Қатерлі жаңа түзілімдер
Препараттардың біріктірілімін, соның ішінде МФҚ-ны қамтитын иммуносупрессанттар сызбасы бойынша ем қабылдап жүрген пациенттерде лимфомалардың және басқа да, әсіресе терінің, қатерлі жаңа түзілімдерінің жоғары даму қаупі бар.
Оппортунистік инфекциялар
Барлық пациенттер трансплантациядан кейін оппортунистік инфекциялардың жоғары қаупіне ұшырайды; жалпы иммуносупрессиялық жүктемеде қауіп ұлғаяды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер, әдеттегідей, иммуносупрессияға байланысты препараттың жағымсыз реакциясының жоғары қаупіне ұшыраған.
Жағымсыз реакциялары келесі санаттар бойынша берілген:
Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000)
Өте жиі
- вирустық, бактериялық және зеңдік инфекциялар
- лейкопения
- гипокальциемия, гипокалиемия, гиперурикемия
- үрейлену
- гипертензия
- диарея
- артралгия
Жиі
- жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, пневмония
- анемия, тромбоцитопения
- гиперкалиемия, гипомагниемия
- бас айналу, бас ауыру
- гипотензия
- жөтел, ентігу
- іштің кебуі, іштің ауыруы, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастрит, жүректің айнуы, құсу
- бауырдың қалыптан ауытқыған функциональді тестілері
- акне, терінің қышуы
- миалгия
- қандағы креатининнің жоғарылауы
- астения, қажығыштық, шеткері ісінулер, гипертермия
Жиі емес
- жаралар инфекциясы, сепсис, остеомиелит
- тері папилломасы, базальді-жасушалы карцинома, Капоши саркомасы, лимфопролиферациялық ауру, жалпақ жасушалы карцинома
- лимфопения, нейтропения, лимфаденопатия
- анорексия, гиперлипидемия, қант диабеті, гиперхолестеринемия, гипофосфатемия
- аномальді ұйқылар, сандырақтау сезімі, ұйқысыздық
- тремор
- конъюнктивит, көздің анық көрмеуі
- тахикардия, қарыншалық экстрасистолиялар
- лимфоцеле
- өкпенің интерстициальді ауруы, өкпедегі іркіліс, сырылдар, өкпенің ісінуі
- іштің аурушаңдығы, асқазан-ішектік қан кету, кекіру, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, ішек бітелісі, еріннің ойылып жара болуы, эзофагит, subileus, тіл түсінің өзгеруі, ауыз ішінің құрғауы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, қызылиектердің гиперплазиясы, панкреатит, құлақ маңы өзектерінің обструкциясы, ойық жара ауруы, перитонит
- алопеция
- артрит, арқаның ауыруы, бұлшықет спазмдары
- гематурия, бүйрек өзекшелерінің некрозы, уретра стриктурасы
- импотенция
- тұмау тәріздес ауру, аяқтардың ісінуі, ауыру, қалтырау, шөлдеу, әлсіздік
- соғылу
Тіркеуден кейінгі қадағалау кезеңінде анықталған препаратқа қатысты жағымсыз реакциялар:
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар: агранулоцитоз.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар: аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксияны қоса алғанда).
Тері және теріасты шелі қабаты тарапынан бұзылыстар: бөртпе.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар: пуриндердің de novo синтезінің тежегіштерімен байланысты «сирек» жиіліктегі жедел қабыну синдромы тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінде микофенолат мофетилмен және қызбамен, артралгиямен, артритпен, бұлшықеттің ауыруымен және қабынудың жоғары маркерлерімен сипатталатын микофенол қышқылын қабылдаумен байланысты қабынуға қарсы әдеттен тыс реакция ретінде сипатталды. Ауру жағдайлары туралы оқулықтағы мәлімдемелерде препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жағдайдың қарқынды түрде жақсарғаны айтылған.
Келесі қосымша жағымсыз реакциялар кластық әсер ретінде МФҚ туындыларына жатады:
Инфекциялар және инвазиялар
Өзіне менингитті, инфекциялық эндокардитті, туберкулезді және атипиялық микобактериялық инфекцияны қамтитын, өмір үшін ауыр және қауіпті инфекциялар. Микрофенол қышқылын қоса, иммунодепрессанттар қабылдаған пациенттерде ВК вирусымен байланысты нефропатия жағдайлары, сондай-ақ JC вирусымен байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) жағдайлары туралы мәлімделді.
Қан түзу және лимфалық жүйелер тарапынан бұзылулар
Нейтропения, панцитопения.
Микофенол қышқылының туындыларын қабылдаған пациенттерде сүйек кемігінің парциальді қызыл жасушалы аплазиясы (ПҚЖА) жағдайлары туралы мәлімделді.
Иммундық жүйе тарапынан
Микофенол қышқылын басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде гипогаммаглобулинемия туралы мәлімделді.
Тыныс алу, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Микофенол қышқылын басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде өкпенің интерстициальді ауруы туралы жекелеген мәлімдемелер түсті. Сондай-ақ басқа иммуносупрессанттармен біріктірілгенде бронхоэктазиялар туралы мәлімдемелер де түсті.
МФҚ туындыларын қабылдаған пациенттерде жүре пайда болған Пельгер-Хуэ аномалиясын қоса, нейтрофилдердің аномальді морфологиясының жекелеген жағдайлары байқалды. Бұл өзгерістер нейтрофилдер функциясының бұзылуымен байланысты емес. Осындай өзгерістер гематологиялық зерттеулерде нейтрофилдер жетілуінің «солға қарай ығысқанын» көрсетуі мүмкін, бұл иммунитеті әлсіреген, мысалы, МФҚ қабылдап жүрген пациенттерде инфекциялардың белгілері ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.
Асқазан-ішек бұзылыстары
Колит, ЦМВ-гастрит, ішектің, асқазанның және он екі елі ішектің тесілуі.
Жүктілік, босанудан кейінгі кезең және перинатальді жағдайлар
Микофенолаттардың әсеріне, негізінен, алғашқы триместрде ұшыраған пациенттерде өздігінен түсік тастау жағдайларының болғаны туралы мәлімделді.
Туа біткен бұзылулар
Тіркеуден кейін болған туа біткен кемістіктердің даму жағдайлары ата-аналары басқа иммуносупрессанттармен біріктірілген микофенолдың әсеріне ұшыраған балаларда байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметттер