Әсер ету механизмі
Мидекамицин протеин тізбегін ұзарту сатысында РНҚ-тәуелді протеиндер синтезін тежейді. Мидекамицин 50S қосалқы тобымен қайтымды байланысады және транспептидация және/немесе транслокация реакциясын бөгейді. Рибосомалардың әртүрлі құрылымына байланысты эукариоттық жасуша рибосомаларымен байланыс жүрмейді; сондықтан макролидтердің уыттылығы адам жасушалары үшін төмен болады.
Макролидтер тобының басқа антибиотиктері сияқты, мидекамицин негізінен, бактериостатикалық әсер береді, алайда, ол бактерияның типіне, әсер ету орнындағы дәрілік препараттың концентрациясына, инокулят өлшемі мен микроорганизмнің репродуктивтік сатысына байланысты болатын бактерицидтік әсер етуі де мүмкін. Іn vitro белсенділігі қышқылды ортада азаяды. Егер pH мәні Staphylococcus aureus немесе Streptococcus pyogenes өсу ортасында 7,2-ден 8,0-ге дейін ұлғаятын болса, мидекамицин үшін ЕТБК (ең төмен бәсеңдету концентрациясы) екі есе төмен болады. Егер pH төмендесе, жағдай керісінше болады.
Макролидтер жасушаішілік жоғары концентрацияларына жақсы липидтік ерігіштігінің нәтижесінде жетеді. Бұл әсіресе хламидиялар, легионеллалар және листериялар сияқты жасушаішілік даму циклы бар микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеуде маңызды. Мидекамицин адамның альвеолярлық макрофагтарында жинақталатыны дәлелденген. Макролидтер нейтрофилдерде де жинақталады. Бұл ретте, жасушадан тыс және жасушаішілік концентрациялар арасындағы арақатынас эритромицин үшін 1-ден 10 дейін болса, мидекамицинді қоса, анағұрлым жаңа макролидтер үшін ол 10-нан астамын құрайды. Инфекция ошағында нейтрофилдердің жинақталуы жұқпа жұқтырған тіндерде макролидтер концентрациясын қосымша арттыра алады. Іn vitro зерттеулер мидекамициннің иммундық функцияға да әсер ететінін көрсеткен. Эритромицинмен салыстырғанда емдеу аясында хемотаксистің күшеюі осылайша анықталған.
Медикамицин табиғи жасуша-киллерлердің in vivo белсенділігін көтермелеуі ықтимал. Бұл зерттеулердің барлығы мидекамициннің иммундық жүйеге әсер ететін көрсетеді, ол мидекамициннің in vivo антибиотиктік әсері үшін маңызды болуы мүмкін.
Бактерияға қарсы әсері
Медикамицин белсенділігі эритромицин белсенділігіне ұқсас әсер ету ауқымы кең макролидтер тобының антибиотигі болып табылады. Ол грам-оң бактерияларға (стафилококтар, стрептококтар, пневмококтар, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae және Listeria monocytogenes), кейбір грам-теріс бактерияларға (Bordetella pertussis, Campylobacter spp., Moraxella catarrhalis және Neisseria spp.), анаэробтарға (Clostridium spp. және Bacteroides spp.) және микоплазмалар, уреаплазмалар, хламидиялар және легионеллалар сияқты басқа да бактерияларға қарсы белсенді.
Мидекамицинге (MDM) іn vitro бактериялық сезімталдық:
Орташа ЕТБК90 (мкг/мл)
Бактерия — мидекамицин
Streptococcus pneumoniae — 0,10
Streptococcus pyogenes — 0,20
Streptococcus viridans — 0,39
Staphylococcus aureus — 1,5
Listeria monocytogenes — 1,5
Bordetella pertussis — 0,20
Legionella pneumophila — 0,12 – 1
Moraxella catarrhalis — -
Helicobacter pylori — -
Propionibacterium acnes — -
Bacteroides fragilis — 3,13
Mycoplasma pneumoniae — 0,0078
Ureaplasma urealyticum — 1,56
Mycoplasma hominis — -
Gardnerella vaginalis — -
Chlamydia trachomatis — -
Chlamydia pneumoniae — -
Басқа макролидтердегі сияқты, NCCLS стандарттарына (Клиникалық зертханалық стандарттар жөніндегі ұлттық комитет) сәйкес мидекамицин ЕТБК интерпретациясына арналған критерийлер. Бактериялар, егер оларда ЕТБК90 ≤ 2 мкг/мл болса сезімтал деп, ЕТБК90 ≥ 8 мкг/мл болса, тұрақты деп танылады.
Метаболиттердің микробқа қарсы тиімділігі
Мидекамицин метаболиттерінің, мидекамициндегі сияқты ұқсас бактерияға қарсы спектрі болады, бірақ олардың әсері біршама әлсіз. Кейбір жануарларға жүргізілген сынақтың нәтижелері мидекамицин және миокамициннің тиімділігі in vitro қарағанда, in vivo жақсы екенін көрсеткен. Бұл ішінара тіндердегі белсенді метаболиттердің жоғары концентрацияларына негізделген.
Төзімділік
Макролидтерге төзімділік сыртқа жасушалық жарғақша (энтеробактериялар) өткізгіштігінің азаюынан, дәрілік препараттың белсенділігі жойылуынан (S. aureus, E. coli) және маңыздылығы барынша зор қосымша әсер ету орынының өзгеруінен пайда болады.
Географиялық тұрғыдан макролидтерге бактериялық төзімділігінің таралуы қатты құбылмалы болады. Метициллин-сезімтал S. aureus төзімділігі 1%-ден 50% дейінгі аралықта ауысып тұрады, бұл ретте көптеген метициллин-төзімді S. Аureus штаммдары да макролидтерге төзімді. Пневмококтардың төзімділігі көбінесе 5%дан төмен, бірақ әлемнің кейбір бөліктерінде ол 50%-дан (Жапония) асады. Streptococcus pyogenes макролидтерге төзімділігі Еуропада 1%-дан 40%-ға дейін ауысып тұрады. Төзімділігі микоплазмаларда, C. diphteriae және легионеллаларда өте сирек дамиды.