатқаннан кейін функция бұрынғы күйіне (емге дейін) дейін қалпына келеді.
Клиникалық зерттеулерде флурбипрофеннің жартылай шығарылу кезеңі бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде өзгермеді. Флурбипрофен метаболиттері негізінен, бүйрекпен шығарылады. 4’-гидрокси-флурбипрофен элиминациясы орташа-ауыр бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде төмендеген. Демек, бүйректің созылмалы ауруы бар науқастарға флурбипрофенмен ем ұсынылмаған. Флурбипрофенді қолдану қажет болғанда бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.
Анафилактоидтық реакциялар
Басқа ҚҚСП сияқты, флурбипрофенді қолданғанда анафилактоидтық реакциялар дамуы мүмкін. Флурбипрофенді "аспириндік триадасы" (бронх демікпесі, вазомоторлық ринит, ацетилсалицил қышқылының жақпаушылығы) бар пациенттерге қабылдамаған жөн. Аспирин немесе басқа ҚҚСП қабылдауға жауап ретінде демікпесі бар науқастарда бұл симптомдар кешені мұрын полиптері немесе онсыз немесе ауыр, өлім қаупі жоғары бронх түйілуімен ринит түрінде көрініс табады. Анафилактоидтық реакциялар дамыған жағдайда шұғыл көмек қажет.
Дерматологиялық реакциялар
Флурбипрофенді қоса, ҚҚСД эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН) сияқты фатальді болуы мүмкін тері тарапынан болатын күрделі жағымсыз құбылыстардың дамуын туындатуы мүмкін. Айтылған жағымсыз құбылыстар алдында жүретін симптомдарсыз көрініс табуы мүмкін. Пациенттерге тері тарапынан болатын күрделі жағымсыз құбылыстардың белгілері мен симптомдары туралы хабарлау керек, ал тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да симптомдары болса – препарат қабылдауды тоқтату қажет.
Сақтық шаралары
Бауырға әсері
Флурбипрофенді қоса, ҚҚСД қабылдайтын пациенттерде (15% дейін) бауыр функциясының бір немесе бірнеше көрсеткіштері деңгейінің шектес жоғарылауы мүмкін. ҚҚСП болған клиникалық зерттеулер уақытында АЛТ және АСТ (қалыптан шамамен үш есе жоғары) деңгейінің едәуір жоғарылауы шамамен 1% пациентте байқалған. Жоғарыда аталғандардан басқа, кейде өліммен аяқталатын, бауырдың ауыр реакцияларының сирек жағдайлары, оған қоса сарғаюы, шұғыл дамитын гепатит, бауыр некрозы және бауыр жеткіліксіздігі байқалған.
Бауыр дисфункциясының симптомдары және/немесе белгілері немесе бауыр функциясының патологиялық көрсеткіштері бар пациенттер бауыр тарапынан болатын одан да ауыр реакциялардың дамуына жол бермеу үшін тексерілуі тиіс. Егер клиникалық белгілері мен симптомдары бауыр ауруының дамуымен байланысты болса немесе жүйелі көріністер байқалса (мыс., эозинофилия, бөртпе және т.с.) флурбипрофен қабылдауды тоқтату керек.
Бүйректің созылмалы аурулары
Бүйректің созылмалы аурулары бар науқастарға флурбипрофенмен емделу ұсынылмаған. Флурбипрофен қолдану қажет болғанда бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.
Гематологиялық әсерлер
Флурбипрофенді қоса, ҚҚСД қабылдайтын пациенттерде анемия дамуы мүмкін, бұл эритропоэзге әсер етуін жеткіліксіз зерттеуден немесе сұйықтықтың іркілуінен, асқазан-ішектен қан кетуден туындауы мүмкін. ҚҚСП ұзақ қолданғанда пациенттерге, тіпті анемияның кез келген белгілері мен симптомдары болмаған жағдайда да гемоглобинді немесе гематокритті мезгіл мезгіл бақылау қажет.
ҚҚСП тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды және кейбір пациенттерде қан кету уақытын ұлғайтады. Аспириннен айырмашылығы олардың тромбоциттер функциясына әсері сандық жағынан аз, қысқа және қайтымды. Әдетте, флурбипрофен тромбоциттер санына, протромбиндік уақытқа, ішінара тромбопластиндік уақытқа ықпал етпейді. Антикоагулянттарды қабылдайтын, сондай-ақ қан ұюы бұзылған пациенттерге мұқият мониторинг қажет.
Бұрыннан бар демікпе
Демікпесі бар пациенттер аспиринге тәуелді күйден зардап шегуі мүмкін. Аспиринді бұл пациенттерде пайдалану өлімге әкелуі мүмкін ауыр бронх түйілуінің дамуымен байланысты. Айқаспалы реактивтілікке байланысты флурбипрофен аспиринге жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қолданбаған жөн және анамнезінде демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қабылдау керек.
Көру өзгерістері
Флурбипрофен және басқа ҚҚСП қабылдайтын пациенттер арасында бұлыңғырланған және/немесе дұрыс көрмеу жағдайлары байқалған. Көруінің нашарлауына шағымданған пациенттер офтальмологиялық тексерістен өтулері тиіс.
Жалпы Флурбипрофен кортикостероидтарды алмастыруды немесе кортикостероидтардың жеткіліксіздігін емдеу үшін пайдалануды болжамдамайды. Кортикостероидтар қабылдауды бірден тоқтату аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қабылдап жүрген науқастар емді жалғастыруы тиіс. Кортикостероидтар қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдағанда оның дозасын баяу төмендету қажет. Операциядан кейінгі егде жастағы пациенттерге ерекше назар аудару керек. 65 жастан асқан пациенттерде бүйрек және бауыр функциясын бақылау қажет. Флурбипрофеннің қызбаны және қабынуды төмендетудегі фармакологиялық белсенділігі болжамды инфекциялық емес, ауырсыну күйлерінің асқынулары анықталған жалпы диагностикалық белгілерін бағалау индексін төмендетуі мүмкін.
Ықтимал аддитивті әсерге байланысты флурбипрофенді ҚҚСП, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бір уақытта қолданудан аулақ болу керек.
Флурбипрофенді қабылдау бала көтеру қабілетін төмендетуі мүмкін және жүкті болуға қабілетті әйелдерге ұсынылмайды. Осыған байланысты, бала көтеру қабілеті бұзылған немесе осы бұзылыстар себебімен тексерістен өтіп жүрген әйелдерде флурбипрофен қолдануды тоқтатудың жөндігін назарға алу керек.
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас ауруы
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас ауруы бар пациенттерде асептикалық менингиттің жоғары даму қаупі болуы мүмкін.
Зертханалық деректер
АІЖ тарапынан болатын күрделі жағымсыз құбылыстар ізашар симптомдарсыз білінуі мүмкін екеніне байланысты асқазан-ішектен қан кету симптомдарын қадағалау қажет. ҚҚСП ұзақ емделгенде клиникалық және биохимиялық қан талдау көрсеткіштерін мезгіл-мезгіл бақылау қажет. Егер клиникалық белгілері мен симптомдары бауыр немесе бүйрек ауруының дамуымен байланысты болса жүйелі көріністер (мыс., эозинофилия, бөртпе және т.с.с.) байқалады, флурбипрофен қабылдауды тоқтатқан жөн.
Егде жастағыларда қолдану:
Басқа ҚҚСП сияқты, флурбипрофенді егде жастағы пациенттерде (65 жастан асқан) сақтықпен қолдану керек. Басқа ҚҚСП сияқты, ойық жара, қан кету, метеоризм, іш ауыруы сияқты асқазан-ішек жолы тарапыпан болатын асқынулар жастармен салыстырғанда егде жастағылар арасында жиі байқалады. Жағымсыз асқазан-ішек құбылыстарының даму қаупін барынша азайту үшін ең қысқа мерзімге ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек. Сондай-ақ егде жастағы пациенттер бүйрек декомпенсациясының жоғарғы даму қаупіне бейім.
Негізгі инфекциялардың симптомдарын бүркемелеу
Эпидемиологиялық зерттеулер жүйелік стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (ҚҚСП) инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін екенін көрсетеді, бұл тиісті емнің уақтылы басталмауына және осылайша инфекцияның нәтижесін нашарлатуы мүмкін. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмонияда және желшешектің бактериялық асқынуларында байқалды. Егер пациент препаратты инфекцияға байланысты қызба немесе ауырсыну кезінде қабылдаса, инфекцияны мониторингілеу ұсынылады.