Жиі
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: ұйқышылдық, жүрек айнуы және бұлшықет әлсіздігі түріндегі орталық жүйке жүйесінің басылуы, кейбір пациенттерде 2-3 күн емдеуден кейін жоғалады; бет дискинезиясы, қимыл–қозғалыс үйлесімнің бұзылуы (қимыл-қозғалыстың шектелісі), тремор, парестезия
Көрудің бұзылуы: бұлыңғырлану немесе көзге қос көріну
Тыныс алу, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: мұрын мен тамақтың құрғауы, шырышты қабықтардың құрғауы
Асқазан-ішек бұзылыстары: ауыздың құрғауы, тәбеттің жоғалуы, дәм мен иістің өзгеруі, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:қатты терлеу
Бүйрек және несеп шығару функциясының бұзылуы: несептің іркілуі және / немесе несеп шығарудың қиындауы
Сирек
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: гемолиздік емес анемия, сүйек кемігін бәсеңдетуі, тромбоцитопения; әдеттегіден тыс қан кету, тамақтың ауыруы немесе шаршау сияқты симптомдары бар қан құрамындағы өзгерістер (агранулоцитоз, лейкопения, апластикалық анемия немесе тромбоцитопения),
Қантамыр бұзылыстары: артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, ісіну
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жедел және созылмалы панкреатит, қан кету, іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, бауыр жеткіліксіздігі, бауыр некрозы, сарғаю
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар: гипогликемия (комаға дейін)
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар: тері қышынуы, бөртпе, тершеңдік, пурпура, ангионевроздық ісіну, есекжем;
Бүйрек және несеп шығару жолы тарапынан бұзылулар: нефропатия және тубулопатия
Аллергиялық реакциялар: аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық реакциялар (жөтел, жұтыну қиындығы, жүректің жиі соғуы, қышыну, қабақтың немесе көз айналасының, беттің, тілдің ісінуі, ентігу, қатты қажу және т.б.).
Тыныс алу, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: кеудедегі қысылу, қарлығу.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: жарыққа сезімталдық, ұқсас препараттарға айқаспалы сезімталдық
Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар: құлақтағы шуыл, жедел лабиринтит
Жүрек қызметінің бұзылуы: аритмия, жүректің жиі соғуы, тахикардия
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: холестаз, гепатит немесе бауырмен байланысты басқа проблемалар (іштің жоғарғы бөлігіндегі ауыруды немесе іштің ауыруын, күңгірт несепті қоса)
Өте сирек
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: тромбоцитопения
Терінің ауыр реакциялары: уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), көп пішінді буллезді эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), жедел жайылған пустулезді бөртпелер
Басқа: көп пішінді эритема, көмейдің ісінуі, анафилаксиялық шок, бас айналуы, парацетамол қабылдаған ауыр аурулары бар пациенттерде организмнің қышқыл-сілтілік теңгерімінің бұзылуымен (метаболизмдік ацидоз) сипатталатын ауыр жағдай.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz