Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Циклоспоринмен және кортикостероидтармен үйлесімде Майсепт-500 препаратын қабылдаумен байланысты ең жиі және ауыр жағымсыз реакцияларға диарея (52.6%), лейкопения (45.8%), бактериялық инфекциялар (39.9%) және құсу (39.1%) кірді. Сондай-ақ инфекциялардың кейбір түрлерінің даму жағдайларының жоғары жиілігінің дәлелі бар.
Жағымсыз реакциялардың кестелік тізімі
Төмендегі 1-кестеде клиникалық сынақтар жүргізу барысында және тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелген жүйелік-ағзалық жіктеуге және олардың пайда болу жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялар берілген. Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 -ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000 -нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000 -нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000). Трансплантацияға әртүрлі көрсетімдер кезінде кейбір жағымсыз реакциялардың жиілігінде байқалатын үлкен айырмашылықтарға байланысты бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы бар пациенттер үшін жиілік бөлек ұсынылған.
Бүйрек трансплантациясы
Өте жиі
- Бактериялық инфекциялар, Вирустық инфекциялар
- Анемия, Лейкопения
- Гиперхолестеринемия, Гипофосфатемия
- Бас ауыруы
- Гипертензия
- Жөтел, Диспноэ
- Іштің ауыруы, Іш қату, Диарея, Диспепсия, Жүрек айну, Құсу
- Гематурия
- Астения, Ісінулер, Қызба
Жиі
- Зеңдік инфекциялар
- Терінің қатерсіз жаңа түзілімдері, Неоплазма, Тері обыры
- Экхимоздар, Лейкоцитоз, Панцитопения, Тромбоцитопения
- Ацидоз, Гипергликемия, Гиперкалиемия, Гиперлипидемия, Гипокальциемия, Гипокалиемия, Гипомагниемия
- Гиперурикемия, Подагра, Салмақ жоғалту
- Сананың шатасуы, Депрессия, Ұйқышылдық, Мазасыздық
- Бас айналу, Гипертония, Парестезия, Ұйқышылдық, Тремор, Құрысулар
- Тахикардия
- Гипотензия, Вена тромбозы, Вазодилатация
- Плевралық жалқық
- Іштің кебуі, Колит, Тәбеттің жоғарылауы, Эзофагит, Метеоризм, Гастрит, Асқазан-ішектен қан кету, Асқазан-ішектің ойықжарасы, Гингивит, Ішектің бітелуі, Ауыз қуысының ойықжарасы, Стоматит
- Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, Лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, Гепатит, Гипербилирубинемия
- Aкне, Aлопеция, Бөртпе, Тері гипертрофиясы
- Артралгия, Бұлшықет әлсіздігі
- Қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- Бүйрек функциясының бұзылуы
- Қалтырау, Жарық, Дімкәстік, Ауыру
Жиі емес
- Протозойлық инфекциялар
- Липома, Лимфопролиферативтік бұзылулар
- Қызыл қан денешіктері аплазиясы, Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі - Псевдолимфома
- Ажитация, Ойлаудың бұзылуы
- Дәм сезудің бұрмалануы
- Лимфоцеле
- Бронхоэктазия, Өкпенің интерстициялық ауруы
- Кекіру, Панкреатит
- Аса жоғары сезімталдық, Гипогаммаглобулинемия
- Сарғаю
- Қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы
- Жедел қабыну синдромымен байланысты de novo пурин синтезінің тежегіштері
Өте сирек
- Өкпе фиброзы
Бауыр трансплантациясы
Өте жиі
- Бактериялық инфекциялар, Зеңдік инфекциялар, Вирустық инфекциялар
- Анемия, Лейкоцитоз, Лейкопения, Тромбоцитопения
- Гипергликемия, Гиперкалиемия, Гипокальциемия, Гипокалиемия, Гипомагниемия, Гипофосфатемия
- Сананың шатасуы, Депрессия, Ұйқышылдық, Мазасыздық
- Бас айналу, Бас ауыруы, Парестезия, Тремор
- Тахикардия
- Гипертензия, Гипотензия
- Жөтел, Диспноэ, Плевралық жалқық
- Іштің кебуі, Іштің ауыруы, Іш қату, Тәбеттің жоғарылауы, Диарея, Диспепсия, Метеоризм, Жүрек айну, Құсу
- Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, Гепатит, Гипербилирубинемия
- Бөртпе
- Қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, Қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, Бүйрек функциясының бұзылуы
- Астения, Қалтырау, Ісінулер, Жарық, Ауыру, Қызба
Жиі
- Терінің қатерсіз жаңа түзілімдері, Неоплазма
- Экхимоздар, Панцитопения
- Ацидоз, Гиперхолестеринемия, Гиперлипидемия, Гиперурикемия, Подагра, Салмақ жоғалту
- Ажитация, Ойлаудың бұзылуы
- Гипертония, Ұйқышылдық, Құрысулар
- Вена тромбозы, Вазодилатация
- Колит, Эзофагит, Гастрит, Асқазан-ішектен қан кету, Асқазан-ішектің ойықжарасы, Гингивит, Ішектің бітелуі, Ауыз қуысының ойықжарасы, Панкреатит, Стоматит
- Аса жоғары сезімталдық
- Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
- Сарғаю
- Aкне, Aлопеция, Тері гипертрофиясы
- Артралгия, Бұлшықет әлсіздігі
- Гематурия
- Дімкәстік
Жиі емес
- Протозойлық инфекциялар
- Липома, Лимфопролиферативтік бұзылулар, Тері обыры
- Қызыл қан денешіктері аплазиясы, Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, Псевдолимфома
- Дәм сезудің бұрмалануы
- Лимфоцеле
- Бронхоэктазия
- Өкпе фиброзы
- Кекіру
- Лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы
- Жедел қабыну синдромымен байланысты de novo пурин синтезінің тежегіштері
Өте сирек
- Өкпенің интерстициялық ауруы
- Гипогаммаглобулинемия
Жүрек трансплантациясы
Өте жиі
- Бактериялық инфекциялар, Зеңдік инфекциялар, Вирустық инфекциялар
- Анемия, Экхимоздар, Лейкоцитоз, Лейкопения, Тромбоцитопения
- Ацидоз, Гиперхолестеринемия, Гипергликемия, Гиперкалиемия, Гиперлипидемия, Гипокалиемия, Гипомагниемия, Гиперурикемия, Подагра
- Сананың шатасуы, Депрессия, Ұйқышылдық, Ажитация, Мазасыздық
- Бас айналу, Бас ауыруы, Гипертония, Парестезия, Ұйқышылдық, Тремор
- Тахикардия
- Гипертензия, Гипотензия, Вазодилатация
- Жөтел, Диспноэ, Плевралық жалқық
- Іштің ауыруы, Іш қату, Тәбеттің жоғарылауы, Диарея, Диспепсия, Метеоризм, Жүрек айну, Құсу
- Лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, Гипербилирубинемия
- Aкне, Бөртпе, Тері гипертрофиясы
- Артралгия, Бұлшықет әлсіздігі
- Қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, Қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, Бүйрек функциясының бұзылуы
- Астения, Қалтырау, Ісінулер, Жарық, Ауыру, Қызба
Жиі
- Терінің қатерсіз жаңа түзілімдері, Неоплазма, Тері обыры
- Псевдолимфома
- Гипокальциемия, Гипофосфатемия, Салмақ жоғалту
- Ойлаудың бұзылуы
- Құрысулар, Дәм сезудің бұрмалануы
- Вена тромбозы
- Іштің кебуі, Колит
- Эзофагит, Кекіру, Гастрит, Асқазан-ішектен қан кету, Асқазан-ішектің ойықжарасы, Гингивит, Ішектің бітелуі, Ауыз қуысының ойықжарасы, Стоматит
- Аса жоғары сезімталдық
- Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, Сарғаю
- Aлопеция
- Гематурия
- Дімкәстік
Жиі емес
- Протозойлық инфекциялар
- Липома, Лимфопролиферативтік бұзылулар
- Қызыл қан денешіктері аплазиясы
- Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі
- Панцитопения
- Лимфоцеле
- Бронхоэктазия, Өкпе фиброзы
- Панкреатит
- Гепатит
- Жедел қабыну синдромымен байланысты de novo пурин синтезінің тежегіштері
Өте сирек
- Өкпенің интерстициялық ауруы
- Гипогаммаглобулинемия
Таңдамалы жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Қатерлі жаңа түзілімдер
Дәрілік препараттар біріктірілімін, соның ішінде Майсепт-500 қамтитын иммуносупрессиялық ем қабылдайтын пациенттерде лимфоманың және басқа да, әсіресе, терінің қатерлі жаңа түзілімдерінің жоғары даму қаупі бар. Бүйрек немесе жүрек трансплантациясынан кейін пациенттердегі қауіпсіздік жөніндегі үш жылдық деректер қатерлі ісіктердің аурушаңдық көрсеткішінде 1 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда қандай да бір күтпеген өзгерістерді анықтаған жоқ. Бауыр трансплантациясынан кейін пациенттер кем дегенде 1 жыл, бірақ 3 жылдан аз бақыланды.
Инфекциялар
Иммуносупрессанттарды қабылдайтын барлық пациенттерде бактериялық, вирустық және зең инфекцияларының даму қаупі жоғары (олардың кейбіреулері өлімге әкелуі мүмкін), соның ішінде оппортунистік агенттер мен вирустың жасырын реактивациясынан туындаған. Жалпы иммуносупрессивті жүктеме кезінде қауіп артады. Ең ауыр инфекциялар сепсис, перитонит, менингит, эндокардит, туберкулез және атипті микобактериялық инфекция сияқты реакциялармен бірге жүреді. Кем дегенде 1 жыл бақыланатын бүйрек, жүрек және бауыр трансплантациясы бар пациенттерде бақыланатын клиникалық зерттеулерде басқа иммунодепрессанттармен бірге МФҚ (күніне 2 г немесе 3 г) қабылдаған пациенттерде ең көп таралған оппортунистік инфекциялар тері-шырышты кандидоз, вирусемия/ЦМВ синдромы және қарапайым герпес вирусы болды. Виремия/ЦМВ синдромы бар пациенттердің үлесі 13,5% құрады. JC вирусымен байланысты нефропатия жағдайлары, сондай-ақ МФҚ қоса иммуносупрессанттар алатын пациенттерде JC вирусымен байланысты үдемелі мультифокальды лейкоэнцефалопатия (ҮПМ) жағдайлары туралы хабарланды.
Қанағымы және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Цитопениялар, соның ішінде лейкопения, анемия, тромбоцитопения және панцитопенияны қоса, микофенолат мофетилді қабылдаумен байланысты белгілі қауіптер тудырады және инфекциялар мен қан кетулердің туындауына әкелуі немесе ықпал етуі мүмкін. Агранулоцитоз және нейтропения жағдайлары туралы хабарланды; сондықтан МФҚ қабылдайтын пациенттерге үнемі мониторинг жүргізу ұсынылады. МФҚ қабылдаған пациенттерде аплазиялық анемия және сүйек кемігінің жеткіліксіздігі туралы хабарламалар бар, олардың кейбіреулері өліммен аяқталды.
МФҚ қабылдаған пациенттерде таза эритроциттік аплазия (ТЭА) жағдайлары туралы хабарланды.
МФҚ-мен емдеу кезінде жүре пайда болған Пельгер-Хьюит аномалиясын қоса, нейтрофилдердің атипті морфологиясының бірлі-жарым жағдайлары байқалды. Бұл өзгерістер нейтрофилдер функциясының бұзылуымен байланысты емес. Бұл өзгерістер «солға жылжу» түрінде болуы мүмкін, бұл иммунитеті әлсіз пациенттерде, мысалы, МФҚ қабылдаған пациенттерде инфекцияның белгісі ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Асқазан-ішек жолдарының ең ауыр бұзылыстары ойықжаралар мен қан кетулер, микофенолат мофетилімен байланысты белгілі қауіптер болды. Негізгі клиникалық зерттеулер кезінде ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, он екі елі ішектің және ішектің ойықжаралары жиі қан кетумен, сондай-ақ қан аралас құсумен, меленамен және гастрит пен колиттің геморрагиялық түрлерімен байланысты болды. Дегенмен, асқазан-ішек жолдарының ең көп таралған бұзылыстары диарея, жүрек айну және құсу болды. МФҚ қабылдаумен байланысты диареямен ауыратын пациенттерді эндоскопиялық зерттеу ішек бүртігі атрофиясының жекелеген жағдайларын анықтады.
Жоғары сезімталдық реакциялары
Ангионевроздық ісінуді және анафилаксиялық реакцияны қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы туралы хабарламалар келіп түсті.
Жүктілік, босанғаннан кейінгі және перинатальдық кезеңдердегі жағдай
МФҚ қабылдаған пациенттерде жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуі жағдайлары, көбінесе бірінші триместрде байқалған.
Туа біткен даму ақаулары
Маркетингтен кейінгі кезеңде басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп МФҚ қабылдаған пациенттердің балаларында дамудың туа біткен ақаулары байқалды.
Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар
Басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп МФҚ қабылдаған пациенттерде кейбірі өліммен аяқталған өкпенің интерстициялық ауруының және өкпе фиброзының жағдайлары туралы жекелеген хабарламалар түскен. Сондай-ақ, балалар мен ересектерде бронхоэктаз туралы хабарланды.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
МФҚ басқа иммунодепрессанттармен бірге қабылдаған пациенттерде гипогаммаглобулинемия жағдайлары туралы хабарланды.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы жағдайлар
Негізгі зерттеулер кезінде ісіну, соның ішінде шеткергі ісіну, беттің және ұманың ісінуі туралы өте жиі хабарланды. Миалгия, мойын және арқаның ауыруы сияқты қаңқа-бұлшықеттің ауыруы туралы өте жиі хабарланды.
De novo пуриндер синтезінің тежегіштерімен байланысты жедел қабыну синдромы маркетингтен кейінгі тәжірибе негізінде, қызба, артралгия, артрит, бұлшықет ауыруы және қабыну маркерлерінің жоғарылауымен сипатталатын микофенолат мофетилі мен микофенол қышқылын қабылдаумен байланысты парадоксальды қабынуға қарсы реакция ретінде сипатталды. Клиникалық жағдайлар туралы әдеби хабарламалар дәрілік заттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін тез жақсарғанын көрсетті.
Халықтың ерекше тобы
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы (> 65 жас) пациенттерде иммунитеттің төмендеуіне байланысты жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. МФҚ иммуносупрессивті емнің бір бөлігі ретінде қабылдайтын егде жастағы пациенттер кейбір инфекциялардың (манифестті цитомегаловирустық инфекцияның тіндік инвазиялық формаларын қоса алғанда), сондай-ақ асқазан-ішектен қан кетулердің және өкпенің ісінуінің жастау пациенттерге қарағанда жоғары даму қаупіне ұшырайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz