Қауіпсіздік бейіні түйіндемесі
Клиникалық зерттеулердегі ең көп таралған жағымсыз реакциялардың екеуі пациенттердің шамамен 1-2%-да көздің ауыруы және көздің тітіркенуі болды.
Жағымсыз реакциялар келесідей жіктелді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (жиілікті қолда бар мәліметтер негізінде анықтау мүмкін емес).
Жиі
• көздің (көздердің) ауыруы, көздің тітіркенуі.
Жиі емес
• бас ауыруы;
• нүктелік кератит, құрғақ көз синдромы, конъюнктивалық қан кету, көздің гиперемиясы, көздің қышынуы, қабақтың ісінуі, көздің жайсыздығын сезіну;
• дисгевзия.
Сирек
• гемоглобин деңгейінің төмендеуі;
• парестезия;
• мөлдірқабық эпителийінің ақауы, мөлдірқабақ тарапынан бұзылулар, конъюнктивит, блефарит, көздің ісінуі, конъюнктиваның ісінуі, көру аймағындағы бұлыңғырлануы, көру жітілігінің төмендеуі, астенопия, қабақтың эритемасы;
• мұрын қуысындағы жайсыздық, фаринголарингиальді ауырсыну, тамақта бөтен денені сезіну;
• құсу;
• аланинаминотрансфераза (АЛТ), гамма-глутамилтрансфераза (ГГT) деңгейінің жоғарылауы.
Келесі жағымсыз реакциялар тіркеуден кейінгі кезеңде қосымша тіркелді. Олардың жиілігі белгісіз қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес. Әрбір жүйелік-ағзалық класындағы жағымсыз реакциялар олардың ауырлығының төмендеу ретімен ұсынылған.
Белгісіз
• аса жоғары сезімталдық;
• бас айналуы;
• ойық жаралы кератит, кератит, көз жасының көп ағуы, фотофобия, көзден ағатын бөліністер;
• жүрек қағуы;
• ентігу;
• жүрек айнуы;
• эритема, бөртпе, қышыну, есекжем.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жүйелік хинолондармен ем қабылдап жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары (анафилаксиялық шок) және кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жекелеген жағдайлар, кейде алғашқы дозадан кейін бірден байқалды.
Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен, естен танумен, шаншу сезімімен, тамақ пен беттің ісінуімен, ентігумен, уртикариялық бөртпемен және қышынумен қатар жүрді («Қолданған кездегі сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Иық буынының, қол буындарының, ахилл сіңірінің немесе басқа сіңірлердің жыртылуы туралы хабарламалар бар, олар ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздыққа әкелді немесе хирургиялық араласуды қажет етті. Бұл құбылыстар жүйелі хинолондармен ем қабылдаған пациенттерде байқалды. Клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша жүйелі хинолондармен емдеу кезінде сіңірлердің жыртылу қаупі кортикостероидтарды емдеу сызбасына енгізумен өсуі мүмкін және ерекше қауіп тобында егде жастағы пациенттер болады. Көбінесе зақымданулар тірек буындарының сіңірлеріне, соның ішінде ахилл сіңіріне әсер етеді («Қолданған кездегі сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Жүйелік фторхинолондарды қолдану кезінде QTс аралығының ұзаруы туралы хабарланды. Өмірге қауіпті аритмия пайда болуы мүмкін. Максифлокс препаратымен байланысы дәлелденбеген.
Балалар
Клиникалық зерттеулер максифлоксты балалар мен жасөспірімдерде, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде қолдану қауіпсіздігін дәлелдейді. 18 жасқа дейінгі пациенттерде көздің ауыруы және көздің тітіркенуі жиі байқалды, пайда болу жиілігі шамамен 0.9%.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz