Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Макмирор
Әсер етуші зат
Нифурател
Мақсаты
Препаратқа сезімтал қоздырғыштар (патогенді микроорганизмдер, Кандида тектес зеңдер, трихомонадалар, ашытқы тәрізді зеңдер, бактериялар, хламидиялар) туындатқан вульвовагиналды…
Өндіруші
Доппель Фармацеутици С.р.л.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында
белсенді зат - нифурател 200 мг
қосымша заттар: жүгері крахмалы, күріш крахмалы, полиэтиленгликоль 6000, тальк, магний стеараты, желатин, гуммиарабик, сахароза, магний карбонаты, титанның қостотығы (Е 171), Е-балауыз.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, ашық-ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Кешенді ем құрамында:
• препаратқа сезімтал қоздырғыштар (патогенді микроорганизмдер, Кандида тектес зеңдер, трихомонадалар, ашытқы тәрізді зеңдер, бактериялар, хламидиялар) туындатқан вульвовагиналды аурулар
• пиелонефрит, уретрит, цистит, пиелит және несеп шығару жүйесінің басқа да аурулары
• ішек амебиазы және лямблиоз
• асқазан-ішек жолы жоғарғы бөлімдерінің Helicobacter pillory туындатқан созылмалы қабыну аурулары.
ATХ коды: G01AХ05
Нифурател, нитрофуран туындысы әсері кең ауқымды синтетикалық бактерияларға қарсы препарат болып табылады. Препараттың бактериялық, протозойлық және зеңді қоздырғыштарға қатысты тиімділігі жоғары. Әсер ету механизмі пептидтік тізбектің полимеризация үдерісін бөгеуге және соған орай препаратқа сезімтал бактериялық жасушалардың ДНҚ синтезін басуға негізделген. Бактериялық жасушалардың рибосомаларында ақуыз синтезін тежеу S30 пен S50-ді рибосоманың суббірліктерімен қайтымсыз байланыстыру есебінен жүзеге асырылады, соның нәтижесінде барлық пептидтік тізбектің құрылу үдерісі бұзылады.
Бұдан бөлек, нифурателдің бактерицидтік әсері бар деген деректер бар. Мұндай әсер механизмін нитротоптың аминотопқа қайта қалпына келуімен байланыстырады. Қайта қалпына келтірілген түрлері микроб жасушаларында электрондардың тасымалдануына кедергі келтіреді, ДНҚ мутациясы мен ажырауын туындатады, микроорганизмдердің ферменттік жүйелерін тотықтырады.
Papiliobacter және Helicobacter pylori, грам оң және грам теріс микроорганизмдерге қатысты тиімділігі жоғары: ең төмен бәсеңдететін концентрациясы (ЕТБК) 12.5 - 25 мкг/мл барысында 44.3-тен 93.2 %-ға дейін өсіріндіні басады.
Әсер ету ауқымына: Enterococcusfaecalis, Enterococcusfaecium, Staphylococcusaureus, Bacillussubtilis, Escherichiacoli, Shigellaflexneri 2a, Shigellaflexneri, Shigellasonnei, Salmonellatyphi, Salmonellatyphimurium, Salmonellaenteritidis, Klebsiellaspp., Enterobactersph., Serratiaspp., Citrobacterspp., Morganellaspp., Rettgerellaspp., Pragiafontium, Budviciaaquatica, Rachnellaaquatilis және Acinetobacter spp., басқа да атипиялық энтеробактериялар, сондай-ақ, қарапайымдылар, (амебалар, лямблиялар); Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Pseudomonas aeruginosa қатысты белсенділігі төмен.
Сальмонеллез, шигеллез және басқа да ішектің бактериялық инфекцияларын емдеуге арналған таңдау препараты болып табылады. Trichomonas vaginalis-ке қатысты белсенді, Candida текті зеңділерге қатысты белсенділігі жоғары. Әсіресе, метронидазолға тұрақты Helicobacter pylori штаммдарына қатысты тиімділігі жоғары.
Бұл дәрілік препаратты әрдайым дәрігердің немесе фармацевтің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Дозалау режимі
Ауруға байланысты ұсынылатын дозалар:
Қынаптық инфекциялар:
Ересектер: 1 таблетка күніне 3 рет тамақтанудан кейін 7 күн бойы (препаратты жұптастың екеуі де қабылдауы тиіс).
Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 10 мг/кг күнделікті 10 күн бойы. Ұсынылатын доза екі қабылдауға бөліп қабылдануы тиіс.
Несеп шығару жолдары инфекциялары:
Ересектер: ауру ағымының ауырлығына байланысты 3-6 таблетка күнделікті тамақтанудан кейін 7-14 күн бойы.
Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 30 мг/кг. Ұсынылатын доза екі қабылдауға бөліп қабылдануы тиіс.
Дәрігердің ұсынымы бойынша несеп шығару жолдары инфекцияларын емдеу курсын ұзартуға немесе қайталауға болады.
Ішек амебиазы:
Ересектер: 2 таблетка күніне 2-3 рет 10 күн бойы.
Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 10 мг/кг күніне 3 рет.
Лямблиоз:
Ересектер: 2 таблетка күніне 2-3 рет 7 күн бойы.
Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 15 мг/кг күніне 2 рет 7 күн бойы.
Helicobacter pylori астасқан АІЖ инфекциялары:
Ересектер: 2 таблетка күніне 2-3 рет 7 күн бойы.
Балаларға 6 жастан бастап: ұсынылатын доза дене салмағына 15 мг-ден күніне 2 рет 7 күн бойы.
Қолдану тәсілі
Қабықпен қапталған таблеткаларды әрдайым негізгі тағамнан кейін жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Таблеткаларды шайнамастан тұтас жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Бұл дәрілік препаратты әрдайым дәрігердің немесе фармацевтің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Өткізіп алған қабылдану дозасының орнын толтыру үшін екі еселеп қабылдауға болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау
Егер емдеуді ертерек тоқтатқыңыз келсе, дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
Егер сізде бұл дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың қандай да біріне аса жоғары сезімталдық
• 6 жасқа дейінгі балаларға.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл дәрі де жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бірақ ол барлық пациенттерде бола бермейді.
Сирек (1 000 адамның ішінен 1-уінде ғана байқалуы мүмкін)
- жүрек айну сияқты асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек (10 000 адамның ішінен 1-уінде ғана байқалуы мүмкін)
- құсу, ауыздағы ащы дәм, диарея, қыжыл, гастралгия сияқты асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар.
- тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: тері бөртпесі, қышу, есекжем немесе жергілікті ісіну сияқты жоғары сезімталдық реакциялары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы препаратты қолданардың алдында дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Макмирорды қабылдаған кезде алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан аулақ болу керек, өйткені бас айналуын және жүрек айнуын туындатуы мүмкін; бұл симптомдар өздігінен қайтады.
Осы дәрілік затпен емделу кезінде Сіз жыныстық қатынаста болмауыңыз керек.
Дәрігер сондай-ақ жұқтырудың пайда болу қаупінің алдын алу үшін жұптасыңызға Макмирор емін (200 мг қабықпен қапталған таблеткаларды) тағайындауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 6 жастан кіші балаларға тағайындауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қабықпен қапталған Макмирор таблеткасының құрамында сахароза бар. Егер сізге дәрігер қанттың кейбір түріне көтере алмаушылығыңыз жайында айтса, осы дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге қаралыңыз.
Егер сіз жүкті болсаңыз не жүктімін деп болжасаңыз немесе жүктілікті жоспарлаған болсаңыз осы дәрілік препаратты қолданардың алдында дәрігеріңізден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Жүктілік кезінде Макмирор препаратын дәрігер оны қатаң қажет деп санаса және оның бақылауында болған жағдайда ғана қолдану керек.
Егер Сіз қабылдап жүрсеңіз, алдында қабылдасаңыз немесе қандайда бір басқа дәрілік затты қабылдауыңыз мүмкін екендігін дәрігеріңізге немесе фармацевтке айтыңыз.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.